Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
4. ҰИЖ бағдарламасын
негізгі орындаушы ретінде «Ұлт
5. Индустриальды-инновациялық қызметті дамыту үшін ғылым мен өндіріс арасында тиімді байланыс жоқ. Мемлекеттің қаржыландыратын ғылыми әзірлемелердің көпшілігі экономиканың нақыт секторында қажетсіз болып қалады.
6. Бизнес-қауымдастықтардың,
кәсіпкерліктің индустриальды-инновациялық
белсенділігі әлсіздік
7. Қазақстанда ғылыми
әзірлемелерді
Осы жолда ғылымның дамуына сұраныс артары анық, бұл бағытта елімізде ғылыми зерттеу орталықтары мен оқу орындарында дамыған ғылыми база қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар өзге елдермен осы тұрғыда интеграциялық, тәжірибе алмасу байланыстарын орнату үлкен рөл атқарары сөзсіз. Бірақ қай ел болмасын өзінің өндірістік құпияларын (жаңалықтарын) жайдан-жай аша салмайды, сондықтан тәжірибе алмасуға қол жеткізу үшін жаңалықтардың сапалылығы аса қажет. Біз ғылымды өзімізде дамытуымыз қажет, себебі көптеген ғылымы дамыған елдер ғылым жаңалықтарына байланыты протекционизм саясатын ұстанса,басқа елдерден жаңалық сатып алуда біздің бәсекелестеріміз "Азия барыстары" (Оңтүстік Шығыс Азия елдері: Сингапур, Тайланд) болмақ, бұл елдер "ноу-хоу" импорттауға көп көңіл бөлуде.
Келесі маңызды, қажетті факторлардың бірі қаржы бөлу. Новаторлықты іске асыруға қаржы бөлу тәуекелді іс болғандықтан, бұл салаларға инвесторлар көп көңіл бөлмейді. Тәуекелді дейтінім сол, әлемде индустриальды-инновациялық дамудың моделдері деп саналатын елдердің өзінде өндірістік жобалардың аз мөлшері ғана, АҚШ-та 22%, Жапонияда 33%, іске асады екен. Оның орнына инвесторлар еліміздегі табиғи байлықты игеріп, «тыныш пайда көргенді» жөн көреді. Ал,еліміздегі байлық сарқылғандағы күнімізді ойлап жатқан ешкім жоқ секілді, сол кездегі біздің өнеркәсібіміз тек новаторлық пен оны іске асыру бағытында болатынын ойлауымыз керек. Осы мақсатта шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау көзделген бағдарлама қабылданған болатын.[22]
Қазақстанда ғылымды дамытуға бөлінген
қаржы мөлшері жыл сайын
Ғылымының жаңа бағыттары биотехнология, нанотехнология, космосты игеру, коммуналдық-ақпараттық техника салаларында нәтижеге жету үшін біз отандық және ұлтаралық деңгейде жоғары сапалы мамандар даярлауымыз қажет.Осыған орай елімізде 15 университетте инженерлік профил лабораториялары құрылу көзделуде. Олар 15 негізгі техникалық бағыт бойынша жұмыс жасайды.[23]
Инновацияны жүзеге асыруды дамытуда банк-несие жүйесі де маңызды рөл атқарады.Себебі новатор жобасын мемелекеттің көмегінсіз жүзеге асырғысы келсе қаржы көзі несие болары анық. Кіші және орта бизнес пен өнеркәсіпке несие беру елімізді жоғары қарқында болғанымен үстеме пайыздары кәсіпкерлерге кері әсерін тигізуде.Бұл мәселені шешудің жолын ұсынып көрейін.Кәсіпкер несие алған соң,оған кәсібі басталмай жатып несиенің үстеме пайыздарымен қыспақтамай,өнеркәсібі дамыған сайын біртіндеп көбейте төлеткізу екі жаққа да тиімді секілді.
Шешімін таппай отырған
3.2 Индустриялық-инновациялық
кәсіпкерлікті дамыту
Инновация нарыққа, нақты тұтынушыға бейімделуі керек. Кәсіпорындарда инновацияны меңгеруге кедергі жасайтын факторларға ең алдымен кәсіпорынның меншікті қаражаттар ресурстарының жетіспеуі, коммерциялық банктердің инновацияны жете бағаламауы, жаңа өнімдерді меңгерудің экономикалық тәуекелдігі жатады. Енді инновацияның географиясын қарастырсақ. XVII ғасырда әлемдік экономикалық және ғылыми прогерстің нағыз ортасы Батыс және Солтұстік Европа, ең алдымен Англия, Нидерланды, Швейцария, Венецияндық Республика, Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми техникалық және экономикалық инновацияның маңызды бөлігі шоғырланған. 90 – жылдары бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы нәтижесінде АҚШ, Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа индрустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды. 90 – жалдары жас француздық кәсіпкерлердің АҚШ-қа аууы байқалды. [27]
Қазақстан экономикасы қазіргі түбірлі өзгерістің екінші кезеңінде. Бірінші кезеңі ( жобамен 1991 жылдан 2004 жылға дейін ) әкімшіл -әміршіл жүйеден қазіргі нарықтық экономикаға өтумен белгілі. Ал екінші кезең болса, ( 2005 жылдан бастап ) « жергілікті » экономикадан глобальды экономикаға өтумен түсіндіріледі. Ендігі жерде кәсіпкерлер алдында стратегиялық таңдау жатыр. Ештеңені өзгертпей жергілікті экономикада қалу немесе қызметте түбірлі өзгерістер жасап глобальды экономикада бәсекеге қабілетті болу [26].
Қазіргі Қазақстан экономикасын тұйық су немесе шығанаққа теңестіруге болады. Өйткен себебі, көптеген кәсіпкерлер өз өнімдерін тек белгілі бір территорияда ғана өткізе алады, былайша айтқанда халықаралық аренада көрінбейді. Үкімет осы шығанақтың қоректенушілеріне қолайлы жағдай жасап, тырысуда. Судағы тірі ағзалар өздерімен өздері, белгілі бір су темпуратурасында тыныш өмір сүреді. Келешек Қазақстан Біріккен Сауда Ұйымына кіргенде, осы шығанақтың қоректенушілері глобальды экономика деп аталатын толқыны қатты, тасқынды өзенге құйылады. Сол кезде шығанақтың қоректенушілері үшін бір жағынан өзендегі ағыспен бірге жүзетіндей жаңа мүмкіндіктер туады, екінші жағынан оларға өзеннің қатты толқыны қауіп төндіреді. Қазақстанның кәсіпорындары басқа ортада жұмыс істеуге дайын ба, әлде дайын емес пе ? Егер дайын болмаса, компания қызметі тоқтап қалмау үшін не істеу керек ?
Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес субъектілерімен стратегиялық даму туралы айтатын болсақ, онда олар бірден қазіргі проблемаларын айтып шыға келеді. Қазіргі мәселелер тұрғанда, болащақ туралы сөз қозғап қайтемін дейді. Әрине қазіргі мәселелерді шешу алып керек, бірақ кәсіпорын стратегиялық даму туралы ойлау керек.
Кәсіпкерлер немқұрайлы қарағандықтан, кәсіпорын залал шегіп қалады. Қазақстан кәсіпорындарынан бір мысал келтіре болсақ, отандық зейнетақы қорлары өз активтерін теңгеде емес, АҚШ долларында ұстағанды құп көрді. Олар теңгенің долларға қарағанда күшейе түскен сәтті жіберіп салды да нәтижесінде біраз шығынға ұшырады [27].
Бәрімізге белгілі жақын арада
Біріккен Сауда Ұйымына кірмекшіміз.
«Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялды-индустриальды-
Қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеде экономиканың саласына негізделген қосылған құн тізбегі сияқты даму стратегиясын жасау және талдау әдісі кеңінен қолданып жүр.
Қазақстанның шағын және орта бизнесті 10-15 жылда ондай деңгейге жетпейді немесе экспортқа шығарып көрді бірақ ештеңе шықпады деген пікір болуы мүмкін. Бұл кәсіпкерлердің пікірі келесілермен сипаттталады:
Кез келген елде экокномиканың екі типі бар: біріншісі – « жергілікті » - соңғы тұтынушыға тауар жеткізіп отырады, екіншісі – « глобальды » құн көрсеткішінің әлемдік басқару жүйесімен байланысты. Экономиканың екі түрінің арасында қарама-қайшылықтар туындайды. Барлық елде глобальды экономиканың рольі саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп келе жатыр. Нидерландының жалпы ішкі өнімінің 50 пайызы халықаралық келісімдермен байланысты ( Малайзия, Гонконг, Сингапур және Ирландияда бұл көрсеткіш одан да жоғары ), ал еуропа мемлекеттері үшін орта есеппен 30 пайызды құрайды [28].
Қазақстан өзінің индустриялды-индустриальды-
Қазір отандық бизнестің қандай жағдайда екенін қарастырайық. Біріншіден, көптеген кәсіпорындар « жергілікті » экономикада жұмыс істейді. Бұл экономика шетелдік инвесторлардан қорғалған, тіпті кейбір бизнеске тыйым салынған ( мысалы, телекоммуникация саласы, су-энергия желілері, транспорт және т.б.). Екіншіден отандық кәсіпорындар өмірлік циклдің өсу сатысында. Қазақстанның БСҰ-на кіруінен кейін қысқа уақыт ішінде нарықтың толуын күтуге болады. Сонда өсу сатысынан, кемелденген сатыға көшеді. Отандық кәсіпорын үшін бұл құбылыс нені білдіреді? Біріншіден, бағасыз бәсекеден , бағалық бәсекеге ауысу болады.Екіншіден, бәсекенің интесивтілігі күшейеді.
Жалпы Қазақстанда барлық салалар
өсу сатысында. Көптеген кәсіпорындар
бұл сатыда үлкен жетістіктерге
жетті, бірақ бұл қолдағы
Нарықтық экономикаға өту
Еуропалық Одаққа мүше елдерде шағын бизнестің рольі өте зор. Бұл кәсіпорындар бүкіл компаниялардың 99,9% береді., жұмыспен қамтылғандардың 66% және 65% бүкіл кәсіпкерлік айналымды құрайды. Еуропалық Одақта кәсіпорынның 92,4 пайызында оннан аспайтын адам жұмыс істейді, 7,5 пайызында 10 мен 499 адам жұмыс істейді. 500 адамнан жоғары жұмыскерлері бар 0,1% құрайды. Бұның барлығын басқарып отырған кәсіби білімі бар, басқару саласында тәжірибесі мол менеджерлер басқарады. Қазақстанда қалыптасқан жағдайға байланысты үкімет қолда бар ресурстарды кәсіпкерлерді оқытуға ақпараттық жүйеніің тарауына және несие жүйесіне жұмсамақшы [29].
Бұл жұмысқа қажетті республикада мемлекеттік және жеке оқу орталықтары әртүрлі оқыту бағдарламалары бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстарда, кейбір аудан орталықтарында Қазақстанның шағын кәсәпкерлікті қолдау және дамыту орталықтарына тікелей шығатын ақпараттық жүйе бар.Алайда бастауыш кәсіпкерлердің қаржысының жетіспеушілігінен жоғарыда көрсетілген қызметтерді қолдана алмайды. Сондықтан республикалық және жергілікті бюджеттен оқытуға және ақпарат алуға қажетті қаржы болу керек. Бұл мәселені шешудің тағы бір жолы бар. Мысалға келтірер болсақ, Германияда бастауыш кәсіпкерлерге кеңес беру үшін арнайы фирмалар құрылған. Оларға әр бастауыш кәсіпкер осы фирманың көмегі арқылы бір кәсіпорын құрған соң мемлекеттен 3 мың евро гонарар алып отырады.
Осындай мақсатқа республикалық бюджеттен қаржы бөлу керек. Бір кәсіпкерді оқыту 60 долларды құрайды ( 30 сағат ). Купондық жүйе енгізіп қою керек. Сонда кәсіпкер өз еркімен керек курсты таңдап оқиды. Бұл оқу орталықтарының арасында бәсекені туғызады.
Портердің артықшылық бәсекелесі теориясына сәйкес, кез келген даму деңгейі бірдей ел белгілі бір артықщылықтар иеленеді. Ол артықшылықтар: еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, еңбек ресурстарының жоғарғы сапасы, тауар және қызмет көрсету сапасы, басқару әдістері және т.б.