Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.
Германияда кредит
берудің мынадай жеңілдікті
төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);
кредит берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);
алынған сомаларды кез келген
уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік
жағдайда қосымша төлемдерсіз);
үлестік қаржыландыру (мемлекет
қаражаты есебінен
Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.
Жоғарыда жазылғандарға
2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Бағдарламаны іске асыруға
республикалық бюджеттен 2010 жылы
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Осылайша индустриялық дамуға еліміздің әр өңірінде дайындық басталып кетті. Жалпы алғанда индустриялық – инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін 50 миллиард доллар қаржы жұмсалады. Оның белгілі бір бөлігі бюджетен бөлінсе, қалғаны отандық және шетелдік инвестицияның үлесінен. Осылайша қомақты қаржы, қарқынды жоба және кадрлардың қажыр-қайраты қазақ елінің жаңа индустриялық келбетін қалыптастырады.
2.2. Қазақстан Республикасының
«Еліміздің инновациялық дамуына ғылымның белсенді түрде енудің бастаулары қазірдің өзінде бар. Біздің ғалымдарымыз 200-ден аса инновациялық жобалар жасап қойды. Оның ішінде ең үздік деп танылған 10 жоба «Инновациялық Қазақстан – 2030» форумында көрсетілді. Бұл жобалар коммерциялық жүзеге асыруға дайын және экономиканың көптеген салаларында салмақты экономикалық тиімділік береді. Мысалы, қара селенді дистилляциялық тазарту – вакуумын ендірген кезде «Қазақмыс» корпорациясы оны пайдаланған алғашқы жылдың өзінде 1 млрд теңгеден аса пайда табатын болады. Дәнді дақылды тартуға арналған электромагниттік модуль дақылдың ысырап болуын азайтады, оның ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етіп, 3 млрд теңгеден аса экономикалық тиімділік береді. Өткен жылдың күзінде ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының мәжілісінде ең өзекті деген 88 жоба бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға бекітілді».
ҚР Президенті Н.Назарбаев
Елбасымыздың айтқанынан қаржыландыру барысында немесе қаржыландырылатын индустриалды-инновациялық жобалар болашақта отандық немесе халықаралық нарықта сұранысқа ие, табыс әкелетіндей болуы тиіс. Нарықтарды бөліп отырған себебім, көптеген жобалар халықаралық нарыққа шыға алмай қалуда. Ал, мемлекет ішінде сатылатын индустриалды-инновациялық өнімдер сапалы, салыстырмалы түрде арзан импорт кесірінен ығыстырылуда.
Диаграмма 1. Отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірушілер өз өндірісінде инновация саласын қолдану деңгейі.
Орта есеппен алғанда 2003-2006 жылдар аралығында инновация саласында біршама көтеріліс байқалуда. Бірақ, 2007-2010 жылдарда төмендей бастады. Оған себеп ретінде
1. инновациялық жобалардың қымбаттылығын
2. өзіндік құнының
3. нарықта сұранысқа ие болмауын айта аламыз.
Жоғарыда айтылғандар өз кезегінде сұраныс-ұсыныс қисықтарында тепе-теңдік нүктесінен жоғары тұрғанын көрсетеді. Уақыт өте келе отандық кәсіпорындар инновациялық салаға бірқалыпты 4,0-4,3 пайзда тоқтады.
Инновациялық өнімдерді өндіру мен өткізу арасындағы айырмашылығы арқылы жобалардың пайдалылығын есептеп шығаруға болады. Кестеде өткізілген инновациялық өнімнің көлемі берілген:
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Өткізклген инновациялық өнім көлемі, барлығы |
156039,8 |
152500,6 |
111531,1 |
82597,4 |
142166,8 |
ҚР тыс жерлерге |
81149,9 |
82841,6 |
60655,7 |
3425935 |
73393,5 |
ТМД елдеріне |
23244,3 |
25872,8 |
6604,7 |
8643,5 |
3650,4 |
Қайтадан енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгерістерге түскен өнімдер |
88416,5 |
107585,8 |
89650,3 |
71591,5 |
124587,5 |
ҚР тыс жерлерге |
35721,5 |
49993,9 |
58631,6 |
... |
72143,0 |
ТМД елдеріне |
16593,3 |
15667,0 |
5910,5 |
... |
3419,0 |
Жетілдіруге ұшыраған өнімдер |
56570,1 |
38818,0 |
15492,4 |
7408,0 |
13176,1 |
ҚР тыс жерлерге |
40898,6 |
31217,8 |
1160,3 |
... |
858,0 |
ТМД елдеріне |
3740,2 |
8732,3 |
694,1 |
... |
231,4 |
Өзге инновациялық өнімдер |
10835,5 |
5936,5 |
5474,9 |
1575,8 |
915,3 |
ҚР тыс жерлерге |
4529,8 |
1630,0 |
315,6 |
... |
392,5 |
ТМД елдеріне |
2910,8 |
1473,5 |
- |
... |
- |
Инновациялық сипатты қызметтердің көрсетілгені, барлығы |
6431,1 |
75512,5 |
18240,4 |
13854,6 |
8849,7 |
ҚР тыс жерлерге |
236,1 |
1992,8 |
1795,0 |
... |
218,0 |
ТМД елдеріне |
8,0 |
132,8 |
276,6 |
... |
9,4 |
Кесте 1. Өткізілген инновациялық өнімнің көлемі.
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | |
Барлығы |
79985,9 |
83526,4 |
113460,1 |
61050,9 |
235501,7 |
Оның ішінде: Жаңа өнімдерді, қызмет көрсетуді және оларды өндіру әдісін (табыстау), Жаңа өндірістік процестерді зерттеу және әзірлеу |
13718,2 |
6307,9 |
17800,5 |
7338,7 |
25725,9 |
технологиялық инновациямен байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алу |
40423,8 |
58083,1 |
740899,5 |
47764,8 |
62774,2 |
одан: өнертабыстарды, өнеркәсіптік үлгілерді, пайдалы модельдерді пайдалануға лицензиясы, патент алу құқығы, |
533,7 |
29,4 |
15,9 |
37,11 |
211,9 |
бағдарламалық құралдарды сатып алу |
1224,8 |
795,7 |
706,4 |
365,9 |
383,1 |
Өндірістік жобалау, жаңа өнімдерді шығаруға арналған өндірісті дайындаудың басқа түрлері, жаңа қызмет көрсету немесе оларды өндіру (табыстау) әдісін енгізу |
1500,3 |
4194,2 |
11553,1 |
2907,6 |
121801,5 |
инновациялармен байланысты персоналды оқыту және дайындау |
155,5 |
1106,7 |
666,5 |
1271,4 |
3671,9 |
маркетингтік зерттеулер |
288,0 |
189,5 |
125,7 |
48,1 |
86,9 |
Патентсіз технологияларды сатып алу |
... |
... |
... |
33,8 |
0,1 |
Тауарлық белгілерді сатып алу |
... |
... |
... |
8,3 |
55,1 |
Технологиялық инновацияға жұмсалған өзге шығындар |
20848,3 |
12631,8 |
5545,4 |
... |
4590,9 |
Кесте 2. Технологиялық инновацияға жұмсалған жалпы шығындар құрылымы
Берілген ақпараттардың
қорытындыларын қолдана отырып, келесі
диаграммада инновацияға жұмсалған
жалпы шығындары мен
Диаграмма 2. Өткізілген инновациялық өнім көлемі мен инновацияға жұмсалған жалпы шығындар, млн. теңге
Индустриалды-инновациялық даму саласында қазақстандық қамтуды дамыту үлесі
Өзім Қазақстан
Индустриалды дамытуды инвестициялық қамтамасыз етудің тағы бір міндеті Қазақстандық қамтуды дамыту болып табылады, оның процестерін құқықтық реттеу үшін үкіметтің 10-нан астам актілері әзірленген және бекітілген.
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесі және тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тізімі бекітілген.
Отандық тауар өндірушілерін және отандық жұмыс пен қызмет жеткізушілерін мемлекеттік қолдау шаралары анықталған.
Барлық субъектілер үшін тауарларды, жұмыстар мен қазметтерді сатып алуды есептеудің оңтайлы және неғұрлым объективті әдістемесін анықтауда Қазақстандық қамту есебі және тауардың шыққан елін анықтау, тауардың шығуы туралы сараптама актісін құрастыру және беру, тауардың шығуы туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру бойынша Ереже, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында Қазақстандық қамтуды дамытуға бағытталған шараларды күшейту бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.
Базасында 19808 тұтынушы-кәсіпорын және2730 өндіруші-кәсіпорын бойынша ақпарат орналастырылған, Қазақстандық өндірушілер шығаратын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай тізімі құрылған (МСБ субъектілерінің үлесі 95% құрайды).
Диаграмма 3. Қазақстандық тауарлар, жұмыстар және қызметтерді өндірушілері мен тұтынушылар көлемі.
«СТ-KZ» - отандық шығарылған
тауарларды сертификаттау жүйесі ендірілген,
оның болуы отандық тауар
Диаграмма 3.Тауарлардың өндіру рейтингі (сапа бойынша A, B, C, D, E)
Отандық тауар өндірушілер өнімдерінің сапасы негізінен орташа, С тобына жатады. Бұл өз кезегінде шет елден келетін сапасы жоғары тауарларға бәсекелес бола алмайтынын көрсетіп отыр. Мақсатымыз А тбындағы тауарларды өндіру ғана емес. Себебі тауардың сапасы небәрі жақсы болса, оған деген тұтынушылардың саны оның бағасының қымбаттылығы себебінен азая бастайды. Ал, мақсатымыз С тобындағы тауарлар санын D және Е тобына түсірмей бірқалыпты ұстап немесе жақсартып, A және В стобындағы өнімдерді көбейту болып отыр.
2009 жылғы жоспарланған шекке қол жеткізілді - жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесі 60% құрады.
Ірі және шағын компаниялардың
ынтымақтастығын ретке
Нәтижесінде жалпы сомасы 909,2 млрд. теңгеге 960 меморандум, жалпы сомасы 747,7 млрд. теңгеге 11 мыңнан астам келісім-шарт жасалды.
«Қазақстандық қамту» интернет-порталы іске қосылып, онда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің сатып алу жоспарлары топтастырылған.
Мемлекеттiк органдардың, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық мазмұнының үлесін артыру
Мемлекеттік органдардың қызметтерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығымен негізгі төрт ірі сатып алу субъектісі анықталған: мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылар және жүйеқұраушы кәсіпорындардың сатып алулары.
Осылайша Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі саясат және заңнамалық негізін жетілдіруге жалпы бақылау жасайды, жүйеқұраушы кәсіпорындардағы, ұлттық басқару холдингінде, ұлттық холдингтері мен компанияларындағы қазақстандық мазмұнға мониторинг жасайды.