Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
— Бірінші жетекші және бас бухгалтер ңызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.Шетелдік банктердің КР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банктін, өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асыр-майтын, ягни банктін тапсырмасымен жэне оныц атынан әрекет ететін банктіц орналаск,ан жерінен тыс орналаск,ан, зацды түлга болып табылмайтын банктін к,үрылымдык, бөлімшесі.
Банк өкілдігі Үлттың банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Үлттың банкке мына-дай қүжаттарын тапсырады:
— өкілдік ашуға рүңсат алу өтініші;
— етініш жасаушы банктің ңүрылтайшылық қүжаттары;
— ҢР аумағында өкілдік ашу туралы әтініш жасаушы банктің шешімі;
— өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлыгын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
— аудиторлың үйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы ңаржылың жылға жасалған жылдың есебі;
— өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік ңадағалау органының жазбаша хабарламасы;
— өкілдікте жұмыс жасаитын ңызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк — жаргылык, капиталдын, елу пайыздан астамы бас банкке тиселі жэне өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалык, бөлімі (жинак, кассасы) — ҚР аумағында банктік операциялардын жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттык, банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтык, бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсатын мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
— банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
— банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
— мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
— мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
— банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
— мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан астам белігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойы салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50%-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдың құндылықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысында акті бойынша қабылданады.
Коммерциялық банктердің актив операциялары.
Банктің қалыптасқан ресурстарын пайда табу мақсатында орналастырумен байланысты операциялар активті операциялар деп аталады.
Банк активтері- пайда болу мақсатында банктік ресурстарды әртүрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктің активті операцияларына: ссудалық, инвестициялық, трастық, кассалық және т.б. операциялары мен қаржылық қызмет көрсетулері жатады.
Банктін жинақтағын ресурыстарын табыс табу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Актив операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
1. Несие – есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі қалыптасады;
2. Инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін құрайды.
3. Кассалық және есептесу операциялары – бантің клиентерге көрсететін қызметтерінің бірі.
4. Басқа операциялар.
Несие – есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы.
Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түсіреді.
Коммерциялық банктердің клиентеріне беретін қарызын біраз бөлгілерге байланысты топтастыруға болады:
1. Борышқордың типіне байланысты – кәсіп орынға, үкметке және жергілікті үкмет орындарына, халыққа басқа банктерге берілетін қарыз.
2. Пайдаланатын мерзіміне байланысты – қысқ мерзімді (1 жылға дйін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), үзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
3. Қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аяасына берілген қарыз.
4. Борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай өнеркәсіпе, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз.
5. Қамтамасыз етілуі бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етілмеген
6. Өтеу тәсіліне қарай - бір уаққыта және бөлік – бөлікпен өтелетің қарыз.
Несиені банктер несилердің мына негізгі принцип тері сақталғанда ғана береді:
Қамтамасыздық.
Қайтарылымдылық.
Мерзімділік.
Төлемділік және мақсаттылық.
Контокоренттік шоттардан берілетін несие контокоренттік несие деп аталады. Контокорентің несиелере ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісім-шарт бектіледі. Банктердің контокоррентік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие сомасын шектеуде лимит белгіленеді.
Аталған несиені қамтамасыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және т.б. жатады.
Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да , бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі.
Нәтижесінде ағымдағы шотта дебеттік қалдық қалады. Овердрафтның жоғары сомасы ағымдағы шот ашылғанда шартпен анықталады. Ол клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат жетіснестігін қанағаттандыруға берілетін несие . Несие үшін ақы жұмсалған нақты қарыз бойынша алынады.
Қысқа мерзімді несиелер – күнделікті айналым операцияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі.
Оларға жататындар : несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жанамалы қағаздар күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар – күрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін , үй және қондырғылар сатып алу үшін , сонымен қатар , негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар :
1. мерзімдік қарыздар
2. мүлікті кепілге алып берілетін қарыздар
3. құрылыстық қарыздар және қаржылық лизингтер
Несиелік желілер - анықталған тәртіптерді сақтай отырып , белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алуша арасындағы келісім шарт . Жақсы табыс тауып , жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі. Алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісім – шарт жасасады. Бұл қарыз бір жылға дйінгі мерзімде беріледі.
Несиелік желінің мынандай түрлері болады:
Маусымдылық - өнлірістің маусымдық болуы мен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жаңармалы – айналым құрылдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.
Күтпеген оқиғаларға жүмсалатын қарыздар – айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшің беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перманенттік қарыздар – айналым құралындағы ұзақ мерзімі тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын немесе үш ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар – ғимраттарға жөндеу жұмычтарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал – жабдықтар олу және бастапқы қарыздарын қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт бөлікті топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа – бірінші реттегі резервтер жатады. Бұл алынатын төлеуге салымдарды және несиеге деген сұранысты қанағаттандыруға тез арада пайдалануға болатын ең өтімді активтерді білдіреді. Мұндай активтерге : кассадағы нақты ақшалар; басқа да банктердегі корршоттағы қаражаттар;инкассалау процесіндегі чектер және басқа да қаражаттар жатады.Мұндай активтер табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің көзі ретінде қызмет етеді.
Екінші топқа – екінші реттегі резервтер жатады. Бұлар кішкене табыс әкеледі, бірақ та, оларды жоғары өтімді активтер ретінде ақшаға айналдыруға болады. Оларға: вексельдер, басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар; сұранымды ссудалар; және бірінші классты қарыз алушыларға берілген қысқа мерзімді ссудалар.Бұл топтың басты тағайындалуы – олар бірінші реттегі резервтерді толықтыратын көздер ретінде қызмет етеді.
Банк активтерінің үшінші бір маңызды бөлігін банктік ссудалар портфелі құрайды.Банктік ссудалар біршама табысты және өте жоғары тәуекелді болып табылады.Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Төртінші топты – банктің бағалы қағаздар портфелі құрайды.Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың басты екі мақсаты болады:
1. банкке табыс әкелу;
2. екінші реттегі резервке қосымша көз ретінде қызмет ету;
Ссудалық операциялар – банктің ресурстық базасын орналастыруды банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін құрайды.Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, операцияның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын,жасайтын етуімен сипатталады.Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
1. Несие берушілеріне қарай:
Банктік;
Арнайы несиелік мекемелер;
Бюджеттік;
2.1)қарыз алушылар ктегорияларына қарай:
қаржылық институттарға берілетін несиелер.
үкіметке;
мақсатты қорларға;
банктерге
арнайы несиелік мекемелерге
2)Коммерциялық емес агенттерге берілетін несиелер
өнеркәсіп салаларына
ауыл шаруашылығына
саудаға
дайындау ұйымдарына , жабдықтау-сату ұйымдарына
кооперативтерге
жеке кәсіпкерлерге
3)тұтыну мақсатына берілетін несиелер
3.Мерзіміне қарай:
қысқа мерзімді (1жылға дейін)
орта мерзімді (1жылдан 5жылға дейін)
ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары )
4.Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
негізгі қорларға жұмсалатын
айналым қаражатын жұмсалатын
5.Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
1)қамтамасыз етілген:
кепілдемемен
кепілмен
2)сақтандырылған
3)қамтамасыз етілмеген
сенім несиесі
6.Қайтарылу дәрежесіне қарай:
мерзімді
күмәнді
7.Валютамен берілуіне қарай:
ұлттық валютамен
шетел валютасында
8.Берілу шартына қарай:
авальдық
акцептық
аукциондық
ипотекалық
валюталық
овердрафтық
лихингтік
жеңілдікпен берілетін
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері