Зертханалық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:08, лабораторная работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: Қоршаған орта мониторингі пәні
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған орта мониторингімен, қоршаған ортаны
қорғау әдістерімен, табиғи ортаның жағдайын байқау, бақылау, болжау
әдістерімен таныстыру, мониторинг ұғымын жетілдіру және мониторингті
жүргізу талаптарымен таныстыру.

Содержимое работы - 1 файл

Зертханалык жумыстар.doc

— 407.50 Кб (Скачать файл)

үлгі алынады, одан соң бюкстың қақпағын ашып, 8 сағатқа 105ºС

температурада кептіреді. Кептірілген топырақты  эксикаторға салып, 20-30 мин 

жауып қояды. Эксикаторға  ондағы ауаны кептіру үшін конц Н2SO4 немесе

сусыз кальций  хлоридін салады.

Топырақ үлгісі кепкен соң аналитикалық таразыда өлшеп, тағы да

кептіргіш шкафта 1-2 сағат сол температурада кептіреді. Кептіру мен өлшеуді 

0,0003 г дәлдікке  дейін жүргізу керек.

Топырақтың ылғалдығын W (%) төмендегі формула бойынша  есептейді,.

               (m1 – m0) -100

W     = ——————

           (m1 – m)

бұндағы:

m1 – ылғал  топырақтың (бюкспен бірге) салмағы,  г;

m0 – кептірілген  топырақтың (бюкспен бірге) салмағы,  г;

m – бюкстың  салмағы, г;

Зерттеу нәтижесінде  алынған күкіртсутектің мәнін ШМК  мәнімен 

салыстыру арқылы топырақтың ластану деңгейіне баға беріңіздер.

Блиц тест:

1. Бір мемлекеттің  шегінде арнайы құрылған органдар  арқылы 

жүргізілетін  мониторинг?

А. ұлттық мониторинг                                  В.Биологиялық мониторинг

С. базалық (фондық) мониторинг               D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг

2. Ақпаратты  өздігінен жинау, сақтау, түрлендіру  мен ұсынудың 

электрондық есептеу  машиналарында іске асырылған жүйесі.

А. Биологиялық  ақпараттық жүйе                         

В. географиялық ақпараттық жүйе ГАЖ 39

С. электрондық  ақпараттар                                  

D. Химиялық ақпараттық  жүйе

Е. Жүйенің ақпараттық түрі

3.  Қоршаған  орта мониторингінің ғаламдық  жүйесінің (ҚОМҒЖ) басты 

міндеті қандай?

А. Табиғи ластағыш көздерді жою шараларын қарастыру

В. Табиғи ортаның  ластануын бақылау

С. Антропогенді ластағыш көздер мониторингін құрастыру

D.  Қоршаған  табиғи ортаның ластануынан болатын  эффект пен олардың 

салдарлары, жалпы  ластану мониторингін ұйымдастыру 

Е. Дұрыс жауабы жоқ

4. Ақпараттарды  біріктіру сипаты бойынша мониторинг қандай түрлерге

жіктеледі?

А. Ғаламдық, космостық, аймақтық             

В. Базалық, аймақтық, импактылы 

С. Орман және су мониторингі                              

D. Гляциологиялық  және жергілікті мониторинг

Е. Экологиялық, химиялық және физикалық

5. Топырақ құрамында,  азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде  және 

басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін 

пестицидтің миллиграмм мөлшері:

А. ШМКжз                В. ШМКм.бр.              С. ШМК о.т             

D. ШҚМ                   Е. ШМКс

6.  Организмнің  тіршілік ету жағдайларына қатысты  шарттардың жалпы 

жиынтығы және осы шарттар қанағаттандырылатын  жерді немесе кез-

келген түрдің тіршілік ететін ортаның жағдайын анықтайтын,

биологиялық көрсеткіштері  мен физикалық параметрлерінің барлық

жиынтығын, олардың  энергияны түрлендіруін, ортамен  және өзіне 

ұқсастармен мәліметтер алмасуы:

А. Экологиялық  қуыс                     В. биологиялық ақпарат алмасу                   С.

Экологиялық аудан                                       D. Экологиялық шар                      

Е. Дұрыс жауап  жоқ

7. Әсер еткенде  организмде физиологиялық және  қабілеттілік реакциялар 

шектерінен шығатын  өзгерістер немесе жасырын  патология  туындайтын

заттың минималды  дозасы:

А. улылық дәрежесі                             В. шекті мөлшердегі концентрация

С. Зиянды әсер табалдырығы             D. Экспозициялық концентрация

Е. Ең аз концентрация

8. Экожүйені  құрайтын барлық компоненттер  мен элементтердің өздігінен 

реттелуі мен  өздігінен қалпына келуі процестерінің жүруіне мүмкіндік

болатын кеңістік:

А. Экожүйенің концентрациясы              В. Экожүйенің ауданы                 

С. Экожүйенің мөлшері                            D. Экожүенің кеңістігі                            

Е. Экожүйенің көлемі 40

9. Орташа тәуліктік  ШМК бойынша реттеліп, «і» шикізатының  

ластануының  бірлік  индексі  қолданылатын  күкірт  диоксидінің 

концентрациясына  әкелінген  жиынтығы  ретінде  саналатын индекс?

А. Экспозициялық  концентрация                           

В. шекті мөлшердегі концентрация индексі

С. улылық дәрежесінің  индексі                               

D. Ауа  ластануының   кешенді  индексі  

Е. Ең аз концентрация

10.  Қоршаған  ортаға физикалық процестер мен  құбылыстардың (су 

тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ

эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі

А. Физикалық  мониторинг                            В. Химиялық мониторинг            

С. Биологиялық  мониторинг                         D. Экобиохимиялық мониторинг

Е. Құрама экологиялық  мониторинг

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың  тіршілік үшін маңызы қандай?

2. Топырақтың  қандай типтері бар?

3. Топырақтың  қасиеттеріне сипаттама беріңіз

4. Топырақтың  химиялық қосылыстармен ластануы, себептері, салдары,

тұрғындар денсаулығына әсері

5. Топырақтың  биологиялық ластануы, себептері   – тұрғындар денсаулығына 

әсері

Глоссарий:

Жер бетінің  топырақ қыртысы - әр түрлі геохимиялық  өзгерістер

нәтижесінде, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік етуінің барысында

саналуан физика-химиялық құбылыстар орын алатын, қозғалғыштығы  төмен 

биогеоценоз компонеттерінің  ең маңызды бөлігі.

ШҚМ – топырақ  құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде

және басқа  тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін 

пестицидтің миллиграмм мөлшері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Алексеев Ю.В.  «Тяжелые металлы в растениях  и почвах». Л., агропромиздат, 

1987.

2. Безуглая Э.Ю.  «Метеорологический потенциал и  климатические особенности 

загрязнения воздуха  городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3.  Беспамятов  Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые  концентрации 

химических веществ  в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4.  Василенко  В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д.  «мониторинг загрязнения 

снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5.  Израэль  Ю.А. «Экология, климат и влияние  возможных его изменений на 

селькое хозяйство  страны». М., Высшая школа, 1987.41

6. Израэль Ю.А.  «Экология и контроль состояния  природной среды». М., 1979.

7.  Кузин А.М.  «Прирдный радиоактивный фон  и его значение для биосферы

земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8.  Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова  Л.К., Соколова 

Т.А. Химическое загрязнение почв и  их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Рыспеков Т.Р.  «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті,

2003, 156 с.

10.  Санитарные  парвило по охране атмосферного  воздуха населенных мест.

(Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В.  Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

12. Чигаркин А.В  Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.

13. Шамен А.  Гидрометеорология и мониторинг  природной среды Казахстана.

Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.

Қосымша:

1.  Бельгибаев  М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического 

обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф.

Ландшафтно-экологические  основы природопользования и природоустройства.

Целиноград: 1991. С. 5-10.

2.  Востокова  Е.А. Картографическое обеспечение  космического мониторинга 

экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические 

основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.

3. Жекулин В.С.  Введение в географию: Учебное  пособие – Л-д, 1989.

4.  Кабата-Пендиас  А., Пендиас Х. Микроэлементы в  почвах и растениях. М.,

1989.42

№10 Зертханалық  жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Топырақты санитарлық қорғау

Жұмыстың мақсаты: Топырақты санитарлық қорғау, топырақтың өздігінен 

тазаруы, тыңайтқыш  ретінде су шөгінділерін пайдалану  шарттарымен,

фотоколориметриялық әдіспен таныстыру, топырақтың құрамындағы  мысты 

анықтау әдістемесін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Ротатор; бөлгіш воронка;  20 мл-лік  пробиркалар;

тығынды 200 мл-лік  конустық колбалар;  1; 5; 10 мл-лік пипеткалар; бюретка;

100  мл;  1000  мл-лік  өлшеуіш  колбалар;  ССІ4–тегі  қорғасынның 

диэтилдитиокарбонатты ерітіндісі;  5 % лимон қышқылды аммоний;

сұйытылған аммиак, мыстың стандартты ерітіндісі, 1Н НСІ  ерітіндісі; мыспен

ластанған топырақ.

Сабақтың жоспары:           

                                             І. Зертханалық жұмысты орындау

               ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

                                             ІІІ. Блиц тест

     ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру

Зертханалық жұмыс

Топырақтағы мысты  анықтау

Топырақта мыстың мөлшері шамамен 15-20 мг/кг болып кездеседі. Мыс 

және оның қосылыстары топырақтағы микрофлора, судағы флора мен фауна

өкілдері және жылы қанды организмдер мен адам организмі үшін улы болып 

саналады. Мыс  және оның қосылыстары қоршаған ортаға түсті металлургия 

өндірісі, транспорт, тыңайтқыштар мен пестицидтер арқылы, көміртекті

отындардың жануы, металлдарды балқыту мен гальванизация  процестері

кезінде түседі. Мыс және оның қосылыстарын анықтаудың ең кең таралған

Информация о работе Зертханалық жұмыс