Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 22:09, курсовая работа

Краткое описание

Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек мемлекеттердің әскери саяси және экономикалық бірлестігі ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі ежелгі өркениеттер мен халықтардың заңды негізде біртұтас жүйеге бірігуінің көрінісі. Оған біріккен мемлекеттердің халқының жалпы саны екі миллиардқа жуық, ал географиялық көлемі Еуразияның тең жартысынан астамын қамтып жатыр. Сонымен қатар Шанхай форумы қазіргі халықаралық қатынастардағы интеграциялық процестердің ажырамас бөлігі болып табылатындығы ақиқат.

Содержание работы

Кіріспе ...................................................................................3

1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар ................................................................... 8

1.1 Халықаралық ынтымақтастық ұйымдарына теориялық-әдістемелік талдау ........................................................................................................................8

1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуына әсер еткен негізгі геосаяси факторлар ........................................................................17

1.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы және оның халықаралық қатынастардағы алатын орны ......................................................30


2. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы ...........................................................35

2.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты, кең ауқымды әріптестік институты...............................................................................35

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымы Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші және экономикалық ынтымақтастықты дамытушы фактор ...............................................................................................40

Қорытынды ..........................................................................47

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...............................................

Содержимое работы - 1 файл

Даурен диплом.doc

— 340.50 Кб (Скачать файл)

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы өзінің қалыптасу  жолында екі негізгі кезеңне  өтті. Біріншісі- 1996-2004 жылдар аралығындағы аймақтық(Орталық Азиялық) белсенділік кезеңі. Ол кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымын Батыс салмақты ұйым ретінде қабылдай қойған жоқ. Екіншісі- еуразия континенті ауқымындағы белсенділік кезеңі (2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін). ШЫҰ барған сайын аймақтық аясынан шығып жаһандық процестерге кіру үстінде. ШЫҰ-ның кеңеюінің жаһандық сипатқа ие болуының бір себебі АҚШ пен оның одақтастарының үстемдігін саяси тұрғыда тежеуге барып тіреледі.

    ШЫҰ экономикалық-интеграциялық әріптестікпен  бірге гуманитарлық саланы басты бағыттың бірі ретінде айқындады. ШЫҰ аясында құрылған ШЫҰ форумы осының айғағы. «ШЫҰ гармонизациясы» Шанхай (2006) мен Бішкекте (2007) өткен соңғы саммиттерде толық қолдауға ие болған жақсы ойластырылған, ұзақ мерзімді саясат.

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің даму үрдісінің қатар жүруіне назар аударуда. Осы тұрғыда, Қазақстан, Ресей Қытай мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы соңғы кездері тіпті нашарлап қалған Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен сауда және инвестициялық әріптестікті дамытуы маңызды

    Осылайша, интеграциялық, сауда-экономикалық, инвестициялық, антитеррористік, энергетикалық, геосаяси, транспорттық және гуманитарлық салалардағы  мүдделер Шанхай ынтымақтастық ұйымы  қызметінің басым бағыттары болып  қалып бермек. Ұйымның кеңеюіне жарияланған мораторийдің алынып тасталуын мамандар жоққа шығарып отырған жоқ. Ауғанстан, Моңғолия елдерінің ұйым құрамына өту мүмкіндігі ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің мүдделерімен қабысып жатқаны айқын. Сонымен қатар, ШЫҰ жетекшілігі Пәкістан мен Иранның Орталық Азия аймағының экономикалық дамуына позитивті ықпалының өсіп келе жатқанын да атап көрсетуде.

    Қорыта  келе, Шанхай ынтымақтастық ұйымы  жобасы- оның барлық қатысушыларының (ірі, орташа, шағын мемлекеттер) мүдделерін ескеретін, қазіргі кездегі геосаясатта көпполярлы әлемді қалыптастыру процесінің маңызды бір бөлігі болып табылады деп сеніммен тұжырымдауымызға болады.

 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Қорытындылай  келе, қырғи-қабақ соғыс аяқталғалғаннан  кейінгі халықаралық қатынастар мен әлемдік саяси процестердегі жаңа тәртіп пен көп полярлық жүйені қалыптастыруда Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізін салушы мемлекеттердің әрқайсысы осы қадамға барғанда негізінен өздерінің ішкі саяси жағдайын ескерді. Сондықтан бұл ұйым оған мүше - мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне толықтай жауап береді.

    Қазақстан-Қытай, Ресей-Қытай шекаралық проблемалары мен шекара маңындағы қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселесін шешуге деген ерік- жігердің туындаған бұл  ұйым қазіргі таңда тек әскери –қауіпсіздік саласында ғана емес, сонымен қатар сауда-экономикалық, мәдени –рухани, экологиялық,ғылым -білім, технология, тронспорт және коммуникация секілді стратегиялық маңызы бар облыстарда ынтымақтастықтың дамуын жеделдету үстінде. Яғни, бастапқы кезде әскери негізде құрылған ұйым, уақыт өте келе универсалды сипаттағы ұйымға айналды.

    Дегенмен, социалистік дүние ыдырап Кеңес  одағы тарих сахнасынан кеткеннен  кейін бүкіл әлемде өзінің үстемдігін орнатуға барынша ұмтылып жатқан Америка Құрама Штаттары Еуразиялық кеңістіктегі ірілі-ұсақты державалар мен мемлекеттердің мультиполярлы дүниені қалыптастыру әрекеттеріне үлкен тосқауыл қоюда. Сонымен қатар Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше Ресей мен Қытайдың өзі аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бейбітшілік орнатуда, әртүрлі салаларда ынтымақтастықты дамытып, нығайтуда АҚШ-қа жол беруде. АҚШ-тың Ауғанстандағы талибан режимін жою және Орталық Азиядағы ислам террористермен, экстремистерінің жолын кесіп, аймақтың қауіпсіздігін бір шама қамтамасыз етуі Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметінің барынша әлсіздігін және де қауқарсыздығын көрсетіп берді.

    2001 жылғы Нью-Йорк оқиғасынан кейін  аймақта осындай жағдайдың қалыптасуына  қарамастан Шанхай ынтымақтастық  ұйымы өңірдегі екі жақты және  көпжақты байланыстармен ынтымақтастықты  дамытып, нығайту жолында ерекше қызмет ету үстінде. Бұл үрдіс заман талабына сай жүргізіліп келеді

    Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері іс жүзінде барлық халықаралық  және аймақтық деңгейдегі әртүрлі ұйымдарға  мүше болды. Бұл жағдай оның сыртқы саясатындағы көпвекторлы бағытты ұстанатындығымен түсіндіруге болады. Қазақстанның мұндай ұмтылыстары жаһандану процесінің шапшаң жүруімен, сонымен бірге интеграция үрдістерінің жиілеуіменде тығыз байланысты.

    Шанхай  ынтымақтастық ұйымының рөлі әлеуеті  зор. Бұл ұйымның зор болашағы бар. Ол құрылғаннан кейін көп уақыт өтпей жатып-ақ Пәкстан мен Үндістан секілді ірі ядролық державалардың, сонымен қатар Моңғолияның ұйым қатарына мүше болуға ұмтылулары осының дәлелі.

    Халықаралық терроризммен ғаламдық деңгейде күресу жағдайында тұрған әлемдік қауымдастық бірте-бірте ұлы державалар арасындағы қатынастардың шиеленісуінің жаңа арнасына тартылуда. Мұндай жағдайда мүшелері Ресей мен Қытай, Орталық Азия елдері саналатын Шанхай ынтымақтастық ұйымы тәрізді халықаралық және аймақтық деңгейдегі ұйымның маңызы мен өзектілігі бірден арта түседі. Бұл ұйымға Азияның басқа да мемлекеттері де мүше болуға аса ынта білдіруде. Қазіргі шанхай ынтымақтастық ұйымының беделі арта берген жағдайда бұл ұйымға мүше болуға ынталы мемлекеттердің саны арта беруі анық. Егер бұл процесс жүзеге аса қалса онда тек Шанхай ынтымақтастық ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі, әсіресе қырғи-қабақ соғысынан кейінгі Еуразиялық кеңістіктегі тек мемлекеттердің ғана емес, сонымен қатар жер шарында тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнауын қалайтын, жалпы адамзаттың прогреске жетуіне аса мүдделі өркениеттер мен халықтардың өз еріктерімен бір саяси-өркениеттік, сондай-ақ тарихи бірлестікке бірігуінің айқын көрінісі, жалғасы. Жалпы алғанда, аймақтық және әлемдік деңгейдегі интеграциялық үрдістердің көрнекті көрінісі және жаһандау процесінің ажырамас бөлігі.

     ШЫҰ құрылуы мен қызметі барысында  қалыптасқан көптеген ресми құжаттар мен келісімдерді талдау арқылы диплом жұмысымда төмендегідей қорытындылар жасадым.

Халықаралық ұйымдар арасындағы ең бір беделді ұйым -ШЫҰ –ның құрылуы мен алғашқы шарттары дүниежүзіндегі болған үлкен және маңызды геосаяси трансформациялармен, «суық соғыстың» аяқталуымен КСРО-ның құлауымен байланысты болды.

Сонымен қатар  Орта Азия мемлекеттері өзінің географиялық орны мен энергетикалық және минералдық ресурстарға бай болғандықтан тағы да ұлы державалардың арапалыс орталығына айналды. Бұл аймақтардың лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге, есірткі мен қару-жарақтың зансыз айналымына аймақтық қарсы тұру өз дәрежесінде болмады. Осы тұста ШЫҰ-ның дүниежізілік саяси аренаға шығуы уақыт және кеңістік талабымен де тарихи қажеттілік деп қарау керек.

Шанхай ынтымақтастық  ұйымы әлемдік мемлекеттердің жоғары қызығушылығын тудыруына байланысты, сондықтанда бүгінгі таңда Монғолия, Үндістан, Пакистан және Иран мемлекеттері бақылаушы статусына ие болуда.

     Қазақстан үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымына  қатысудың маңызы орасан. Қазақстан  ШЫҰ-ға үлкен маңыз береді әрі  өзінің ұйымның қалыптасуын ұйымдастыруға  қатысуын басым міндет деп санайды. Басқаша айтқанда, ШЫҰ Қазақстанның сыртқы саясатында аса маңызды орын алады, себебі Қазақстан Евразия кеңістігендегі территориясы мен табиғат байлығы орасан мемлекеттердің бірі болып есептеледі.

     Сондықтан Қазақстан бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты бекемдеу және көп қырлы ынтымақтастықты қолдауға үлес қосуға қабілетті құрылым мүше мемлекеттер арасында өзара сенімді, достықты және тату көршілікті нығайту барысында маңызды роль атқаруда.

  ШЫҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жасампаздықпен белсенді жұмыс жүргізген жағдайда Ұйым аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен салмаққа ие бола алады және ие болуы тиіс. Бұған ШЫҰ-ның әлеуеті әбден жетеді. 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

    
  1. Султанов  Б. Республика Казахстан и Шанхайская организация сотрудничества контексте  региональной безопасности //Казахстан  в глобальных процессах.2004, №2.сс.75-84.
  2. Султанов Б. Республика Казахстан и ШОС:формирование механизмов безопосности сотрудничества /ШОС: стоновление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,2005.
  3. Султанов Б.Казахстан и США- партнерские шаги военног сотрудничества по обеспечению безопосности в регионе /Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред.,М.Ашимбаева и Дж. Меннути.А.,2005.
  4. Лаумулин М.Центральная Азия и запад:новые геополитические реалии. //Казахстан в глобальных процессах.2004, N2.сс. 96-117.
  5. Ерекешева Л.Глобальные и региональные аспекты миграционных процессов:центральноазиатский контекст //Казахстан в глобальных процессах.2004, N27с.144-148.
  6. Галямова В. Безопасность Центральной Азии и перспективная роль ШОС. / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Алтимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  7. Каукенов А. Экономическая ситуация в КНР // Казахстан в глобальных процессах. 2004, Н 2. сс. 48-62.
  8. Каукенов А. Перспективы развития ШОС в новых геополитических реалиях Центральной Азии / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  9. Сыроежкин К. Мятежная провинция // Континент. 2005, Н 19.
  10. Сыроежкин К. Новые рубежи ШОС // Континент. 2001, 1’4 18.  
    60
  11. Сергиенко В. Выбор приоритетов // Континент. 2003, 14 12.
  12. Бурнашев Р. Черных И. Вооруженные СИЛЫ Республики Узбекистан // Континент. 2003, 2.
  13. Алгимбаев М. Современная геополитическая ситуация в Центральной Азии в контексте интересов мировых и региональных держав / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и дж.Меннути. Алматы, 2005.
  14. Алиев С.М. Современные исламское возраждение и его особенности (на примере Афганистана, Ирана и Турции) / Ислам и политика (взаимодействие ислама и политики в странах Ближнего и Среднего Востока, на Кавказе и в Центральной Азии). Отв., ред., В.Я. Белокреницки и А.З. Егорин. М.,2001.
  15. Босин Ю.В. Роль и соотношение исламского и этнического факторов во внутриафганском конфликте / Ислам и политика (взаимодействие ислама и политики в странах Ближнего и Среднего Востока, на Кавказе и в Центральной Азии). Отв., ред., В.Я. Белокреницки и А.З. Егорин. М.,2001.
  16. Чуфрин Г. ШОС как фактор нового регионального фактора /  
    ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева  
    и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  17. Каушик Д. Политика президента ВВ.Путина в Центральной Азии // Казахстан в глобальных процессах. 2004, 2. сс. 85-94.
  18. Гавричев И. Современное состояние ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  19. Михеев В. Китай и ШОС: проблемы взаимодействия “великих держав” и перспективы роль ШОС /ШОС: становление и  
    61 перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.  
    Алматы, ИМЭП, 2005.
  20. Амиров В. Соединенные Штаты и ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М. Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,2005.
  21. Куртов А. Россия и Китай в ШОС: проблемы несиммитричного партнерства / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  22. Малышева Д. Шанхайская организация сотрудничества и ее  
    мусульманское окружение / ШОС: становление и перспективы  
    развития. Под ред., М. Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП,  
    2005.
  23. Салицкий А., Сальткова А. Экономическая регионализация и проблемы ШОС / ШОС: становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  24. Жуков С. Экономические интересы и ШОС / ШОС:  
    становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  25. Гордилова Е. ШОС как инструмент эффективного  
    энергетического сотрудничества в азиатском регионе / ШОС:  
    становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и  
    Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  26. Кунадзе Г. Шанхайская организация сотрудничества — мистификация или реальность? / ШОС: становление и  
    перспективы развития. Под рсд., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.  
    Алматы, ИМЭП, 2005.
  27. Клименко А. Стратегическое партнерство в военной сфере между Россией и Китаем и некоторые направления его совершенствования в рамках ШОС в Центральной Азии / ШОС:  
    62 становление и перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  28. Кузьменко А. Военно-политические аспекты развития  
    Шанхайской организации сотрудничества / ШОС: становление и  
    перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.  
    Алматы, ИМЭП, 2005.
  29. Звягельская И. ШОС в контексте усилий по обеспечению  
    безопасности в Центральной Азии / ШОС: становление и  
    перспективы развития. Под ред., М.Ашимбаева и Г.Чуфрина.  
    Алматы, ИМЭП, 2005.
  30. Гельбрас В. ШОС на фоне общественных настроений населения  
    России, Казахстана, Киргизии, Таджикистана и Китая / ШОС:  
    становление и перспективы развития. Под ред., М.Алтимбаева и  
    Г.Чуфрина. Алматы, ИМЭП, 2005.
  31. Прокофьев И. О балансе геополитических интересов В Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и дж.Меннути. А. ,2005, регионе. Материалы международной конференции. Под ред., МАшимбаева и Дж.Меннути. А.,2005.
  32. Бжезинский 36. Великая шахматная доска. Господство Америки и его геостратегические императивы. М., 1999.
  33. Зиглер Ч. Стратегия США в Центральной Азии и Шанхайская организация сотрудничества МЭ и МО, 4, 2005.
  34. Легволд Р. Современные отношения США, Китая и России и выводы по Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и Дж.Меннути. А.,2005. 63
  35. Хилл Ф. Переосмысление комплексного подхода к безопасности в  
    Центральной Азии / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М. Ашимбаева и Дж. Меннути. А.,2005.
  36. Чжен Кун Фу. Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. А.,1999.
  37. Чжао Хуашэн. Проблемы политики Китая в Центральной Азии /  
    Казахстан в глобальных процессах. 2004, Ь 2. сс. 63-74.
  38. Чжао Хуашен. Взгляд Китая на роль США по обеспечению безопасности в Центральной Азии. / Сотрудничество стран Центральной Азии и США по обеспечению безопасности в регионе. Материалы международной конференции. Под ред., М.Ашимбаева и Дж. Меннуги. А.,2005.
  39. Ван Цзябо. Кто будет обеспечивать безопасность в Центральной  
    Азии. // Континент. 2000, №1.
  40. Бишкекская декларация глав государств Республики Казахстан, Китайской Народной Республики, Кьтргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан / Дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004.
  41. Душанбинская декларация глав государств Республики Казахстан,  
    Китайской Народной Республики, Кыргызской Республики,  
    Российской Федерации и Республики Таджикистан / Шанхайская  
    организация сотрудничества (Сборник документов) -Алматы, 2001.
  42. Декларация о создании Шанхайской организации сотрудничества  
    / Шанхайская организация сотрудничества (Шанхай, 14-15 июня  
    2001 г.)- Алматы, 2001.; Декларация о создании Шанхайской  
    организации сотрудничества / Дипломатическая служба Республики  
    Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004.  
    64
  43. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на встрече глав государств — участников Шанхайской организации сотрудничества (Шанхай, 14-15 июня 2001 г.) Алматы, 2001.
  44. Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / Шанхайская организация сотрудничества. Сборник материалов внеочередного заседания министров иностранных дел глав государств ШОС (Пекин, 7 января 2002 г.) Алматы, 2002.; Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматы, 2004. Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / Шанхайская организация сотрудничества. Сборник материалов внеочередного заседания министров иностранных дел глав государств ШОС (Пекин, 7 января 2002 г.) Алматьт, 2002.; Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом / дипломатическая служба Республики Казахстан. Под общей редакцией К.К.Токаева. Алматъi, 2004.
  45. Совместное Заявление участников Алматинской встречи - Республики Казахстан, Китайской Народной Республики, Къiргызской Республики, Российской Федерации и Республики Таджикистан / Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов) - Алматы, 2001.
  46. Меморандум между правительствами государств-участников Шанхайской организации сотрудничества «Об основных целях и натiравленях регионального экономического сотрудничества и запуске процесса по созданию благоприятных условий в области торговли и инвестиций» / Шанхайская организация сотрудничества (Сборник документов)-Алматы, 2001.
  47. Назарбаев Н. Стратегия трансформации общества и возраждения евразийской цивилизации. М.,2000.
  48. Токаев К К. Беласу. Алматы, 2008.
  49. Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. Алматы, 2008.
  50. Нешатаева Т.Н. Международные организации и право. М., 1995.
  51. Лукашук И.И. Современное право международных договоров. В 2т. Т.1: Заключение международных договоров / И.И. Лукашук, Ин-т государство и право РАН. М.: Волтерс Клувер, 2004.
  52. Илларионов А. Основные тенденции развития мировой экономики во второй половине ХХ века. М., 1997.
  53. Козырева А.Ю. Информационно-психологическая безопасность а практике дипломатической службы. Дипломатическая академия МИД России. М., 2004.
  54. Лебедева М.М. Формирование новой политической структуры мира // Полис. 2000. № 6.Кавалькроесси Я. Мировая политика после 1945 года. Кн. 1-2.: Международные отношения, 2000.
  55. Международные организации системы ООН. М., 1994.Попов В.И. Международные организации: теория и практика: курс лекций. М.: Научная книга, 2000.
  56. Хантингтон С. Политический порядок в меняющихся обществах / Пер. с англ. В.Р. Рокитянского. М.: Прогресс-Традиция, 2004.
  57. Спанковский В. Международные организации в системе международных отношений // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 2000. № 3.
  58. Альгульм Д.Р. Современные международные отношения. М.: РОССПЭН, 2005.
  59. Международные организации: Сборник статей / Ин-т мировой экономики и международных отношений РАН. М., 2004.
  60. Морозов Г.И. Международное право и международные отношения. Проблемы взаимосвязи. М., 2006.
  61. Павлов Ю. М. Международные отношения и мировая политика. М.: Издательство МНЭПУ, 2005.
  62. Международные отношения на постсовестском пространстве / Под. Ред. И.Д. Звягельской и Н.А. Косолапова. М.: МОНФ, 2000.
  63. Декларация глав государств-членов Шанхайской организации сотрудничества. -Астана, 5.07.2005
  64. Д.Б.Малышева. Перспективы расширенной ШОС как межрегиональной структуры безопасности в свете новых политических вызовов в Центральной Азии // www.analitika.org.
  65. Фельдман Д.М. Модели международной безопасности: выбор для российской элиты// Национальные интересы и проблемы безопасности в меняющемся мире. Материалы семинара. М., ИМЭМО РАН, 2006.
  66. См.: Дэн Хао. Новые подвижки и тенденции развития ситуации в Центральной Азии // Ляован, 2001, №42.- С.20-31; Цзиньцунь Ван. Переход исторического значения: от «Шанхайской пятерки» к Шанхайской организации сотрудничества // Шицзе цзинцзи юй чжэнчжи яньцзю.- Пекин, 2001.- №9, с.76-88; Син Гуанчэн. Шанхайская организация сотрудничества в борьбе с терроризмом, экстремизмом и сепаратизмом // Центральная Азия и Кавказ, 2002, №12.
  67. Чжао Хуашэн. ШОС и соотношение великих держав на фоне новой ситуации в регионе ЦА // Analitic.-2003.-N 1.
  68. Ли Лифань, Дин Шиу. Геополитические интересы России, США и Китая в Центральной Азии // Центральная Азия и Кавказ, 2004, №3.
  69. М.Ашимбаев. Ситуация в ЦА после 11 сентября и развитие ШОС // Ситуация в Центральной Азии и ШОС: сборник материалов конференций. Шанхайский институт международных отношений. Шанхай, 2003.
  70. Ф.Ф.Толипов. Организация центрально-азиатского сотрудничества в ШОС // Ситуация в Центральной Азии и ШОС. IV международная конференция. Шанхай, 2003.
  71. К.Л.Сыроежкин. Китай и Шанхайская организация сотрудничества // Китай в XXI веке: глобализация интересов безопасности / Отв. Ред. Г.И.Чуфрин. М., Наука, 2007.
  72. Цит. по: Абатуров В. Осеннее давление геополитики. http:// www. review. uz.
  73. В.С.Фроленков. Позиция КНР по вопросу развития торгово-экономического сотрудничества в ШОС // Китай в мировой и региональной политике . История и современность. Вып. XII. М., ИДВ РАН, 2007.
  74. В.Я.Портяков. Шанхайская Организация Сотрудничества: достижения, проблемы, перспективы / Китай в мировой и региональной политике. История и современность. Вып. XII.- Москва, ИДВ РАН, 2007.
  75. Материалы и документы о кыргызско-китайской границе. Под ред. Н.Керимбековой.- Бишкек, 2003.
  76. В.Н.Хлюпин. Геополитический треугольник. Казахстан – Китай – Россия. Прошлое и настоящее пограничной проблемы.- Вашингтон, 2007.

Информация о работе Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы барысындағы геосаяси жағдайлар