Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция

Краткое описание

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

Содержание работы

1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.

Содержимое работы - 1 файл

Лекция КД каз 2012.doc

— 654.00 Кб (Скачать файл)

7.   Ломбардтык,   несиесі   ~   тез іске асатын бағалы
заттарды немесе бағалы кағаздарды кепілге алып, берілетін
несие.

8.   Лизингтік несие — к,үрал-жабдыктарды жалға алу-
мен байланысты берілетін несие.

9.   Рамбурстык, нссие ~~ шикізаттарды ішке алып кіру
және жартылай фабрикат пен дайын өнімдсрді сыртка шы-
гару тэжірибесінде пайдаланылатын несие.

10.              Сенім   несиесі   -   банктін сеніміне кірген, төлем
к,абілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

11.              Маусымдык, несие — жабдьқтаушынын к,аржылан-
дыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындагы уақыт
бойынша алшак,тыкты жабуга арналган несие.

12.              Консорциалдык,    несие — ірі жобаларды несиелеу
мак,сатында банктердін өзара к,осылып беретін несиелері.

 

 

Несиелеу субъектілері мен объектілері

 

Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады.

Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталык және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы үйымдары да жатады.

Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатыңа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке түлғалар жатады.

Несиелеу объектісі — бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды қүндылыңтар, өндіріс және ай-налыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады.

Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер жәые басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байлаиысты.

Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге белінеді:

•   өндіріс объектілерінің ңүрылысы;

•   өндіріс объектілерін қайта қүру, техникалық жағынан қайта
қаруландыру, кеңейту;

•   техникалар, қүрал-жабдықтар және көлік қүралдарын са-
тып алу;

■ жана өнім шығаруды үйымдастыру,

өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.

 

Несиелеуді ұйымдастыру принциптері

 

Несиеулеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды үйымдастыру' облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

К,азіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топка (бөлінеді:

/ топқа — жалпы экономикалык, Гәртіптегі принциптер:

■              несиенің мақсаттылығы;

•              несиенің дифференциалдығы.

// топк,а — несиенін мәнін бейнелейтін принциптер:

■              несиенің мерзімділігі;

•              иесиенің қайтарымдылығы;

■              несиенің төлемділігі;

•              несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциалдық припципінің мазмүны өзгерген десе болады.

Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипатайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.

Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ре-сурстарға деген сүранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сүралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.

Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылың принципі туындайды.

Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. қайтарылмайтын несие болмайды. Сондыңтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарыңтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген.

Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірңалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.

Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялың банктердің өтімділігін ңам-тамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді.

Үшіншіден, әр жекелеген қарыз аулушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.

Несиенін төлемділғі — бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп

қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылың несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мәлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады.

" Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы_ мелшерлемесі белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

•                      орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері
(мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалык
мөлшерлемесі;

•                      банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;

■ өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін ор-
таша сыйақы мөлшері;

■ банктің несиелік ресурстарының қүрылымы тартылған
(қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы со-
ғүрлым қымбат болуға тиіс);

■ несиеге деген сүраныс (сүраныс аз болса, несие бағасы да
арзан болады);

■ несиенің сүралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ,
банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел
дәрежесі;

•              еліміздегі ақша айналысының түрақтылығы (инфляция
қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін
төленетін сыйақы да жоғары болуға тиіс. себебі, инфляция жағ-
дайындағы ақшаның қүнсыздануынан банктің ресурсын жоғал-
ту тәуекелі артады).

Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке түлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалыңты қымбатқа түссе, соғүрлым несиенің бағасы жоғары келеді.

Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептелу формулалары қолданылады.

Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:

І X Р X П

----------------

360 х 100  

мүндағы:

і — сыйақы мөлшері;

Р — қарыз қалдығы;

п — сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

I ~ несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай:            i

I= P*(1+------)n-1

                1200

мүндағы:

і — сыйақы мөлшерлемесі;

Р — несиенің бастапқы сомасы;

I — несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;

п — аймен берілген несиенің үзақтығы.

Несиелеудің келесі бір принципі — берілетін несиелердің материалдқ, жагынан қамтамасыз етілуі. Бүл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та уақыт өте келе бүл принциптің мазмүны толығымен өзгерген.

Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.

Кепілге  берілетін   несие   ~   бүл  қарыз  алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең түрақты формасы ретінде мынадай шарттарды сақтайды:

-біріншіден, кепілдің қүнын анықтау барысында несие мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дүрыс анықтау қажет;

- екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын, қүңылығын, міндеттілігін тексере отырып, түрақты және заңды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет;

- үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің түрған жерін, жағдайын, қүндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бүл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты болып келеді.

Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің мынадай сипатта болуын білу шарт:

Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.

Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.

Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт етпей нақты ақшаға айналуға тиісті.

Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасында, кепілдің амор-тизациясын немесе моральдың тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы қүнын тез жоғалтады.

Кепілхат — қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды етеймін дегсн жазбаша міндеттемесін береді. Бүл жағдайда кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің қүқығы туралы сүрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепілхатты несиеның қамтамасыз ету түралы ретінде пайдалану,

Банктің несиелік саясаты және несиелік механизмі кепілхатты берушінің түрақтылығын алдынала бағалап білуді талап етеді.

Кепілхат — күрделі экономикалың құрал ретінде мынадай

түрлерге бөлінеді:

Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.

Екіншіден, ол шектеулі немесе шектусіз болады.

Шектеусіз кепілхат бойынша, оны беруші бір қарыз алүшының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мүндағы кепілхат қамтамасыз  етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме — бүл нақты бір қарыз алушының несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге; кепілдік береді. Кепілхаттың бүл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.

Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке түлғаларды, серіктестіктері, несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл хаттары басқа бір кор-порациялардың алған несиелерін қамтамазыз етуде жиі пайдаланылады. Бүл аталған кепілхаттар дамыған;  елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың  түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.

Несиелерді к,амтамасыз етудің келесі бір жолы ~ несиелерді сақтандыру. Бүл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.

 

 

Несиелеу әдістері

 

Несиелеу әдістері» — несиенің берілу  және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын  банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шсңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандың банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:

■ к,алдык, бойынша;

■ айналым бойынша.

К,алдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін қүндылықтар қалдыңтарымен тығыз байланысты болды. Ондай қүндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды қүндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сүраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.

Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері