Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
Несиелік тәуекелді сақтандыру.
Несиенің қайтарылмауы үшін қарыз алушы жауапкершілігін сақтандыру – несие қайтарымдылығын қамтамасыз етудің жаңа нысаны. Банк дербес түрде несие берудің тәуекелін ерікті сақтандыру туралы келісімді дербес түрде жасау арқылы. Сақтандыру обьектісі болып коммерциялық және банктік несиелер, міндеттемелер мен несие бойынша кепілгерліктер табылады. Банк несиелік келісімде қарыз алушыға сақтандыру төлемдер сомасын өтеуді міндеттей алады. Сақтандыру келісімі несиелік келісім мерзіміне несие қамтамасыз етілу деңгейін, қарыз алушының несиелік қабілеттілігі және тәуекел деңгейін бағалаудан соң жасалады; сақтандыру компаниясы қайтарылмаған несиенің 50-90% мөлшерінде өтеу сомасын төлейді. Төлеу мерзімі келгеннен кеін 20 күнде несие қайтарылмаса яғни сақтандыру жағдайы туындаған соң 20 күнде өтеу сомасын төлеуі тиіс. Бұл қамтамасыз ету түрі үш тарапқа да тиімді: банк – несие қайтарылуының жоғары кепіліне сақтандыру компаниясы – қызмет көрсетуі үшін сыйақы, яғнисақтандыру төлеміне, ал қарыз алушы (сақтанушы)несиенің уақытылы қайтарылмауы үшін беделінен айырылмау мүмкіндігіне ие болады.
Кепіл заты қарыз лаушы меншігі болып, ақшалай құнды, өтімді болуы тиіс, оның құны несие саласынан асуы қажет. Кепіл мүлкі банкке берілсе бұл кепіл түрі кепілге беру деп аталады. Мұнда банк кепіл мүлкін қолдану сақтау ұстау құқықтарын иеленеді, оны дұрыс сақтап, бұзылуы жайлы бірден хабарлап, несеи қайтарылғанда оны иесіне қайтару керек. Кепілге беру екі түрде көрініс табады.
1) Тұрақты кепіл – кепіл мүлкі құрамы мен сомасының өзгермеуі, қарыз алушы қолдана алмауы (тауар, тауарлы-көліктік құжаттар, бағалы қағаз) – бұлар жоғары өтімді сақтау, шығыны аз.
2) Құқықтар кепілі – мүліктік құқықтардың кепіл зат ретінде алынуы: кәсіпорын, құрылыс, ғимараттарға арендалық құқық, авторлық құқық, т.б.
Несие беру шартарына қарай несиенің қамтамасызқ етілуі ретінде қабылданады:
1. банктегі салым ақшалары.
2. меншікті жылжымайтын мүлік (коммерциялық және коммер-циялық емес)
3. несие есебінен алынатын немес меншікті көлік
4. заңды жне заңды тұлға кепілдемесі, т.б.
Кепілге берілетін мүлік барлық міндеткерліктен еркін болуы тиіс. Қамтамасыз етілу ретінде болады:
І. Банктік салым келісіміне қосымша келісім жасау арқылы банктегі салым қаржылары.
ІІ. Жылжымайтын мүлік кепілі туралы 2,3-жақты келісім жасау жолымен жылжымайтын мүлік.
ІІІ. Көлік кепілі туралы 2,3-жақты келісім негізінде көлік.
ІV. Заңды және жеке тұлға кепілдемесі.
Несие кепіл туралы келісім жасалуы және жылжымайтын, жылжымалы мүлік кепілі туралы келісімді тіркеуден кейін де одан бұрын да беріле алады. Салым ақшалары кепіл болғанда банктік салым келісімінің көшірмесі қажет. Сәйкес шоттан жазба алу несиелік маманға тапсырылады. Егер салым жасалынбаса ал салым ақшалары кепіл ретінде алынса мерзімді салым мерзімді салым түрінде рәсімделеді. Жылжымайтын мүлік кепіл болғанда иелену құқығын растайтын құжаттар, ал сатып алу обьектісі кепіл болғанда, сатушымен берілетін құжаттар талап етіледі. Кепілге берілетін көлік шетелдік компаниямен шығарылып, 10 жыл қолданылуы тиіс. Бес жылдан аса уақыт қолданылған көлік құны барлық кепіл құнының 30%-н құрауы тиіс.
Кепілді сақтаушы субьектіні несиелік комитет тағайындайды. Кепіл беруші банкпен келіспей-ақ кепіл мүлкін жалға береді, оның сақтығына толықтай жауап береді. Кепіл мүлкін ауыстыру несиелік келісімге және қамтамасыз ету келісіміне жекелей қосымша келісім жасап тіркелуімен жүзеге асады.
Қамтамасыз етілу бойынша құжаттар:
1) кепіл мүлкіне құқық беретін құжат (көшірмелері)
2) кепілгер құжаттары
3) кепілге алынатын тұрғын үйдің иелерін тіркеу органынан анықтама, т.б.
Клиент мүліктік кепілі ТМҚ кепілін; дебиторлық қарыз кепілін (цессия түріндегі); бағалы қағаз кепілін (БҚ шығарушы ұйымның қаржылық тұрақтылығы); вексель кепілін (төлем мерзімі, тауарлар сомасы мен түрлері т.б. есепке алынады); депозиттер кепілін-кепіл беруші салымы – ипотека; аралас кепіл (түрлі материалдық құндылықтар негізінде несиелеу) қосады.
I Экономикалық диктант
1. Қарыз алушының несиелiк қабiлеттiлiгi
2. Несиелiк тәуекел
3. Несиелiк құжаттар жинағы
4. Несиелiк бюро
5. Несиелiк қабiлеттiлiк класы
6. PARSEP әдiстемесi
7. CAMPARI әдiстемесi
8. “6Cи” ережесi
9. “5Си” ережесi
10. Маржа
11. Неиелiк саясат
12. Несиелер сыныптамасы
13. Несиелiк желi
14. Контокорент
15. Овердрафт
16. Несиелiк карточка
17. Несиелiк өтiнiм
18. Несиелiк ақшалар
19. Несиегер
20. Төлем қабiлеттiлiгi
21. Пролонгация (ұзартпа)
22. Несиелiк санкция.
23. Қарыз алушы рейтингi
24. Қаржылық хеверидж.
.
I Экономикалық диктант.
II Iскерлiк ойын.
1. Банк.
2. Инвестициялық банк.
3. Клирингтiк банк.
4. Коммерциялық банк.
5. Консорциалдық банк.
6. Даму банкi.
7. Жинақтаушы банк.
8. Уәкiлеттi банк.
9. Корреспонднент банк.
10. Эмитент банк.
11. Ипотекалық,мемлекеттiк,коорпер
12. Аралас банктер.
13. Әмбебап банктер.
14. Эмиссиялық банктер.
15. Ұлттық банктер.
16. Жер банкi.
17. Сыртқы саудалық банктер.
18. Трансұлттық банктер.
19. Банк жүйесi.
20. Кастодиан банк.
21. Еншiлес банк.
22. Банк филиалы.
23. Банк өкiлдiгi.
24. Банкiлiк холдинг.
25. Банкiнiң аффиллиирленген тұлғасы.
26. Бенефициар банкi.
27. Кепiл банк.
28. Банкпрлердiң үйлерi.
29. Банктiк ассоциация.
30. Банкiлiк монополиялар: (картель, синдикат, консорциум, трест, концерндер).
31. Венчурлық операциялар.
32. Несиелiк жүйе.
33. Банктың бiрiгуi.
34. Банктың қосылуы.
35. Банктың бөлiнуi.
36. Банктың бөлiнiп шығуы.
37. Банктiң қайта құрылуы.
38. Банктiк емес несиелiк ұйым.
I Экономикалық диктант
1. Жылдық % мөлшерлеме әдiсi
2. Дисконттық мөлшерлеме әдiсi
3. Жабынды әдiсi
4. Тiркелген % мөлшерлеме әдiсi
5. Жүзушi % пайыз мөлшерлеме
6. “КЭП” мөлшерлемелерi
7. Прайм - рейт мөлшерлемесi
8. Либор мөлшерлемесi
9. Несиелер бойынша пайыз
10. Есептiк пайыз
11. Есептiк %
12. Вексельдiк %
13. Инвнетициялар бойынша %
14. MIBOR (Майво)
15. MIBID (Мибит)
16. MIACR
17. INSTAR
18. Пайыздық
19. Пайыздық дәлiз (коридор)
20. Пайыздық своп
I Экономикалық диктант.
1. Несиелiк келiсiм шарт
2. Несиелiк өтiнiм
3. Жедел мiндеттеме
4. Несиелiк құжаттар жиыны
5. Несиелiк санкциялар
6. Қысқа мерзiмдiк несиелендiру
7. Орта мерзiмдiк несиелендiру
8. Ұзақ мерзiмдiк несиелендiру
9. Пайыздық мөлшерлеме
10. Кешiктiрiлген (мерзiмi өткен) несие
11. Субординирленген қарыз
12. Жай сыйақы есептемесi
13. Күрделi сыйақы есептемесi.
I Экономикалық диктант
1. Диспозициялық несие
2. Тұтынушылық несие
3. Клиенттiң төлем қабiлеттiлiгi
4. Ралловерлiк несие
5. тұтынушылық несие қағидалары
6. тұтынущылық несие құжаттамасы
7. Қарыз алушы анкетасы
8. Автомобильдiк несие ерекшелiгi
9. Автомобильдiк несие
10. Төлем қабiлеттiлiгiн анықтау
Б. Зейнеткер
11. Несиенiң максимал мөлшерi
12. Тұтыну несиесiн беру кезеңдерi
Тұтынунесиесiнiңсыныптамасы
Глоссарий
А
Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операциялар.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттмелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма – қол ақшаларға айналу қабілеті.
Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.
Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын күәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай – ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Ашық валюталық позиция – осы уақытта немесе алдағы уақыттарда жекелеген валютарда қаражат алу талабы мен беру міндеттмесін бейнелейтін, сол валютардағы сандық жағынан сәйкес келмейтін активтер мен міндеттемелердің (баланстан тыс талаптар мен міндеттмелерді есепке алғандағы) арасындағы шетел валютасындағы қаражаттар қалдықтарының айырмасы.
Аудармалы вексель (трата) – вексельде көрсетілген соманы білгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Акциз (кесу)– тауардың бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жалпы мемлекеттік жанама салық.
Амортизация – жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған капиталдың көлемін бағалалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу процесі.
Б
Банк – бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие.
Банк құпиясы – банк клиенттреінің шоттары мен салымдары және банктің жасаған операциялары туралы айтуға болмайтын ақпараттар.
Банктік консорциум – бірлесіп несиелік операцияны жүргізуге және қарыз алушының төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығынды азайту мақсатында уақытша біршама банктер арқылы ұйымдастырылған банктер тобы.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуы.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайдасы.
Банкаралық несие – бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.
Банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің өкілдігі – банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өімділігі – бұл салымшалар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
В
Валюталық нарық – бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.
Валюталық интервенция – ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуы.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро.).
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізгі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері