Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Мемлекет iшкi нарықтың 60-70 пайызын бақылайтын 3-4 ғылыми-өдiрiстiк  корпорациялардың құрылуына септiгiн  тигiзедi. Стратегиялық өмiрлiк маңызы бар нарықтар үшiн бұл мемлекеттiк холдинг формасына ие болу керек. Мақсатты түрде бәсекелестiкке түсе алатын және өнiм сапасын әлемдiк деңгейге жеткiзе алатын шетел ТҰК-рын кейбiр нарық түрлерiне тарту.[8]

Аталған нарықты басқаратын мемлекеттiк орган (министрлiк, мемлекеттiк комитет) оған қатысушыларды лицензиялайды және нарықтағы қарым-қатынас ережелерiнiң орындалуын және нормативтердiң орындалуын бақылайды. Стратегиялық маңызы бар немесе өмiрлiк қамтамасыз етушi нарықта холдинг өнiмдi сатып алу және тауарлық интервенция жолымен мақсатты бағаны сақтауға бағытталған мемлекеттiк саясат жүргiзедi. Экспортқа бейiмделген жоғары технологиялы салалар үшiн мемлекет мемлекеттiк холдинг шеңберiнде маркетингпен және тауарды сыртқы нарықтарға өткiзумен айналысатын арнайы компнияларр құрады.

Тауарлық нарықтың басқарылуы көбiнесе қаржы нарығын басқару  арқылы анықталады. Сонымен қатар  экономиканың өсуiнiң ең қажет шарты  ұлттық валютаның долларға және басқа  валюталардың орташа бағамына қатысты  тұрақтылығы ғана емес, мемлекет тарапынан оның өзгергiштiгiн болжау болып табылады.

Алдыңғы қатарлы елдердiң  қаржы нарығы олардың iшкi нарықтарының жоғары көлемiн сақтауда маңызды  орын алады, ЖIӨ-нiң 50% құрайды. Біздің қор  нарығының көлемi, әсiресе, акциялар нарығы қазiргi заманғы өнеркәсiп  деңгейiне сай келмейдi. Көптеген компанияларда  өз акцияларын нарықта жылжыту үшiн тәжiрибе және қаражат жетiспейдi, сондықтан осы кезеңде мемлекет компания активтерiн кеңейтуге, олардың акцияларын алғашқы орналастыруда көмектесуi қажет.

Мемлекет экономиканы  бақылау және басқаруды қамтамасыз ету үшiн ақпараттық нарықтарға бақылау орнату бойынша келесi iс-шараларды жүзеге асыруы керек: негiзгi тауар нарықтарын ақпараттық қамтамасыз ету, нарық қатысушыларын лицензиялауды, пайдаланылған ақпаратты сертификациялауды және т.б. қамтамсыз ету.

Сыртқы экономикалық процестердi мемлекеттiк реттеу. Жаппай жаһандану кезеңiнде экономиканың ашықтығына ұмтылу заңды. Гарвард университетiнiң 115 елде жүргiзген зерттеулерi мынаны көрсеттi: жабық экономикалы саясат жүргiзген елдерде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсiмi 0,7 пайыз, ал ашық экономикалы елдерде бұл көрсеткiш шамамен 5 есе артық. Бiрақ протекцианизмнiң белгiлi бiр шаралары барлық елдерде бар. Дамыған елдерге тарифтiк эскалация тән. Яғни импортқа баждың шикiзатқа және дайын өнiмге бөлiнуi. Нарыққа көшу кезеңiнде көптеген елдер сыртқы сауданың алғашқы либерализациясынан кейiн протекционистiк шараларға жүгiнедi. Осылайша  алғашқы жылдары импортқа түгелдей ашық болды. Қазiргi таңда неғұрлым дифференциалданған мақсатты бағытталған сыртқы экономикалық саясатқа ауысатын кез келдi. Нарықтың әлсiз сегменттерiн қорғау құралдары ретiнде неғұрлым тиiмдi пайдалану үшiн тарифтiк емес саудалық шектуелердiң (техникалық стандарттар, санитарлық нормалар және т.б.) салалық жүйелерiн қайта қарастыру қажет, мысалы ет өнiмдерi нарығы. Сыртқы сауда және  кәсiпорындардың экономикалық қызметiнiң қоршаған ортаны қорғау мәселелерiмен байланысты  сұрақтарға көп көңiл бөлу қажет. Кейбiр шикiзаттық және кiрiс әкелушi тауарларға сыртқы сауданың мемлекеттiк монополиясын құру, әлемдiк нарықтарда отандық тауарларды жылжыту үшiн мемлекеттiк сыртқы саудалық фирмалар желiсiн құру өте маңызды. Жарнаманы ұйымдастыруды, маркетингтi және т.б. өз мойнына ала отырып мемлекет  өзiнiң компанияларына трансакциондық шығындарын қысқартуға және шағын фирмалар үшiн өте маңызды болып табылатын бәсекелiк қабiлетiн арттыруға көмектеседi.

Қазақстанның Даму Банкінің жұмыс  істеу себебі, қаржылық жүйе едәуір дәрежеде тәуекелділік пен банк жүйесінде  пайыздық мөлшерлемені төмендету қажеттілігінен экономикаға ұзақ мерзімді және төмен пайзды несиемен қамтамасыз ете алмайтындықтан болып отыр. Сондай-ақ ҚДБ өз қызметін кең түрде инфрақұрылым, әлеуметтік және аймақтық жобаларды орындауға шоғырландырады және де Банк ұсынатын инвестициялық жобаға несиенің минимальді көлемі 5 млн. АҚШ долларына барабар.

Қазақстанның Инвестициялық Қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстандық болсын, шетелдік болсын кәсіпорынның жарғылық капиталына бөлшектік және бақылаусыз қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес жеке секторының инициативасына қаржылық қолдау көрсету.

Жеке секторда қажетті қаражаттың жетіспеуі жағдайында, жобаны қаржыландыруды жеңілдету үшін ҚИҚ жарғылық капиталға  қатысу арқылы (акция сатып алу) бірге  қаржыландыра алады, бірақ та бақылау  пакетіне ие болмайды.

Оның өзі ҚИҚ-ң жаңа өндірістің тууына ықпал етіп қоймай, соның ішіне жоғары технологиялы бағалы қағаздар нарығының дамуына да мүмкіндік береді.

Индустриальды-инновациялық қор нарықтық экономиканың венчурлық қызметін ынталандыруға бағыталған, ал бұл керек десеңіз кейбір дамыған елдерде толық дәрежеде жоқ екен. Бұл қызмет әсіресе ақпараттық сектор, электроника, биотехнология және т.б. сияқты экономиканың жоғары технологиялы салаларын құру мен дамытуға керек. Қор қызметінің басты мақсаты индустриальды-инновациялық белсенділікті арттыру, Қазақстан Республикасының жоғары технологиялы және ғылымды көп керек ететін өндірісті дамыту.

Қордың негізгі міндеттері:

- индустриальды-инновациялық инфрақұрылым  элементтерін жасауға қатысу (технополистер  және технопарктер, ақпараттық-талдау орталықтары т.б.);

- отандық және дүниежүзілік  деңгейдегі ірі венчурлық инвесторлармен  бірге венчурлық қорлар құру;

- жоғары технологиялық және  ғылымды көп қажет ететін өнімді  өндіру, жаңа технологияны дайындау  мақсатында құрылатын және қызмет етіп жүрген кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысу;

- грант ұсыну арқылы, экономикалық-технологиялық  дамуы және коммерциялық тиімділігі  тұрғысынан әлеуетті-перспективалы  саналатын, қызмет көрсету, тауарлар, жаңа технологиялар жасауға бағытталған  жекелеген ғылыми зерттеулер мен тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

Экспортты сақтандыру корпорациясының  негізгі міндеттері саяси және реттеуші тәуекелдерді сақтандыру және қайта  сақтандыру жолымен қазақстандық өндірушілердің тауарларымен қызмет көрсетулерін экспорттауға тікелей ықпал ету.

Экспортты сақтандыру корпорациясы қазақстандық өнімдердің экспортының дамуы үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, потенциалды  өткізу нарығы туралы ақпараттарды анықтайды  және таратады. Бұл қаржылық және әкімшілік көзқарастар тұрғысынан экспорттық транзакцияны жеңілдету бағытында бүкіл дүние жүзі мойындаған құрал болып табылады.

Мемлекеттік органдар мен жоғарыда айтылған Қазақстандық дамыту институттарының  өзара байланысының көрсеткіші деп  инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын алуды айтуға болады. Тура инвестицияның қатысуымен инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыруға артықшылықтар беріледі.

Жалпы алғанда тұрақты қызмет етуі орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік принциптеріне негізделген даму институттары біртұтас жүйені құрайды.

Одан басқа, сервистік даму институттары маркетингтік және аналитикалық зерттеу  Орталығы мен инжиниринг және трансферттік технология Орталығы құрылып, олар мемлекет жүргізетін индустриалды-индустриальды-инновациялық саясатты экспертті-аналитикалық және техникалық қолдауды іске асыруы тиіс.

Маркетингтік-аналитикалық зерттеу  Орталығының міндеті – бәсекеге қабілетті салалар мен жаңа өндіріріс  үшін нарық пен орындарды анықтау.

Инжиниринг және трансферттік технология Орталығының негізгі міндеті – технологияны трансферттеу жолымен Қазақстан экономикасының нақты секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, индустриальды-инновациялық дамудың инфрақұрылымын жасау.

Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып экономикалық дамуды басқарудың принципті жаңа жүйесі – Ұлттық Индустриальды-инновациялық Жүйені (ҰИЖ) құра бастады.

ҰИЖ негізгі төрт элементтен тұрады. Бұл ғылыми потенциал, индустриальды-инновациялық кәсіпорын, қаржылық және индустриальды-инновациялық инфрақұрылым.

Бұл жүйеде технопарктер маңызды орындардың бірін иемденеді, өйткені олар тиімді ортаны жасауға  бағытталған, яғни, ірі кәсіпорын  болсын немесе жекеленген ғалым болсын қазіргі заманғы ғылыми талдауларды  жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болады. Бұл – салықтық преференциялар, өндірістік және офистік алаңдарды жеңілдікпен арендалау, алдыңғы қатарлы зертханалық қондырғылар, маркетинг бойынша кәсіби кеңестер алу, патент алу, т.б.

Қазақстандағы технопарктер жүйесін  дамыту Концепциясына сәйкес олар екі деңгейде қалыптастырылмақ: ұлттық және аймақтық деңгейдегі парктер.

Қазіргі кезде үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет етеді. Мәселен каспий аймағында орналасқан “Ақтау теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы, теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана – жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк – ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.

Үш аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса бастады.

Шетелдік инвесторлар мен даму институтының қатысуымен жаңа жоғары технологиялы өндірістерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Дамыған шетелдер мен көрші Ресей  аймақтарындағы алдыңғы қатарлы  өндірістік компаниялармен келісімдер жүргізілуде.

Кәсіпорындарды ынталандыру бағытында салықтық заңнамаларға өзгерістер мен қосымшалар жасау ойластырылуда.

Инвестициялық климаттың тартымдылығын  арттыру үшін инвестициялық жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға  дейінгі мерзімде корпоративтік  салықтан босату нормасы енгізілуде.

Тозған негізгі қорларды жаңартуға  ынталандыру үшін амортизациялық есептеулердің  жаңа әдістеріне көшу жоспарлануда.

Бұл әдіс белгілі уақыт өткеннен кейін белгіленген активтердің  құнын толықтай есептеп шығаруға мүмкіндік береді және негізгі қордың белсенді бөлігінің амортизациясының максималь мерзімі 4 пен 15 жыл аралығы болмақ. Жаңа амортизациялық саясат негізгі капиталды жаңартудың басты ынталандырушы факторы болмақ.

Ұлттық индустриальды-инновациялық жүйенің дамуы негізгі төрт бағытты- индустриальды-инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, ғылыми потенциалды және индустриальды-инновациялық кәсіпкерлікті қамтиды.

ҰИЖ бағдарламасын заңнамалық қамтамасыз ету үшін 2006 жылы наурызда индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың  негізгі мақсаттарын, принциптерін, бағыттарын және формаларын айқындайтын «Индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Заңды  іске асыру шеңберінде  келесі  нормативтік-құқықтық  актілер  әзірленген:

1. Бюджеттік қаражат  есебінен индустриальды-инновациялық  гранттарды ұсыну мен өндірістік  меншік нысандарын енгізу бойынша  қабылданған іс-шаралар туралы  есеп беру ережелері қабылданды. Онда индустриальды-инновациялық  гранттарды ұсыну тәртібі, өтініш  берушінің тапсыратын құжаттар тізімі, өтініштерді қарастыру мерзімі, сондай-ақ, өндірістік меншік нысандарын енгізу бойынша қабылданған іс-шаралар туралы есеп беру тәртібі қарастырылған.

2. Бюджеттік қаражат  есебінен индустриальды-инновациялық  гранттар алуға қатысты өтініштерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама өткізу ережесі қабылданды.

3. Технологиялық бизнес  инкубаторлар мен технопарктерді  және оларға қойылатын кәсіби  талаптарды аккредиттеу ережесі  қабылданды. Олар аталған индустриальды-инновациялық инфрақұрылым субьектілеріне аккредитация жүргізу тәртібін қарастырады.

Қазіргі таңда аталған  Ереже  Қазақстан Респібликасы Үкіметіндегі өзгерістерге байланысты мүдделі мемлекеттік  органдарда қайта келісімде жатыр.

4. Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің 2006 жылғы 30 қарашада № 316 бұйрығымен бекітілген, технологиялық бизнес-инкубаторлары мен технопарктердің өндірістік мекемесіне, кеңсесіне және персоналға қойылатын талаптар әзірленді.

ҰИЖ бағдарламасын жүзеге асыруда «Ұлттық индустриальды-инновациялық қор» АҚ (бұдан әрі-ҰИҚ) маңызды рөл алады.

ҰИҚ қызметі жаңа венчурлық  қорларды, индустриальды-инновациялық өндірістерді, индустриальды-инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға, отандық  ғылыми –зерттеулік және тәжірибелік-құрастырмалық (НИОКР)  жұмыстарды қаржыландыруға бағытталған.

Қазіргі таңда ғылымды  қаржыландыру көлемі 7 есеге өскенімен, 2006 жылғы қаржыландыру 2000 жылмен салыстырғанда  төменд деңгейде және ЖІӨнің  0,26% құрайды.

Қазақстанның стратегиялық жоспарында 2010 жылы ғылымға жұмсалатын шығындар көлемін ЖІӨ-нің 2%-на дейінгі дегейге көтеру көзделген.

Соңғы төрт жылда қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру көлемі (76 %) өсіп, ал негізгі ғылым зерттеулерін қаржыландыру көлемі (21 %) кемігенін  байқауға болады. (Диаграмма 6).

 

Диаграмма 6. Ғылымға бюджеттік қаражаттың бөліну қатынасы

 

Ғылыми-техникалық артта  қалушылықтан шығу үшін отандық ғылыми потенциалды қайта қалыптастыру мен дамыту мақсатында қазақстан  республикасының білім және ғылым министрлігі 2007-2012 жылдарға араналған Қазақстан Республикасының ғылыми дамуының мемлекеттік бағдарламасын әзірледі.

Бағдарлама ғылыми-техникалық дамуды мемлекеттік басқару жүйесін  жетілдіруді, ғылыми зерттеулер сапасын  арттыруды және ғылыми даму саласында жеке және кәсіпкерлік сектордың қатысуын ынталандыруды қарастырған.

2007 жылдан бастап «Ғылыми  қор» АҚ арқылы тәжірибелік-құрастырмалық  жұмыстарды және Қазақстан Республикасының  Индустрия және сауда министрлігі  арқылы индустриальды-инновациялық жобаларды қаржыландыруға гранттар бөлінетін болады.  2010 жылдарға дейінгі ғылымға жұмсалатын жалпы шығындар көлемінен тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстарға шығындар үлесі 25% -ға дейін өсетін болады.

Ғылыми потенциалды дамыту және қолданбалы ғылыми зерттеулердің өндіріске, бизнеске максималды жақын келуі үшін жеке бизнес секторымен ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көзделген.

Ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижесінде 59 жаңа технология енгізілген және 100 жаңа технология тәжірибелік-өндірістік сынақтан өткен.

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК