Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Статистика жөніндегі агенттік мәліметтері  бойынша 2005 жылы инновация саласында  республикада 10392 кәсіпорын тексерістен  өткізіліп, 352 шаруашылық субьектісінде  аяқталған технологиялық инновацияның бар екендігі анықталды. Кәсіпорындардың  жалпы индустриальды-инновациялық белсенділігі  3,4%-ды құрады.

Жоғарғы индустриальды-инновациялық белсенділік 250 адамнан артық адам жұмыс істейтін ірі өндірістік кәсіпорындарда байқалған.Олардың ішінде 31% жаңа енгізімдерді өндірісте қолданады. 

Индустриальды-инновациялық саясаттың  басты мақсаты өндірістің технологиялық  деңгейі мен бәсеке қабілеттігін арттыру, осының негізінде өнеркәсіптік өндірісті орнықты экономикалық өсу кезеңіне көшіру болып табылады.   Алға қойған мақсатқа қол жеткізу индустриальды-инновациялық  қызметтің даму процесін, атап айтқанда әзірленген және енгізілген инновациялар санын, кәсіпорындар сатып алған және табысталған техникалық жаңалықтар санын, өндірілген  және әзірленген индустриальды-инновациялық өнімнің көлемін, индустриальды-инновациялық дамуды тежеуші факторларды және т.б. объективті түрде көрсете алатын стратегиялық көрсеткіштер жүйесін құрумен қоса жүргізілуі тиіс.   Осыған байланысты Қазақстан үшін Ресейдің өнеркәсіп кәсіпорындарында индустриальды-инновациялық қызметтің статистикалық зерттеулерін жүргізу тәжірибесі белгілі бір дәрежеде қызығушылық туғызады. Ресейде  өнеркәсіптегі индустриальды-инновациялық қызметті зерттеулермен Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Экономикалық конъюнктура орталығында, Зерттеулер мен ғылым статистикасы  орталығында, Өтпелі кезең экономикасы институтында және т.б. айналысады. Ғылыми зерттеу және статистика орталығында Экономикалық Ынтымақтастық  және Даму Ұйымы стандарттарының негізінде индустриальды-инновациялық қызметті зерттеудің әдістемесі әзірленді, сондықтан осы әдістеме бойынша алынған нәтижелер басқа статистикалық зерттеулер нәтижелерімен салыстырғанда шетелдік көрсеткіштермен барынша ұқсас болып келеді.   Ғылыми зерттеу және статистика орталығы өнеркәсіп орындарындағы  индустриальды-инновациялық қызметтің конъюнктуралық зерттеулері нәтижелерінің негізінде жыл сайын статистикалық жинақтар, талдамалы материалдар мен анықтамалықтар шығарады.

Конъюнктуралық зерттеу кезіндегі  индустриальды-инновациялық қызмет дегеніміз, әдетте, жаңа немесе жетілдірілген өнімдердің, технологиялардың, шикізаттар мен материалдардың, қызметтер көрсетудің, өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру әдістерінің түрлерін жасау, сатып алу, игеру және тарату жөніндегі барлық шаралар жиынтығы болып табылады. Индустриальды-инновациялық қызметтің мұндай ауқымды түсіндірмесі көп жағдайда неғұрлым маңызды инновация болып есептелетін ресми статистикамен салыстырғанда  өнімнің технологиялық процесі мен бәсеке қабілеттілігі бар өндірісін жетілдіру мақсатында өнеркәсіптік орындарда жүргізілетін ғылыми-зерттеу шараларының барлық кешенін зерттеу қажеттілігіне көзделген. [19]

 Ресей тәжірибесін ескере  отырып, Қазақстан Республикасының  Индустрия және сауда министрлігінің  Стратегиялық жоспарлау департаменті  қазақстандық кәсіпорындардағы индустриальды-инновациялық қызметтің конъюнктуралық зерттеулер сауалнамасын әзірледі. Сауалнама негізгі он жеті көрсеткішті, оның ішінде инженерлік-техникалық мамандарды қоса алғанда, кәсіпорын қызметшілерінің тізімдік санын, өндіріс қуатының жүктемелік деңгейін, тартылған инвестициялардың көлемін, өндіріске көзделетін жаңа технологиялық процестер мен жаңа өнімдердің түрлерін енгізуді,  индустриальды-инновациялық қызметтің тежеуші факторларын  қамтиды.

Қазақстан Республикасында  индустриальды-инновациялық қызмет субьектілерінің қызметтерін үйлестіруші, негізі ұйымдастырушы орган Қазақстанның мемлекеттік индустриальды-инновациялық қоры болып табылады.

Индустриальды-инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң бәрiнде  бiрдей толық дәрежесiнде бола бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар және басқалары сияқты жоғары технологиялық салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң басты мақсаты Қазақстан Республикасында индустриальды-инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу. Индустриальды-инновациялық қорды құру инновацияларды енгiзудiң тиiмдi және нарықтық тетiктерiнiң болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi кеңiстiктiктiң барлық елдерiне тән жүйелi проблеманы шешуi тиiс. 
Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден, бұл әзiрленген инновацияларды енгiзудiң қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Осы проблеманы шешу үшiн  Индустриальды-инновациялық қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан Қазақстандағы  венчурлiк қаржыландыруды ынталандыру мен дамытуға және индустриальды-инновациялық инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс. Индустриальды-инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы кезеңiнде отандық және шетелдiк серiктестермен бiрге индустриальды-инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын және венчурлiк қорларды құратын болады. 
       Индустриальды-инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың құралуы және өсуi бойынша еншiлес жобаларды қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып, өз белсендiлiгiн индустриальды-инновациялық инфрақұрылымды нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қаржыландыруға бағыттайтын болады. [13]   

Қордың негiзгi мiндеттерi: индустриальды-инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер мен  технопарктердi, ақпараттық-талдау орталықтарын және т.б) құруға қатысу; отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды құру; құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталдарына жоғары технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн өнiм өндiру, жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында қатысу; коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, қызмет көрсетулердi жасауға бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды гранттар беру арқылы қаржыландыру болып табылады.  
     Индустриальды-инновациялық қордың гранттарды бөлу туралы шешiмi шетелдiк ғаалымдарды тарта отырып, тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы тиiс. Қаржыландыру үшiн таңдалған ғылыми зерттеулер ҚИҚ және Қазақстанның Даму Банкi арқылы қаржыландыру аясындағы жобаларға тұтас алғанда сәйкес келуi тиiс. 
Қазақстан Республикасының индустриальды-инновациялық даму бағдарламасында жергілікті жерлерде индустриальды-инновациялық қызметті дамытуда облыс әкімдері маңызды рөл атқарады, өйткені мемлекеттік индустриальды-инновациялық саясатты іске асырудағы басты салмақ аймақтарға түседі.

Мамандардың пікірінше, индустриялық-индустриальды-инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін бұл бағытта мынадай негізгі міндеттер жүзеге асырылуы тиіс:

1. Республикада индустриялық-индустриальды-инновациялық  күштерді қалыптастырып, нығайту  қажет. Бұл бағыттағы іс-шараларды  мемлекет тарапынан жоспарланған  жұмыстарды Қазаұстанның Даму  Банкі мен Қазақстандық инвестициялық қор қаржыландыруы тиіс.

2. Мемлекеттік мекемлер  қызметін индустриялық-индустриальды-инновациялық  даму мақсаттарына сәйкестендіре  отырып қайта құру болып табылады.Бұл  міндеттің орндалуы білім мен  ғылымды, қаржы фискалдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Бұл орайдағы жаңа бағыт экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау болмақ.

3. Жұртшылық арасында  индустриялық-индустриальды-инновациялық  дамуды халық арасында насихаттау. Мемлекеттік және жеке құрылымдар арасында түсіністік механизмін қалыптастыру керек. [20]

Қорытындылай келе, елімізде шығарылатын отандық өнімдерің халықаралық рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңызы зор. Ол үшін шығарылатын өнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеру қажет. Жалпы алғанда индустриальды-инновациялық даму жаңалықтың ойлап табылуы, оның өндірістік күйге келтірілуі, өнімнің шығарыла бастауы тағы басқа сатылардан тұрады десек,қай сатысының болмасын жүзеге асуының негізгі шарттары бөлінген қаржы мен жұмыс күші болмақ. Бұл шарттар орындалғанның өзінде, америкалық ғалым К.Холттың зерттеуі бойынша, өнеркәсіптік жобалардың 80%-ы даму жолының алғашқы сатысында-ақ жүзеге аспайды екен. Яғни, қазіргі заман талабы сол, өндірісті дамытуда мемлекет пен кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс орнауы қажет. Қазіргі таңда Қазақстанның индустриальды-инновациялық дамуының негізгі мәселесі кәсіпорындардағы индустриальды-инновациялық белсенділіктің төмендігі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорындардағы индустриальды-инновациялық басқаруды жетілдіру жолдарын келесі бөлімде көруімізге болады.

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1  Индустриялық-инновациялық  дамудың кейбір басылымдықтары мен мәселелері

 

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық-индустриалдық  даму стратегиясының негізгі бағыты сервистік-технологиялық бағыттағы  экономиканы қалыптастыру болып  табылады. Стратегияға сәйкес міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті және экономиканың шикізаттық емес  саласында экспортқа бағытталған өнімдерді шығаруға негізделген экономикалық дамудың жаңа, сапалы деңгейін қамтамасыз ету болып айқындалған.

Қабылданған Қазақстанның индустриальды-инновациялық-индустриалдық даму стратегиясының  өндірістік даму саласында қабылданған басқа құжаттардан басты айырмашылығы–оның экономиканың дамуына мемлекеттің араласуының заңнамалық негіздері арқылы  мемлекет пен шағын  сектор арасындағы белсенді келісімге бағытталуында болып саналады.

Елдің индустриалдық-индустриальды-инновациялық дамуының негізгі қозғаушы күші шағын  сектор, ал мемлекет экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде  бастамашылық жасап, кәсіпорындардың  индустриальды-инновациялық қызметін ынталандыруы қажет.

Дегенмен қабылданған  стратегия экономиканың дамуында анықталған басым  секторларды  нақты анықтамаған. Негізгі басымдық –шикізаттық емес  бағыттағы экономика салаларындағы  бәсекеге қабілетті, экспортқа негізделген  өндірістерді құру және дамыту. Бұл бағыт экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін өндірісті жетілдіруге техникалық және ұйымдастырушылық жол ашуға және  экспортқа бағытталған  жаңа өнім түрлерін жасауға мүмкіндік туғызбайды.

Бәсекеге қабілеттілігі  мүмкіндігіне ие  болу үшін төртінші және бесінші технологиялық өңдеу деңгейіне өту қажет. Нәтижесінде тиімсіз салалардан бас тартып, 6-технологиялық өңдеу деңгейіне өту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуі керек. Ол ізденістердің негізін биологиялық, химия, ғарыштық техника және т.б., жоғары технологиялық салалық зерттеулер құрайды.

  1. Қазіргі бар ғылыми-техникалық әлеутті постиндустриалды экономикада қолдану мақсатында елдің ғылыми-техникалық капитал жағдайына мониторинг биотехнология, биохимия; ядролық технология; сирек металдар негізінде жаңа матеиалдар жасау өндіріс салаларында жасалуы қажет.
  2. Жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технология; «тірі» жүйелер технологиясы ғылыми-техникалық бағыттарды жүзеге асыру үшін басымдық негізде мемлекеттік деңгейде қолдау жасау қажет.
  3. Өндіріс саласына индустриалды –индустриальды-инновациялық қызметті ендіруді жылдамдатуға бағытталған заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында мемлекеттік қолдауға бағытталған қолданыстағы құқықтық базаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жіне заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады.

Қазіргі таңда  тек  мемлекет ғана экономиканы жаңартудың қозғаушы күші  бола алады, өйткені  отандық жек сектор әлі ұзақ уақыт  ірі және ұзақ мерзімді инвестициялар  тарта алмайды. Мемлекеттік қолдау бірнеше салааралық жобалар мен жаңа экспортқа бағытталған өнім шығару шеңберін жүзеге асыруға бағытталуы керек.

Жақын арада мақсатты зерттеу мен жағымды жағдайлар  негізінде жоғары технологиялық  өнім кешені құрылуы мақсатында төменгі  бағыттарда: бейбіт мақсаттағы атом энергиясы мен басқа да дәстүрлі емес энергия көздері; сирек металдар негізінде жасалатын жаңа материалдар; жаңа электрохимиялық  материалдар, ертінділер, түрлі қабаты бар тот баспайтын болат т.б.; химия, мұнай химиясы, жоғары сапалы мұнай химиялық өнімдері, соның ішінде этилен, полиэтилен; қатты денелер физкасы, радиофизика салаларындағы нәтижелер; биотехнология, биохимия салаларына индустриальды-инновациялық шаралар қолдануға басымдық берілу керек. [21]

Шет ел фирмаларымен бірігіп, дүниежүзілік нарықта орын алуларына мүмкіндік беретін Қазақстанда ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етілген бағыттар бар. Қазақстанның экономикалық түрлі салалары  түрлі техникалық  деңгейге сай. Олар бәсекеге қабілетті, сондықтан олар үшін де жеке жобалар жасалуы қажет.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы аяқталған, бірақ  тауарлық түрге жеткізілмегендігімен, ғылыми зерттеулер санының көп болуымен сипатталады. Бұл айтарлықтай әлеует және оны қолдауиндустриалды-индустриальды-инновациялық қызметтің дамуының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстандық ғалыдармен 10 жыл ішінде 877 патент алынды, жаңа техниканың 136 нұсқасы өңделді. Ғалымдармен орындалған ғылыми зерттеулер жаңа фундаменталды білімдерге және олардың негізінде тандық ғылым мен технологияның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға бағдарланған. Отандық ғалымдар мен ғылыми техникалық мектептердің, инженерлердің білімдері мен жетістіктері экспортқа шығарылатын қазақстандық өнімдердің әрбір тоннасында ғылыми ашулар, принипалды жаңа технологиялар әлемде үлкен беделге ие болуға тиісті.

Мемлекеттік индустриальды-инновациялық саясатты жүзеге асырудағы  негізгі  мәселелер:

1. Ұлттық индустриальды-инновациялық  жүйе бағдарламасында іс-шараларды  қаржыландырудың бюджеттік механизмінің  нақты  схемасы анықталмаған, ол өз кезегінде  шаралардың тиімсіз орындалуына алып келеді.

2. Республикалық бюджет  қаражаты есебінен құрылған  өңірлік   технологиялық парктер қажетті  операциялық шығындармен қамтылмауынан  әрі қарай дамуы мардымсыз  күйде қалып отыр.

3. Облыстық деңгейде құрылған технопарктер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұлттық және өңірлік технопарктерден басқасы) ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға қажетті қаржыландыру көлемінің жетіспеушілігінен және кадрлық қамтылмауынан дамуына кедергілер туындап отыр. Технопарктердің материалдық, ғылыми және қаржылық базасы жергілікті ғалымдардың зияткерлік потенциалын жүзеге асыруды және индустриальды-инновациялық өнімдерге сұранысын қамтамасыз етпейді.

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК