Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа
Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.
Кіріспе ...................................................................................3
1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8
1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8
1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17
1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30
2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35
2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35
2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40
Қорытынды ..........................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................
Диплом жұмысының құрылымы кіріспені, бес тармақтан тұратын екі тарауды, қорытындыны және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, оның зерттелу деңгейі және деректік негізі,жұмыстың мақсатымен міндеттері, зерттеу объектісі мен хронологиялық шеңбері, қолданыстық негізі, құрылымы қарастырылады.
«Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар» атты бірінші тарауда алдыменен, халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау жасалып, одан кейін осы ұйымның құрылуына әсер еткен негізгі саяси факторлар ашып көрсетіліп, Шанхай форумының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы орны мен рөлі мәселелері қарастырылады.
Екінші- «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы» тарауында қазіргі таңдағы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымықтастық ұйымының орны, оның Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ретінде мәселелері зерттеледі.
Қорытындыда
тараулар бойынша негізгі тұжырымдар
мен пікірлер, ой-түйіндер беріледі.
Диплом жұмысының көлемі 54 бет.
1 Шанхай
ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы
геосаяси жағдайлар.
1.1 Халықаралық
ынтымақтастық ұйымдарына
Аса кең тараған анықтамалардың бірі келесідегідей болып келеді: «Халықаралық ұйым үкіметаралық ұйым немесе көпшіліктік халықаралық ұйым ретінде сипатталады, егер ол мемлекетаралық келісіммен құрылған болса»[50, 75б.]. Басқаша сөзбен айтқанда, негізгі белгі – құрылтайшы келісімшартының болуы.
Одан
да толық түрдегі анықтаманың
мысалына Халықаралық құқық ассоциациясы
комитетінің баяндамасында
Халықаралық ұйымдар құқықтық феномен ретінде салыстырмалы түрде жақын арада, 19 асырдың соңында 20 ғасырдың басында пайда болған, ол кездегі халықаралық қатынастың қажеттері үнемі түрде әрекет ететін мемлекетаралық құрылымдарды құрудың қажеттігін негіздеді. Осылайша Дүниежүзілік пошта одағы, 1919 жылы – Халықаралық еңбек ұйымы құрылған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастардың әртүрлі салаларында мемлекетаралық өзара әрекеттесудің ұйымдық негізін қамтамасыз ететін жүздеген халықаралық ұйымдар құрылған болатын. Олардың қатарына БҰҰ, ЮНЕСКО, ЛАГ, НАТО, ОВД, және басқалары кіреді.
Халықаралық ұйымдардың әлемдегі алатын рөлі үнемі артып келеді. Халықаралық қатынастар ауырлап және әлеуметтік-саяси процестер қарқындылана түсті. Халықаралық құқық субъектілерінің саны артып, күшті мемлекетаралық құрылымдар (Еуропалық Одақ) пайда болды. Халықаралық қатынастарды тиімді реттеу үшін әмбебап және аймақтық сипаттағы халықаралық механизмдерге біріктіріліп жатқан біріккен әрекеттер қажет.
Кез
келген халықаралық ұйымның құрылуы
заңды тұрғыдан алғанда халықаралық
келісімшартты жасасумен
Халықаралық
ұйымдардың құқықы дегеніміз – бұл
реттеуші мекемелердің құқықтық мәртебесін
және халықаралық органдар мен ұйымдардың
іс-әрекетін, сондай-ақ олардың әрекетінің
тоқтауын белгілейтін нормалардың
жиынтығы. Маңызды халықаралық
Халықаралық
ұйымдар екі топ бойынша
- үкіметтік (мемлекетаралық), оларға тікелей мемлекеттер қатысады және бұл ұйымдар олардың мүшелерінің белгілі бір салалардағы әрекеттерін үйлестіру үшін халықаралық келісімшарттың негізінде құрылған;
-
үкіметтік емес ұйымдар,
Осы
еңбектің зерттеу тақырыбына бірінші
категориялы ұйымдар ғана жатады.
Бұл халықаралық ұйымдар
Халықаралық ұйымдар төмендегі түрлерге бөлінуі мүмкін:
- әмбебап;
- аймақтық;
- географиялық белгі бойынша.
Жалпылама немесе әмбебап ұйымдар потенциалды түрде барлық мемлекеттердің қатысуына арналған, сөйтсе де, қолда бар мәліметтер бойынша тіпті БҰҰ-ға кейбір елдер әртүрлі себептермен қатыспайды.
Шектеулі құрамдағы ұйымдар белгілі бір географиялық аудандағы мемлекеттер үшін аймақтық, былайша айтқанда ашық болуы мүмкін мысалы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Африкалық Бірлік Ұйымы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Еуропа Кеңесі, Америкалық мемлекеттердің ұйымы.
Халықаралық ұйымдар жалпы экономикалық және салалық экономикалық ұйымдар деп бөлінуі мүмкін.
Мемлекеттің халықаралық құқықтық субъектілігі проблемасына отандық авторлардың көптеген еңбектері арналған. Әсіресе Д.И. Фельдманның басшылық етуімен жұмыс істеген [52, 98б.] Тек қана солар өзінің егемендігінің арқасында осы құқыққа заңды міндетті сипат бере алады. [53, 43б.]
Халықаралық
қауымдастықтың қажеттерін ескерумен
мемлекеттер халықаралық
Комиссияның берген түсіндірмесіне сәйкес «өзге субъектілер» ретінде келесілер түсініледі: Қасиетті тақ (Ватикан) және көтерілісшілер тәрізді халықаралық құрылымдар, олар «белгілі бір жағдайларда халықаралық келісімшарттарға қатысуы мүмкін». [54, 102б,] Ватиканның құқықтық субъектілігі туралы мәселе келісімшарттар құқығы туралы баптарды әзірлеу кезінде Халықаралық құқық комиссиясында аса мұқият түрде талқыға салынған болатын [55]
Тәжірибені
талдау көрсетіп отырғандай, мұндай субъектілерге
сондай-ақ еркін қалалар жатуы
мүмкін. Бұрында оларға колониялар
мен олардың бірлестіктері
«Дипломатиялық
сөздікте» алдыңғысына
Сонымен қатар оның бұл қабілеті мемлекеттің қабілетіне қарағанда шектеулі болып келеді. Ватикан мысалы, саяси және экономикалық келісімдерге қатыса алмайды. Ол көптеген ортақ көптараптық келісімшарттарға қатысады, сол арқылы ол олардың моральдік беделін сақтайды. Мұнысын оның өкілдері бірнеше рет атаған болатын. Ерекше мағынаға гуманитарлық мәселелер жөніндегі келісімшарттар ие болуда. Мемлекеттермен жасасқан екітараптық келісімшарттар конкордаталар деп аталады, олар тиісті мемлекеттегі католиктік шіркеудің жағдайын реттеп отырады.
Қазіргі халықаралық қатынастарда эконмикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған көптеген нормалар бар. Реттеу көлемі мен реттеу тақырыбының сапалық ерекшелігі халықаралық қатынастарда «халықаралық экономикалық құқық» атты саланың қалыптасқандығын көрсетуде.
Халықаралық экономикалық құқық ХҚ субъектілерінің арасындағы қаржылардың, қызметтердің, тауаралардың қозғалысы жөніндегі қатынастарды, сондай-ақ субъектілердің арасында туындап жататын тиіст қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық-құқықтық ұстанымдар мен нормалардың жиынтығы болып табылады. Алайда экономика саласындағы халықаралық қатынастар аса сан-алуан түрлі болып келеді. ХЭҚ нормалары төмендегі мәселелерді реттейді:
ХЭҚ-тың көздеріне ең алдымен халықаралық келісімшарттар жатады, алайда басым бөлігін халықаралық дәстүрлер құрайды. ХЭҚ нормалары ХҚ-ның негізгі ұстанымдарына бағынады. Бирюковтың пікірінше, ХҚ-ның негізгі ұстанымдарының «экономикалық құраушысы» бөлініп алынды. Мысалы қол сұқпаушылық ұстанымы өзге мемлекеттердің экономикалық блокадасына тыйым салу, шетелдік тауарлар мен технологияларға қатысты кемсіту шаралары көрсетілген. ХЭҚ арнайы ұстанымдарына келетін болсақ, 1974 жылғы жаңа Халықаралық экономикалық тәртіпті орнату туралы Декларация олардың жіктемесінің негізін қалады. Отандық ғылымда осы еңбекте қарастырылмаған бірнеше көзқарастар бар, төмендегідей ХЭҚ ұстанымдарын бөліп кетуге болады:
-
мемлекеттің өзінің табиғи
-
экономикалық саладағы теңдік
пен кемсітпеушілік ұстанымы. Бұл
ұстаным мемлекеттің оған
ЕЕСА
(Еуропалық еркін сауда
Экономикалық
ұйымдарға олардың мемлекетүсті
органдарға айналу беталысы, олардың
мүшелерінің іс-жүзіндегі, ал бірқатар
жағдайларда заң жүзіндегі
Дамушы елдер экономикалық жіне кедендік салаларға қатысты бірқатар мемлекетаралық экономикалық ұйымдарды құраған болатын. Олардың қатарына 1975 жылы құрылған ЭКОВАС (Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы, араб елдерінің «Ортақ рыногы», Латын Америкасындағы Андтық топ кіреді, оның жоғары органына Картахендік келісім комиссиясы жатады, 1961-1980 жылдары әрекет еткен Латын Америкалық еркін сауда ассоциациясын (ЛАСА) алмастырған Латын Америкалық ықпалдасу ассоциациясы (ЛЫА) және т.б. кіреді.
Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар