Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    МАЗМҰНЫ 
 

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ...................................................................                                                     8

1.1 Халықаралық  ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік  талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30 

2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................49 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

    Тақырыптың  өзектілігі. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ұлттық тәуелсіздігін қорғау ғаламдық сипаттағы проблемалармен бетпе-бет келіп отыр. Халықаралық терроризм мен жаһандану заманында ең қуатты державалардың өздері қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен саяси-экономикалық дамуды жүзеге асыруда әр түрлі салаларда аймақтық деңгейдегі интеграциялық бірлестіктерді құру процестердің дамуына бір жағынан мүдделілік танытса, екіншіден осы қадамға баруға мәжбүр болуда. Бұл мәселе, әсіресе, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Орталық Азия елдеріне тікелей қатысты. Аймақтың маңызды геосаяси және геоэкономикалық орналасуы көптеген халықаралық күштер мен державалардың аса зор қызығушылығын тудыруда.

    Орталық Азияның жас тәуелсіз мемлекеттерінің тарапынан қырғи-қабақ соғысынан кейінгі халықаралық және аймақтық дауларды жанжалдарды шешу, бейбітшілік орнату мен тұрақтылықты қалыптастыру проблемалары бойынша заман талаптарына сай жобалармен ұсыныстар жасалынды. Осы аталған бағыт бойынша әсіресе Қазақстан тарапы зор бастамалар көтеруі қазіргі халықаралық саяси практика үшін өте өзекті болып отыр. Қазақстан Республикасының тек Азия құрлығында ғана емес, сондай-ақ Еуразиялық кеңістікте өркениеттер мен мемлекеттер арасындағы диологты орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату, әр түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұмтылыстары, әсіресе Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру бастамасын көтеру мен Шанхай ынтымақтастық ұйымын құруға деген талпынысынан айрықша көрінді.

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен  халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

    Азиядағы  қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен  ынтымақтастықты дамытуда Шанхай ынтымақтастық  ұйымының қызметі маңызды, әрі өзекті екендігін кешегі және бүгінгі тарихи тәжірибе тарапынан дәлелденіп отыр. Шанхай форумы Орталық Азияның ғаламдық саяси процестегі бүкіл мүдделерін қорғауға бағытталған. Ресей, Қытай және Қазақстан бастаған аймақтың басқа да елдерінің осы ұйым аясында өңірдегі терроризм, экстремизм және сеператизм секілді зұлымдық күштеріне қарсы бірігіп күрес жүргізуі өте маңызды қадам. Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ғана емес, сонымен бірге саяси, экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми-техникалық салаларда көпжақты байланыстарды дамытуда зор жетістіктерге қол жеткізді. Сондықтан Орталық Азия елдері үшін Шанхай форумы аясында әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту олардың ұлттық мүдделеріне жауап береді. Осыған орай Шанхай форум халықаралық қатынастармен әлемдік саяси процестегі жаңа ұжымдық күш ретінде бүгінгі халықаралық қауымдастық үшін Орталық Азия елдері үшін де өте маңызды болып қала бермек.

    Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Қарастырып отырған  тақырыпты зерттеу алдында осы  мәселе бойынша жарияланған ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Әр зерттеу  жұмысының басты мәселесі қарастырылатын проблеманың жаңалығы мен өзектілігін айқындау үшін қажет. Ол үшін барлық ғылыми еңбектерді жан-жақты талдау арқылы оған объективті баға беруге мүмкіндік туғызатын тарихнама болып табылады.

    Қарастырып  отырған тақырыптың тарихнама мәселесі айтарлықтай кең ауқымдағы ғылыми еңбектерді қамтымайды. Бұл мәселе негізінен әлі де терең жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Оның себебі Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихының қысқа мерзімді қамтуымен түсіндірілсе керек. Сондықтан аталмыш тақырыпты зерттеу барысында оның тарихнамасына баға беру үшін пайдаланылған ғылыми еңбектерге, оның ішінде ғылыми мақалаларға,ғылыми конференциялардың материалдарына талдау жасалынды. Ерекше аталып өтетіні, диплом жұмысының тақырыбына қатысты тікелей іргелі зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Сонда да бұл мәселеге тек отандық зерттеушілер ғана емес, осы ұйымға мүше-мемлекеттердіңде зерттеушілерімен бірге шетелдік (американдық,британдық т.б.) зерттеушілер де қызығушылық білдіруде.

    Зерттеу жұмысы барысында жалпы Шанхай форумының  қызметіне қатысты отандық және шетелдік (ресейлік және қытайлық, батыс) тарихнамадағы ғылыми еңбектер талдауға алынды.

    Сонымен алғаш отандық тарихнамаға тоқталайық: отандық зерттеушілер- Б.К.Султанов [1, 2, 3], М.Лаумулин [4], Л.Ерекешева [5], В.Галямова [6], А.Каукенов [7,8], К.Сыроежкин [9,10], В.Сергиенко [11], Р.Бурнашев пен И.Черных [12] , М.Ашимбаев [13] Шанхай форумы оған мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне толық жауап береді тұжырым жасайды.Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымың тек мемлекеттердің бірлестігі ғана емес, сондай-ақ өркениеттердің тұтастығы екендігін атап өтеді.

    Зерттеу жұмысының ресейлік тарихнамасында келесі авторлардың еңбектері- С.М.Алиев [14], Ю.В. Босин [15] Орталық Азиялық  аймақта ислам фундаментализмі  мен экстремизмнің қауіпті барын баса көрсетіп, қауіпсіздікті күшейту қажет екендігін ұсынумен құнды.

    Зерттеушілер  Г.Чуфрин[16], Д.Каушик [17],И.Гавричев [ 18], В.Михеев [19], В.Амиров [20], А.Куртов [21], Д.Малышева [22], А.Салицкий, А.Салыкова [23], С.Жуков [24], Е.Гордилова [25], Г.Кунадзе [26], А.Клименко [27], А.Кузьменко [28], И.Звягельская [29], В.Гельбрас [30], И.О.Прокофьев [31]. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне жоғары баға бере отырып, оны қырғи-қабақ соғысынан кейінгі бұрынғы Варшава шарты ұйымын ауыстыра алатын жаңа ұжымдық қауіпсіздік жүйесі ретінде қарастырады. Сонымен бірге олар осы ұйымның кемшіліктерінде баса көрсетеді. Мысалы, ұйымды тек қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ғана емес, сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде мойындай отырып, оның елдің ішкі істеріне әсіресе, сайлау процестеріне араласуын қаламайды.

    Американдық зерттеуші- Зб. Бжезинскийдің «Великая шахматная доска. Господство америки  и его геостратегические императивы»  еңбегінде [32] Шанхай ынтымақтастық  ұйымы құралғанға дейінгі еуразиялық кеңістіктегі негізгі саяси процестерге сараптама жасалады. Оның еңбегін посткеңестік кеңістік әсіресе, Орталық Азия болашақта этникалық, діни қақтығыстарға ұшырайды деп болжам жасаумен құнды еңбектердің қатарына жатқызуға болады.

    Ч.Зиглер өз ғылыми мақаласында [33] 2001 жылғы қыркүйек оқиғасынан кейінгі АҚШ-тың халықаралық терроризмге күресудегі Орталық Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заңды екендігіне тоқталады.

    Ал  Р.Легволд [34] болса,болашақта Орталық  Азия үшін бәсекелестікке ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнайды деп болжайды.

    Келесі  зерттеуші Фиона Хиллдің ғылыми баяндамасында [35] Орталық Азияның  қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  АҚШ Шанхай ынтымақтастық ұйымына  іс жүзінде балама бола алды деп  атап өтеді.

    Қытайлық  зерттеушілердің еңбектерін жалпы талдаудан кейін мынадай түйін жасауға болады.Олардың еңбектеріндегі ой-түйіндер мен пікірлердің ортақтығы айқын байқалады.Олар Шанхай форумының қызметіне жоғары баға бергенмен,Орталық Азиядағы шикізат көздері мен энергоресурстар үшін ұлы державалармен бәсекеге түсетінін жасырмайды [36,37,38,39].

    Деректік  негізі. Диплом жұмысының алдына қойған мақсатымен міндеттерін орындауға  негіз болған деректік материалдарды  бірнеше топқа бөлуге болады.

    Диплом  жұмысының деректік негізін Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына дейінгі және құрылғаннан кейінгі уақыттағы осы ұйымға мүше болуға ынталы мемлекеттердің бірлесіп өткізге түрлі саммиттерінде,үкімет басшыларының бірлескен мәжілістерінде, ведомствоаралық кездесулерде қабылданған басты нормативтік құжаттар құрайды.

    Нормативтік құжаттарды түрлеріне қарай топтап,сипаттама  беруді жөн көрдік.

    Сонымен,алғаш 1999 жылы Бішкекте, 2000 жылы Душанбеде  өткен саммиттерде осы ұйымның  мүше-мемлекеттері қабылдаған декларациялары қарастырылып, талданады.Осы деректермен  қатар ғылыми айналымға 2001 жылы 15-маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы ұйымға мүше-мемлекеттердің декларациялары [40,41,42],осы саммитте мемлекет басшыларының сөйлеген сөздері мен ресми мәлімдемелері [43], сонымен бірге, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қабылдаған терроризм, экстремизм және сепаратизммен бірігіп күрес жүргізу туралы бірлескен конвенция енгізіліп, жан-жақты талданып,қарастырылды [44].

    Дерек көзі ретінде осы 2001 жылы күзде Алматыда Шанхай форумына мүше-мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі кездесуінде бірлескен мәлімдеме [45], сонымен қатар осында аймақтық экономикалық ынтымақтастық негізгі бағыттары мен мақсаттары мен инвестиция мен сауда –саттық үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру процесі туралы қол қойылған меморандум пайдаланылды [46].

    Сондай-ақ диплом жұмысында негізгі дерек  көзі ретінде осы ұйымның мүше-мемлекеттерінің  басшылары мен мемлекеттік қайраткерлердің  шығармалары мен еңбектері де пайдаланылды.Оның ішінде Қазақстан  Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың қаламымен жазылған еңбектері [47], сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы істер министірі мен премьер-министрі қызметтерін атқарған Қ.К:Тоқаевтың шығармалары мен естеліктері ғылыми қолданысқа енгізілді [48,49].

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымының қызметі  және оның негізгі бағыттары осы диплом жұмысының зерттеу объектісі болып табылады.

    Хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың 90-шы жылдары  мен қазіргі күнге дейінгі  аралығын қамтиды. Өйткені Шанхай ынтымақтастық  ұйымының құрылуы және оның қызметі  осы кезеңге сәйкес келеді.

    Жұмыстың  мақсат-міндеттері. Шанхай ынтымақтастық  ұйымының қызметіне баға беріп талдау жасау арқылы оның жаңа аймақтық тәртіпті қалыптастырушы фактор ретінде рөлі мен орнын ашып көрсету.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі мәселелерді  шешу міндеттері қойылды:

    -Шанхай  ынтымақтастық ұйымының құрылуы  барысындағы аймақтағы қалыптасқан  геосаяси ахуалға баға беру;

    -Шанхай  ынтымақтастық ұйымының құрылуына  әсер еткен геосаяси факторларды  талдап,мәнін ашу;

    -Шанхай  ынтымақтастық ұйымының құрылуы  және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін ашып көрсету;

    -Қазіргі  кезеңдегі Шанхай ынтымақтастық  ұйымының қызметінің негізгі  бағыттарын ашып көрсету;

    -Шанхай  ынтымақтастық ұйымының аймақтық  сауда –экономикалық ынтымақтастықтағы  рөлін ашып көрсету;

    -Аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылық жобаларын жүзеге асырудағы халықаралық тәжірибелерді қолдануға баға беру;

    -Шанхай  ынтымақтастық ұйымының Орталық  Азия меғмлекттерінің қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі және экономикалық  дамуындағы орнын көрсету;

    -Қазіргі  халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен орнына баға беріп, жан-жақты қарастыру;

    Жұмыстың  қолданыстық негізі. Осы диплом жұмысының  материалдарын аталмыш тақырып  бойынша арнайы курстарды ұйымдастыруда, дәрістер мен семинар сабақтарында қолдануға болады.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар