Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
- кәсіпорындармен өз құрал-жабдықтардын тиімді пайдаланбауы;
- құрал-жабдықтарының моральды және физикалық жағынан қатты тозуы;
- басқарушы персоналдың төмен білім деңгейі;
- мамандардың жүйелі түрде жалақысы төленбеуінен жоғалтуы және т.б.
Несие бағасы және % мөлшермелерді есептеу әдістері.
Несиелік қызмет көрсету – банктердің маңызды қызметі. Қаржылық делдалдар ретінде бола отырып, банктер іс жүзінде салымшылардан алынған қаржыларды қарыз алушылар басқаруына береді. Бұл арада салымшылар депозиттер бойынша % алады, қарыз алушылар ірі ақша қарыздарын қолдану мерзімін анықтау мүмкіндігін иеленеді, ал банк мүддесі маржа түрінде көрініс табады.
Банктін өнімнің (депозиттер мен несиелер) негізгі түрлерінің бағасының ең нақты көрсеткіші болып % нормасы (мөлшері) немесе пайыздық мөлшерлеме (ПМ) табылады. Ол келесідей анықталады:
табыс
ПМ= берілетін несие көлемі * 100 %
(қарыз немесе депозит)
Пайыздық мөлшерлеме жылдық % түрінде көрсетіледі. % мөлшерлеменің өсуі несиенің қымбаттауын, төмендеуі оның арзандауын білдіреді.
Несие мөлшерлемесінің өзгеруінің тек банк пен клиент үшін ғана емес, сондай – ақ бүкіл мемлекет экономикасы үшін де маңызды мәні бар. Мысалы, несиес құнының өсуі жағдайында өндірісті кеңейту көздері қысқарады.
Айтылғанның барлығы саясатты құрудың негізгі қағидаларын атап көрсетуге мүмкіндік береді:
1) банктер қызметінің комерциялануымен тығыз байланысты;
2) депозиттік (пасивті) және несиелік (активті) операциялар бойынша % мөлшерлемелерін бір мезгілде реттеу;
3) банк операцияларының рентабельділігін қамтамасыз ететін % мөлшерлемелерінің дифференциалдық көлемдері (жіктелген) мен олардың келісімдік негіздегі төлеу тәртібін бекіту.
% мөлшерлемелерінің өзгеруін талдағанда ең алдымен осы өзгеріске әсер ететін факторларды қарастыру керек.
Факторлардың сыртқы және ішкі түрлерін ажыратады.
Сыртқы факторларға жататындар:
1. Мемлекеттегі ақша-несие саясаты.
Ұлттық банк несиелердің берілуін бақылау мақсатымен, % мөлшерлемелерінің жалпы деңгейіне әсер етуге тырысады.
% мөлшерлемелердің өзгеруі несиелерді экономика мен ақшалай айналыс жағдайына
байланысты арзандатып немесе қымбаттатып, несиелердің берілуін ынталандырады немесе шектейді.
Несиелік нарықта % мөлшелерме деңгейінің көтерілуі нәтижесінде Ұлттық банкпен алынатын ресми есептік мөлшерлеме де (% нормасы), ақшалай нарықтағы комерцияларының көлемі де өседі.
% мөлшерлемені реттеу сондай-ақ Ұлттық банк пен басқа банктердің қарым – қатынастарын өзгерту мақсаты мен де қолданылады.
Оның төмендеуі кезінде банктік саланың несиелеуінің артуы үшін жағдайлар жасалады.
Банкпен берілген несиелер көлемі өседі, бірақ бұл КБ –ң Ұлттық банктегі резервтін шоттарындағы қаржыларының өсуіне әкеледі. % мөлшерлемелерінің көтеруі кезінде – кері процесс – берілетін несиелер көлемдері қысқарады.
2. Несиелік қызметтер нарығындағы бәсекелестік.
Несиелер бойынша неғурлым төмен % мөлшерлемелер клиенттердің үлкен көлемін тарту мен бәсекелестер алдында артықшылықтарға ие болуға үміттену мүмкіндігін береді.
% мөлшерлемелерді анықтауда есепке алынатын ішкі факторларға жататындар:
1) несиенің қайтырылмау (өтелмеу) тәукелінің дәрежесі;
2) несиелік операциялардан пайда табу;
3) Қарыздың (несиенің) уақытылы қайтарылынуының ұсынылған қамтамасыз етілуінің сипаттамасы;
4) Несие мөлшері (көлемі);
5) Несиенің өтелу мерзімі;
6) Несиені рәсімдеу мен бақылау бойынша шығындар;
7) Банк пен қарыз алушы арасындағы қатынастар сипаты.
Пайданы жоғарлату мақсатында банк қарыз алушы несие алатындай қарыз % мен клиенттері банкке қаржы салғысы келетіндей депозиттік % - н бекітеді.
Басқаша айтқанда, % саясат пайда жер ететін негізгі фактордың – банкаралық айналымның қысқаруына әкелмеуі қажет.
% мөлшерлемелер көлемдері келесідей көрсеткіштерге байланысты болады:
1) инфляция – наминалдық % мөлшерлемелері инвестициялаудың бүкіл мерзімі барысында инфляцияның күтілетін қарқындарын жабу үшін жеткілікті деңгейде бекітілуі керек және нақты қайтарымды қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан:
несие үшін нақты % мөлшерлеме=несие үшін номиналдық % молшерлеме–инфляция қарқыны
2) инвестициялық тәукелге байланысты нақты қайтарымға;
3) несиелер сұранысқа;
4) мемлекеттік сектордың қарыздық қаржыларға қажеттілігінің өзгеруі;
5) Валюттардың айырбас бағамдарына, шетелдегі % мөлшерлемелер мен шетел валютасындағы инвестициялар бойынша мөлшермелер жоғары болғанда Ұлттық валютадағы инвестициялар бойынша % мөлшерлемелер де ұлттық валюта бағамының елеуші төмендеуі мен шетелге капиталдың ағылуын болдырмау үшін жоғары болу керек, пошталық, телеграфтық, телефон шығындары тәрізді басқа да операциялық шығындар;
6) Жалгерлік төлемдер, бағалы металдармен, валюталық құндылықтармен, лизинг факторинг және т.б. операциялар бойынша шығыстар тәрізді басқадай өндірістік шығындар;
7) Алынған айыппул, өсім, тұрақсыздық төлемдері.
% нормасын есептегенде комерциялық банктер әр нақты мәміледе келесілерді ескереді:
1) белгілі бір мерзімге қаматмасыз етілген несиелер бойынша банктің неғурлым несиелік қабілетті клиенттері үшін бекітілетін базалық % мөлшелерлеме деңгейі;
2) әрбір жеке мәліме шарттарын ескерген, тәуекел үшін үстемесі.
Базалық % мөлшерлеме алдағы кезен белгіленген қарыздық капиталдың өзіндік құны мен қарыздық операциялардың белгіленген деңгейіне негізделе отырып келесі формуламен анықталады,
Базалық % мөлшерлеме = С1+С2+Пм
мұндағы, С1 – жоспарланған мерзімдегі несиелік ресурстардың орташа нақты бағасы;
С2 – банк қызметін қамтамасыз етудің жоспарланған шығындарының тиімді орналастырылған қаржылардың күтілетін көлеміне қатынасы;
Пм – банктің қарыздық операцияларының табыстылығының жоспарланған деңгейі.
Несиелік ресурстардың орташа нақты бағасы (С1) орташа өмнем формуласы бойынша, ресурстардың жеке бағасы мен банк шоғырландырған (тегін және ақылы) қаржылар саласындағы үлестік салмағына негізделіп анықталады.
Банктің тартылған ресурстардың жеке түрлерінің орташа нақты бағасы өз кезейінде осы ресурстардың нарықтық номиналдық бағасы мен Ұлттық банкте сақталатын міндетті резерв нормасына түзетуге негізделіп анықталады,
Пд
Сд = 1 – мінд. Рез. нормасы * 100 %
мұндағы Сд – банкпен тартылатын орташа депозиттердің орташа нақты бағасы,
Пд – депозиттік % орташа нарықтық деңгейі.
Пайыздық маржа – табыс әкелетін активтерден табыс % - мен банк міндеттемелері бойынша шығындар % арасындағы айырманы білдіреді.
Пайыздық маржаны сондай-ақ % түрінде табыс ретінде де анықтайды.
Көбінесе % маржаны есептеу үшін келесі формуланы қолданады:
Мнақты = Дп-Рп/ Ад * 100%
Торлар жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы факторларға қарыздық қаржылардың сұранысы мен ұсынысының ара қатынасы, Ұлттық банк саясатының реттеуші бағыты, ақшалардың инфляциялық құнсыздану дәрежесі жатады.
Жеке факторлар: Ұлттық банк қызмет етуінің сонымен қатар қарыз алушы мен несиелік келісім жағдайларын анықтайды.
Сондай-ақ, олар қарыз % жеке түрлеріне қарай ажыратылады мысалы, депозиттік % деңгейі жоғарыда қарастырылған, факторлардан басқа келесілерге тәуелді:
1) банктің активтік операциялары бойынша % деңгейіне;
2) тартылатын депозит көлемі мен мерзіміне;
3) банк сенімділігіне.
Банктің активтік операциялары бойынша м деңгейін анықтайтын жеке факторларға жататындар:
1) несие көлемі мен оның өтелу мерзімі;
2) қамтамасыз етілуінің болуы мен оның сипаты;
3) банктің қарыздық капиталының өзіндік құны;
4) қарыз алушының несиелік қабілеттілігі мен оның банкпен өзара қатынасының беріктігі.
Банктің қарыздық капиталының өзіндік құны.
Жұмсалған шығындардың жалпы саласының тиімді орналастырылған қаржылар көлеміне қатынасы ретінде анықталады.
Жұмсылған шығындар бүкіл қарыздық капиталға емес, тек оның тиімді орналастырылған бөлігіне ғана жатады.
Өндірістік қолдану таппаған қаржылар үлесі үстеме шығындар ретінде көрсетіледі.
Қарыздық капиталдың өзіндік құны келесі формуламен есептеледі:
банк шығындары
Қарыздық капиталдың өзіндік құны = жұмыс істеуші активтер
Банк шығындары 2 негізгі элементтерден құралдары:
1) ресурстарды құру бойынша шығындар;
2) банк қызметін қамтамасыз ету шығындар.
1 топқа банктер мен басқа клиенттердің салымдар мен депозиттерді қосатын тартылған қаржылары бойынша төленетін %, шығырылған қараздық бағалы қағаздары бойынша % жатады.
2 топқа шығындардың келесі түрлері жатады:
1) әлеуметтік тұрмыстық сипаттағы және аппарат ұстау шығындары;
2) шетел валютасымен операциялар шығындары;
3) бағалы қағаздар мен басқалар мен операциялар шығындары;
4) кассалық есеп айлысу операциялары, алынған некілдер және т.б. бойынша шығыстар тәрізді комиссиялық шығындар;
5) техникаға қызмет көрсету, ақпараттық қызметтер, бланктерді жасау, сатып алу, аудару.
Қарыз % сан алуан түрлерде болады, оларды бірқатар белгілер бойынша сыныптауға болады.
Қарыз % түрлерінің сыныптамасы.
1. Несие насындарына қарай:
1) комерциялық несие бойынша %;
2) банктік %;
3) тұтыну несиесі бойынша %;
4) лизингтік келісімдер бойынша %;
5) мемлекеттік несие бойынша %;
2. Мекемелер түрлеріне қарай:
1) Ұлттық банктің есептік %;
2) Банктік %;
3) Ломбардтық несие бойынша %;
3. Инвестициялар түрлеріне қарай:
1) Айналым құралдарына несиелер бойынша %;
2) Негізгі қорларға инвестициялар бойынша %;
3) Бағалы қағаздарға инвестициялар бойынша %;
4. Несиелеу мерзіміне қарай:
1) қысқа мерзімді несиелер бойынша %;
2) ұзақ мерзімді несиелер бойынша %;
3) орта мерзімді несиелер бойынша %;
5. Несиелік мекемелердің операцияларының түрлеріне қарай:
1) депозиттік %;
2) несиелер бойынша %;
3) банкаралық несиелер бойынша % және т.б.
Банктік % - несиелік қатынастардың субъектілерінің бірі банк болатын жағдайда пайда болады.
Банктік % - ды сипаттағанда несиелік мекеменің қарызға негізінен меншікті емес, тартылған қаржыларды орналастыратынын ескеру қажет.
Банктің алған пайдасы уақытша бос ақша қаражаттарын қайта бөлудегі делдалдығы үшін өтем ақы ретінде болады.
Егер банк активтері бойынша банк алдындағы міндеттемелердің орындалмау тәуекелі бассивтер бойынша салымшылар алдындағы міндеттемелердің орындалмау тәуекелінен асса, банк несиелер бойынша төлемеулер тәуекелін өзіне алады. Сондай-ақ, клиенттерді іздеу мен олардың несиелік қабілеттілігін бағалаумен айналыспау үшін қарыз алушылар банкке берілетін қаржылар бойынша төменірек % мөлшерлемесін мүмкін етеді.
Банктік % қолдану механизмі.
Банктердің % саясатын жүргізу мен қарыздық % мәнінің тәжірибеде жүзеге асуын іске асыратын элементтер жиынтығын береді.
Механизмнің жекелей элементтері ретінде келесілер аталады:
1) % деңгейін қалыптастыру әдістері;
2) % мөлшерлемелерінің дифференциациясының (жіктелуінің) критерийелері;
3) Ұлттық банк тарапынан % нормасын (мөлшерін) реттеу тәсілдері;
4) % бойынша төлемдерді есептеу және алу тәртібі;
5) % төлеу көздері;
6) %-ң қарыз алушының материалдық мүдделері жүйесімен өзара байланысы;
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері