Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция

Краткое описание

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

Содержание работы

1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.

Содержимое работы - 1 файл

Лекция КД каз 2012.doc

— 654.00 Кб (Скачать файл)


Тақырып. Несиелік және банктік жүйе.  Несиелік мекемелердің түрлері

 

1.       Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.

2.       Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.

3.       Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.

 

1. Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.

Несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егерде несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

-          Орталық (эмиссиялық) банк;

-          Коммерциялық банктер;

-          Мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандыру, жинақтық,ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)

Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірден бір орган – Орталық банк болып табылады.

 

2. Несие ісі – ақшамен сауда-саттық негізінде несиелік операцияларды орындауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы дегенді білдіреді.Оларды әр алуан несиелік институттар жүргізеді. Депозиттік мекемелерге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар,; депозиттік еместерге – сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржы инвестициялық компаниялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.

Банктер – атқаратын қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты екі негізгі типке бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес. Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін шығару құқығы берілген орталық банктер. Қазақстанда эмиссиялық банк болып Ұлттық банк есептеледі, ал қалған банктер, оның ішінде коммерциялық банктер – эмиссиялық еместерге жатады.

Арнайы мамандандырылған банктерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалы, жинақ банктері және т.б. жатады.

Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері  кез-келген елдің несие жүйесінің маңызды жүйесі.

 

3. Қазақстан Республикасының банктік жүйесіне екі деңгейлік жүйе тән. Бірінші деңгейлі банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ал екінші деңгейлі банктерге барлық коммерциялық банктер жатады. ҚР Ұлттық банкінің негізгі мақсаты елдің ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты заңмен бекітілген операцияларды жүзеге асыру арқылы пайда таба отырып, ақша-несие жүйесіне қызмет көрсету  болып табылады.

 

 

 

 

Мемлекеттің Орталық банкі, оның құрылуы және дамуы

 

1.       Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметінің бағыттары.

2.       Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары.

3.       Ақша-несие саясаты және оның негізгі құралдары.

 

1.Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.Орталық банк мемлекеті берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүзеге асырады.

Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа материалдық құндылықтардан тұратын жеке мұлкі бар заңды тұлға.

Қазақстан Республикасының Ұлтық банкінің негізгі міндеті – ҚР-ның ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, ҚР-ның Ұлттық банкіне келесідей қосымша міндеттер жүктеледі:

Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары: 

-елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;

-өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп бруін ұйымдастыру;

-банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

-елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

-ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

-валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатты жүргізу және т.б.

 

2.Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»  Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалар мен қатар басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір – бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі.

Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

 

3.Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар және тікелей ақша – несие саясатын жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік орган.

Ақша – несие саясаты ұлттық валютаның тұрақтылығынқамтамасыз ету үшін және ақша айналысы мен несиелік қатынастардың тиімділігін арттыру үшін жүргізіледі. Ақша – несие саясатының құралдары: пайыздық саясат, резервтік талаптар, несие операциялары, ашық нарықтағы операциялар, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету саясаты.

Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстық инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және күтілетін инфляцияға байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді.

Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

 

Тақырып . ҚР Ұлттық банкінің кызметтері  мен операциялары

 

1.       ҚР-ның Ұлттық банкі – «банктердің банкі».

2.       Ұлттық банктің функциялары мен операциялары.

3.       Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқаруы.

4.       Банктік қызметті қадағалау және оны реттеу.

 

1.Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайда табу мақсатын көздемейді.  Оның клиенттер – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер.Осыдан келіп Ұлттық банкті «банктердің банкі» деп атайды.

Ұлттық банк «банктердің банкі» қызметін атқару үшін:

-          коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;

-          коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді;

-          жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады;

-          банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

 

2.Ұлттық банк «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:

-айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;

-кепіл берушісі Үкімет болып табылатын ҚР-ның ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;

-ҚР-сы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;

-ҚР-сы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;

-банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;

-ол банктерге несие беруге, банктердіңқарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие берущі болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;

-банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

-ҚР-да ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;

-ҚР-да информациялық процесстерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;

-ҚР-да есеп айырысу тәртібін, жүйесін жәненысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;

-ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүзеге құқылы;

-банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды,

-бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;

-егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, ҚР-ның Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқада шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;

-Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы және т.б.

 

3.«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығында сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар. Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Репсубликасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.

Ұлттық банк алтын валютиа резервін құрып, олармен операциялар жасайды. Ұлттық банк мынадай алтын валюталық резервтерді құру және басқаруға тікелей қатысады:

-алтын және басқа қымбат бағалы металдар;

-шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк қаражаттары;

-Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар;

-кез келген халықаралық деңгейдегібелгілі резервтік активтер;

-аудармалы векселдер, жай және қазыналық векселдер, яғни оларды шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;

-басқа да активтер

Ұлттық банк міндетті түрде активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігін және сыртқы валюта резервтерінің төлем қабілеттігінің сақталуын ескереді.

 

4.Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметтерінің біріне – екінші деңгейлі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсаттарының бірі – бұл банктік қызметті макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру, еліміздегі банктердің және басқа да қаржы-несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақшы жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап тұру болып табылады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

-пруденциялық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;

Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері