Индустриально-инновационное развитие РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:14, реферат

Краткое описание

Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.

Содержимое работы - 1 файл

Диплом.doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Белгілі бір резервтің түріне немесе бір түрдің ішіндегі лауазымға қойылған критерилердің мағынасы оған деген талаптың деңгейіне байланысты қойылады. Осындай талаптардың жиынтығы мамандық профессиограмасын құрайды. Потенциалды резервті жинақтағанда болашақ жұмыскерлер контингенті құрылады, оған жас мамандар,сонымен қатар өндірістен бөлмей оқу орындарын бітіріп жатқандар да енгізіледі. Оның құрамына бастапқы резерв кандидаттары кіреді, ал сонан соң 50% ықтималдықпен ақырғы резервке енгізіледі.

Потенциалды резервтің мөлшері  бастапқы резерв мөлшерінен әлдеқайда  көбірек болуы керек. Резервтің сапасы не ғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол мобилді болады және бір түрден екінші түрге өткізудің ықтималдығын туғызады.

Бастапқы резерв-бұл басшылық лауазымға  тағайындалуға ықтималды басқаларына  қарағанда жоғары потенциалды резерв жұмыскерлері. Оның құрамы кандидаттардың басшылық қасиетін салыстырмалы бағалау арқасында белгілі болады.

Ақырғы резервке резервті құру критериларына  ең көп мөлшерде жауап беретін  жұмыскерлер ғана кіргізіледі. Кандидаттардың өздерін жетілдіру стимулын тудыру үшін резервтің мөлшері қажетті басқарушы кадрлардың мөлшері, мөлшерінен жоғары болуы керек. Тәжірибеде сұрыпталған кандидаттардың санымен ықтимал бос орын (вакансия) қатынасы 2:1-ден аспайды. Резерв қажетті бөлімшеде жұмыс істемеген кандидаттардан құралуы мүмкін.

Қызметке кадрлар резервін дайындаудағы дифференциацалау керек, резервті құру критерилерінің дұрыс емес мағыналығын көрсетеді. Потециалды резерв критерилерінің көрсеткіштері (жасы, білімі, жасы, стажы, басқаруға талпыныс және т.б.) қарай жылжытуының мүмкіндігін көрсетеді және келесі позицияға сәйкес келтіреді: «әрі қарай жылжытуға мүмкіндігі бар». Бастапқы резерв критерилерінің көрсеткіштері (басқарушылық қасиет) бірнеше кандидаттардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау негізінде кандидаттардың әрі қарай көтерілуіне дайындығын көрсетеді. Мұндай бағалау ең ықтимал кандидаттарды айқындауға мүмкіндік бермейді және бұл өлшемге жауап беретін барлық жұмысшылар жоғарлауға дайын.

Бағалау критериі іскерлік сапа әдісі  бойынша маңызды дәрежеде субьект  болып табылады, бірақ ол онымен жұмыс істеуді жоспарлауды және түпкі қорды қалыптастыру негізін білдіреді.

Таңдауды жасаған адам қорға жауапты болып табылады. Қорды алдын-ала қалыптастыруға еңбек ұжымы белсенді түрде қатынасады, оның өкілдері кандидаттарын іскерлік қабілеттерін сараптаушылар түрінде қатысады. Бағалаудың сапасына байланысты кандидаттардың орындары келесі түрде белгіленеді:

     1. Кандидат берілген  сапа бойынша негізгі қызметке.

     2. Берілген сапа бойынша  қозғалысқа дайын.

     3. Ары қарай жылжатуға  мүмкіндігі бар.

     4. Талаптарды қанағаттандырыады, бірақ қор есебіне енгізуге тиіссіз.

     5. Берілген сапа бойынша  талаптарды қанағаттандырмайды.

Қорға кандидаттардың сапасын, сараптау бағасының ерекшеліктері. Критерий негізінде сайланған кандидаттың басқару шешімін қандай дәрежеде шешу керектігі жатыр. Өткен табыстар - басқару қызметінің болашақта табысты болуының кепілі болып табылады. Іскерлік сапаның сараптық бағасы қорға кандидаттардың болашақта жоғары қызмет иелерінің болуының болжамы болып табылады. Ол болашақта болуы мүмкін қатерлер мен басқару шешімін жақсартуға бағытталған.

1.Кадр бөлімінің мәліметі бойынша сол немесе басқа бөлімшелердегі әрбір басқару лауазымы бойынша потенциалды резерв құрылады.

2.Алдын-ала резервке үміткерлер  сапасын бағалау бойынша эксперттер тағайындалады.

3.Эксперттер тізімі бекітіледі .

4.  Эксперттерге бағалау мақсаттары  мен оның шаралары түсіндіріледі.

5.Алдын-ала резервке үміткердің  салыстырмалы эксперттік бағасы  мен есепке алу мүмкіндігі  басқа  үміткерлермен салыстыру  бойынша анықталады.

6.Алдын-ала резервтің тізімі  құралады 

7.Бағалау материалдары талданады  және бөлімше басшысына беріледі.

8.Бағалаудан өткен жұмысшылармен  жиналыс өткізеді.

Эксперттер еңбек ұжымының өкілдері, басшылары болады. Олар бағалаушы  үміткерлер сапасын онымен бір өндірістік процесте бірге болып, бір жылдай сынауы тиіс. Баға экспертімен жеке байланысы жоқ кезде беріледі. Оны өткізу нәтижесі ұйымдастырушыға жеткізіледі,алдағы бағамен байланысты сұрақтар жиынтығы наықталады. Бұндай сұрақтарға үміткердің қайсысына алдын-ала тезервке және қандай дәрежеде (есепке алу) бойынша оның мақсаттарын түсіндіру жатады.

Тәжірибе көрсеткендей, еңбек ұжымының өкілдері басшы лауазымына ұсынылған  үміткер нақты эксперттік қандай бөлім алғанын білмеуін қолдайды. Соңында ол өзінің жұмысын жобалау және басшы лауазымына ұсынылатын  ұжымының басшылық потенциалын өсіру резервін наықтау үшін барлық эксперттер бағалары негізінде шығарылған, жалпыланған нәтижелермен міндетті түрде танысады.

Тәжірибе бойынша, істің табыстылығына  бір дәрежеге жататын шақыру және бағаланушы (ол жиі бір уақытта басқа басшы орнына үміткерүшін эксперт бола алады) эксперт белгіленген кезде болмауы тиіс. Бағалауды ұйымдастырушалар (кадр бөлімінің жұмышылары немесе кәсіпорын қызметі  өздерінің көзқарасын эксперттерге жүктемеген және оны бір ортадан  өткізбейді).

Бекітілімдер тек тезервте өтуі тиіс деген негіздеме тәжірибесімен  келіспейді, бірақ ол басшы орнына үміткерлердің білімі туралы шешуші маңызын қолдайды.

Егер басшыны кәсіпорынның бөлімшелерінен таңдау қажет болса - бөлім, цех, участок, зертхана, т.б. онда резерв маңызды өседі, өйткені ұжымда әрбір үміткер туралы ақпарат жеткілікті.

        Мамандықты  жоспарлаған кезде менеджер туралы  ақпарат мағынасы жоғарылайды. Қосымша қиындықтар туындағанда кәсіпорынның төменгі және жоғарғы басқарушысының сатысында резерв және таңдауды жасаған кезде пайда болады. Мамандар үшін бұл резерв жетіспеушілік, басшылар үшін – сенімді түрде таңдауы қиындайды.

Индустриальды-инновациялық қызметтің  даму жағдайында  ең басты  қоғамның өндіруші күшіне айналған жоғары интеллектуалды,  еңбегінің өнімділігі жоғары адамның рөлі айқындала түседі. Жоғары білікті мамандардың  индустриальды-инновациялық экономикадағы ролі  өте үлкен және ол тұрақты өсуде. Сондықтан  индустриальды-инновациялық процестерді тиімді басқаратын, индустриальды-инновациялық жобаларды  құрып және енгізетін кадрларды даярлау өзекті мәселеге айналып отыр.[31] Яғни индустриальды-инновациялық экономика қалыптастырып, дамыту үшін кадрларды даярлаудың жаңа тұжырымдамасын құруды талап етуде. Оның негізін мынадай принциптер қалауы қажет:

  • тұлғаның шығармашылық қабілетін өзі жүзеге асыруы мен дамытуы; 
  • перспективалық ғылыми-техникалық  жаңашылдық енгізуге үздіксіз бағдарлану және оның тәжірибеде жүзеге асуы үшін жолдар мен әдістер іздеу;
  • жоғары білікті және жоғары интеллектуалдық мамандарды, индустриальды-инновациялық қызметтің жүйелі менеджерлерін даярлауға бағытталу;
  • кадрларды оқыту мен даярлауды өндірістік процестің құрамдас бөлігі ретінде қарастыру, ал кадрлар  даярлауға кеткен шығындарды  жұмысшыларға кеткен шығындар деп емес,  кәсіпорынның, саланың және аймақтың  дамуына қажетті ұзақ мерзімдік инвестиция ретінде қарастыру қажет;
  • кадрларды жаңашылдық  енгізуді құру  процесіндегі әлеуметтік және психологиялық аспектілерді басқаруға үйрету;
  • кадрлардың  оқытудың және біліктілігін арттырудың үздіксіз жүйесін құру;
  • аймақтың университеттері мен жоғарғы оқу орындарының индустриальды-инновациялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындармен индустриальды-инновациялық технология, жүйелі машиналар мен құрал-жабдықтар туралы бағдарлама оқулықтарын,  монографиялар шығару ісі бойынша, жаңа мамандар даярлау бойынша  бірлесіп жұмыс істеуі.

Индустриальды-инновациялық практика айналымдық капиталды қажет  етеді. Бұл  айналымдық капиталды (мысалы, несие) алу  қазіргі таңда  арнайы шараларды қолдауынсыз мүмкін емес. Сондықтан отандық фирмалар айналымдық капиталға кенде болып отырған соң, елдегі ең үздік жобалар  шетел фирмаларына ұтылып қалуда.  Осы келеңсіз мәселені шешу үшін  индустриальды-инновациялық экономикада индустриальды-инновациялық және инвестициялық функцияларды басқаруды біріктіру керек. Біртұтас индустриальды-инновациялық-инвестициялық циклдың жүзеге асырылуының  нәтижесі отандық индустриальды-инновациялық өнімдердің нарыққа шығарылуына өз ықпалын тигізеді.   

Қорыта келгенде, индустриальды-инновациялық даму жолында қандай салаға көңіл бөлуіміз қажет?  Ең алдымен біздің елдің табиғи-географиялық жағдайын ескеріп, бізге тиімді бағыт таңдай алу өте маңызды. Біздің елде табиғи ресурстарға бай болғанымызбен, игеру экстенсивті жүргізіліп жатқаны бәрімізге белгілі. Бұл мәселеде алдымен өнеркәсіп орындарын кооперативтендіріп, қалдықсыз технологияны қолдану, венчурлік экономикаға көшу қажет.

          

 

                                       

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты  саласы болып табылатын индустрияны  қайта құру мен дамытуда маңызды  да сапалы өзгерістер енгізумен басталды.

Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-индустриальды-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада  құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда  жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Индустриалды-инновациялық қызметті нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық-экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын заңдық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.

Қорытындылай келе, жүргізілген зерттеу тқмендегідей қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді:     

  1. Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Индустриальды-инновациялық қор сияқты арнайы даму иеституттарын құрылды. Стратегия елде ғылымды және индустриальды-инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және индустриальды-инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өңдiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрамында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
  2. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, индустриализациядағы жетістіктер ұлттық дәстүрлер мен менталитетке тәуелді. Әрине, қазақстандық басқару жүйесінің және экономиканың ұлттық моделінің ерекшеліктері мен қасиеттерінің барлығы дерлік постиндустриалды экономикаға көшу үшін жағымды жағдайлар құрмайды. Индустриалды-инновациялық даму Стратегияның сапалы және уақытылы орындалуына бағытталған әдістер мен факторлардың қолдануын талап етеді:
  • Индустрияда инновациялық белсенділікті жоғарылату;
  • елдегi индустриальды-инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту; индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;бәсекелі артықщылықтарды қалыптастыру.
  1. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-индустриальды-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
  1. Отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсеке қабiлеттiлiгiн  арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу; индустриальды-инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын индустриальды-инновациялық бизнестi ынталандыру
  2. Жаңадан құрылған индустриальды-инновациялық кәсіпорындарға Қазақстанның индустриальды-инновациялық жүйесін дамыту бағдарламасында қарастырылған келесі механизмдерді  тиімді қолдану ұсынылады:

- Капитал мен кепілдікке ұзақ мерзімдік тәуекелдікті қамтамасыз ететін мемлекеттік қаржылық құралдардың бірыңғай жүйесін құру.

Информация о работе Индустриально-инновационное развитие РК