Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шаралары.
Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексель дисконты –
Д
Дивиденд – акционерлерге қолында бар акцияларының құндылықтарына қарай жыл сайын төлеп отыратын және акционерлер (акция иелері) арасында бөлінетін акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігі.
Дисконт - қор биржасында сатиылатын бағалы қағаздардың бағасы мен оның ағымдағы биржалық бағамының арасындағы айырма.
Дисконттық (есепке алу) саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма – қол ақша алуға, сондай – ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Домицилиант – вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатынасатын банк.
Депозиттік сертификат – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызхды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Е
Еншілес банк- жарғылық капиталдық елу пайыздан астамы бас банкке тиеслі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу – кассалық бөлімі (жинақ кассасы) – ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің негізінде құрылатын банктік аумақтық бөлімшесі.
Ж
Жай вексель (соло) – вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берүшінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттамайтын вексель.
Жинақ кассасы – жинақ салымдары түрінде халықтың ақшалай қаражаттарын тартатын және төлейтін несиелік мекеме.
И
Инспекциялық қадағалау – банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтішінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкассо – банк клиенттің тапсырмасы бойынша төлеушіден төлемді немесе төлемге беретін келісімді алуға міндеттеме алатын банктік операцияның түрі.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
К
Кассалық опреация – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбатау, беру сорттау, орау және сақтаумен байланысты операциялар.
Кепілденген чек – чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.
Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек.
Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-бірінде ашатын шоты.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауары.
Коммерциялық банк – бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма – қол және қолма – қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша – несие институты.
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма –қол және қолма – қолсыз ұлттық валюталарына қолма –қолсыз ұлттық валюталарына қолма – қол және қолма – қолсыз шетел валюталарын сатып алу және мәмілері.
Күмәнді несиелері – қайтарылу уақытта кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және үшін тәуекел туғызатын несиелер.
Күндізгі заем – банктік жұмыс күні ішінде банктердің ұлттық банкте ашқан корреспендтік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.
Кредиттік карточка – оның элименті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға не қолма – қол ақша алуға арналған карточка.
Куәландырылған чектер – бұл банктің, шоттары қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.
Қ
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығаруымен немесе өзін - өзі өтеуімен байланысты ұзақмерзімді лизинг.
Қашықтан қадағалау – бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру жүргізілетін пруденциялық қадағалау әдісі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Құжатталған аккредитив – аккредитивте көқрсетілген құжаттарға қарсы эксопртердың (бенефициараға) пайдасына өзінің бұйырушы – клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент банктің) міндеттемесі.
Құжатталған никассо – эмитент банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.
Қысқа валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баланстан тыс талаптардың міндеттемелерден артық болып келетін сол шетел валютасындағы ашық валюталық позициясы.
Қолма – қолсыз ақшалар – чектер, пластикалық карточкалар электрндық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма – қолсыз есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша ақшалай есеп айырысулар.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін - өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Л
Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда – саттықа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгілеген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
М
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
Мерзімді депозит – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Н
Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз алушы алдындағы міндеттемесі.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сиппатайды.
несиелік авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесі.
Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі.
Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі.
О
Овернайт – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.
Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын күәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Овердварт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несие.
Овернайт несиесі - өтімділік қолдау мақстаныда бір түрге берілетін банкаралық несиенің түрі.
Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
П
Пассивтік опреациялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары.
Пайыз тәуекелі – берілген байланысты пайыз мөлшерлерінен тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыз мөлшермелерінің артып кетуі нәтижесінде коммерциялық банктер, несиелік мекемелер және инвестициялық ұйымдар қызметі процессіндегі зияндардың пайда болу қаупі.
Р
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланатын несие.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақстаныда құрылған ақшалай қаражаты.
С
Своп мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама – қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Спот мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
Стандартты несие – қайтарылу жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер.
Статус – Репорт – банктің ағымдағы қаржылық жағдайын толық бағалауға мүмкіндік беретін құжат.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
Несиелік пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі.
Т
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма – қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттары.
Телеграфтық инкассо – жабдықтаушының тауар құжаттарын инкассо қабылдағаны туралы жабдықтаушы банкісінің жіберген жеделхатына қарсы сатып алушының төлемі жасалатын инкассоның ерекше нысаны.
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері