Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Еуразиялық  кеңістікте Шанхай ынтымақтастық ұйымы  секілді қуатты ұжымдық қауіпсіздік  жүйесінің құрылуына ғаламдық және аймақтық деңгейдегі бірнеше тарихи-идеологиялық факторлар ықпал етті. Яғни осы ұйымның құрылуының тарихи тамыры тереңге кетеді.

    Бұл факторлардың негізі төмендегідей:

    Қырғи-қабақ  соғысы барысындағы Америка Құрама Штаттары мен Кеңес Одағының Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жобаларының толық сәтсіздікке ұшырауы;

    АҚШ бастаған батыс державаларының Орта және Таяу Шығыстағы (Ирак, Палистина, Египет, Иран т.б.) империалистік стратегиясы  және де Кеңес Одағының Ауғаныстандағы оккупациялық режимі мұсылман әлеміндегі антибатыстық және антикеңестік бағыттағы ислам фундаменталмзмінің, саяси-діни экстремизмнің, терроризмнің өрши түсуіне алып келеді; [65, 14б.].

    Кеңес оккупациялық режимі орнағаннан бастап тұтанған ауған-мұсылман ұлтшылдығы аймақтағы  саяси тұрақсыздық пен қауіп-қатердің негізгі өзегіне айналды;

    Кеңес Одағының тарих сахнасынан біржолата  кетуімен Еуразиялық құрлықта ауқымды  геосаясат «вакуумның» пайда  болуына алып келді. өз кезегінде  ол, біріншіден, идеологиялық «вакуумның»  қалыптасуына түрткі болып посткеңестік қеңістікке радикалды- фундаменталистік бағыттағы діне–саяси идеялардың жаппай енуіне жол ашты; екіншіден, осының негізінде ұлттық аймақтарда діни сипаттағы сепаратизм, әлемдік ислам халифатын құру секілді қуатты қозғалыстардың орын алуына түрткі болды; үшіншіден, посткеңестік кеңістіктегі осындай оқиғалар көрші аймақтар мен мемлекеттердің, әсіресе Қытайдың қауіпсіздігі мен территориялық тұтастығына зор қауіп төндірді;

    Еуразиялық  кеңістіктегі аз ұлттардың сеператистік қозғалыстардың белең алуы (Шешенстан, Ұйғыр сепаристерінің қозғалысы);

    Жоғарыдағы  аталған факторлар Орталық Азияның  жас мемлекеттерін, Ресей мен  Қытайды құрлықта жаңа үлгідегі ұжымдық  қауіпсіздік жүйесін құруға итермеледі. Осы талпыныстардың жемісі болған Шанхай ынтымастық ұйымының құрылуына негіз болған факторларға енді нақтырақ тоқталу қажет.

    ХХ  ғасырдың 80-жылдарында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдай, яғни status quo өзгерді. 1979 жылы Кеңес Одағы әйгілі «Брежнев доктринасының» рухында Ауғанстан Демократиялық Республикасының басшысы Х.Аминді жеткілікті прокеңестік пиғылдағы емес деген себеппен оның территориясына әскер ендірді. Осы кезден бастап Ауғанстан бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқан соғыс өртінің ортасында қалды. Ауғанстандағы саяси тұрақсыздық пен перманентті этникалық-діни негіздегі қақтығыстар қазірге дейін толастамай отыр. Ең басты фактор 1997 жылы Ауғанстанда билік басына фундаменталистік пиғылдағы талибан қозғалысының төңкеріс арқылы келуі бүкіл аймақтағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. Кеңес Одағы номенклатурасының оған әскер ендіру шешімі тек жай ғана қателік болып қоймай, сонымен қатар дөрекі, әрі жалған саяси-идеологиялық принциптерге толы қадам болды. Кеңес оккупациясы Ауғанстанда діни, тайпалық және этникалық сипаттағы ұлтшылдық тенденцияларды тудырды [15, 180б.].

    1979 жылы Ирандағы ислам революциясының  орын алуы нәтижесінде елде  билік басына шиитік діни элитаның  келуі тек аймақтық емес, сондай-ақ  халықаралық деңгейдегі зор өзгеріс  болды. Иран өзінің сыртқы саяси курсының негізгі принципі ретінде «Батыс та емес, Шығыс та емес, Ислам» деп жариялай отырып, басты мақсат «ислам революциялық» құндылықтарының экспорттау деп жарияланды. 1997 жылы президенттік сайлау нәтижесінде билік басына келген прагматиктердің жетекшісі Мұхаммед Хатами «ислам революциялық» құндылықтарын экспорттаудың орнына «өркениеттер диалогы» формуласын ұсынды. Осы бағытта Хатами иран-американ қарым-қатынастары қайта орнатылды. Бірақ Иран Ислам Республикасының рухани көсемі аятолла Аятолла Хоменей «Үлкен Сайтанмен ешқандай қатынас жоқ» деп Хатамидің сыртқы саясаттағы либералдық бағытына тиым салды [14, 30-31бб.]. 2005 жылы кезекті президент сайлауында билік басына Тегеранның мэрі, әрі ортодоксалды қанаттың жетекшісі Махмұд Ахмединеджадттың келуі халықаралық жағдайды шиеленістірді. Хатамидің «өркениеттер диалогының» орнына ислам революциясын экспорттауды жоғары қойып, Иранның атомдық қаруды жасауға деген ұмтылысы аймақтық және халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен сызат түсірді.

    Кеңес империясы ыдырағаннан кейін  оның орнында пайда болған «вакум»  біртіндеп әртүрлі сипаттағы  діни-саяси, ақпараттық идеяларға тола бастады. Жетпіс төрт жылдық атеистік саясат аясында дінсіз қоғам құру талпыныстары салдарынан посткеңестік кеңістік елдерінде дәстүрлі, бұрынғы ата-баба діндері қатты әлсіреді немесе тіпті жоғалып кетті. Бұл әсіресе Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың тағдырына тікелей қатысты болды. Олардың араб-ислам әлеміне жақындығы радикалды бағыттағы фундаменталистік ислам ағымдарының ерекше қарқынмен енуіне айтарлықтай әсер етті. Ислам фундаментализімге тек Орта Азия мен Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясының және Қытай Халық Республикасының құрамындағы тәуелсіздікке ұмтылушы мұсылман халықтарының қуатты идеологиялық қаруына айналды. 90-жылдарды Ресей құрамындағы Шешенстан, Дағыстан, Ингушетия және тағы басқа аймақтарда, сонымен қатар Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Ауданында ұйғыр сепаратистерінің қозғалыстары [66, 37-41б.]. фундаменталды исламмен тікелей байланысты болды.

    Ислам фундаментализмі Орталық Азия елдерінде  де шапшандықпен тарап, дәстүрлі исламның позициясының әлсіреуіне байланысты жергілікті халықтың арасында тез қолдау тапты. Аймаққа радикалды сипаттағы  уаһаббизм, хизб-ут-тахрир әл-ислам, таблиғи  жамағат, әһли сунна әл-жамағат, ахмадиа секілді ислам ағымдар мен партиялары еніп, өз позицияларын нығайта түсті. Хизб-ут-Тахрир әл-Исламия партиясы Орталық Азияны болашақта құрылады деп жобаланған «ислам халифатының» құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Халифатшылар мен өзге де радикалды исламистердің Орталық Азиядағы, Ресейдегі және Қытайдағы жетістіктері аймақтағы жас мемлекеттердің ұлттық суверенитеті мен конституциялық құрылысына зор нұқсан келтірді.

    Фундаменталды ислам тек посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің саяси-қоғамдық құрылысына мықты ықпал етіп қоймай, сонымен бірге Қытайдың батыс аудандарындағы түркі-мұсылман ұлттарының тәуелсіздік жолындағы күресінің басты идеологиялық қаруына айналды. 1758 жылы Шығыс Түркістандағы мен Жоңғария Қытай империясының құрамына өткеннен бері аймақтың негізгі тұрғындары болып саналатын ұйғырлар әрбір кезеңде тәуелсіз мемлекет құруға талпынды. Шығыс Түркістандағы немесе қазіргіше Шыңжаң Ұйғыр автономиялық тұтастығы мен суверенитетіне зор қауіп төндіретіне айқын. Сондықтан Қытай тарапы көрші мемлекеттерден, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтан Қытайдың территориялық тұтастығына күмән келтіріп, ұлттық сепаратистерге қолдау көрсетпеуді талап етеді.

    Қытайдағы діни-этникалық сипаттағы сепаратизм Қытай басшылығын аймақтық ұжымдық негіздегі қауіпсіздік жүйесін құруға итермелеген негізгі фактор. Қазақстан жағы өз кезегінде Қытайдың территориялық тұтастығына еш күмән келтірмейтіндіктерін о бастан-ақ ашық білдірген еді. Тайвань зерттеушісі Чжен Кун Фу өзінің еңбегінде «Қытай-Қазақстан достастық қарым-қатынастары екі елдің де ішкі ислам фундаментализмі мен сепаратизміне қарсы күресе алатын қуатты күш бола алады» деп жазды [36, 281б.].

    Кеңес Одағы мен социалистік жүйенің  ыдырауы Еуразиялық кеңістікте күрделі, әрі құрылымдық геосаяси өзгерістердің орын алуына түрткі болды. Кеңестік Ресейдің жойылуымен қырғи-қабақ соғысы іс жүзінде аяқталды. Енді Азиядағы қауіпсіздік жүйесі мен тұрақтылықты қалыптастыруға деген мүлде басқа мүмкіндіктер мен перспективалар ашылды.

    Бірақ қырғи-қабақ соғысынан кейін Еуразиялық кеңістікте жаңа көполярлы дүниенің негізгі бола алатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына күмән келтіргендер аз болмады. Белгілі американ саясаттанушы Збигнев Бжезинский посткеңістік кеңістіктегі Орталық Азияны өзінің «Еуразиялық Балқан» теориясының шеңберіне қосады [32, 151б.]. Оның пікірінше «Еуразиялық Балканның» шеңберіне енетін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және де Грузия, сонымен қатар Ауғанстан өздерінің этно-конфессионалды құрамдарының әртүрлілігі салдарынан болашақта діни-этникалық қақтығыстардың қайнар көздеріне айналады, сонымен қатар қай держава осы кеңістікке өзінің билігін орнатады ол бүкіл әлемге өз әмірлігін жүргізеді» деп тұжырымдай келе осы жолда ең алдымен Түркия мен Иран аймаққа өздерінің үстемдігін орнатуға ұмтылуда деп атап өтті [32, 152б.].

    Сонымен қатар ол Орталық Азияның жас  тәуелсіз мемлекеттері аймақтағы үстемдік үшін жан таласа бәсекелестік жүргізеді. Осы жолда этно-кофессионалдық сипатқа  ие Қазақстан аймақты Ресейдің жаңа экспансиясынан қорғайтын қалқан болғанымен, аймақтық жүрегі болып табылатын этникалық жағынан анағұрлым біртекті Өзбекстан осы бағытта өз қарсыласынан басым түседі деген концепцияны ұсынады [32, 156б.]. Және де ол осы бағытта Орталық Азия үшін Ресей мен Қытайдың геосаяси амбициялары қақығысады деген пікірді білдіреді[32, 166б.].

    Осы бағытта тек батыс зерттеушілері  ғана емес, сонымен бірге қытай  ғалымдары мен саяси элитасының арасында аймақтық ұжымдық қауіпсіздік  жүйесінің құрылуына дейін, тіпті құрылғаннан кейінде оған күмәнмен қарау тенденциясы басым болды. Мысалы, қытайдың либералды-прагматикалық пиғылдағы истэблишменті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының қызметінің жемісті болуына күмәнмен қарай отырып, оны Қытай үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізі бола алмайды деп есептеді [18, 31б.].

    Алайды  қазіргі аймақтық интеграциялық  процестерге терең көңіл аударатын  болсақ онда Збигнев Бжезинскийдің  «Еуразиялық Балқандар» теориясының  көп жағдайда жалған екендігі дәлелденеді. Пантүркизм идеологиясын басшылыққа алған Түркияның Орталық Азияның түркі тілдес мемлекеттерін бір саяси жүйенің астына біріктіру стратегиясы іс жүзінде толығымен сәтсіздікпен аяқталды. Әсіресе Қазақстан басшылығы пантүркизм идеологиясын еш қолдамайтындықтарын ашық білдірді. Иранның аймақтағы геосаяси амбициялары күшті болғанымен, оның сыртқы саяси курсы көбіне Ресейге тәуелді. Сондықтан оның аймақтағы ұмтылыстары негізінен Ресей тарапынан шектеледі. Ал Қытай басшылығы ұйғыр сепаратистерінің тарапынан мемлекеттің территориялық тұтастығына зор қауіп төнетіндігін анық байқап, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі тәуелсіз мемлекеттердің Қытаймен жаңа негізде саяси-әскери, экономикалық интеграциялануды шынайы қалайтындықтарын терең түсініп жаңа ұйымның маңыздылығын жоғары бағалады.

    Осындай позитивті бастаманы халқы 1,5 миллиард Қытай, халқы 1 миллиард Үндістан, әліде болса империалық статусын жоғалтпаған Ресей Федерациясы емес кешегі көшпенді өркениеттің мұрагері тәуелсіз қазақ мемлекетінің басшылары көтерді. Қазақстан Республикасы 1992 жылы 2-наурызда әлемдегі ең беделді үкіметаралық саяси ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымының қатарына қабылданды. Ал, осы жылдың 20-қазанында қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев ұйымның кезекті отырысында азиялық қауіпсіздік жүйесін құру жобасын ұсынды. Біріккен Ұлттар Ұймының Бас Ассамблеясының 47-сессиясында президент Н.Ә.Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) өткізу туралы ұсынысын Азия құрлығындағы халықаралық қатынастарда болып жатқан сапалы өзгерістердің заңды көрінісі ретінде қарауға болады. Азиядағы қауіпсіздік жүйесін құру үшін жауапкершілік ауырпалығын халықаралық құқықтың субъектісі ретінде жаңа тәуелсіз мемлекет өз мойнына алды. Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі принципті басшылыққа алады: біріншісі, қазіргі заманғы геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек; екіншісі, аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтудың тиімді жолдарын іздестіру,

    Қазақ дипломатиясының алдында Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларын  шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге еңгізу сияқты күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пайымдауынша бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері төмендегі шарттар:

    аумақтық  дауларды, жан-жалдарды шешу;

    қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында нақты табыстарға қол жеткізу;

    есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрес шараларын жүргізу;

    Экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу;

    Азиялық елдердегі экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету;

    Осы уақытта құрлықтың әр бөліктеріндегі әліде болса шешімін таппаған, реттелмеген проблемалар көптеген елдердің өзара қарым-қатынастарындағы негізгі талас болып табылады. Осының салдарынан Азиядағы сенім білдіру мен ынтымақтастық жағдайын нығайтуға деген ұмтылыстар кеми түседі. Дегенмен де, Қазақстанның бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңест өз қызметін бастады. Оның аясында құрлықтың отыздан аса елдерді Алматы мен Астанада бірнеше мәрте жиналып құрлықтағы бейбітшілік атмосферасын қалыптастыру мәселелерін талқылады. 
Бірақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңес қауіпсіздік жүйесі мен бейбітшілікті қалыптастыруда қомақты табыстарға қол жеткізе алмады. Оны шақырудағы басты мақсат құрлықтағы өркениет аралық диалог пен сұхбатастықты орнату еді. Яғни АӨСШК негізінен саяси диалогты жүргізу мәселесімен айналысты. Ал, құрлықта шынайы ұжымдық қауіпіздік жүйесі мен тәртіпті орнатуға Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аса зор еңбек сіңірді.

    Азия  мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы  жемісті ынтымақтастығының анағұрлым  көрнекті мысалы «Шанхай бестігінің»  қызметі болды. Қытай Халық Республикасының, Ресей Федерациясының және Орталық  Азия аймағының басқа да елдерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің халықаралық дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған емес. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар