Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

- 21 отандық тауар өндiрушiлер  темiр жол өнiмiнiң 187 атауларын  өндіріп бастап, шығарып жатыр.  Бұл мынадай өнім түрлері: кабелдiк  өнiм, трансформаторлық, дәнекерлегiш  жабдық, метиздер (металлдық бұйымдар), резеңке-техникалық бұйымдар, локомотивтарға арналған қосалқы бөлшектер, автотiркейтiн құрылғы бөлшектері, платформалардың, арбалардың, тежегiш жабдығының бөлшектері және тағы басқалар. Сонымен қатар 44 атаулардың өндiрiсiнде бәсекелестiк ортасы бар;

- 20 отандық кәсiпорындар  темiр жол өнiмiнiң 833 атауларын шығаруға дайындықтарын мәлімдеді. Бұл мынадай өнім түрлері: сырлау материалдары,  дизель блогiнiң бөлшектері, арба және экипаж бөлiмінің бөлшектері, механикалық жабдықтың бөлшектері, тежеуіш қалпылары және тағы басқалар. Сонымен қатар 317 атаулардың өндiрiсi бәсекелестiк ортасын жасауды қарастырып жатыр.

Облыстар, Астана мен  Алматы қалаларының Кәсіпкерлік  пен өнеркәсіп Басқармаларын  және қызығушылық танытқан ұйымдарды  тарта отырып Бағдарламаны іске асыру  мақсатында сатып алынатын тауарлар жайында толық қанды мәліметті әлеуетті өндірушілерге жеткізу үшін аймақтарда тақырыптық кеңес- таныстырулар өткізілді.

Ұзақ мерзiмдi меморандумдарының  негiзiнде Компаниямен келесi кәсiпорындармен  ұзақ мерзiмдi шарттарға қол қойылды:

     1 ) «KSP Steel»  ЖШС (Павлодар қ.)- Р-65 үлгісіндегі рельстердің 1 000 000 тоннасы көлемiнде 10 жылда жасауға және жеткізуге;

     2 ) «Востокмашзавод»  АҚ  (Өскемен қ.)-  6,5 миллиард  теңге соммасына ірі вагон  құймасын жасауға және жеткізуге;

Отандық кәсiпорындармен  меңгеруге жоспарланған 2820 ұстанымдар санындағы темір жол өнiмiнiң тізбектемелерінен 619  ұстанымдары меңгеріліп қойды. Астана қаласындағы заманауи тепловоздардың өндiрiс жобасы бекiтiлген кестеге сәйкес жүзеге асуды. Оқшауландыру бағдарламасымен қарастырылған қазақстандық құраушы 2010 жылға-18%.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы  күйі бойынша 22 жылу арбасы  шығарылған. Зауыттың меншiктi қорларымен  платформалардың құрастыруы аяқталған  (бұрын платформа жинаулы түрде  General Electric компаниясынан сатып алынатын) және соңғы құрастыру цехына тапсырылған. Платформалардың ары қарай жасалуы үшiн бөлшектердi дайындау (металлды кесу) жалғасуда.

 Жүк вагондарының  өндiрiс жобасы бойынша жүк  вагондарының құрастыру өндiрiсінің  1-шi іске қосу кешенін пайдалануға  берілгендігін хабарлаймыз. «Қазақстандық вагон жасаушы компания» ЖШС өндірісінің 12-9846 үлгiсiндегі 109 жартылай вагондарының құрастыруы жүргізілді.

Р65 рельстерінің өндірісі бойынша жоба  шеңберiнде 2009 жылдың маусымында «KSP Steel» ЖШС-мен рельстердiң  сатып алуына кепiлдiк берiлген 10 жылдық келiсiм-шартына қол қойылды. «KSP Steel» ЖШС 2012 жылға дейiн өндiрiстiк аудандарында Р65 үлгісіндегі рельстердің шығарылуын меңгеруді жоспарлайды. Жоба бойынша техникалық-экономикалық дәйектеме жасалған. Технологиялық жабдықты таңдап алу бойынша жұмыс өткiзiлді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен темiр жол рельстерiне қойлатын техникалық талаптар жасалып, берілген.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ сатып алулары бойынша

2011 жылдың 12 айындағы  Холдингтің компаниялар тобы  сатып алуды 25 353,4  млн. тенге сомасына жасады, соның ішінде, тауарлар, жұмыстар және қызметтердің қазақстандық жеткізушілерінен 6 599,1 млн. теңгеге сатып алынды. Қазақстандық қамту үлесі 26% құрады.

Бұл ретте:

         - тауарлар 467,2 млн. тенге сомасына сатып алынды, оның ішінде ҚҚ үлесі – 1 123,4 млн. тенге сомасына 5,8 % құрады.

- жұмыстар  740,0 млн. теңге сомасына сатып алынды, оның ішінде ҚҚ үлесі – 541,0 млн.  тенге сомасына 73,1% құрады

- қызметтер 5 238,3 млн. теңге сомасына сатып алынды, оның ішінде ҚҚ үлесі – 4 934,7 млн.  тенге сомасына 94,2 % құрады.

Қазақстандық қамтуды  үлесін арттыру мақсатында «ҚазАгро»  Холдингісі келесідей жүйелі және жедел  шаралар атқаруда:

- отандық ауылшаруашылық  техниканың басым  сатып алуды  iске асырады, соның iшiнде лизинг  шеңберiнде;

- Холдинг тобының компанияларымен, сондай-ақ  Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыратын жобаларды таңдау кезінде, қазақстандық қамтуда жоғары жобаларға артықшылық беріледі;

- ауыл шаруашылық өнiмдері  отандық өндiрушiлерден сатып  алынады;

- «ҚазАгро» Холдингінің  еншілес компанияларындағы  қазақстандық мазмұн үлесінің көрсеткiштерiн ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;

- шетел ауыл шаруашылық  техникасы мен жабдықтарының  өндiрушілерімен өндірісті оқшауландыру  сұрақтарын, соның iшiнде сатып  алудағы шарттарында осы талапты  бекiту арқылы тыңғылықталады;

- сатып алынатын тауарлар  мен қызметтердегі қазақстандық  мазмұнын өсіру бойынша қарыздардың  міндеттерін қарыз және лизинг  келісім шарттарында бекiту.

Сонымен қатар, басқа  әдiстермен өткiзiлетiн сатып алулар мен тендерлерде отандық тауар өндiрушiлер мен өнім берушілерге артықшылық беріледі,  жеке алғанда:

- тендердiң қатысушыларымен  көрсетілетін тендерлік құжаттамасында  тауарлар, жұмыстар және қызметтердiң  қазақстандық өндiрушiлерi-тендерге  қатысушылардың бағаларды шартты  төмендетуi бойынша талаптар қарастырылған;

- тауарлар, жұмыстар және  қызметтердiң қазақстандық (отандық)  өндiрушiлерiнiң сұранымдарын қарастыру  кезiнде бағаны шартты төмендету  қолданылады;

- тендерге қатысушылардың  бағалы ұсыныстарының теңдiгiнде,  тауарлар, жұмыстар және қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерiне артықшылық берiледi.

Ауыл шаруашылық техникасы  мен жабдықтарын сатып алудағы  ең  ірі кеісім шарттар:

  • «Агромашхолдинг» Акционерлік Қоғамымен (Қостанай қ.) мұнан былай лизинг ретімен тапсыру мақсатында 164 астық жинаушы комбайындар бірлігі мен 93 тұқым себуші бірлігін сатып алуда келісім жасалды.
  •   «СемАЗ» ЖШС-мен (ШҚО) 460 дана «Белорус» тракторын сатып алуда келісім жасалды.

Сонымен қатар , таяу және алыс  шетел зауыттарынан ертеректе сатып алынған  техника,қазіргі уақытта Қазақстанда   өзінде бар біріккен құрастырушы өндірушілерден алынады.

2.3 Қазақстан Республикасында  индустриялық-инновациялық қызметті  мемлекеттік қолдау

 

Қазіргі таңда Қазақстан  әлеуметтік-экономикалық жаңару мен  саяси демократиялаудың жаңа кезеңіне көшті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының  Ұлттық индустриальды-инновациялық жүйесін  қалыптастыру мен дамыту жөніндегі  бағдарлама 2005 жылы 25 сәуірде  №387 қаулысымен бекітілді. Ұлттық индустриальды-инновациялық жүйенің  негізгі ішкі жүйелерінің бірі өзінің құрамына ұлттық және аймақтық  технологиялық парктерді,  технологиялық бизнес-инкубаторларды, ғылыми негіздерді,  индустриальды-инновациялық қорларды, венчурлық қорларды қамтитын индустриальды-инновациялық инфрақұрылым болып табылады. [18]

Елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізі экономиканың барлық секторында инновацияны  енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасында  отандық және шетелдік  ғылыми потенциал  негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнімді құруды қамтамасыз ететін ұлттық индустриальды-инновациялық жүйені қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі №387 қаулысымен бекітілген 2005-2015 жылдарға араналған Қазақстан Республикасының ұлттық индустриальды-инновациялық жүйесін (бұдан әрі-ҰИЖ) құру мен дамыту жөніндегі бағдарламасы қабылданды.

Индустриальды-инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарын  таңдау, «мәселелі технологиялар» қатарын анықтау, мемлекеттік бюджеттен жобалрадың мақсатты қаржыландырылуы, мемлекеттік емес құрылымдармен жүзеге асырылатын жобалар мен бағдарламаларды қайта қаржыландырлуы, индустриальды-инновациялық  қызметтің инфрақұрылымын қалыптастыру және басқа да шаралар негізінде іске асады.

Индустриальды-инновациялық қызметті ынталандырудың жанама шаралары фискальдық әдістерді (жеңілдікпен салық салу, жеделдетілген амортизация, жекеленген нарықтарды, салаларды реттеу) қолдануды, зияткерлік меншікті құру, беру және қорғау саласында нормативтік-құқықтық реттеуді, сондай-ақ, ғылыми білімді коммерциялауға қатысатын құрылымдарға қолайлы жағдай жасауды қамтиды.

Экономиканы мемлекеттiк  басқарудың жаңа стратегияларының алғышарттары. Экономиканы мемлекеттiк бақаруды жетiлдiру және нарықтарды реттеу мәселелерi экономика ғылымының негiзгi мәселелерiнiң қатарына жатады. Қазiргi кезде ол жалпы жүйелiк күйзелiске және экономиканы басқарудағы олқылықтарға байланысты ерекше маңызды болып отыр. Қазiр монетаризмнiң постулаттарын догмалық түрде түсiнуден бас тарту жүзеге асып, мемлекеттiк басқарудың жаңа стратегиясы өте қажет болып жатыр. Шамаланған әдiстемеде ұлттық және экономикалық қауiпсiздiк артықшылығы, өсiмнiң iшкi көздерiнiң қойылымы, өндiрiстiк дамуды мемлекеттiк ынталандыру, экономиканың нақты және қаржылық секторларының арасындағы алшақтықты жою және елдегi экономикалық өзгерiстердi мемлекеттiк басқару стртегиясының әлеуметтiк бағытталғандығы негiзге алынған.[5]

Өтпелi кезеңдерде экономикадағы  мемлекеттiң рөлiнiң күшеюi келесi себептерге байланысты қажет:

1. Бейресми нарықтық институттар құрылмайынша және заң шығару жүйелерi тиiмсiз жұмыс iстеуiне байлынысты мемлекет негiзгi нарықтарды мемлекеттiк холдингтер және мемлекеттiк агенттiктер арқылы реттей отырып,  өндiрiстi белсендi түрде қолдауы қажет;

2. Мемлекет экономикасының басқарушысының босаған орынын криминалдық құрылым басады, олар мемлекеттiк капитализмнiң орнына бiзге таныс «мафиялық-олигархиялық» капитализм бейнесiн орнатады;

3. Мемлекеттiк қолдау  болмаған жағдайдағы кәсiпорындар  және салалардың шығындарының көлемдi және тұрақты болуы жаңа технологияларды, ерекше өндiрiстердi, орны толмас мамандарды  және ғылыми мектептердi жоғалтып алуға әкелуi мүмкiн.

Экономиканы мемлекеттiк  басқарудың жаңа стратегиясының негiзгi бағыттарына мыналар кiредi: экономиканың мемлекеттiк секторының қалыптасуы және нығаюы; артықшылықты бағыттар бойынша өнеркәсiптiң өкендеуiн мемлекеттiк ынталандыру және индустриальды-инновациялық процесстi қолдау; тауарлық, қаржылық және ақпараттық нарықтарды, сыртқы экономикалық процесстердi мемлекеттiк реттеу; аймақтық деңгейде мемлекеттiк басқару.

Мемлекеттiк меншiктi басқар, экономиканың мемлекеттiк секторын басқарудың құрылымы. Қазiргi кезде  негiзгi ставканы реформа жылдары  сатылуға ұшыраған мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалану жолымен мемлекеттiң әсерiн күшейтуге қою ұсынылып отыр. Бiрақ одан алынған сомалар ЖIӨ-нiң 1 пайыздан  аз мөлшерiн құрай отырып, мемлекеттiк кiрiстерде шешушi рөл атқармайды. Мемлекеттiк меншiктен түскен барлық дивидендтер 400 млрд.  теңгенi құрады. 1999 жылы дивидендтер түсiмi күрт азаяды, оның мөлшерi бюджет кiрiсiнiң 0,03%-нан аспайды. Осылайша, әлi де аз емес мемлекеттiк меншiк мемлекетке кiрiс әкелмейдi.[8]

Жетiлдiрудiң ауыр күйзелiстiк  кезеңдерiн және экономиканы басқару  жүйесiнiң координациясын мемлекеттiк  меншiк құқықтарына сүйене отырып құру керек. Ол үшiн қазыналық кәсiпорындар, мемлекеттiк унитарлық кәсiпорындар, сонымен қатар мемлекеттiк меншiгi басым кәсiпорындар негiзiнде экономиканың мемлекеттiк секторын ұйымдастыру болжанады. Ол салалық принцип бойынша құрылған тiгiнен, бiрiккен iрi мемлекеттiк ғылыми өндiрiстiк компаниялар–мемлекеттiк холдингтардан тұрады. Мемлекеттiк холдингтар мемлекеттiк меншiктi басқаруды корпоративтi басқару құралдары мен әдiстерiн пайдалана отырып ұйымдастырады. Олар нарықта мемлекеттiң–меншiк иесiнiң жарғылық құжаттарда келiсiлген мүдделерiне сай әрекет етушi экономикалық тәуелсiз кәсiпорындар болып табылады. Мемлекеттiк холдингтардың мақсаты елдiң ұлттық экономикалық қауiпсiздiгiн және экономиканың дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсаттарды индикативтi жоспарлар арқылы мемлекет анықтайды.

Индустриальды-инновациялық процесстердi мемлекеттiк қолдау. Ғылыми-техникалық революция кезеңiндегi экономиканы  мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгi көбiне оның индустриальды-инновациялық процеске әсерiмен анықталады. Басқарудың орталықтанған жүйесiнiң негiзгi артықшылығы ресурстар және ғылыми кадрлардың  стратегиялық индустриальды-инновациялық бағыттарда шоғырлану мүмкiндiгi болып табылады. Алдыңғы қатарлы елдер инновациялардың оптималды конвергенттi жүйесiне жеткiлiктi түрде жақын келдi.  Олардың көпшiлiгi ғылым мен жаңашылдықтың өндiрiске қатысты озық өсуi арқасында дамудың жоғары деңгейiне қол жеткiздi. Сонымен қатар, Жапония сияқты елдер тарихтың қиын кезеңдерiнiң өзiнде өндiрiстiң болашақтағы өсуiне маңызы зор екенiн ескере отырып, ҒЗТКЖ -ға қаржы бөлудi өсiрдi. Ресейге экономиканың мүшкiл жағдайына қарамай бюджеттiк қаржыландырудың статьяларына сәйкес, қаржыландырумен қамтамасыз ете отырып, сол стратегиялық жолғы түсу керек. [8]

Тауар, қаржы және ақпарат нарығын мемлекттiк басқару. Нарықтардың мемлекеттiк басқарылуы экономиканы мемлекеттiк басқарудың неғұрлым дамыған бөлiгiн құрайды. Нарықтың қай түрi болмасын әрқашан және барлық елдерде болған және мемлекетқұрылған кезден бастап басқарылып келген.

Қазiргi кезеңнiң шынайылығы нарықтарды басқаратын ақпараттық-қаржылық жаңа институттардың құрылуы мен  қаржылық және ақпараттық нарықтардың  көлемiнiң ұлғаюы мен маңыздылығының күрт күшеюi болып табылады. Бұл бағыттағы  алдыңғы қатарлы елдерден әлдеқайда артта қалған Ресей жинақталған тәжiрибенi қолдана алады. Салалар мен кешендi салалар сияқты, соларға сәйкес нарықтар да елдiң ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне маңыздылығы деңгейiне байланысты жiктеледi, компанияларындағы потенциалдың аталған нарықты шетел бәсекелестерiнен жеңiп алу және сәйкес нақықта ары қарай бекiту үшiн қолданылуы маңыздылығына байланысты да жiктеледi. Жiктеу бағанасындағы алатын орнына байланысты сыртқы экономикалық қызметтiң мемлекеттiк басқарылуының үгiсi таңдалады: шамалы протекционизмнен толық ашықтылыққа дейiн және тiкелей мемлекеттiк басқарудың қажеттi деiгейi.

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК