Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем талап – тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөелетілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Траст операциялары – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.
Ү
Үмітсіз несиелері – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен несиелер шотына жазылған несиелер.
Ұ
Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнелейтін міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелердің, активтер мен баланстан тыс талаптардан артық болып келетін сол шетел валюталық позициясы.
Ф
Факторинг операциясы – жабдықтаушының (банк клиентінің) жабдықтаған туары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот - фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық – делдалдық операция.
Форвард мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
Форфейтинг операциясы – форфекйтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің төлем құжатын сатып алуы.
Форс – мажор жағдайы – экономикалық келісімшарттарға қатысушылардың әр түрлі аяқ асты жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) байланысты міндетемелерді орындай алмауы.
Х
Хеджирлеу (хеджирлеу мәмілесі) – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.
Ш
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтеуімен сипаттайды.
Ч
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері