Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:39, лекция
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бітқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмаслымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.
2. Арнайы мамандандырылған несиелік мекемелердің түрлері.
3. Банк жүйесі және оның негізгі элементтері.
S5 – P = (16105 - 10000)= 6105
Егер банк жай % қолданып оларды жыл сайын төлеткізсе, бұл табыс тең болады:
Pxixr = 10000*10%*5=5000
Көріп отырғанымыздай, елеулі ауытқу орын алды, ол банктің таза табысының (6105-5000) өсуіне әкеледі.
% жылына бірнеше рет есептеу кезінде жоғарыда қарастырылған күрделі % формуласы келесі түрге көшеді:
S = P(1+Im)n
Мұндағы m – жыл бойы есептелген % саны
N - % есептеу кездерінің жалпы саны.
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысаны ретінде қарызды өтеудің нақты қайнар көзін, бұл қайнар көздің жөнділігі мен жеткілігіне банктің бақылауды ұйымдастыруын түсіну қажет.
Жалпы алғанда несиелік өтінішті қарастырғанда көбінесе өтеудің бастапқы көздері яғни сатудан, қызмет көрсетуден пайда немесе табыс негізге алынып, клиенттің ақша ағымдарының талдауы бұл клиенттің салалық даму перспективалары және тұтынушылармен жабдықтаушылар мен қарым-қатынасына негізгі назар аударылуы. Егер табыстың түсуі күдікті болса келісімнің жасалмайды. Сондықтан негізгі клиент болып қаржылай тұрақты кәсіпорындар табылады: жоғары рентабельді, меншік капиталымен жақсы қамтамасыз етілген. Бұл жағдайда сенімділік қатынастар орнап, еш бір қосымша кепіл қажет болмайды. өндіріс, сауда, есеп айырысу, нарықтың өзгерімділігінәтижесінде біршама тәуекел пайда болатындықтан , қосымша кепіл қажеті туады – бұл екінші қатарлы қайнар көздерді қажет етеді. Бұлар: мүліктер мен құқықтар кепілі, кепілдемелер мен кепілдіктер, сақтандыру.
Несие беруді қамтамасыз ету құрылымында бірқатар банктерде несиені қамтамасыз ету көлемінің 77% құрайтын кепіл басым, екінші орында – кепілдіктер мен кепілдемелер 21%, үшінші орында – несиені сақтандыру 2%.
Клент мүлкінің кепілі несиені қамтамасыз етудің көп тараған нысаны болып табылады. Кепілді қолдану кепіл механизімі арқылы яғни кепіл туралы келісімді дайындау, жасау, орындау процесі барысында жүзеге асады. Мұнда басты орында меншік, иелену және қолдану құқығы алады. Кепіл механизмнің жүзеге асырудың негізгі кезеңдері болыпкепіл түрі мен затын таңдау, оларды бағалау, келісімді құру және орындау, кепілден төлеттіру табылады. Кепіл заты ретінде кепіл заттар, бағалы қағаздар, өзге де мүліктер мен мүліктік құқықтар бола алады. Кепіл беруші болып кепіл зат иесіде сондай-ақ 3-ші бір тұлға да саналады. Кепілдің екі түрі болады:
1) кепіл кепіл берушіде қалады.
2) кепіл кепіл ұстаушыға беріледі. Көбінесе бірінші түрі қолданылады.
Кепілзат екі талапқа сәйкес болуы керек: 1) сәйкестігі-өтімділігі
2) жіктіліктілігі
кепіл негізінде несие тек кепілдің құнының 50-90 %-на беріледі. Қарыздың төленбеу тәуекелі неғұлым жоғары болса соғұрлым кепіл құны мен берілетін несие айырмасы да жоғары болады. Кепіл туралы келісім жазбаша түрде рәсімделеді. Мұнда кепілге байланысты барлық мәселелер қарастырылады: кепіл түрі, міндеттеме көлемі мен мерзімі, екі тарап құқықтары мен міндеттері, кепіл құқығының жойылуы, дауларды шешу тәртібі, кепілдің сақталу және қолданылу шарттары, екі тарап мекен-жайы, кепіл мүлкінің құрамы және мекені. Кепіл сақтаушы тарап міндетті түрде кпіл сақтығын, жеткіліктігін қамтамасыз етіп екі тарапқа кепіл күші жайлы есеп беруі тиіс, екі тарап кепіл мүлкінің күйін тексере алады. Кепіл туралы келісім мүлік тіркеші органда тіркелуі қажет жер, көлік, тұрғын үй тәрізді кепіл мүлкі міндетті түрде тіркелуі тиіс.
Келісім жаслған сәттен кепіл құқығы пайда болады. Кпіл құқығынң жүзеге асырудың соңғы кезеңі-кепілден төлеттіру тәртібі. Несие қайтарылу мерзімінің (сондай-ақ жеңілдік мерзімі) аяқталуы кепіл мүлкіне талап қою-төлеттіру құқығын туғызады. Міндеттеменің орындалуы дәлелденсе, банкке оның талаптарын қанағаттандыру кепілді қолдану құқығын беретін құжат тапсырылады. Кепіл мүлкін сату жариялы сауда-саттық арқылы жүргізіледі. Егер кепіл заты болып қоғамдық маңызы бар мүлік, жылжымайтын мүлік табылса, келісімге үшінші бір орган немесе тұлға рұқсаты қажет болса, кепіл беруші табылмаса сотқа шағым жасау арқылы төлеттіреді. Жылжымалы мүлік (келісімде қарастырылған) немесе заңды түрде күәландырушы келісімге сәйкес жылжымайтын мүлікке қатысты сот шешімісіз төлеттіреді. Егер сату бағасы банк талабынан асса, қалған сома кепіл берушіге қайтарылады, егер бұл сома талапт ыорындау үшін жеткіліксіз болса бұл жетіспеушілік міндетті түрде қанағаттандырылу керек. Егер сатылуы жүзеге аспай қалса, қайталама сауда өткізіледі, егер бұл жүзеге асса банк кепіл затын өзінде оның бастапқы сату құнының 10% сомасында бағалап қалдырады. Кепіл заты сатылмағанша кепіл беруші өз міндеттемесін орындап, өзіне қайтара алады. Кепіл – банктің құқықтық қорғанышы. Бірақ кепіл бірқатар кемшіліктерге ие: кепіл беруші кепілді қолданысынан алу қажет; кепіл кепіл берушіде банк кепіл зат сақтығына бақылау жасауы керек. Сондықтан кепіл сапасын бағалау қажеті туады. Мұнда критерий ретінде несие сомасы мен кепіл мүлкінің құнының қатынасы кепіл зат өтімділігі банктің кепіл мүлкін бақылау мүмкіндігі алынады. Осыған сәйкес кепілдің бес тобы ажыратылады:
| Кепіл заты құнымен несие сомасы арақатынасы | Кепілзат өтімділігі | Бақылау мүмкіндігі | Мысал |
A | 100% және одан көп | Оңай сатылады | Толық бақыланады | Ақша, депозит |
B | 100% төмен | Баға өзгермелі қиындық туады | Толық бақыланады | Айналыстағы б.қ. |
C | 100% төмен |
| Бақылау қиындықтары бар | Айналмайтын б.қ. |
D | 100% төмен | Баға төмен сату қиындайды | Бақылау қиындайды |
|
E | 100% төмен | Баға төмендеді | Бақылау жоқ |
|
КЕПІЛДЕМЕ
Кепілдеме – қарыз алушы міндеттемесін орындай алмай қалған жағдайда 3-ші тараптың қарызды өтеуге кепіл болуы. Кепілдемелер кепілдемелік міндеттеме субьектісі, рәсімделу тәртібі, қаржы көздеріне қарай ажыратылады. Көбінесе кепілдеме ретінде қаржылай тұрақты кәсіпорындар, қаржысы бар арнайы ұйымдар алынады. Кепілдемені банктер де бере алады, ол оны тек өз меншік қаржылары көлемінде береді. Несие беруші банк кепілгер банк төлем қабілеттілігін растау үшін Ұлттық банктен сұрай алады. Банкаралық кепілдеме беру бір банктің несие беруге қаржысының жетіспеуі жағдайында немесе несие беру банк өтімділігіне нұқсан келтіретін кезде қолданылады. Кепілдеме жазбаша түрден несие өтеуге байланысты белгілі бір тұлға міндеттемесін білдіреді. Кепілгер банк несиелеуші банкке кепілдемелік хат жазады, бұл құжат несие қайтарылғанша осында сақталады. Қарыз алушы несиелеуші банкке кепілдемелік хаттың көшірмесін ұсынады, мұнда кепілгер банк белгілеуі болады (басшымен бас бухгалтер қолы, банк мөрі) кепілдеме тиімділігі (І) несиегер банктің кепілгер банк қаржылық тұрақтылығын бағалауына тәуелді АҚШ тәжірибесін қолдану керек, яғни кепілдеме екі түрі қолданылады:
1) егер қаржылық тұрақтылығы төмен не белгісіз болса кепіл міндеттемесі қоса қолданылады.
2) сенімді болса қамтамасыз етілмеген кепілдеме
(ІІ) несиелеуші банк кепілдеме беруші банктің міндеттемені орындау дайындығына сенімді болуы қажет-кездесу ұйымдастырылады.
(ІІІ) кепілдеме дұрыс рәсімделіп, өкілеттілігі бар тұлғалардың қолы ғана қойылуы қажет.
Заңды және жеке тұлға кепілдемесі банктің бөлшек сауданы несиелеу бойынша несиелік комитеті немесе өзге де уәкілетті органының шешімі бойынша қабылданады. Бұл кепілдеме қарыз сомасымен белгіленген сыйақы мөлшерінен аз болмауы қажет. Бірнеше тұлға кепілдеме жасаса әр кепілдеме сомасы қарыз сомасы мен сйыақысына тең болу керек және әр кепілдеме жасаушының төлем қабілеттілігі қарыз қайтарылуы мен сыйақы төленуі бойынша кепілдемелік міндеттемелердің орындалуын растауы қажет кепілдеме беруші кепілдемеге қол қоюы тиіс.
КЕПІЛГЕРЛІК
Кепілгерлік кезінде үшінші бір тұлға несиегер алдында қарыз алушы міндеттемесін толық немесе ішінара бірігіп өтеуге міндеттенеді. Кепілгерлік банк пен кепілгерлер арасында жазбаша келісім ретінде рәсімделіп тіркеледі (заңды түрде). Кепілгерлік келісімі қарыз алушы қатысуысыз да жасалуы мүмкін. Кепілгер қарыз алушы сияқты барлық міндетемелерді орындайды, жазбаша түрда міндеттеме орындалу үшін жауаптылығын мойындайды, ал банк кепілгер ұсынысын қабылдайды. Бұл кепілгерлік келісім орындалуын білдіреді. Кепілгер келісімде көрсетілмеген талаптарды орындаудан бас тарта алады. Міндеттемесін орындаған кепілгерге несиегердің осы міндеттеме бойынша және кепіл ұстаушы ретіндегі құқықтары оның несиегер талаптарын орындау көлемінде көшеді қарыз алушы міндеттемені орындалғаны жайлы кепілгерге хабарлауға тиіс. Кері жағдайда кепілгер банктен негізсіз алынған талапты қайтаруға не қарыз алушығаларесті талап қоя алады. Кепілгерлік міндеттеме өтелгенде, басқа тұлғағақарызды көшіргенде және қамтамасыз ету немесе міндеттеме мерзімі келгенде несиелеуші тиісті деңгейі орындалуын қабылдамағанда күшін жояды.
Меншік құқығын тапсыру және талаптарды беру (цессия)
Тапсыру (цессия) – қарыз алушының банкке (несиелеушіге) несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуі ретінде өз талабын (дебитрлық қарызын) беруін қарастыратын құжаты. Қарыз алушы цедент болып табылады. Цессия туралы келісім несиелік келісімді толықтырып, несиені қайтарылуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз жасайды банкке тапсырылған талап бойынша ақша қаржыларын алу құқығын береді. Тапсырылған талап құны қарыз алушыны несиені өтеуге жеткілікті болуы қажет. Тапсырылған талап бойнша түскен қаржының артығын банк цедентке қайтаруы тиіс. Тәжірибеде цессияның екі түрі қолданылады.
Ашық – цедент сатып алушыға (қыразгерге) талапты тапсыру жайлы хабарлауды болжайды. Қарызгер міндеттемесін банк қарыз алушысына емес, банкке өтейді. Тыныш – банк үшінші тұлғаға талапты тапсыру жайлы хабарламайды, қарызгер цедентке төлемді, ал ол бұл соманы банкке береді. Қарызгерге осы түрі тиімді, ал банк үшін бұл түр тәуекелі жоғары болады, себебі қарызгер бірнеше рет талапты тапсыра алады, қарыз алушы жоқ талапты тапсыруы мүмкін, тапсырылған талап бойынша қаржылар басқа банктегі шоттарға түсе алады. Сондай-ақ жалпы және кең ауқымды цессия ажыратылады. Алғашқысы қарыз алушының банк алдында тауарларды жеткізу бойынша талаптарды жеткізу бойынща талаптарды үнемі белгілі сомаға тапсыруға міндеттенеді. Кең ауқымды цессияда қарыз алушы нақты клиенттер бойынша және жаңадан туындайтын (белгілі бір мерзімде) талаптардың барлығын банкке тапсыруы тиіс. Қамтамасыз етудің бұл түрін қолдану тәуекелін төмендету үшін несие сомасынан біршама артық сомада талаптарды тапсыру жүргізіледі. Жалпы және кең ауқымды цессияда несиенің ең жоғары көлемі тапсырылған талаптардың құнының 20-40% құрайды.
Жылжымалы мүлік қарыз алушы қолданысында бола отырып несие қайтарылу кепілі болуы үшін меншік құқығын несиегерге беру қолданылады. Осы процесс сызбасы
Қарыз алушы Меншік құқығын беру Несиегер
туралы келісім
Жылыжымалы мүлік Қолданылу құқығынсыз
меншік құқығынсыз меншік құқығын
қалады. иеленеді
Кепілге салуға қарағанда меншік құқығын бергенде жылжымалы мүлік қарыз алушы қолданысында қалады. Бұл қарыз алушы қамтамасыз ету объектісін несиегерге бере алмайтын жағдайда жүзеге асады. Мұнда қарыз алуш құндылықтар сақтағына жауапты және оларды еркін басқара алмайды. Банк жоғары тәуекелге барады, сондықтан несие көлемі қамтамасыз ету құндылықтарының 20-50% құрайды.
Информация о работе Тақырып. Несиелік және банктік жүйе. Несиелік мекемелердің түрлері