Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    2000 жылдың сәуірінде Астанада болып  өткен қорғаныс мининстрлерінің  кездесуі және осы жылы Душанбеде  өткен «Шанхай бестігінің» саммиті  жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс  қимыл жасау жөнінде тиісті  елдердің батыл шараларға бару  дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Әсіресе 4-шілдеде Душанбеде өткен Шанхай бестігі мемлекет басшыларының саммитінің нәтижелері өте маңызды болды [41, 27-28бб.].

    Душанбеде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей  және Қытай басшылары тарапынан  ресми түрде бұдан бұрын құрылған ұйымның атауы - «Шанхай бестігі» саяси айналымға ендіріліп, оны аймақтық деңгейдегі жан-жақты ынтымақтастықтың құралына айналдыру көзделетіндігі де жария етілді. Саммитте қатысушы мемлекет басшылары жаңа ұйымның қызметінің шеңберін нақты анықтады. Онда саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық, әскери, әскери-техникалық салаларда өзара байланыстарды тереңдете түсу, сондай-ақ мәдениет саласында және де аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде ынтымақтастығы одан әрі нығайту көзделді.

    Сонымен қатар мұнда «бестіктің» төмендегідей саяси бағдараламасы қабылданды:

  • біріншіден, аймақтағы жағдайды шиеленістіретін «сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі істерге араласудың» алдын алу және болдырмау;
  • екіншіден, аймақтық тұрақтылық, пен қауіпсіздікке, жалпы дамуға үлкен қауіп-қатер туғызатын халықаралық терроризм, діни экстремизм, ұлттық сепаратизммен «бірлесіп күресу» шешімі;
  • үшіншіден, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, оның ішінде «гуманитарлық көмек көрсету» және «адам құқығын қорғау келісіменде» араласу орынсыз болып есептеледі;
  • төртіншіден, әлеуметтік тұрақтылық, территориялық тұтастық, суверенитет, тәуелсіздік секілді стратегиялық, маңызы бар құндылықтарды қамтамасыз етіп, қорғау үшін бір-біріне деген көмекті күшейту;
  • бесіншіден, адам құқығын қорғау принципін қолдану жағдайында «әрбір елдің» («бестіктің» құрамындағы - авт.) тарихи даму ерекшеліктерін, қалыптасқан жағдайын ескеру қажеттігі. [41, 31б.]

    Душанбеде «бестіктің» мүшелері біріншіден, Қытай  Халық Республикасының территориялық  тұтастығын және «біртұтас Қытай» принципін сақтауға, және де қорғауға күш салатындықтары туралы және екіншіден, Ресейдің Шешенстан Республикасындағы «жағдайды реттеу» позициясына жан-жақты қолдау білдіру қажеттігі жайлы ресми мәлімдеме жасады. Сонымен бірге аймақтағы қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын пайдалану мәселесі бойынша «бестікке» мүше-мемлекеттер екі жақты және көпжақты негіздегі ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

    Белгіленген саяси-әскери, экономикалық және тағы басқа салалардағы ынтымақтастықты шынайы жүзеге асыру мақсатында «бестікке» мүше-мемлекеттер әрбір елден ұлттық, үйлестірушілерді (координаторлық) тағайындайтындарын мәлімдеді. Душанбе саммиті «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құрудағы ең соңғы кезең, ең ақырғы асу болды.

    Осылайша, Шанхай бестігі күрделі халықаралық, және аймақтық процестер мен оқиғалар аясында туындап, сол процестердің шеңберінде халықаралық масштабтағы ұйымға айналуға бағыт алды.

    Бұл ұйымның халықаралық салмағы  соған кіретін елдердің жиынтық  демографиялық және аймақтық әлеуетімен ғана емес, сондай-ақ екі ядролық мемлекеттің және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері – Ресей мен Қытайдың белгіленіп қалған стратегиялық әріптестігімен белгіленеді. Бұл ШЫҰ-ның Орта Азияда, сондай-ақ Азия-Тынық мұхит аймағындағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудағы атқаратын рөлін белгілейді. ШЫҰ оның негізгі ұстанымдарын қолдайтын жаңа мүшелерді қабылдау үшін ашық ұйым болып табылады. Қауіпсіздік мәселелерінің бастапқыда ШЫҰ-ны құруда шешуші болып және де аса басымдылыққа ие мәселелердің бірі болып қалып отырғанына қарамастан, оны әскери ұйым ретінде бағалаған дұрыс болмаған болар еді. Мұндай мәртебе ШЫҰ-ға кіретін елдердің халықаралық одақтар мен ұйымдарға әртүрлі міндеттемелерді арқалаумен қатысу себептеріне орай сәйкес келмейді. Мысалы Қытай үшін өзінің қатысуы – мүлде ережеден айрықша болып табылады, себебі бұл ел өзінің сыртқы саясатында дербестік пен тәуелсіздік ұстанымын көздеумен қандай да бір мемлекеттердің блоктарына қосылмау саясатын дәстүрлі түрде ұстанады [74, 28б.].

    Көптеген  сарапшылар атап кеткендей, ШЫҰ-ға мүше болу оның қатысушыларының геосаяси мүдделеріне көп жағдайда сәйкес келеді. Мысалы ШЫҰ-ның кейбір бастамалары аймақтағы Американың ықпалын азайтуға бағытталған тәрізді, мұнысы Қытайдың аймақтағы америкалық ықпалды азайтуға деген талпынысына сәйкес келеді және Ресейдің көп түрлі әлемді құруға деген ниетіне сәйкес келеді, бұл ниеті сыртқы істер министрі кезінде, ал артынша ҚР премьер-министрі Евгений Примаковтың кезінде хабарланған болатын. Сыртқы істер министрі Игорь Ивановтың 2003 жылғы мәскеулік саммиттен кейін айтқан сөзі: «ШЫҰ көп түрлі әлемнің талаптарына сәйкес келетін жаңа үлгідегі қазіргі заманғы ұйымға айналуы тиіс».

    «Шанхайда ШЫҰ-ның XXI ғасырдың мен қауіп-қатерлеріне  төтеп берудегі, Орталық Азия аймағындағы  қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, соның ішінде аймақтағы тыныштыққа, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларға бірлесіп қарсы әрекет жасаудағы потенциалын кеңейту туралы жаңаша келісімдер тіркелетін болады». Саммитте ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің аумағындағы бірлескен ланкестікке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы келісімге, ШЫҰ мемлекеттерінің жеріне ланкестік, сепаратистік және экстремистік іс-әрекетке қатысы бар тұлғалардың еніп кету жолдарын анықтау мен жауып тастау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ШЫҰ-ның Аймақтың ланкестікке қарсы құрылымындағы ақпаратты техникалық қорғау туралы келісімге қол қойылады. Сонымен қатар, Есірткі жолымен күрес жүргізу жөніндегі ұйымының жұмысын жандандырудың қажеттігі туралы қалыптасқан уағдаластық тіркелетін болады. Соңғысы тікелей Ауғанстанға қатысты болып келеді және біз жоғарыда айтып кеткен бұдан арғы қадамдарды болжап отыруға негіздеме береді [63].

    АҚШ-тан  оның әлемнің жекелеген аймақтарындағы әрекеттері жайлы сұрауға мүмкіншілігі бар қандай да бір инстанцияның орын алу фактісінің өзі Вашингтонның өз әрекеттері үшін жауапкершілік дәрежесін арттырады. Бұл кейінгі уақытта қалыптасқан халықаралық қатынастардың құрылымын едәуір өзгертеді және олардың жалпы жағдайын жақсартады [67, 3б.].

    ШЫҰ-ның  бейнесі – «Шанхайлық бестік» механизмі бастапқыда сенімді нығайту және ҚХР-дың Ресеймен, Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен шектесіп жатқан аудандарындағы әскери күшті азайтудың арқасында өз дамуына ие болды. Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін халықаралық және аймақтық жағдайда өте үлкен өзгерістер орын алды, тыныштық пен даму дәуіріміздің салтына айналды. Осының соңынан күн тәртібіне бес іргелес елдің – Қытай, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан мен Қырғызстанның арасындағы тату көршілестік, өзара сенім, достық пен ынтымақтастық қатынастарын нығайту туралы мәселе шықты [64]. 1996 және 1997 жылдар бес мемлекеттің басшылары Шанхай мен Мәскеудегі бас қосуларында «Шекаралас аудандардағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім» мен «Шекаралас аудандардағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге» қол қойды, бұл «Шанхай бестігі» деген механимзнің іске қосылуына әкелген маңызды тарихи кезеңге айналды. Осыдан кейін жыл сайынғы бас қосулардың осындай түрі дәстүрге айналды және бес елдің әрқайсысында кезек-кезек өткізілуде. 1998 және 2000 жылдар аралығында «Шанхай бестігінің» саммитері Алматыда, Бішкекте, Душанбеде өткізілген. Кездесулердің мазмұны да шектесіп жатқан аудандардағы сенімді нығайту жөніндегі мәселелерден бастап саясат, қауіпсіздік, дипломатия, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге салалар бойынша жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне дейін біртіндеп кеңейе берді. Мемлекет басшыларының бас қосуларымен қатар бірінен кейін бірі СІМ желісі бойынша, қорғаныс министрлерінің, құқық қорғау органдарының, экономика, мәдениет, көлік, төтенше жағдайлар министрлерінің, іргелес қызметтердің, прокуратуралар мен ұлттық үйрестірушілердің мерзімді түрде бас қосуларының механизмдері құрылды.  
Тараптардың «Шанхай бестігінің» практикалық іс-әрекетіндегі бірлескен әрекеттерімен ірі нәтижелерге қол жеткізілді. Ол Қытайдың төрт мүше-мемлекетпен қатынастарындағы тарих қалдырып кеткен шекаралық мәселелерді шешу процесін сәтті түрде ілгері жылжытты, шекаралас аудандардағы бейбітшілік пен тыныштықтың орнауына ықпалын тигізді; «үш зұлымдықты» - ланкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы шешімді түрде күресуде және соларды тежеуде, сол аймақтағы мемлекеттердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғады; мүше-мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды белсенді түрде ілгері жылжытты, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамыту ісінде пайдалы іздестіруді жүзеге асырды; мүше-мемлекеттердің халықаралық сахнадағы үйлесімін үздіксіз түрде нығайтып келеді, бүкі әлем бойынша бейбітшілік пен дамытуды ілгері жылжытуға арналған маңызды аймақтық күшке айналды.

    Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихында «Шанхайлық бестікті»  құру мен дамыту дипломатиялық тәжірибе болып табылады. Ол өзара сенім, қарусыздану, ынтымақтастық пен қауіпсіздік  ұстанымдарына негізделген, қауіпсіздікке деген жаңаша көзқарастың негізін қалады, Ресей мен Қытай бастаған жаңаша үлгідегі мемлекетаралық қатынастарды байыта түсті, ол қатынастардың негізін одақ емес әріптестік құрайды, аймақтық ынтымақтастық үлгісін ұсынды, оның айрықша өзгешелігі: бірлескен бастамашылдық, қауіпсіздік басымдылығы, үлкен және кіші мемлекеттердің өзара тиімді әрекеттесуі, адамзат қоғамын қырғи-қабақ соғыс идеологиясынан жоғары етіп қойды, халықаралық қатынастардың жаңа үлгісін құруға баға жеткісіз үлес қосты.  

    1. 3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының  құрылуы және оның халықаралық  қатынастардағы орны мен рөлі. 

    2001 жылы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан,  Қытай, Қырғызстан, Ресей жэне  Тәжікстан президенттерінің қатысуымен  «Шанхай бестігінің» кезекті  кездесуі өтті. Осы форумның жұмысына тұңғыш рет Өзбекстан Республикасы да қатысты. Форумға қатысушы мемлекеттер «Шанхай бестігінің» бес жылдық кызметін позитивті түрде бағалай келе, 1996 жылғы Шанхай, 1997 жылғы Мәскеу, 1998 жылғы Алматы, 1999 жылғы Бішкек және 2000 жылғы Душанбедегі аталған мемлекеттердің жоғарғы деңгейдегі кездесулерінен жинақталған тәжірибені басшылыққа ала келе, сонымен қатар саяси процестердің көпполярлылығын, экономикалық және ақпаратық жаһандануының одан әрі жалғасуын атап өте келе «Шанхай бестігіне» мүше мемлекеттер, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы ұйымды жаңа ғаламдық, қауіп-қатерлер мен өндеулерге жаңаша қарсы тұруға, жаңаша жауап беруге қабілетті ету мақсатында «Шанхай ынтымақтастық ұйымын» құратындықтары тұралы салтанатты түрде жария етті [42, 496б.].

    Форум жаңа ұйымның мақсаттары мен принциптерін, яғни Хартиясын (Жарғысын) қабылдады. Басты  құжатта ұйымның мақсаттары төмендегідей болып белгіленеді:

  • қатысушы-мемлекеттер арасындағы өзара сенімділікті, достастық, пен ынтымақтастықты нығайту;
  • олардың арасында саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім, энергетикалық, көлік, байланыс, экология жєне тағы басқа салаларда ынтымақтастықты дамыту;
  • аймақтағы тұрақтылық, пен қауіпсіздікті, бейбітшілікті, жаңа демократиялық, әділетті, саяси және экономикалық жағынан рационалды сипаттағы халықаралық, тәртіпті қалыптастыруға және қамтамасыз етуде бірігіп қимыл жасау [42, 497б.].

    Декларацияда  Шанхай Ынтымақтастық, ұйымы мемлекеттердің тәуелсіздігін, суверенитетін және территориялық, тұтастығын құрметтеп, сыйлау; теңдік және өзара тиімді байланыстар орнату; барлық, даулы мәселелерді, жанжалдарды тек бейбіт жолмен шешу; бір-бірінің ішкі істеріне араласпау; күш көрсету мен әскери қауіпті төндіру факторын дипломатиялық әдіс ретінде қолданудан бас тарту секілді Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерді бұлжытпай орындауға салтанатты түрде уәде берді [42, 497б.].

    Мемлекет  басшылары «Шанхай Ынтымақтастық  ұйымы» басқа мемлекеттерге және аймақтарға қарсы бағытталған одақ, емес, ол барлық; халықаралық, және аймақтық, деңгейдегі ұйымдармен, одақтармен, өркениеттермен, мемлекеттермен ашық негізде саяси диалог пен ынтымақтастықты орнатұға әрқашан дайын, сонымен қатар консенсус негізінде ұйымның қатарына жаңа мүшелерді қабылдауға ниетті деп жариялады [42, 498б.].

    Форумға қатысушы мемлекет басшылары 2001 жылғы 11-қыркүйектегі әйгілі қыркүйек оқиғасынан үш ай бұрын «үш зұлымдықпен», яғни «терроризм, сепаратизм және экстремизммен  күресу туралы Шанхай конвенциясын қабылдады» [44, 528б.].

    Бұл құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен радикалды тенденцияларға қарсы күресудегі жаңаша қадам еді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер  Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерінің ең алдымен халықаралық  бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достастық, байланыстарын дамыту туралы шарттарын басшылыққа ала отырып терроризм, сепаратизм жєне экстремизм халықаралық, бейбітшілік пен қауіпсіздікке, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, пен достастық, қарым-қатынастарының дамуына, сондай-ақ, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге үлкен қауіп-қатер төндіретіндігін мойындай келе және де «Шанхай бестігінің» 1998 жылғы Алматы декларациясын, 1999 жылғы Бішкек декларациясын, 2000 жылғы Душанбе декларациясын, сонымен бірге 2001 жылғы 15-маусымдағы «Шанхай Ынтымактастық ұйымын» құру туралы декларацияны ескере келе осы конвенцияны қабылдайды делінді құжатта [44, 528б.].

    Алты  мемлекеттердің басшылары «Шанхай  Ынтымақтастығы Ұйымына» қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуеті және ауқымы кең мүмкіндіктері сауда-экономикалық, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар