Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Қаржы министрлігі мемлекеттік  сатып алулардағы заңнамалық нормалардың  сақталуына бақылау жасайды.

Мұнай және газ министрлігі  жер қойнауын пайдаланушылардың  сатып алулары бойынша ақпараттарды жинайды және сараптама жасайды.

Мемлекеттік органдар сатып алулары бойынша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 647 бұйрығымен тауарлар, жұмыстар және қызметтерді (әрі қарай – ТЖҚ) сатып алуда қазақстандық қамту  көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинақтау, қорыту және талдау Ережелері бекітілді.

Ережеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді  мемлекеттік сатып алу кезіндегі  қазақстандық қамту көлемі туралы есеп күн сайын, автоматты түрде мемлекеттік  сатып алудың веб-порталында (бұдан әрі - Портал) қалыптасады.

Мысалға, Порталда орналастырылған септілік деректерге сәйкес, 2011 жылдың 1 жартыжылдығының  қорытындысы бойынша  жалпы сомасы 71 116,9 млн. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы 317 350 шарт бойынша міндеттемелер орындалды, тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық қамту 41 305,6 млн.тенгені (58,0 %) құрады.

Бұл ретте тауарларды мемлекеттік сатып алу 42 250,7 млн. тенге сомасына орындалды, соның ішінде отандық тауарлар 16 988,9 млн. тенге сомасына, бұл тауарларды сатып алудың жалпы көлемінің  40,2% құрайды; жұмыстарды мемлекеттік сатып алу 9 458,7 млн.тенге сомасына орындалды, соның ішінде жұмыстарды отандық жеткізушілер 7 720,4 млн. тенгеге орындалды, бұл орындалған жұмыстардың жалпы көлемінен 81,6% қазақстандық қамтуды құрайды; қызметтерді мемлекеттік сатып алу 19 408,4 млн.тенге сомасына орындалды, соның ішінде отандық жеткізушілерден 16 596,2 млн.тенге сомасына сатып алынды, бұл қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміннен 85,5 % қазақстандық қамтуды құрайды.

Қазақстандық қамту  туралы есептілік әкімшілері бөлінісіндегі  нақты ақпарат www.goszakup.gov.kz Порталында есептілік бөлімінде орналасқан.

 

 

 

Диаграмма 4. 2011 жылдың 1 жартыжылдығының бойынша мемлекеттік органдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту

 

2011 жылғы қаңтар –  мамыр аралығында қазақстандық  қамту бойынша нысаналы көрсеткiштердiң  төмен үлесі мынадай өңірлер  бойынша айқындалғандығын атап  өту қажет:

тауар сатып алуда (50 % төмен) – Ақмола (47,3 %), Ақтөбе (43 %), Батыс Қазақстан (27,7 %), Қостанай (42,9 %), Павлодар (43 %), Солтүстік Қазақстан (29,8 %) облыстарында, Астана (33,5 %) және Алматы (39,1 %) қалаларында;

жұмыс сатып алуда (80 % төмен) – Ақмола (46,0 %), Батыс Қазақстан (70,8 %), Павлодар (76,4 %) облыстарында және Алматы қаласында (36 %); 

қызмет сатып алуда (80 % төмен) – Жамбыл (74,5 %), Батыс Қазақстан (53,7 %), Павлодар (77,8 %) және Солтүстік Қазақстан (65 %) облыстарында.

Қазақстандық қамту  бойынша нысаналы көрсеткіштерді қамтитын негізгі факторлардың бірі, Қазақстанда өндірісі жоқ ұйымдастыру техникасын, компьютерлерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және т.б. мемлекеттік сатып алудың үлкен көлемі болып табылады.

Қазіргі уақытта, Қаржымині  нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің негізгі себептерін анықтап, тауарлардың позициялары бойынша мемлекеттік сатып алу саласында егжей-тегжейлі талдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ол бойынша ақпарат қосымша жіберілетін болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік  сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша тиісті шараларды қабылдау мақсатында Қаржымині бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес өткізудің қажеттілігі туралы мүдделі тараптарға бiрнеше рет хат жіберді.

Сонымен қатар, өңірлерде  қазақстандық қамтудың дамуын ынталандыратын тетіктердің бірі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы  А.Е. Мусиннің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы  №01-39.126 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен серпіні бойынша Астана, Алматы қалалары мен облыстар рейтингінің көрсеткіштер тізбесі жыл сайын негізде қалыптастыру болып табылады, онда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің өсу арқылы бойынша негізгі көрсеткіштер енгізілген.

Одан басқа, Қазақстан  Республикасында қазақстандық қамтуды  дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 35-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарда (оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда), ұлттық компаниялар мен холдингтерде, жүйе құраушы кәсіпорындарда, жер қойнауын пайдаланушы компанияларда мониторинг субъектілері басшыларының қазақстандық қамту үлесін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, сондай-ақ қазақстандық қамту бойынша ақпаратты бермегені немесе дұрыс емес ақпарат бергені үшін дербес жауапкершілігін бекіту туралы тиісті бұйрық қабылданды. Жылдың қорытындысына орай қазақстандық қамту бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбеу бойынша немесе жалған ақпаратты беру бойынша бұзушылықтар табылған жағдайда мониторинг субъектілері басшыларына әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік қолданылады.

Жазылғанның негізінде, жоғарыда аталған шаралар өңірлерде  мемлекеттік сатып алудын жалпы  көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша жұмысты  күшейтуге мүмкіндік береді.

Ұлттық  холдингтері мен компанияларындағы  сатып

2011 жылдың 1 жартыжылдығында ұлттық компаниялар және холдингтердің тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 56,1 млрд. тенге құрады. Қазақстандық қамту 19,7 млрд. тенге сомасына 35,1 % құрайды.

Бұл ретте:

- тауарларды сатып  алу көлемі 42,6 млрд. тенге құрады, бұл ретте қазақстандық қамту 12,5 млрд. тенге сомасына  29,3 % құрады;

- жұмыстарды сатып  алу көлемі  5,7 млрд. тенге құрайды,  бұл ретте қазақстандық қамту  2,1 млрд. тенге сомасына 37 % құрайды;

- қызметтерді сатып  алу көлемі 7,8 млрд. тенге құрайды, бұл ретте қазақстандық қамту 5,1 млрд. тенге сомасына  65,4 % құрайды.

 

 

Диаграмма 5. Ұлттық компаниялар мен холдингтардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі, 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында.

«Самырұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның сатып  алулары бойынша

«Самырұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның (бұдан әрi - Қор) және оның аффилиирленген ұйымдарының 2009–2011 жылдарға арналған тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алуларының жалпы көлемдерiнде қазақстандық мазмұнды арттыру бағдарламасының орындау шеңберiнде, есептiк кезеңінде келесідей шаралар атқарылды.

  1. Сатып алу үдерісінің нормативтік-құқықтық негізін жасақтау мен жетілдіру және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық мазмұнды арттыру.

Қазақстан Республикасының  «Ұлттық әл-ауқат қоры» туралы  заңының 7 бабына сәйкес, 2009 жылдың 18 қарашасындағы Қор Директорларының Кеңесімен бекітілген елу және одан да көп дауыс беретін акциялар (қатысу үлесі) иелену немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тура немесе жанама Қорға тиесілі ұйымдардың және Қордың сатып алуларының ережесі (бұдан әрі– Ереже) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алулардың арнайы тәртібін анықтайды оған сәйкес 2011жылдың 1 қаңтарына 268 компания сатып алуды жүргізеді.

Ережелермен отандық  тауар өндiрушiлер үшiн айтарлықтай пұрсаттылықтар қарастырылған, соның iшiнде:

1) тендердің сұранымдарын  салыстыру және тендердің жеңімпазын  таңдау кезінде  сатып алынатын  тауардың отандық тауар өндiрушiлерi  үшiн бағаны 20%-ға шартты төмендетуді   қолдану;

2)  сатып алынатын  тауарларының отандық тауар өндiрушiлерді тендер сұранымын қамтамасыз етуiн беру және сатып алу келiсiмшартын орындауынан босату;

3)  тендерге  қатысушыларының  бағалық ұсыныстарының теңдiгiнде  отандық тауар өндiрушiлерді артық  көру;

4) сатып алынатын тауардың  отандық тауар өндiрушiсiмен келiсiм шартының сомасынан 30%-нан  кем емес көлемде алдын ала төлеу;

5) тек қана отандық  тауар өндiрушiлердiң арасында  сатып алуларды ұйымдастыру мүмкiндiгi:

6)  Тапсырыс берушінің  техникалық шарттары бойынша  Қазақстан Республикасында тауарларды сериялық өндірудің ұйымдастыруын қарастыратын отандық тауар өндірушілерден, егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында соңғы үш жылда өндiрiрілмеген болса, тауарларды ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттары бойынша алу.

Отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді өзара тиімді серіктестік орнату мақсатында, импорт алмастырушы өндiрiсті жүзеге асыратын  кәсіпорындарға қолдау көрсету, Қор ұйымдары мен отандық тауар өндірушілердің арасында меморандумдарға қол қою механизмі жетілдірілген және олардың негізінде ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар жасалады.

2. Тауарлар, жұмыстар  және қызметтердiң сатып алуларындағы  қазақстандық мазмұнның мониторингі.

Қазақстан Республикасының  «Ұлттық әл-ауқат қоры» туралы  заңының 7 бабына сәйкес, Қор қазақстандық мазмұн бойынша жинақталған мәлiметтi сауда және индустрия саясатын мемлекеттiк реттеудiң төңiрегiндегі уәкiлеттi органға беруге мiндеттi.

Көрcетiлген заң нормасының орындалуы, елу және одан да көп пайыз  акциялар (қатысу үлесі) иелену немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тура немесе жанама Қорға тиесілі ұйымдармен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі қазақстандық мазмұнының мониторингі интерактивтік картасы (бұдан әрі– Карта)   негiзгi элементтерiнiң бiрi болып табылатын қазақстандық мазмұнының мониторингілеу жүйесі арқылы іске асады.

Қор Басқармасының Шешiмімен  бекiтiлген Картаны дамытудың Тұжырымдамасына  сәйкес, ол сатып алулардағы қазақстандық мазмұн және импорттың үлесін толығымен  Қордың тобы бойынша, әрбір ұйым бойынша  жеке және әрбір аймақ бойынша   тапсырыстардың көлемдері мен үлестiрiлуi, сатып алулардың жылдық жоспарын игеруі,  жасасқан шарттар бойынша төлемдер кестесі және басқа да аналитикалық көрсеткіштерді көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігінің 2010  жылғы 21 мамырдағы № 81 «Тауарлар, жұмыстар және қызметтердiң сатып алуларындағы қазақстандық мазмұн бойынша мәлiметтiң ұйымдарымен берудiң формаларын бекiту туралы» бұйрығын орындау мақсатында тауарлар, жұмыстар және қызметтердi сатып алулары мәселесі бойынша Холдингтiң ұйымдарымен есеп берудi құрастыру және ұсыну тәртібі туралы жаңа Нұсқаулық жасалған.

 «ҚазМұнайГаз»  ҰК» АҚ

Сатып алулардағы қазақстандық мазмұнын өсіру бойынша салалық  Бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ аралығында жалпы соммасы 1 миллиард 45 миллион теңгені құрайтын 37 арнайы техниканың мен көтергiш агрегаттардың  әр түрлі бiрлiктерiне жеткізілім шарттары жасалған.

Орташа және ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қажеттiлігі туралы отандық тауар өндiрушiлерге ақпарат беру мақсатында  2010 жылға арналған сатып алу жоспары және импортталатын ұстанымдарды ерекшелей отырып 2011-2015 жылдардағы кезеңге арналған сатып алуға жоспарланған  тiзбелер, тауарлар  компаниялар сайттарында орналастырылған.

Бұдан басқа, электронды ақпарат тасымалдаушыларда көрсетілген  тізбелер отандық өнім берушілердің арасында таратылады. Сонымен осы  жылы республика аймақтарындағы,  соның iшiнде Петропавл, Орал, Павлодар, Тараз, Көкшетау, Шымкент, Ақтөбе қалаларында тауар өндiрушiлермен өткiзiлген жұмыс кездесулерiнде бұл өлкелердiң қазақстандық өнім берушілеріне тiзбелердiң 400 шақты даналары берілген.              «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасымен  ««ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Қазақстан Республикасында 2010-2012 жылдарға арналған мұнай-газ машина жасауды дамытуға жәрдемдесу Бағдарламасы» қабылданған. Бұл Бағдарламаның мақсаты мұнай-газ саласын әлемдік сапа стандарттарына жауап беретін отандық өндірістің жабдықтары және техникасымен қамтамасыз ету және мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық мазмұнын дамыту болып табылады. Бағдарлама елдiң түгелдей дерлiк өлкелерiнiң машина жасау кәсiпорындарын қамтиды. Сондай-ақ Бағдарламаны iске асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» және «Қазақстан Инжиниринг» мамандарының қатарынан мұнай-газ және машина жасау кешендерiнің өзара әрекеттесуі сұрақтарын жедел шешетiн,  мұнай-газ машина жасау сұрақтары бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды.            

Бүгінгі таңда республиканың  индустриалды - инновациялық дамуы бойынша міндеттерін iске асыру шеңберінде  Индустрия және  жаңа технологиялар министрлiгi мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аралығында Технологиялық келісіміне қол қою жоспарлануда. Технологиялық келісімінің мақсаттары:

- «ҚазМұнайГаз» ҰК»  АҚ компаниялар тобын заманауи жабдықтармен, сапалы босалқы қор бөлімдерімен қамтамасыз ету;

- «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ компаниялар тобындағы тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып  алуларындағы қазақстандық мазмұнының  ұлғайту бойынша мақсаттық көрсеткіштерге  жету;

- Қазақстан Республикасында инновациялық-белсендi кәсiпорындардың үлесін өсіру болып табылады.

«ҚазақстанТемірЖолы»  ҰК» АҚ

Бағдарлама әрекетінің басталуынан Компания тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу және темір жол өнімдерінің 2820 атауын меңгеру туралы сұрақтар бойынша отандық тауар өндiрушiлермен 100-ден аса жұмыс кездесулерiн өткiздi.

Меңгеруге ұсынылатын темiр  жол өнiмдерiнiң 2820 атауларынан 2011 жылдың 1 қаңтарындағы күйi бойынша:

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК