Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы қазіргі  танда тек кұрлықта ғана емес, сонымен бірге халықаралық, масштабта жалпы танылған беделді ұйымға айналды. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында бакылаушы статусын алды. Сондай-ақ БҰҰ-ның бірқатар органдарымен ынтымақтастығы мен байланыстары кеңейе түсуде. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясымен (АСЕАН) өзара байланыс туралы құжатқа қол қойды.

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы ТМД кеңістігіндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісіммен де тығыз қарым-қатынастар орнатты. Сонымен қатар әртүрлі елдер  тарапынан ұйымның жұмысын бақылау  ниетіндегі ұсыныстар келді.

    Ұйым  қызметінің осындай прогрессивті сипат  алуы Орталық Азия аймағындағы американдық әскери-саяси позицияның күшеюімен тұспа-тұс келді. АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігі аймақта қоршаган орта, көлік, су ресурстарын пайдалану, терроризммен күрес, жаппай қыру қаруларын таралуына қарсы күресу облыстарында интеграцияның жүруіне мүдделі екендігін ашық білдіргенімен, көптеген американдық мамандардың пікірінше АҚШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына күдікпен қарайды [34, 22б.].

    Көптеген  сарапшылардың пайымдауынша Кеңес  Одағының ыдырауынан бастап 2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғасына дейін АҚШ Орталық Азияға аса көңіл бөлмей, тек қажеті сәттерде ғана көңіл аударып отырды. Бұл пиар кебше объетивтікке сай келеді. Посткеңестік кеңістікте АҚШ ең бірінші жаппай қыру қаруларының таралмауына жол бермеуге көңіл аударды, екіншіден, Орталық Азия мен Каспий өңірінің энергоресурстарын игеруге деген мүдде арта түсті, үшіншіден, аймақтағы жаңа тәуелсіз елдермен қауіпсіздік жолындағы ынтымақтастықты дамыту әсіресе Солтүстік Альянстың (НАТО) «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы шенберінде айқын көрінді, бірақ бұл ынтымақтастық, аса нәтижелі болған жоқ, төртіншіден, АҚШ посткеңестік кеңістіктегі елдердің батыс үлгісінде демократиялануына, онда ашық және азаматтық қоғамның құрылуына, құқықтық, мемлекеттің қалыптасуына аса мүдделік танытып келеді. 2001 жылгы 11-қыркүйек оқиғасы АҚШ-тың Орталық Азиядағы позициясының одан әрі күшеюіне жол ашты.

    Осы оқиғадан кейін АҚШ халыықаралық терроризммен және діни экстремизммен  күресуді өзінің стратегиялық мақсаты  ретінде жария етті. Терроризм  мен экстремизімнің басты ошағы деп танылған Ауғанстандағы талибан режимі АҚШ бастаған антитеррорлық коалицияның қуатты әскери қысымымен құлады. Ауғанстандағы талибан режимі мен радикалды ислам Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне және территориялық, тұтастығына зор қауіп төндіруі басты фактор болды. Осыған орай аймактың бірқатар елдері АҚШ-тың әскери базаларының өз территорияларына орналасуына рұқсат берді. АҚШ-тың тек Орталық Азияда ғана емес, сонымен қатар бүкіл посткеңестік кеңістіктегі саяси позициясының күшеюіне мұндағы түрлі-түсті революциялардың орын алуы айрықша әсер етті. Батыс пен АҚШ-тың тікелей қаржы-технологиялық, көммегімен 2003 жылы Грузияда 2005 жылы Украина мен Қырғызстанда түрлі-түсті революциялар болып өтіп, ондағы дәстүрлі авторитарлы режимдер алмасты. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы «Шанхай ынтымақтастық, ұйымының» белді мүшесі болып табылатын Қырғызстанда орын алуы ерекше жағдай еді.

    АҚШ-тың  Орталық Азияда позициясының күшеюі үш ұлы держава арасында геосаяси ойындар мен бәсекелестіктің  басталуына жол ашты. Мұндағы ен басты мәселелердің қатарына: біріншіден, Орталық Азия мен Каспий өңірінің энергоресурстары үш Вашингтон – Мәскеу – Пекин арасындағы бәсекелестік, екіншіден аймақтағы әскери – саяси бәсекелестік ерекше көрініс алды. Фудан университетінің Ресей мен Орталық Азияны ғылыми зерттеу орталығының директоры Чжао Хуашен «АҚШ – тың Орталық Азиядағы әскери позициясының ұзақ сақталуы аймақтық Қытайдың стратегиялық тылынан стратегиялық майданына алуы мүмкін» деп АҚШ – тың аймақтағы әскери позициясының ұзақ мерзім сақталуына теріс баға берді. [37, 42б.]. Яғни оның тұжырымына көңіл аударсақ онда Қытайдың батысында «екінші Тайвань» пайда болады деген сөз. Қытай Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы американдық факторға үлкен көңіл аударады. Қытайлық сарапшылар мен саясаткерлер Шанхай ынтымақтастық ұйымы жүзеге асыра алмаған міндетті АҚШ орындап бергендігін мойындады. АҚШ-тың Ауғанстандағы талибан режимін жоюы іс жүзінде Орталық Азияның қауіпсіздігін біршама қамтамасыз етілуіне алып келді. Американ ғалымы Фиона Хиллдің пікірінше, «тіпті Шанхай ынтымақтастық ұйымының өзі АҚШ-тың қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мен аймақта тұрақтылық орнатуына мүдделі» [35, 65б.].

    Қытай сарапшылары АҚШ тың аймақтағы  қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі  рөлін жоғары бағалай келе, дегенмен мұндай жағдайдың ары қарай жалғаса түсуі Қытай үшін негативті болуы ықтимал деген пікірлерді білдірді. Чжао Хуашен бұл негативті өзгерістерді былайша топтайды.

    -«АҚШ  тың орталық Азиядағы ұзақ  мерзімді әскери позициясы ондағы  Қытайдың ықпалының әлсіретіп қана қоймайды, сонымен қатар оның ұлттық қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді»;

    -Халықаралық  терроризммен күресу барысындағы  АҚШ-тың жүргізіп отырған екі  жүзді саясаты Қытайдың Шығыс  Түркістан ұйғыр ислам қозғалысымен  күресуде позитивті емес, негативті рөл ойнайды және де сепаратистермен күресуде үлкен кедергілер келтіретін болады;

    -Орталық  Азиядағы АҚШ тың орнығуы тек  әскери ғана емес, сонымен қатар  саяси және экономикалық факторларға  толы. Егер АҚШ өзінің ықпалын  пайдалана отырып аймақтағы мемлекеттерде билік басына проамерикандық пиғылдағы топтарды әкелуге қол жеткізсе, онда Қытай мен Орталық Азия елдері арасында үлкен түсінбеушіліктер орын алатын болады; [68, 164-165].

    -Қазақстан  Қытай мұнай құбырының салынуы  Орталық Азия ең негізгі энергоресурстарды импортттаушы аймаққа айналады. Мұның өзі Қытайға тартылған алғашқы шетелдік мұнай құбыры болмақ. Өмірлік маңызы бар шикізат көздері мен энергоресурстарға өте бай Орталық Азия аумағында американдық әскери базалардың орналасуы Қытайды қатты толғандырады. [37, 44-45бб.].

    Сонымен қатар Қытайдың пікірінше АҚШ-тың  әскери базаларының бұдан әрі  аймақта қала беретін болса, онда Орталық Азиядағы саяси тұрақсыздыққа  әкеліп соқтыратын ұлы державалар арасындағы қайшылықтарды тудырады. Аймақтағы  АҚШ тың әскери саладағы бәсекелестікті тудырады. Осылайша Орталық Азия милитаристік сипаттағы айналары хақ. Ал ол өз кезегінде аймақтағы елдердің ұлттық мүдделеріне қайшы келе отырып, аймақтағы қауіпсіздікке зор нұқсан келтіреді. Талибан режимін жойғаннан кейін Орталық Азия үшін іс жүзінде АҚШ-тың көмегі қажет болмай қалды[37, 45б.].

    Қазақстан зерттеушісі Ә. Каукеновтың пайымдауынша Қытайдың тылы болып саналатын Орталық  Азияда АҚШ тың мықтап орнығуын Пекин  мемлекеттік қауіпсіздікке айтарлықтай  нұқсан келтіру деп есептейді. Алайда Қытайда аймақтағы елдердің АҚШ пен және НАТО ға мүше мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдетуіне тосқауыл қоятын мүмкіндіктер жоқ. Осындай жағдайда Қытайдың басты міндеті Орталық Азия елдерін американ қытай қайшылықтарының аясына тартылуына жол бермеу, олардың антиқытайлық коалицияға қатыспауына тосқауыл қою болып отыр[7, 43б.].

    Осындай күмәнді пікірлер мен тұжырымдарға қарамастан Орталық Азиядағы АҚШ  тың әскери орналасуының қажеттілігі  уақыт талабына сай туындады деп  атап өтсек болады. Колумбия университетінің профессоры, американ ғалымы Роберт Легволдтың пайымдауынша ғаламдық терроризммен күрес жүргізу стратегиясы Вашингтон мен Пекиннің, сондай ақ Мәскеудің өзара жақындасуына ерекшк ықпал етті және де бірқатар проблемалардың жұмсаруына алып келді. Буш әкімшілігінің Шығыс Түркістан Ислам қозғалысын террористік ұйымдар қатарына тіркеуі осы тенденцияның ең көрнекті мысалы болды. Сонымен қатар Легволд үш держава арасындағы үш жақты байланыстарды жүзеге асыру үшін дамыту үшін НАТО мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасында ресми диалогты жүргізу қажеттігін де атап өтті[7, 43б.].

    Посткеңестік  кеңістіктегі түрлі түсті революциялар Ресей мен Қытайдың стратегиялық мүдделеріне қатты соққы болып  тиді. Грузия мен Украинадағы түрлі  түсті революция нәтижесінде  билік басына келген жаңа саяси элита бірден проамерикандық немесе пробатыстық позицияны мықтап ұстанып, Ресейден анағұрлым алшақтады. Шығыс Еуропа мен оңтүстік Кавказдағы өзінің позициясын әлсіретіп алған Ресей жоғалтқан позицияны Орталық Азия үлесінен толтыруға ұмтылып, аймақтағы елдерде саяси экономикалық ықпалын күшейте түсті. Посткеңестік кеңістіктегі түрлі түсті революциялар Орталық Азияда да орын алуынан Қытай тарапы қатты сескенді. Қытай Орталық Азия елдері осы процестің нәтижесінде Украина мен Грузия секілді батысқа арқа сүйеп, өзінің геосаяси мүдделеріне қауіп төне ме деп те қорқады. Сонымен қатар аймақтағы Ресейдің ықпалының аса күшеюіне жол бергісі келмейді.

    Дегенмен  Қырғызстандағы түрлі түсті революция  елдегі саяси элитаның ауысуына ықпал  еткенімен, билік басына келген революционерлер сыртқы саясатта дәстүрлі бағыттан ауытқымады. Әндіжан оқиғасынан кейін батыстың қыспағына ұшыраған Өзбекстан Ресей мен Қытай тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

    2005 жылы ШЫҰ-ның Қазақстанда өткен  кезекті жоғарғы деңгейдегі кездесуде ұйымға мүше мемлекеттер енді Орталық Азия АҚШ тың әскери көмегін қажетсінбейді, сондықтан аймақтан әскерлерін шығаруды талап етілген арнайы қарар қабылдады. Осындай жағдайға қарамастан әлі күнге дейін АҚШ өзінің әскери базаларын Орталық Азияда сақтап отыр. Өзбекстан басшылығы ресми түрде АҚШ-тан өзбек жеріндегі американ әскерлерін шығаруды талап етті [70, 289б.]. Ал Қырғызстандағы Манас әуежайы әлі күнге дейін АҚШ-тың қолында болса, Тәжікстанда да батыстың әскерлері мықтап орныққан. Осыған орай Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер, әсіресе Ресей мен Қытай тарапы аймақтағы АҚШ-тың мүддесімен санасуға мәжбүр болып отыр [69, 237б.]. К. Сыроежкиннің пікірінше ШЫҰ мен АҚШ, ШЫҰ мен НАТО арасындағы сұхбат көптеген түйткілдерді шешуге түрткі болады [71, 280б.].

    Осындай жағдайларға қарамастан қазіргі  халықаралық қатынастар жүйесінде  Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделінің  артуы оның қатарына басқа да мемлекеттердің енуіне ниет білдіруі бірден бір дәлел. Шанхай ынтымақтастық ұйымына белгілі  бір форматта қосылуға Үндістан, Пәкістан, Иран, Монғолия, Оңтүстік Корея, Түркіменстан, Ауғанстан тіпті АҚШ та ниет білдірді. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі ШЫҰ-ның беделі мен рөлі біршама жоғары екендігін осы фактілер көрсетіп тұр. ШЫҰ қырғи-қабақ соғысынан кейін халықаралық сахнада пайда болған ең қуатты, ең ауқымды ұжымдық қауіпсіздік жүйе. Әрі ол экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуші бірден бір ұйым екендігіне әлемдік қауымдастық куә болды. 

    2. 2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы  Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде. 

    Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері іс жүзінде барлық халықаралық  және аймақтық деңгейдегі әртүлі ұйымдарға  мүше болды. Бұл жағдай оның сыртқы саясатындағы көпвекторлы бағытты ұстанатындығымен түсіндіруге болады. Ал Қазақстанның алдымен Шанхай бестігінің, кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында қызмет етуі оның Еуразиялық кеңістіктегі өркениеттер мен мемлекеттер арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі, сондай ақ құрлықтағы жаңа қауіпсіздік жүйесі мен тұрақтылықты қалыптастырудағы аса зор ұмтылыстарымен түсіндіруге болады. Қазақстандағы мұндай ұмтылыстары жаһандану процесінің шапшаң дамуымен, сонымен бірге интеграция үрдістерінің жиелеуімен де тығыз байланысты. [76, 89б.].

    ШЫҰ-ның  құрамындағы қалған бес елдің  төртеуі Қазақстанмен дәстүрлі байланыстары бар. Қазақстанды Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғыстанмен патшалы  Ресейдің отаршылдығы, Кеңес одағы  және де орыс тілі, басқа да тарихи психологиялық факторлар байланыстырып отыр. Ал, халқы 1,5 млрд тан асатын экономикалық дамуы өте шапшаң Қытаймен жан жақты байланыстарға түсу жаһандану кезеңінің талаптарының бірі. Қазіргі кезеңде, әлемде ешбір мемлекет саяси экономикалық жағынан жеке дара дамуы мүмкін емес, өзінің ұлттық қауіпсіздігін өзі ғана қамтамасыз етуі де екіталай. АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия секілді әлемнің ең қуатты державалары да аймақтық және ғаламдық масштабта саяси, әскери, экономикалық интеграцияны дамытуға аса мүдделі болып отыр.

    Жоғарыда  айтылған факторларды ескере отырып бір жағынан ШЫҰ ның қызметін тек фикция ретінде қарастыруға  болады. Бірақ, екінші жағынан көптеген отандық мамандар Қазақстанның ШЫҰ  ның қызметіне қатысуын ұлттық мүдделерге толық жауап береді деген пікірді ұстанады [7, 25б.].

    Қазақстанның  ШЫҰ-ның қызметіне қатысуының позитивтілігін бірнеше фактор негізінде дәлелдеуге болады.

    Біріншіден, Қазақстанның Ресей мен Қытай  арасында геосаяси орналасуы оның ұлттық қауіпсіздігі үшін және мемлекеттік  шекара мәселесі шешуде өте тиімді. Қазақстан Ресей, Қазақстан Қытай мемлекеттік шекараларының анықталуы аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты орнатудағы маңызды қадам болды.

    Екіншіден, діни экстремизммен, терроризммен күрес  мәселесін ескеру Орталық Азия елдері үшін маңызды. Өйткені Ауғаныстандағы саяси дағдарыс пен тұрақсыздық, Орталық Азия елдеріндегі радикалды діни қозғалыстардың, ұйымдардың қызметінің шапшаң артуы Қазақстанның қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіруде.

    Осыған  орай ШЫҰ-ның шеңберінде ынтымақтастықты  дамыту және нығайту өте перспективті болады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан үшін ШЫҰ-на қатысу аймақтық қауіп қатерлерге қарсы күресуде Ресей мен Қытайдың ресурстарын тартуға зор мүмкіндіктер тудырады. Терроризм және экстремизммен күресу стратегиясы Орталық Азия елдері арасындағы қарама қайшылықтарды шешуге немесе бәсеңдетуге ықпалын тигізуі әбден мүмкін. Үшіншіден, Қазақстанның ШЫҰ-на қатысуы оған Орталық Азияда мүдделері тоғысқан Ресей мен Қытай арасында саяси тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар саяси экономикалық мүмкіндіктері жағынан әлсіз Орталық Азия елдері қуатты державалармен ынтымақтастыққа түсу олардың әлемдегі беделі мен позициясын нығайта түседі. Өйткені Ресей мен Қытай БҰҰ ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері болып табылады.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар