Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
М. Портердің теориясының шешуші жері ол – елдің бәсеке қабілетігінің « ұлттық проблемасы » болып табылады.
Факторлы – елдің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуі. Бұл – жоғары квалификациялы еңбек, табиғи ресустар, капитал және инфрақұрылым. Еңбек факторы «мирасқорлық» ( табиғи ресустар, квалифицияланған еңбек және т.б.) және құрылған болып екіге бөлінеді [30].
Бәсеке артықшылығы үшін ең маңызды болып «мирасқорлық» факторы саналады. Яғни сол елде құрылған. Бұл жағдайда институционалды механизмдердің жоғары деңгейлі сапасын иеленген елдер бәсекеге қабілетті бола алады. Білім, тұрғындардың ерекшелігі, физикалық инфрақұрылым және капитал сияқты факторлар өте маңызды. Қазақстанда, Портердің айтуы бойынша, даму үшін потециал бар, сонымен қатар әрі қарай дамыған экономикаға жетуге қажетті активтер бар. Алайда мұнай және басқа табиғи ресурстасрды мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырмау керек.
Сұраныс талабы – тауарлар мен өнеркәсіп қызметтеріне сұраныстар жергілікті және халықаралық нарықта да талаптары. Қазақстан өзіндікң нарығы шектеулі және үлкен территорияға таралған, сыртқы нарық бәсеке қабілеттігінің анықтаушы талаптарының бірі болып табылады. Бізде үлкен халық жоқ, гигиант нарық жоқ. Кейбір елдерде инвеститциялық компаниялар өз инвестицияларын үлкен нарықтар үшін салады.
Бәсеке қабілеттігінің тағы бір талабы - өзара байланысқан және қолдаушы салалар. Бұлар фирмалардың бәсеке қабілеттігін көтеру үшін өте маңызды. Бұл саланың артықшылығы « ромбының » келесі компоненттеріне байланысты. Алайда бұл талап кластер құруда шешуші роль атқарады.
Фирма стратегиясы, құрылым және бәсеке « ромбының» төртінші компоненті болып табылады. Мұнда инновация және тиімді қызмет етуді ендіруде қатты қысым көрсететін жергілікті компаниялар арасындағы бәсеке өте маңызды.
Күшті бәсеке тек жергілікті нарықта артылықшылықтарды ойлап табуда ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарыққа шығуға мәжбүрлейді. Тек сирек жағдайларда ғана ішкі нарықта лайықты бәсекені кездестірмей, халықаралық нарықта жақсы бәсекелес ретінде көрінуі мүмкін.
«Ромбыда» тағы екі компонент бар, олар: кездейсоқ жағдайдың әсері және үкімет. Кей жағдайда айырбас курстарын реттеу арқылы бәсеке қабілеттігінің белгілі бір деңгейіне жетуге болады. Сонымен қатар, Қазақстан өнімділікке ұмтылуы керек. Қазақстандағы орташа айлық жалақының деңгейі Қытайдағы орташа айлық жалақыдан сәл ғана айырмашылығы бар. Бірақ бір қытайдың өнімділігі бір қазақтың өнімділігінен 6 есе көп. Және бұл бізде үлкен еңбек ресурстары жоқ жағдайда.
Бүгінгі кластерді дамыту экономиканың дамуы және бәсеке қабілеттігінің жоғарылауына әкелетіндігін барлығы мойындап отыр. Кластерлік теорияның негізін қалаған Майкл Портер бірін-бірі толықтырушы компаниялар сәйкес салалар мен институттар халықаралық нарықта ұлттық және аймақтық бәсеке қабілеттігін көтереді дейді. Оның пікірінше кластерлер бәсеке қабілеттігіне келесідей әсер етеді.:
Бизнес жетекшілері бәсеке қабілеттігін көтеру процесінде маңызды роль атқарады, бірақ олар жалғыз емес. Білім беру орталықтары да үлкен роль атқарады. Мысалы, университеттер кластер қатысушыларын инновациямен қамтамасыз етуі мүмкін. Сонымен қатар қаржы ұйымдары әртүрлі бизнес- қызмет көрсетеді.
Кластерлік жүйеге өтуді елбасы
Н.Ә.Назарбаев халыққа
Шетелдік кеңес берушілер
ІІ этапқа өту кезеңінде қазақстандық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі нарықтың қызықтырушысы және оның 223 саладағы кластері мен сегментерінің динамикасы бағаланды. Осы талдау тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге әлемде кластердің даму потенциалын және оны 7 кластерге қысқартуға мүмкіндік берді.
Осы аталған 7 кластер бойынша қазақстандық өндірушілердің шетелдік бәсекелестерге қарағандағы шығындары анықталды. Аймақтық нарықта экспорттағы тауарлардың мүмкіншілігі бағаланды.
ІІ этапқа іске асыру барысында туристік кластердің дамуының басты бағыттары туралы шешім қабылданды. Ішкі туризм шетелдік валюталардың келуіне ықпал жасайды және сәйкес мейрамхана, қонақүй бизнестерінің дамуына әсер береді. Қазақстан үшін экотуризм, экстремалды туризм, конгресс-туризм сияқты бағыттарды дамыту нақты нарықтық мүмкіншіліктер бар.
ІІІ этапты іске асыру барысында 7 кластердің қайсысымен жұмыс істеуді шешу қажет. Жобаны жасаушы жұмысшы тобы Үкіметке 5-7 перспективті кластерді дамыту туралы индустриалды мастер-жоспар дайындауда. Жоспарда салалардың даму стратегиясы, нарықты анықтау, корпаративті басқаруды жақсарту, инвестицияға қолайлы жағдай жасау қарастырылады. Сонымен қатар ұлттық бәсекеге қабілетті кеңес құру қарастырылуда. Бұл кеңес макроэкономикалық аяда, сауда саясаты және шағын және орта бизнес саясатында шешімдер жасайтын болады. Сондықтан жобаның аяғына қарай Үкімет индустриалды мастер жоспарды қолға алады. 5-7 салада кластерінде нақты жобалар жасайды [30].
Кластерді дамыту елдегі жетекші бизнес ұйымдарына байланысты болады. Кластерде табысқа жету жалпыұлттық келісімді, елдің бәсеке қабілеттігін жоғарылатуды көрсетеді.
Кластер дегеніміз – бұл белгілі бір географиялық аймақта өнеркәсіп саласында компаниялардың , университеттердің және де басқа институттардың бірігуі. Біріне бірі жақын орналасуы арқылы компаниялар соңғы тұтынушылар үшін құнның жоғарылауын қамтамасыз етеді.. Сондықтан қазіргі қазақстандық кәсіпкерлердің бизнес саласында бірігіп жұмыс істеуі халықаралық нарықта бәсекелес болуына әкеледі. Кәсіпкерлердің ұйымдарының стратегияларында өндіріп отырған тауар немесе қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілетті етуді қарастыру міндетті болып саналады.
АҚШ-та бірқатар қабылданған заңдар технологиялардың зертханалардан коммерциялық секторға өтуін және университеттердің, коммерциялық емес зерттеу институттарының олардың инновациясын қолданатын компанияларды ұйымдастыруға рұқсат алуын ынталандырады және жеңілдетеді. АҚШ-та ғылыми – зерттеу жұмыстарына ірі мемлекеттік қаржылар бөлінеді. Дамыған елдерде ғылыми зерттеу салаларын дамытуға ірі қаражаттарды жеке компаниялар бөледі. Бүгінгі күнде жоғарғы технологиялардың әлемдік нарығын АҚШ бақылайды. Кадрлық потенциалды салыстырғанда Америкада барлық ғалымдар мен инженер-зертеушілердің 25 пайызы қызмет етеді. АҚШ жыл сайын 30 млрд. доллардан астам болатын интелллектуалды меншікке құқықтарын сатады,ал осы операциялар бойынша оң сальдо 20 млрд-тан астам доллар құрайды. Жапония АҚШ-тан кейінгі интеллектуалды меншікпен операциялар бойынша оң саудалық сальдосы бар жалғыз ғана мемлекет,Жапония интеллектуалды меншік экспорты бойынша АҚШ-пен жарыстас.
Ғылыми шығындарды ынталандыру бойынша мемлекеттік саясаттың арқасында Оңтүстік –Шығыс Азияның кейбір мемлекеттері ғылымға жалпы ішкі өнімнің 2,7 пайызын жұмсауға мүмкіндік алады және осы көрсеткіш жағынан бір кездері АҚШ-тан, Германиядан асып түсті. Нәтижесінде Малазияның микропроцесорлық негіз нарығында, Сингапурдың бағдарламамен қамтамасыз ету және биотехноллогия нарығында, Тайваньның персоналды компьютер өндірісінде, Кореяның тұрмыстық электроникада бәсекелестігі жоғары болды. Ал, SAMSUNG компаниясы радио – электроникаларды қарапайым жинаудан бастап, түскен қаражаттарды өздерінің ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға жұмсай отырып, енді биотеледидарлар, өте үлкен экранды телевизорлар, ноутбуктер үшін түрлі-түсті дисплейлер бойынша Жапониямен және Америкамен бәсекелестікке түседі.
Индустриальды-инновациялық технологияларды игеруде көптеген елдер өз экономикасын өрлетіп, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдер қатарына енуде.
Мәселен, Израиль елін алатын болсақ: 1950 жылы осы ел территориясы бос шөлді ғана елестеткен болатын. Ал қазір Израил экономикасы дамып, мемлекеттік бюджет табысының 60 пайызы жаңа ақпараттық технологияларға қызметі бағытталған венчурлы кәсіпорындардың табыстарынан түсіп отыр. [28]
Ал 70 жылдары Қытай еліне халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету айтулы мәселеге айналған болса, бүгінгі күні әлемдік нарықта тауарлар мен қызметтер ұсынуда алдыңғы қатарлы елге айналды. Жаңа мыңжылдықта Қытай космостық державалы елге айналуды көздейді. 2020жылы айдың үстінен станция ашуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Жапония, Оңтүстік Корея, Малазия елдеріде тиімді индустриальды-инновациялық стратегия нәтижесінде экономикалық дамудың жаңа белесіне шықты.
Жаңадан құрылған индустриальды-инновациялық кәсіпорындарға Қазақстанның индустриальды-инновациялық жүйесін дамыту бағдарламасында қарастырылған келесі механизмдерді ұсынылады:
1. Капитал мен кепілдікке ұзақ мерзімдік тәуекелдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржылық құралдардың бірыңғай жүйесін құру.
2. Индустриальды-инновациялық
бизнестің бастапқы капиталын
қамтамасыз ететін арнайы инвес
3. Жоғары технологиялық компаниялар қорлары және жаңа технологиялар үшін венчурлық капитал қорларын құру.
4. Жаңа кәсіпорындарды
бастапқы қаржыландыру үшін қар
5. Шағын және орта
кәсіпорындар несиелерге қол
жетімді болуына жағдай
Инновация процесін басқару әрқайсысы алуан турлі және спецификалық сұрақтарды шешуге бағытталған түрлі функциялар (маркетинг, жоспарлау, ұйым, бақылау) қосындысын білдіреді. Ол тек өндірісті ғана емес, сонымен бірге НИОКР, қаржы, коммуникация, сату, яғни кәсіпорынның қызметінің барлық жақтарын қамтиды.
Жаңа өнім нарыққа шығар
алдында индустриальды-
Егер өнім жаңа емес, ал
процесі болатын болса, онда
инновация менеджменті
Қазіргі шарттарда тез арада иновациялық стратегияның ролі жоғарылады. Өйткені фирма дамуының қалған барлық бағыттарын жаңашылдық анықтайды. «Ғылым - өндіріс – сату – саудадан кейін қызмет көрсету» жүйесін жаңашылдық енгізу сферасында әріптестікті құруын, коммуникацияны қолдауын, новатролық талпыныстарды ынталандыруын, жаңашылдықты енгізу басқаруының спецификалық құралдарын меңгеру қажеттігін туғызады. Шығармашылық адамдарды ынталандыру мен іздеу, еңбекке қабілетті топтар құру, шығармашылық атмосферасын жетілдіру мен қолдану, мотивацияға құрылған ұйымдастырушылық мәдениетін қарастыратын бірінші жоспарда кадрларды қолдану әдістерінің түбегейлі өзгеруінің қажеттігі болып шығады.
Индустриальды-инновациялық кәсіпкерліктің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасын жасау қажеттілігі анықталады.
Салалар |
Орнықты көлемнің орта жылдық өсімі,% |
млрд. теңге 2000 жылғы бағамен | |||||
2000-2005 |
2006-2010 |
2011-2015 |
2000 |
2005 |
2010 |
2015 | |
ІЖӨ |
7,5 |
9,5 |
10,3 |
2599,4 |
3592,7 |
5660,1 |
9233,3 |
Өнеркәсiп |
10, 0 |
9,0 |
9,8 |
864,3 |
1044,4 |
1668,8 |
2562,6 |
Тау кен өндiрiсi |
8,4 |
10,2 |
13,3 |
267,7 |
434,1 |
810,4 |
1213,0 |
Мұнай өндiру |
8,6 |
11,6 |
14,2 |
221,6 |
383,7 |
745,2 |
1125,7 |
Өңдеушi өнеркәсiп |
6,9 |
8,6 |
9,8 |
346,8 |
523,9 |
731,4 |
1167,2 |
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта |
9,3 |
10 |
10 |
132,2 |
206,6 |
332,8 |
535,9 |
Металлургия мен металл өңдеу |
4,4 |
6,1 |
6,9 |
139,0 |
172,6 |
232,0 |
323,9 |
Химия өнеркәсiбi |
7 |
10 |
21,3 |
6,1 |
16,0 |
22,5 |
36,2 |
Машина жасау |
3,5 |
8,1 |
15 |
17,9 |
26,4 |
31,4 |
63,2 |
Құрылыс |
16,0 |
20 |
27,4 |
134,6 |
282,7 |
703,4 |
1750,4 |
Қызмет көрсетулер |
7,4 |
8,0 |
9,0 |
1256,0 |
1791,4 |
2631,4 |
4054,9 |
Бiлiм беру қызмет көрсетулер |
5,5 |
8 |
9 |
110,0 |
143,8 |
211,2 |
325,0 |
Басқа қызмет көрсетулер |
6,2 |
6 |
7 |
500,0 |
675,4 |
903,8 |
1267,7 |