Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Шанхай  келісімінің аясындағы шекаралық  проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары мен науқандары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келді. Сол кезеңде кеңес-қытай шекаралық аудандарда қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салады сенім білідруді нығайту туралы Кеңестер Одағының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл сенім білдіру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, мәселе болып көтеріліп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылады.

    Парасатты түрде тұжырымдалған мүлделердің  негізінде осы саладағы ынтымақтастың  төменгідей принциптері белгіленеді:

    тату  көршіліктің және достастықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту  және дамыту;

    шекара  ауданында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;

    біржақты  әскери үстемдіктің болуына жол  бермеу, оны болдырмау;

    шекара  ауданында орналасқан қарулы күштерді қысқарту жән шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.

    Қызыл империя, яғни Кеңес Одағы мен  әлемдік социалистік жүйе ыдырығаннан  кейін осы ерекше маңызды келіссөздерді  жалғастыру үшін бірлескен тарап  делегациясы құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды.

    Алайда  шешім қабылдау барлық уақытта оңай бола қойған жоқ. Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына – қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыстың табысты болуын айтарлықтай тежеді. 100 шақырымдық аумақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы біржақты қысқартуды талап етті. Және де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері әскерінің басым бөлігі тап осы шекаралық аймақта тарихи және географиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қытайдың шектес әскери округтеріндегі әсерлердің негізгі бөлігін Келісім қолдасынан тыс сақтап қалуды көздеді.

    Келіссөздер тығырыққа тірелмес үшін Бірлескен  тарап делегациясы шекара ауданындағы  әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Үздіксіз жүргізілген дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылы 26-сәуірде Шанхай қаласында қол қойды.

    Одан  әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты мәжбүр болды. 1997 жылы 24-сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып табылады. Ал оның қосымшалары төмендегідей болып белгіленеді:

    Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін  сызықтар түсірілген және осы сызықтардың  өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар  карталар қоса көрсетілді;

    Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары  мен үлгілерін белгілейтін ақпарат  алмасу туралы хаттама;

    Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында  және тараптардың инспекторлары  көрсеткен аудандарда верификациялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама;

    Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы  қысқартуды жүргізудің нақты түрлері  мен әдістері белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.

    Шекара  ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер процесі қазақ-қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесімен, сондай-ақ даулы учаскілерге қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды.

    Осындай жолмен көпжақты келісімді жасау екі жақты қазақ-қытай шекаралық проблемаларын реттеуге жәрдемдесті. Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, аталған келісімдердің пайдасы мен маңызы осыдан көрінеді.

    Шекара  ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді шектеу туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі. Бұл уағдаластықтарды халықаралық қауымдастық позитивті түрде бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінді, халықаралық құқық тұрғысынан алғанда бәсеңдеу аясына Қытай тартылды.

    Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді.

    1998 жылы 3-шілдеде Алматыда Шанхай  және Мәскеу келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Қазақ дипломаты Қасымжомарт Тоқаевтің тұжырымдауынша «Тап осы кездесуден кейін Шанхай бестігі деп аталатын ұйым өміргі келді» [49, 380б.]. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастық, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-кимылы әскери-саяси және шекаралық мәселелерімен шектелмеуі тиіс деп пікір білдірді. өткені қауіпсіздік пен ынтымақтастың проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттілігі пісіп жетілді.

    Сыртқы  істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен  мәлімдемесінде «Қырғи қабақ соғысы»  аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомствалар басшылары бас мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсетуі қажет деп тапты.

    Тараптар  аймақтағы нақты жағдайды ескере отырып қаіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы ХХІ ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілікпен өркендеу үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси, сонымен қатар экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңестікте тұрақтылықтың, қаіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел будырғанын білдірді.

    1999 жылғы тамызда Шанхай бестігінің Бішкек кездесуі өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Қазақстан Республикасының, Тәжікстан мен Қырғызстан Республикаларының басшылары төмендегідей мәлімделермен жасады:

    1996 жылғы Шанхай кездесуінен бергі  кезеңдегі ынтымақтастықты өте  нәтижелі деп атап өте келе тараптар енді тек қауіпсіздік саласында ғана емес, сонымен қатар өзге де облыстарда да өзара байланыстарды күшейту қажеттігін атап өтті;

    Тараптар  аймақтың қауіпсіздік мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде, оның өркендеуі мен  дамуына қолайлы жағдай туғызуда ынтымақтастықты дамытумен қатар, сыртқы істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік ведомтсвалардың жетекшілері деңгейіндегі өзара байланыстар мен пікір алмасуда дамыту қажеттігіне айрықша тоқталды;

    Тараптар  шекараларық проблемаларды реттеу, әскер облыстарда сенімділік, шекара аумағында қарулы күштердің санын қысқарту мәселесі бойынша келісімдерді жасау, және де оларды бес мемлекет тарапынан бекітуі аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты етудегі теңдесі жоқ құжат, теңдесі жоқ жетістік деп есептейді;

    Тараптар  аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік  негіздеріне зор нұсан келтіретін халықаралық терроризм, наркобизнес, заңсыз қару-жарақ сату, заңсыз миграция, ұлттық сепаратизм, діни экстремизм секілді  зұлымдық көздеріне қарсы күресудің  маңыздылығына ерекше тоқталды;

    Тараптар  Орталық Азия елдерінің аймақта  ядролық қарусыз кеңістік құру талпыныстарына, Қазақстан Республикасының Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру  шаралары жөніндегі кеңесті шақыру бастамасына айрықша қолдау білдіреді;

    Тараптар Қырғызстан Республикасының президенті Асқар Ақаевтің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өркендеуіне бағытталған «Жібек жолы дипломатиясын» қазіргі халықаралық ынтымақтастық деңгейіне дейін көтеру идеясына жан-жақта қолдау көрсетті;

    Тараптар  аймақтық және халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа зор  қауіп төндіріп тұрған Ауғанстандағы  қалыптасқан шиеленісті жағдайға көңіл  бөледі. Және де тараптар ауған мәселесін  шешудегі Біріккен Ұлттар Ұйымының рөліне жоғар баға береді;

    Тараптар  өзара тиімділік және теңдік принципі негізіндегі сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға айрықша көңіл бөледі;

    Тараптар  қазіргі халықаралық қатынастардағы өзгерістерге ерекше көңіл аударады және де халықаралық сахнадағы субъектілер  арасындағы өзара байланыстар төмендегі баста принциптерге негізделуі қажет: біріншіден, суверенитеттілік пен территориялық тұтастықты құрметтеу, тең негіздегі қарым-қатынастар, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, дайлар мен жан-жалдарды тек бейбіт жолдармен шешу; екіншіден, теңдік және өзара тиімділік жағдайындағы ынтымақтастықты нығайту; халықаралық тұрақтылық пен бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемдегі позициясының дамуына және нығаюына қолдау көрсету; Ядролық қаруларды таратпау туралы және Ядролық қаруларды жаппай сынау туралы келісімдерді бұлжытпай орындау;

    Бес мемлекет жаңа халықаралық саяси  және экономикалық жағдайы, халықаралық  бейбітшілік пен тұрақтылықты қалыптастыруға, қамтамасыз етуге ұмытылатындығын  жария етеді [40, 475б.].

    Сонымен қатар Бішкек кездесуіне қатысушы мемлекеттер  сенім білдірудің негізгі жобаларын  дайындады, оның критерийлері мынадай  болды: әскери қызметтің транспаренттілігі  және оны шекара маңайында азайту; шекаралық мәселерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады. Және де халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.

    1999 жылы қарулы күштерді қысқарту  туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 шақырымдық географиялық аумақтағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгімен шекара арасындағы қытайлық тарап іс қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.

    Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді. Олар сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштердің ашық ой-ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.

    Осы кезеңде «Шанхай бестігі» аясында  ынтымақтастық пен байланыстардың жаңа элементтері айқын байқалды. Аймақта орын алған күрделі саяси жағдайлар, терроризм мен экстремизм қаупі, есірткі және қару-жарақтардың заңсыз саудалануының белең алуы құрлықтағы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.

    Осы тұстан бастап «Шанхай бестігі» қарқын ала бастады, әрі көптеген мемлекеттердің және халықаралық институттардың назарын  өзіне аударды. Осы топтың аясында, әскери саланы қоса алғанда, барлық бағытта  ведомствалар басшыларының кездесулері  ешқандайда іркіліссіз, ұдайы өтіп келе жатқаны айқын көрінді. Халықаралық терроризмге, қару-жарақ пен есірткі контрабандасына бірлесіп қарсы тұру жөнінде іс-шаралар әзірленді. ұлттық үйлестірушілер өз жұмыстарына кірісіп, өздерінің Кеңестерін құрды. Кейін бұл орган «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» жарғылық органдарын дайындауда маңызды рөл атқарды.

    «Шанхай бестігі» жұмысына көріші елдері, әсіресе  Өзбекстан тарапы басқаша қарай  бастады. Мемлекет басшысы Ислам  Каримов «Шанхай бестігіне» мүше елдерден Өзбекстанды толық, құқылы мүше ретінде ұйымға қабылдауды сұрап, өтініш жасады. Бұл мәселе үлкен дауларды тудырған жоқ. Қазақстан дипломаты Қ. Тоқаев өзінің еңбегінде «Қытай және Өзбекстанмен шекараласатын орта азиялық мемлекеттер бұл елдің әскери-саяси және экономикалық әлуетін біледі, сондықтан И. Каримовтың өтінішін толықтай қанағаттандырған келісілген шешім қабылданды. 2000 жылғы 5-шілдеде «Шанхай бестігінің» бесінші саммиті барысында Өзбекстан тұңғыш рет бұл форумның жұмысына қатысты. «Бестік» «алтылыққа» айналды» деп жазды [49, 393б.].

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар