Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Инжиниринг және трансферттік технология Орталығының негізгі  міндеті – технологияны трансферттеу жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, индустриальды-инновациялық дамудың инфрақұрылымын жасау.

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып экономикалық дамуды басқарудың принципті жаңа жүйесі – Ұлттық Индустриальды-инновациялық Жүйені (ҰИЖ) құра бастады.

ҰИЖ негізгі төрт элементтен тұрады. Бұл ғылыми потенциал, индустриальды-инновациялық кәсіпорын, қаржылық және индустриальды-инновациялық инфрақұрылым.

Бұл жүйеде технопарктер маңызды орындардың бірін иемденеді, өйткені олар тиімді ортаны жасауға бағытталған, яғни, ірі кәсіпорын болсын немесе жекеленген ғалым болсын қазіргі заманғы ғылыми талдауларды жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болады. Бұл – салықтық преференциялар, өндірістік және офистік алаңдарды жеңілдікпен арендалау, алдыңғы қатарлы зертханалық қондырғылар, маркетинг бойынша кәсіби кеңестер алу, патент алу, т.б.

Қазақстандағы технопарктер жүйесін дамыту Концепциясына сәйкес олар екі деңгейде қалыптастырылмақ: ұлттық және аймақтық деңгейдегі парктер.

Қазіргі кезде үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет етеді. Мәселен каспий аймағында орналасқан “Ақтау теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана – жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк – ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.

Үш аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса  бастады.

Шетелдік инвесторлар  мен даму институтының қатысуымен жаңа жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Дамыған шетелдер мен  көрші Ресей аймақтарындағы алдыңғы  қатарлы өндірістік компаниялармен келісімдер жүргізілуде.

Инвестициялық климаттың  тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық  жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға  дейінгі мерзімде корпоративтік  салықтан босату нормасы енгізілуде.

Тозған негізгі қорларды жаңартуға ынталандыру үшін амортизациялық есептеулердің жаңа әдістеріне көшу жоспарлануда.

Бұл әдіс белгілі уақыт  өткеннен кейін белгіленген активтердің  құнын толықтай есептеп шығаруға мүмкіндік береді және негізгі қордың белсенді бөлігінің амортизациясының максималь мерзімі 4 пен 15жыл аралығы болмақ. Жаңа амортизациялық саясат негізгі капиталды жаңартудың басты ынталандырушы факторы болмақ.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік индустриальды-инновациялық саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттің міндеттері:

1. Елдің әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін арттыру мақсатында  мемлекеттік индустриальды-инновациялық  саясатты жүзеге асыру бойынша  нормативтік-құқықтық заңнаманы  әзірлеу және оның  орындалуын  бақылауға алу;

2.Ғылыми, техникалық, білім беру, кәсіби сапаларына қарамастан индустриальды-инновациялық процестің барлық субьектілеріне тең құқықтар  ұсыну. Индустриальды-инновациялық жобаларды қабылдаудың басты талабы экономикалық мақсаттылығы және қаржылық жағдайы болып саналады.

3.Республикалық және жергілікті билік органдары арасындағы  жауапкершілік принциптерінің айырмашылығына қарамастан, инновациялы қызмет қатысушылары мен субьектілері арасындағы келісімді бірыңғай принциппен жүргізу;

4.Басқару органдарының нақты функционалдық міндеттерге қызметтерін шектеу, индустриальды-инновациялық қызмет стратегиясы мен тактикасын анықтауда министрліктің, ведомствоның және ұйымның монополизмдік жағдайына жол бермеу;

5.Индустриальды-инновациялық процеске қатысушыларды кезкелген құрылымның заңға қарсы  шараларынан  заңдық тәсілмен қорғау;

6.Индустриальды-инновациялық процесс қатысушыларының қажетті ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету;

7.Экономиканың индустриальды-инновациялық құрылуының жыл сайынғы өзгертулермен жалпы республикалық бағдарламасын қалыптастыру.

Қорытындылай келсек, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриальды-инновациялық қызметке қолайлы жағдай жасау – бұл алдымен  мемлекеттік басқарудың барлық органдарының міндеті. Мақсатты бағытталған мемлекеттік индустриальды-инновациялық саясаттың негізінде  отандық экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз етуге болады.

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ

 

    1. Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалардың қазіргі жағдайын талдау

 

Бүгінгі таңда, дамушы нарықтардағы бәсекелестік күшейгенде, ішкі және әлеуетті сыртқы нарықтарда тез орнығып, 170 млн. адамдық қолжетімді нарығы бар Кеден  одағының әлеуетін барынша іске асыру  қажет. Бұдан басқа, Қазақстанның бірегей географиялық орны Азия мен ТМД елдерінде (Ресей, Орталық Азия, Қытай, Иран, Үндістан) тиімді жаһандық серіктестік ұстанымын жүзеге асыру және иелену мүмкіндігін жасай алады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының белсенді болуының қолжетімді нарықтарын кеңейту мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің, тоқыма өнеркәсібінің және туризмнің шикізаттық емес экспорттың белсенді қолдауын қамтамасыз ету.

Бюджетінің бүйірін  мұнаймен бүлкілдетіп отырған Қазақстанды  шикізатқа тәуелділіктен құтқарып, ғылымы озық, өндірісті елге жетелейтін индустриалды-инновациялық бағдарлама болып отыр. Бұл стратегияның қанат қақты жобасы 5-6 жыл бұрын басталған. Кейін билік кластерлік әдіс, 30 корпоративті жетекші, сол арқылы 50 дамыған елдің қатарынан көріну секілді асқақ міндеттерді алға қойғанда дағдарыс төніп, индустриализацияға ұлттық жоба тұрғысынан қарауға тура келді. Қазақстанның әлемдік экономикалық күйзелістен кейінгі дамуы да осы өндірістендіруге байланысты. Сондықтан 7 бағытқа басымдық беріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені, құрылыс индустриясы, мұнай және газ өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібі, энергетика, көлік және коммуникация, сосын, автомобиль магистралі. Бағдарламаның іске асуын Үкіметтен құрылған арнайы штаб бақылайды. Өткен жылы тиімді шыққан «Жол картасы» бағдарламасынан жинақталған тәжірбие өндірістендіруді іске асыруда үлгі болмақ. 2010 жыл Қазақстан үшін дағдарыстан кейінгі даму жылы. Биыл Үкімет экономиканы жедел дамыту жөніндегі индустрияландыру бағдарламасын бастайды. Индустриялды картаға енген жобалар бойынша Үкімет екі бағытта жұмыс істейді. Бірінші бағыт –бұл биыл іске қосылатын нысандар. Қазір мұндай жобалардың саны 70-ке жетіп жығылады. Бұл нысандар бойынша негізгі мәселелер шешімін тапты. Енді, құрылысты уақытында аяқтау қажет. Ал, жобалардың мерізімінен кешікпей тапсырылуы әкімшіліктердің жанынан құрылған арнайы штабқа жүктеледі. Ал, екінші бағыт бойынша барыс жылында тағы 44 жоба қолға алынады. Оның ішінде, 37 ірі жобаны министрліктер мен ұлттық холдинг жетекшілері қадағалайды. Жергілікті жердегі жобаларға облыс әкімінің орынбасарлары жауапты. Сәуір айында бірқатар нысандардың құрылысы басталуы тиіс. Премьердің пайымдауынша, индустрияландыру бағдарламасын оңтайлы жүзеге асыруға үкімет мүшелерінің де, аймақ басшыларының да шамасы жетеді.

Алдағы 5 жылға жоспарланған Қазақ мемлекетінің индустриалдық дамуына, павлодарлықтар сүбелі үлес қосады. Өлкеде, инвестициялық жобалардың кедергісіз hәм кешенді іске асуына жауапты, үйлестіру кеңесі құрылды. Павлодар облысында 49 жоба іске асады. Оның 25-і- осы жылы аяқталуға тиіс. Жобалардың жалпы құны- 220 млрд теңге. Ал, 5 жылға арналған жобаларды іске асыру үшін, триллион теңгеге жуық қаржы керек. Маусым айында, «Электролиз» зауытының екінші кезеңі іске қосылады. Жақында «Ферроқорытпа» зауытында агломерациялық цех өнім шығара бастайды. Ал, «Ақсудағы» жылу энергия орталығында екінші энергоблок күрделі жөнделеді.

Ал Қызылорда облысында  индустрияландыру картасы бойынша 2014-шы жылға дейін 9 ірі жоба жүзеге асады. Сол кезде өндіріске 7 мың  жұмысшы маман қажет болады. Оларды Қызылордадағы техникалық орталық даярлайды. Бұл орталық - 2012-шы жылға дейін 1200-ден астам маманды қайта оқытуды жоспарлап отыр. Бұған 200 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Былтыр 6 мамандық бойынша, 180 адам даярлықтан өтті. Биыл олардың саны екі есе артады.

Өскемендегі жылыжай шаруашылығы алдағы жазда технологияны жетілдіріп, қара шіріктен тыңайтыш өндіретін зауыт салмақ. Қазір бұл жоба облыстың индустриялық-иновациялық даму картасына енгізілді. Ал әзірше шаруашылық жылыжайларды кеңейтіп жатыр. Жақында ғана Өскемен қаласынан оның тағы бір бөлімін ашты.

Бағдарламаны іске асыру  екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:        

1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.       

2010 жылы Бағдарламада міндеттерді  шешу үш бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау (кадрлар даярлауды, жастар  практикасын және әлеуметтік  жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік  секторды сауықтыру; экспортқа  бағдарланған өндірістерді қолдау.       

2010 – 2014 жылдары міндеттерді  шешу екі бағыт бойынша іске  асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды  және экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.        

2-кезең – 2015 жылдан  бастап 2020 жыл аралығы. 

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды  сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді  шешу мақсатында уәкілетті орган  нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру  Бағдарламаға қосымша болып табылатын  іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен  облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:

өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс  орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің  өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін  түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер  туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.

Мемлекеттік бағдарламада экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның шикізат емес секторларын  жедел дамыту көзделіп отыр.

Бұл ретте экономиканың экспортқа бағдарланған дәстүрлі секторларындағы ұлттық холдингтер, отын-энергетика кешенінің және металлургия өнеркәсібінің жүйе құраушы компаниялары бастамашылары болып табылатын ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар, шағын және орта кәсіпорындардың экспортқа бағдарлануын дамыту перспективасымен қазіргі заманғы өндірістер құру үшін оларды дамыту Мемлекеттік бағдарламаның басымдығы болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлік  халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады. Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Осыған байланысты кредиттерге  кепілдік беру және кредиттер бойынша  пайыздық ставкаларды субсидиялау  сияқты құралдар айтарлықтай танымал  және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту  қажет.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік  қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын  және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар: 

қаржыландыруға қол  жеткізу және қарыз алу құнының  жоғары болуы; 

индустриялық инфрақұрылымның дамымауы; 

кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

Бұдан басқа, осының алдындағы  жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.       

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК