Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
Миссия – қоғамға (қоршаған ортаға) кәсіпорынның философиясы, имидж жөнінде көрініс береді. Сонымен бірге, ол кәсіпорында белгілі ішкі ұйымдық климаттың орнығуына, нақты мақсаттарды (жалпы және айрықша) тұжырымдау үшін негізін құруға, стратегияның орындалуын қамтамасыз етеді.
Жалпы мақсаттар қаржылық
орнықтылығына жету, қажетті пайдалылық
деңгейін қамтамасыз ету,
Қазіргі жағдайда жалпы
Айрықша мақсаттар әрбір
бөлімшелерде өңделеді және
Кәсіпорынның сипатына байланысты мақсаттарды белгілеу процесі орталықтанған және орталықтандырылмаған түрде де жүруі мүмкін. 1-жағдай, ұйым шегінде барлық мақсаттардың ортақ бағдарлануын қамтамасыз етеді, бірақ бұл төменгі буындағы басқару деңгейіне күштеп тану түрінде болады. Сондықтан оны жүзеге асыруда орындаушылардың арасында қайшылықтар пайда болуы мүмкін. 2-жағдай, жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарастырмайды, бірақ мақсаттарды үйлестіру, 1 арнаға бағыттау қиындықтары туады.
Фирма стратегиясы – нақты мақсаттарға жетуді көздейтін, келешекке негізделген шаралар жүйесінен тұрады. Стратегияны дайындау мен оны жүзеге асырудың мәні – сансыз боламаның ішінен дұрыс даму бағытын таңдап алу мен өндірістік шаруашылық қызметті таңдап алынған бағыт бойынша бағыттауында жатыр. Қазіргі кезеңде даму бағытын алған стратегиялық басқарудың жүйесі мыналарды қарастырады:
стратегиялық мақсатқа жету дәрежесіне байланысты өндірістік бөлімшелер мен оның басшыларын ынталандыру мен бағалау.
Кәсіпорынның индустриальды-
Индустриальды-инновациялық жүйе келесі негізгі ішкі жүйелерге бөлінеді, сәйкесінше олардың әрқайсысы мынадай элементтерді қамтиды:
Ғылыми потенциал қолданбалы зерттеулер салаларын дамыту арқылы негізгі әзірлемелерді коммерциялық қолданыс деңгейіне дейін жеткізетін индустриальды-инновациялық дамудың маңызды факторы. Ғылыми потенциал құрамына: мемлекеттік ғылыми ұйымдар - ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеушілік институттар, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар; ұлттық компаниялардағы ғылыми ұйымдар, ірі кәсіпорындардағы зертханалар; жеке ғылыми-зерттеушілік және жобалық институттар; ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерліктер; ғылыми кадрлар және жекеленген өнертапқыштар; материалдық-техникалық база енеді.
Қазіргі таңда елдің ғылыми потенциалын Білім және ғылым министрлігінің, салалық министрліктердің ғылыми ұйымдары, жеке ғылыми-зерттеушілік ұйымдар, ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған зерттеу орталықтары, сондай-ақ ұлттық компаниялар қарауындағы ғылыми-зерттеушілік институттар қамтиды.
Схема 1. Кәсіпорынның индустриальды-инновациялық қызметін қалыптастыратын ішкі және сыртқы факторлар сыныптамасы
Индустриальды-инновациялық кәсіпкерлік ғылыми-техникалық және өндірістік сфералар арасындағы байланысты дамытуды қарастырады. Индустриальды-инновациялық кәсіпкерліктің соңғы мақсаты нарықтың ағымдық коньютуралық жағдайына жедел бейімделетін және бәсекеге қабілетті сериялық ғылыми өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды дамыту болып табылады. Индустриальды-инновациялық кәсіпкерлік құрамына: бизнес - періштелер; кәсіпорын; индустриальды-инновациялық менеджер.
Көпдеңгейлі индустриальды-инновациялық инфрақұрылым индустриальды-инновациялық қызметті іске асыру үшін жағдайды қамтамасыз ететін және қызмет көрсететін өндірістік, консалтингтік, білім беру және ақпараттық құрылымдарды байланыстыратын кешенді анықтайды. Индустриальды-инновациялық инфрақұрылым мынадай келесі элементтерден тұрады: ұлттық технологиялық парктер; өңірлік технологиялық парктер; технологиялық бизнес-инкубаторлар;
Қаржылық инфрақұрылым индустриальды-инновациялық-
Индустриальды-инновациялық процестерді басқаруға кешенді, жүйелі бағыт болмаса, мемлекеттің индустриальды-инновациялық потенциалы төмендейді және оның әрі қарай дамуының басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Экономикалық дамыған елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, жаһандық экономикалық
жағдайда экономиканың орнықты
дамуы өндіріске жаңа технологиялар
мен әзірлемелерді енгізуге негізделеді.
Дамыған елдерде әртүрлі
Экономикалық дамыған елдерде мемлекет индустриальды-инновациялық қызметтің дамуын қажетті экономикалық, қаржылық, ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық жағдай жасау арқылы ынталандырады. Осы шараларды тиімді қолдану арқылы инновацияны мемлекеттік қолдау жүйесі қалыптасады. (Сурет 2) [10]
Экономикалық жағдайға мыналар жатады:
– инновация нарығында ұсыныстардың өсуіне ықпал ететін салық саясатын және баға қалыптастыру саясатын жүргізу;
– индустриальды-инновациялық сферада тиімді жұмысбастылықты қамтамасыз ету;
– инновацияларды игеретін
және тарататын отандық
– техниканы жаңартуға қолдау көрсету;
– сауатсыз бәсекелестікті кеміту;
– индустриальды-инновациялық сферада сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
– мемлекеттік индустриальды-
Қаржылық жағдайға мыналар жатады:
– индустриальды-инновациялық қызметті қаржыландыруды қамтитын бюджеттік саясатты жүргізу;
– мемлекет үшін маңызды болап табылатын, бірақ жеке секторға тартымды емес индустриальды-инновациялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін тікелей мемлекеттік инвестициялар бөлу;
– индустриальды-инновациялық сферада қолайлы инвестициялық жағдай жасау;
– индустриальды-инновациялық қызметке қатысатын отандық және шетелдік инвесторларға дотациялар, жеңілдік несиелерін, кепілдіктер беру.
Ұйымдастырушылық жағдайға мыналар жатады:
– мемлекеттік, салалық
және өңірлік индустриальды-
– индустриальды-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
– индустриальды-инновациялық қызметті іске асыратын кадрларды дайындауға, қайта даярлауға және кәсіби біліктілікті арттыруға әсер ету;
– индустриальды-инновациялық қызметті ақпараттық қолдау (индустриальды-инновациялық қызметке негіз болатын мемлекеттік индустриальды-инновациялық саясаттың басым бағыттары туралы ақпараттарға, орындалатын және аяқталған индустриальды-инновациялық жобалар мен бағдарламалар туралы материалдарға, аяқталған ғылыми-техникалық зерттеулер туралы материалдарға еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету);
– индустриальды-инновациялық сферада өңірлердің өзара әрекеттестігін кеңейту; интеграциялық процестерге ықпал ету; халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Нормативтік-құқықтық жағдай жасау:
– индустриальды-инновациялық қызмет субьектілерінің арасындағы қарым-қатынастардың құқықтық негіздерін бекіту;
– индустриальды-инновациялық қызмет субьектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, оның ішінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды кепілдендіру.
Индустриальды-инновациялық процестерді реттеу мақсатында мемлекет тікелей және жанама қолдау көрсетеді.
Схема 2. Индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесі
Индустриальды-инновациялық қызметті тікелей мемлекеттік реттеу ғылым мен техниканы дамытудың басым бағыттарын таңдау, «мәселелі технологиялар» қатарын анықтау, мемлекеттік бюджеттен жобалрадың мақсатты қаржыландырылуы, мемлекеттік емес құрылымдармен жүзеге асырылатын жобалар мен бағдарламаларды қайта қаржыландырлуы, индустриальды-инновациялық қызметтің инфрақұрылымын қалыптастыру және басқа да шаралар негізінде іске асады.
Индустриальды-инновациялық қызметті ынталандырудың жанама шаралары фискальдық әдістерді (жеңілдікпен салық салу, жеделдетілген амортизация, жекеленген нарықтарды, салаларды реттеу) қолдануды, зияткерлік меншікті құру, беру және қорғау саласында нормативтік-құқықтық реттеуді, сондай-ақ, ғылыми білімді коммерциялауға қатысатын құрылымдарға қолайлы жағдай жасауды қамтиды.
Экономиканы мемлекеттiк басқарудың жаңа стратегияларының алғышарттары. Экономиканы мемлекеттiк бақаруды жетiлдiру және нарықтарды реттеу мәселелерi экономика ғылымының негiзгi мәселелерiнiң қатарына жатады. Қазiргi кезде ол жалпы жүйелiк күйзелiске және экономиканы басқарудағы олқылықтарға байланысты ерекше маңызды болып отыр. Қазiр монетаризмнiң постулаттарын догмалық түрде түсiнуден бас тарту жүзеге асып, мемлекеттiк басқарудың жаңа стратегиясы өте қажет болып жатыр. Шамаланған әдiстемеде ұлттық және экономикалық қауiпсiздiк артықшылығы, өсiмнiң iшкi көздерiнiң қойылымы, өндiрiстiк дамуды мемлекеттiк ынталандыру, экономиканың нақты және қаржылық секторларының арасындағы алшақтықты жою және елдегi экономикалық өзгерiстердi мемлекеттiк басқару стртегиясының әлеуметтiк бағытталғандығы негiзге алынған.[5]
Экономиканы мемлекеттiк басқарудың жаңа стратегиясының негiзгi бағыттарына мыналар кiредi: экономиканың мемлекеттiк секторының қалыптасуы және нығаюы; артықшылықты бағыттар бойынша өнеркәсiптiң өкендеуiн мемлекеттiк ынталандыру және индустриальды-инновациялық процесстi қолдау; тауарлық, қаржылық және ақпараттық нарықтарды, сыртқы экономикалық процесстердi мемлекеттiк реттеу; аймақтық деңгейде мемлекеттiк басқару.
Мемлекеттiк меншiктi басқару, экономиканың мемлекеттiк секторын басқарудың құрылымы. Қазiргi кезде негiзгi ставканы реформа жылдары сатылуға ұшыраған мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалану жолымен мемлекеттiң әсерiн күшейтуге қою ұсынылып отыр. Бiрақ одан алынған сомалар ЖIӨ-нiң 1 пайыздан аз мөлшерiн құрай отырып, мемлекеттiк кiрiстерде шешушi рөл атқармайды. Мемлекеттiк меншiктен түскен барлық дивидендтер 400 млрд. теңгенi құрады. 1999 жылы дивидендтер түсiмi күрт азаяды, оның мөлшерi бюджет кiрiсiнiң 0,03%-нан аспайды. Осылайша, әлi де аз емес мемлекеттiк меншiк мемлекетке кiрiс әкелмейдi.[8]
Индустриальды-инновациялық процесстердi мемлекеттiк қолдау. Ғылыми-техникалық революция кезеңiндегi экономиканы мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгi көбiне оның индустриальды-инновациялық процеске әсерiмен анықталады. Басқарудың орталықтанған жүйесiнiң негiзгi артықшылығы ресурстар және ғылыми кадрлардың стратегиялық индустриальды-инновациялық бағыттарда шоғырлану мүмкiндiгi болып табылады. Алдыңғы қатарлы елдер инновациялардың оптималды конвергенттi жүйесiне жеткiлiктi түрде жақын келдi. Олардың көпшiлiгi ғылым мен жаңашылдықтың өндiрiске қатысты озық өсуi арқасында дамудың жоғары деңгейiне қол жеткiздi. Сонымен қатар, Жапония сияқты елдер тарихтың қиын кезеңдерiнiң өзiнде өндiрiстiң болашақтағы өсуiне маңызы зор екенiн ескере отырып, ҒЗТКЖ -ға қаржы бөлудi өсiрдi. Ресейге экономиканың мүшкiл жағдайына қарамай бюджеттiк қаржыландырудың статьяларына сәйкес, қаржыландырумен қамтамасыз ете отырып, сол стратегиялық жолғы түсу керек. [8]
Тауар, қаржы және ақпарат нарығын мемлекттiк басқару. Нарықтардың мемлекеттiк басқарылуы экономиканы мемлекеттiк басқарудың неғұрлым дамыған бөлiгiн құрайды. Нарықтың қай түрi болмасын әрқашан және барлық елдерде болған және мемлекетқұрылған кезден бастап басқарылып келген.
Қазiргi кезеңнiң шынайылығы нарықтарды басқаратын ақпараттық-қаржылық жаңа институттардың құрылуы мен қаржылық және ақпараттық нарықтардың көлемiнiң ұлғаюы мен маңыздылығының күрт күшеюi болып табылады. Бұл бағыттағы алдыңғы қатарлы елдерден әлдеқайда артта қалған Ресей жинақталған тәжiрибенi қолдана алады. Салалар мен кешендi салалар сияқты, соларға сәйкес нарықтар да елдiң ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiне маңыздылығы деңгейiне байланысты жiктеледi, компанияларындағы потенциалдың аталған нарықты шетел бәсекелестерiнен жеңiп алу және сәйкес нақықта ары қарай бекiту үшiн қолданылуы маңыздылығына байланысты да жiктеледi. Жiктеу бағанасындағы алатын орнына байланысты сыртқы экономикалық қызметтiң мемлекеттiк басқарылуының үгiсi таңдалады: шамалы протекционизмнен толық ашықтылыққа дейiн және тiкелей мемлекеттiк басқарудың қажеттi деiгейi.