Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Саммитте сез алган Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жағының «Шанхай ынтымақтастық ұйымына» қатысты берілетін басымдықтарын төмендегідей атап өтті:

  • аймақтағы терроризмнің таралуы, экстремизмнің өршуі, наркобизнестің өркендеуі, заңсыз миграцияның белес алуы, заңсыз, контрабандылық, жолдармен қару-жарақ сатудың дамуы секілді бірінші кезектегі проблемаларды ескере отырып аймақтын тұрақылығын және мүше-мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • транспорттық-коммуникациялық жобаларды (темір жол, құбыр желістері, теңіз, өзен, автомобиль жолдары) жүзеге асыру, сауда-саттық саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ұсақ және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдайды қалыптастыру;
  • экологиялық, саладағы өзара байланыстарды дамыту;
  • шеқара маңыңдағы өңірлерде аймақтық, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу;
  • әсіресе трансшекаралық, миграция, диаспора мәселелері бойынша өзге де құрылымдармен оптималды түрдегі өзара байланыстарды дамыту форматын белгілеп, қалыптастыру [43, 5-7бб.].

    Қытай Халық Республикасымен ортақ шекарасы жоқ Өзбекстан Республикасы «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына» мүше болуымен осы ұйымның алдында жана міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл ең алдымен терроризмге, экстремизмге және сепаратизмге қарсы бірінші іс қимыл жасау. Аталған террористік, радикалды үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да проблемасы болып отыр. «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына» енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дайындығының алғышарты болды.

    «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қызметіне 2001 жылғы 11-қыркүйектегі Нью-Йорк оқиғасы  ерекше ықпал етті. Америка Құрама Штаттарының жаңа қожайыны Джордж Буштың ғаламдық терроризмге қарсы күресті  осы тұстан бастады. АҚШ бастаған батыстың назарына алғаш болып халықаралық, терроризмнің эпицентрі деп танылған Ауғанстандағы талибан режимі шөкті. Шынымен де бірқатар уакыт бойы ғаламдық, тұрақсыздық, пен халықаралық, терроризмнің, діни экстремизмнің орталығы болған талиб режимінің шапшаң түрде құлауы тек американың әскери күш-қуатын ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде ғаламдық терроризмге қарсы күресте американың қаржылық, экономикалық, әскери, ұйымдастырушылық салаларында ықпалының күшейе түскендігін көрсетті.

    Осының  негізінде АҚШ Орталық Азия елдерінде  Ресей Федерациясы мен Қытайдың қатысуынсыз-ақ аймақтық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің жетік альтернативалық  вариантын көрсетіп, қажет болса  жан-жақты жәрдем беруге дайын екендігін  де жасырмады. Ауғанстандағы талибан режимі, әсіресе 2001 жылғы 11-қыркүйектегі Нью-Йорк оқиғасы АҚШ-тың Орталық Азия аймағындағы бұрынғы позициясының одан әрі күшеюіне жол ашып берді.

    Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік кеңістіктегі дезинтеграциялық процестер  кешегі КСРО, оның тікелей мұрагері Ресейдің Орталық Азия мен бұрынғы одақтың барлық аймақтарындағы позициясын әлсіреуіне алып келді. Ташкенттің, Бішкек пен Душанбенің өз территорияларына американ әскери базаларының орналасуына рұқсат беруі және қаржылай көмек алуы осының жарқын дәлелі болды.

    АҚШ-тың  әскери базаларының тек Ауғанстан  территориясында ғана емес, сонымен  катар Тәжікстан, Қырғызстан жэне Озбекстан  территорияларында да орналастырылуы, Қытай мен Ресейге тиіп тұрған Қазақстан аумағына да орналастыру  әрекеті Пекин тарапынан қарсылық тудырды. Ресми Пекин өзгеше елдерде американ базаларының орналасуын екзжүзді міндетті орындауға бағытталған деп қарастырды: біріншісі, Ауғанстандағы талибан режиміне қарсы, екіншісі, Қытайдың территориялық тұтастығынаа қауіп тудырушы. [1, 84б.].

    Дегенмен  де, Ауғанстандағы талибан режимінің  талқандалуы Орталық Азиядағы әскери-саяси  жағдайдың тұрақтануына алып келді. Өз кезегінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы  орын алған жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстанда ұстанып, ауған мәселесін реттеуге көмектесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру қажет деп есептеді. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының консультациялар жүргізуші зор маңызы болар еді.

    Шанхай  ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер  ынтымақтастығының жаңа бағыты ерекше қарқынмен дамыды. Енді оған мүше мемлекеттер  тек әскери-қауіпсіздік саласында  ғана емес, сондай-ақ сауда-экономикалық, байланыс, туризм, көлік секілді маңызды салаларда да көп жақты қатынастарды дамыту қажеттілігін жүрзгізу қажетігін айтты [72]. 2007 жылы 5 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және көп жақты құжаттарды пысықтауға арналды.

    2001 жылы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай  ынтымақтастығы ұйымына қатысушы  мемлекеттердің басшылары тұңғыш  отырысы өткізілді. Онда алты  тарапты үлгідегі ынтымақтастықтың басымдық берілетін салалары қаралды, осы процесті жандандыру және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді Аймақтың сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар туғызу жөніндегі процесті іске қосу туралы меморандумға алты мемлекеттің премьер-министрлері форумының маңызды нәтижесі болды.

    Осы кезде бұл халықаралық қауымдастықтың дүниеге «Еуразиялық» деңгейдегі қауіпсіздік  пен тұрақтылықты, бейбітшілікті  барлық; өркениеттер мен елдердің дамуын қамтамасыз ете алатын аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымының құрылғандығына куә болды. Бірақ, осындай жағдайға қарамастан Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерінің арасында осы бір ұйымның ұзақ мерзімде қызмет ете алатындығына қатты күмән келтірушілерде аз болмады. 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің он жылдық мерейтойына орайластырылып өткізген АӨСШК-нің кезекті саммитінде ресейлік және қытайлық, әріптестер тарапынан осындай салқын көңіл-күй байқалды.

    Саммитке  қатысқан Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Игорь Иванов мынадай пікір айтты: «АӨСШК мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы тұжырымдамалық, тұрғыдан бірін-бірі қайталайды. Демек, мәлімделген мақсаттарға қайшы келеді» [49, 382б.]. Қазақстан Республикасының сыртқы істер органының басшысы Қ. Тоқаев мырза саммитен кейін Пекинге сапармен барған кезде қытайлық дипломаттардың мынадай көзқарас білдіргендігін айтады: «қытайлықтар АӨСШК-ні шақырудың орындылығына

    күмәндары болды. Өз іс-қимылдарын ресми Мәскеумен  анық үйлестіре отырып, ресми Пекин АӨСШК Шанхай ынтымақтастық ұйымымен бәсекеге түспей ме, Қытай дипломатиясының сүйікті перзентінің әлеуетін әлсіретпей ме деген қауіптер айтты» [49, 383б.].

    Алайда, мұндай пессимистік сипаттағы кері пікірлер көп уақыт өтпей- ақ, сейілді. Белгілі қытай саясаттанушысы, Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық, Азия институтының директоры Ли Цзинцзе АӨСШК мен Шанхай ынтымақтастық, ұйымының бір-бірімен үйлесетіндігін былайша дәлелдеді: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен АӨСШК арасында ортақ нәрсе аз емес, өйткені олар Азия аймағында қаупсіздікті қамтамасыз ету мәселелері мен айналысады, бірақ, олардың міндеттері мен ұйымдық құрылымдарында үлкен айырмашылықтар бар. Алайда, шанхайлық, «алтылық» пен АӨСШК арасында қарама-қайшылық, жоқ, қайта керісінше олар қатар жұмыс істеп, бір-бірін оңтайынан толықтырып отырады. Бірақ олардын өзара кірігуі туралы айту ерте. Менің ойымша, бірінші кезекте Шанхай ынтымақтастық ұйымын нығайту және жетілдіру қажет, өйткені оның мүшелері арасындағы қатынастар үлкен проблемалармен шиеленіспеген» [49, 396б.].

    Қазақстанның  осы маңызды ұйымды құрудағы және дамытудағы қомақты үлесін ескере келе сыртқы істер министрлердің 2002 жылғы  қарашадағы Мәскеудегі кеңесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық, ету міндетін 2003 жылы көктемде Қазақстан президенті Н. Назарбаевқа өтеді деп шешті [49, 395б.]. 2009 жылы Қазақстан ұйым тізгінін тағы қолға алуға дайындалуда. Қазақстан төрағалық еткен жылдар ШЫҰ тарихында әркез жаңашылдығымен, кемел инициативалармен ерекшеленеді.

    Шанхай  ынтымақтастық, ұйымының рөлі мен әлеуеті зор. Бұл ұйымның зор болашағы бар. Ол құрылғаннан кейін көп уақыт өтпей жатып- ақ, Пәкстан мен Үндістан секілді ірі ядролық державалардың, сонымен қатар Монғолияның ұйым қатарына мүше болуға ұмтылулары осының дәлелі.

2 Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы 

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты 

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы құрылған уақыттан бастап аймақтық, деңгейдегі қауіпсіздік  пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуші ұйым ретінде халқаралық сахнада үлкен беделге ие болды. Дегенмен бұл ұйымның құрылуы ғаламдык, сипаттағы түбірлі өзгерістерге тұспа-тұс келді. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы негізгі мына проблемалармен бетпе-бет келіп отыр:

    - ұйымға мүше мемлекеттің әрқайсысы  езше аса перспективи деп санауга  мүмкіндік беретін Шанхай ынтымақтастық,  ұйымының мақсатының айқын болмауы  нәтижесінде ол саяси жағдайдағы  күрт өзгерістерге дер кезінде  ықпал ете алмайды;

    - Шанхай ынтымақтастық ұйымының институтцио-нализациялануының одан жалғасуы және ұйымға мүше-мемлекеттердің санының артуы мәселесі;

    - АҚШ бастаған батыстың халықаралық  терроризмге қарсы күресуі және  әлемдік демократизациялануы процесі  негізінде АҚШ-тың Орталық; Азиядағы  позициясының күшеюі;

    - Посткенестік кеңістіктегі түрлі-түсті  революциялардың орын алуы.

    Жаңа  ұйымның кызметінің жандануы және оның аясындағы әртүрлі органдардың  құрылуы, сондай-ақ өзге де халықаралық  ұйымдар мен мемлекеттер тарапынан  баға алуы о бастан-ақ, басталған занды процесс болды.

    Ресей Федерациясының солтүстік астанасы Санкт-Петербургта 2002 жылдың 7-8 маусымында өткен Шанхай ынтымақтастыгы ұйымының кезекті саммиті өзінің маңыздылығымен көзге түсті. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше алты мемлекеттің басшылары Санкт-Петербургте ұйымның қызметін жандандыруға және өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуге қатысты мәселелерді тар шеңберде талқылауға мүмкіндік алды. Осы заманғы халықаралық, ахуалдың өзекті проблемалары төңрегінде нақты пікірлер алмасылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерімен қатар, экономикалық ынтымақтастықтың, транзиттік-көліктік ауқымды тиімді түрде іске қосудың перспективаларына мұқият көңіл бөлу форумның ерекше сипатына айналды, бұл жерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттерінің басым бөлігінің ашық теңізге шығатын жолы жоқ, екендігін ескерді. Осындай жоспарларды нақтылау үшін ұзақ елшщ президенті Н.Ә. Назарбаев сауда-экономикалық, ынтымақтастықтын ттстч багдарламасын әзірлеу туралы ұсыныс жасады.

    Саммиттің қорытындысы бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай және Өзбекстанның мемлекет басшылары басты үш құжатқа қол қойды. Олар Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Хартиясы, аймақтағы терроризмге қарсы құрылым тұралы келісім және Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшыларының декларациясы. Алғашкы құжат өзінің маңыздылығымен ерекше көзге түседі, себебі ол ұйым қызметінің стратегиялық, багыттары мен міндеттерін, принциптерін, позициясын анықтайтын басты құжат немесе жарғы. Осы құжатты қабылдамас бұрын сараптау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, соның нәтижесінде ұйым оның өзіне тән халықаралық форумның мәртебесін алды. Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев атап өткендей ынтымақтастық үшін ашық ұйым ретінде Хартияда Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысудың негіздері нақты анықталды. Сонымен қатар бұл ұйымның беделін асқақтату үшін және ашық, диалог жүргізу үшін кең мүмкіндіктер ашады.

    Жоғары  деңгейде өткен Санкт-Петербург  форумынан кейін Қазақстанның мемлекетік қайраткері Қ.Тоқаев былай деп пікір  білдірді «Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы мемлекеттердің мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастығын қамтамасыз етуге багытталған толыққанды халықаралық ұйым ретінде өмірге келді» деп нық сенімммен айтуға болады [48, 389б.].

    Форумның  қорытындылары халықаралық қауымдастықтың басқа да мүшелері тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Азия құрлығындағы қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастарда елеулі, әрі маңызды фактор ретінде танылды. Осы айтылғандар ынтымақтастық, пен маңызды міндеттерін шешуде Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттері жұмсап жатқан күш-жігерінің нәтижелі, әрі жемісті болуы үлкен үміт тудырады.

    Ұйымның аясында қажетті саяси органдар құрылды. 2004 жылы Пекинде ұйымның  Секретариаты кұрылды. Сондай-ақ Ташкентте  Аймақтық антитеррористік құрылымның атқарушы комитеті құрылды. Сонымен қатар саяси сипаттағы мемлекет басшыларының кеңесі, экономикалық сипаттағы үкімет басшыларының кеңесі секілді үйлестіруші органдардың қызметі өте нәтижелі.

    Ұйымның жұмысшы құрылымдарының айналысатын  мәселелерінің аясы уақыт өткен сайын кеңею үстінде. Мүше-мемлекеттердің табиғатты қорғау органдары басшылары, жоғарғы сот төрағалары арасындағы, парламенттік форум секілді кездесулерді ұйымдастыру туралы ұсыныстардың жасалуы осыған мысал бола алады. Сондай-ақ білім-ғылым, мәдениет және спорт салаларында ынтымақтастық, айрықша қарқынмен өркендеу үстінде. Осының негізінде іскерлік кеңесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумы секілді прогрессивті тенденциялар байқалуда.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар