Зертханалық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:08, лабораторная работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: Қоршаған орта мониторингі пәні
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған орта мониторингімен, қоршаған ортаны
қорғау әдістерімен, табиғи ортаның жағдайын байқау, бақылау, болжау
әдістерімен таныстыру, мониторинг ұғымын жетілдіру және мониторингті
жүргізу талаптарымен таныстыру.

Содержимое работы - 1 файл

Зертханалык жумыстар.doc

— 407.50 Кб (Скачать файл)

қарқындылығына  байланысты ластану дәрежесін анықтау,  студенттердің 

өздері тұратын  көшелердің автокөліктермен ластану  деңгейін есептеу 

әдістемесін меңгерту

Құрал-жабдықтар: қаланың бірнеше көшелерінде  орналасқан бақылау 

тораптары

Сабақ жоспары:                                            

                                             І. Зертханалық жұмысты орындау

               ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап  беру

                                             ІІІ. Блиц тест

     ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру

Зертханалық жұмыс

Автокөліктердің көптігіне байланысты атмосфералық

ауаның тазалығын  бағалау

 Бұл әдістің  мәні әрбір таңдап алынған  көшеде бір немесе бірнеше 

бақылау тораптары  орнатылады. Бақылаушыларға ыңғайлы  әрі қауіпсіз болуы 

үшін тораптар қиылыстар мен аялдамалардан алшақ орналасқаны дұрыс. Әрбір

торапта 2 бақылаушы  жұмыс жасайды: 1-сі орталықтан қала сыртына шығатын 

көліктерді, 2-сі қала сыртынан орталыққа бағыт алған  көліктерде санайды.

Жанынан өткен  әрбір автокөлікті бақылаушы арнайы құрылған кестенің сәйкес

графасына нүкте  немесе таяқша түрінде белгілеп отырады. Бұл кезде жеңіл 

машиналарды, жүк  машиналарын, автобустар, трактор мен  мотоциклдарды 

жеке-жеке есептеген  жөн. Атмосфераның ластануына онша әсер етпейтін

троллейбустарды санамауға болады. Бақылаушыларды ауыстыру 1-1,5 сағаттан

кейін жүргізіледі.

Бір бақылау  торабында әртүрлі бақылаулар жүргізуге  болады:

- тәуліктің әр  уақытында (тәуліктік өзгерістер)

- аптаның әртүрлі  күндерінде, бірақ бір уақытта  (апталық өзгерістер)

жылдың әртүрлі  мезгілдерінде (көлік қозғалысының маусымдық динамикасы)

Алынған кестелер бойынша белгілі бір көшедегі көлік қозғалысының

апталық немесе тәуліктік динамикасының графигін тұрғызуға болады. Көлік 

ағындарының орталықтан қала сыртына және қала сыртынан орталыққа қарай

қозғалыстарын салыстыруға, өз үйіңнің тұсындағы, оқу ғимаратының 

маңындағы және көліктер шоғырланған көшелердегі  қозғалыс интенсивтілігін 

салыстыруға болады. 18

Графиктерді тұрғызған  кезде горизонтальды осьта (абцисса  осінде) уақыт

(сағатпен  –  тәуліктік динамика үшін немесе  тәулікпен  – ұзақ мерзімді 

бақылаулар үшін), ал вертикальды осьте (ордината осінде)  – көлік ағынының

суммарлы қарқындылығы белгіленеді. Бұндай графиктерді өзара  салыстыру 

оңай

Блиц тест

1. Жоғары температурада рудалардан металдарды қайта құруға

негізделген әдістерді  біріктіреді?

А. Полиметаллургия                             В. Газды хроматограф

С. Фотоэлектроколориметр                 Д. Газанализатор

Е. Пирометаллургия 

2. Әсер аумағына  байланысты мониторинг қанда түрлерге бөлінеді?

А. Ғаламдық, фондық                          В. Кеңістік, уақытша 

С. Физикалық, биологиялық               Д. Химиялық, экобиологиялық

Е.  Жергілікті, кеңістік

3. Вулкандық  атқылаулар аудандарында рН мәні  қандай болған жағдайда

«қышқылдық жаңбыр»  байқалады?

А. рН = 2,4-2,5              В. рН = 2,5-2,6                      С. рН = 2,6-2,7

Д. рН = 2,7-2,8              Е. рН = 2,8-2,9

4.  Табиғатты   қорғаудың  мемлекеттік  стандарттар   жүйесімен 

айқындалады...

А. Қоршаған орта күйі                             В. Ең аз концентрация

С. Экологиялық  талаптар                        Д. қоршаған орта нормалары

Е. Ш.М.К.

5. Әртүрлі химиялық  заттардың неше қауіптілік класы  бар?

А. 2            В. 3              С. 4                Д. 5                 Е. 6

6. Табиғи және  өндірістік объектілердің жағдайына  бірыңғай талаптардың 

бірлестігі

А. Қоршаған орта сапасының стандарттары              В. Ең аз концентрация

С. Қоршаған орта талаптары             Д. Улылық дәрежесі              Е. Ш.М.К.

7. «Қадағалаушы, сақтандырушы» сөздерін латын  тіліне аударғанда 

қандай ұғымды білдіреді?

А. Стандарт                           В. Кумуляция                    С. Монитор             

Д. Синэкология                     Е. Норма

8. Топырақтың  санитарлық жағдайы қандай процеске байланысты

болады?

А. Эрозия                               В. Ластану                         С. Өздігінен тазару 

Д. Биологиялық  айналым     Е. Барлық жауап  дұрыс

9. Б.Ұ.Ұ.- ның қоршаған  орта жөніндегі Стокгольм конференциясының

алдында ( 1972ж. Маусым) Бақылау ұғымын толықтыру ретінде  қандай

термин пайда  болды?

А. Монитор                           В.экология                            С.популяция

Д.кумуляция                         Е. мониторинг

10. Түсті реакцияларды  жүргізу негізіндегі параметрлерді өлшеу үшін

қолданылатын  құрал қалай аталады?

А. Газды хроматограф                   В. Газанализатор             С. Гидрометр 

Д. Фотоэлектроколориметр          Е. Термометр20

Бақылау сұрақтары:

1. Автокөліктердің  қоршаған ортаға тигізетін әсері қандай?

2.   Қоршаған  орта жағдайын бақылау тораптары  қандай түрлерге бөлінеді?

3.  Маршрутты  тораптар

4.  Автокөліктердің  түтінді газында қандай қосылыстар  болады?

Глоссарий

Биогаз –  органикалық қалдықтардың немесе басқа  да тұрмыстық органикалық

қалдықтардың  ыдырау процестерінде пайда болатын  газдардың қосындылары

Көміртегі оксиді (СО) – түссіз, иіссіз, өте улы  газ, оттегі жетіспеген кездегі 

жану өнімі  немесе шала жану нәтижесінде түзілетін  газ

Ресурстық потенциал (РП) - территориядағы атмосфералық ауаның іс

жүзіндегі ластануынан  ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту  арқылы

өздігінен тазалану мүмкіндігі

Ауаны пайдалану  параметрі (АПП) - ауадағы ластағыш заттардың  шамасын,

таза ауамен сұйылтып араластырылу нәтижесінде, орташа мөлшерлі

концентрацияға  дейін жеткізуге қажетті таза ауа көлемі

Әдебиеттер тізімі:

1. Рыспеков Т.Р.  «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті,

2003, 156 с.

2. Безуглая Э.Ю.  «Метеорологический потенциал и  климатические особенности 

загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3.  Беспамятов  Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые  концентрации 

химических веществ  в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4.  Василенко  В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д.  «мониторинг загрязнения 

снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5.  Израэль  Ю.А. «Экология, климат и влияние  возможных его изменений на 

селькое хозяйство  страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А.  «Экология и контроль состояния  природной среды». М., 1979.

7.  Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы

земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8.  Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова  Л.К., Соколова 

Т.А. Химическое загрязнение почв и  их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9.  Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М.,

1989.

10.  Санитарные  парвило по охране атмосферного  воздуха населенных мест.

(Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В.  Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

12. Чигаркин А.В  Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.21

№ 5 Зертханалық  жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: «Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері  мен оның

салдарлары

Жұмыстың мақсаты: «Қышқылдық жаңбырлардың» түзілу жолдары, олардың 

салдарлары,  проблеманың алдын-алу шаралары мен таныстыру,  «қышқыл

жаңбырлардың» қышқылдығы мен улылығын анықтау  әдістерін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Суды жинап сақтауға арналған шыны ыдыс; буландыратын

табақша; су моншасы; Петри табақшасы; сүзгі қағаз; қысқыш; индикатор 

қағазы; әртүрлі  ұсақ тұқымдар; дистильденген су

Сабақ жоспары:                                            

                                             І. Зертханалық жұмысты орындау

               ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

                                             ІІІ. Блиц тест

     ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру

Зертханалық жұмыс

Ластанған белдеулерге  түскен  жауын-шашынның 

қышқылдығы мен  улылығын анықтау

     Жауын-шашынның қышқылдығы мен улылығы ортаның әртүрлі жағдайында

құбылып отырады. Металлургиялық завод әсер ететін белдеулерде  олар

қышқылболып келеді. Жауын-шашын, атмосфераға сілті бөлетін  өндірістер

әсер ететін белдеулерде, сондай  –ақ сілтіленген  тұзды топырақтары бар

аймақтарда, сілтілі  болуы да мүмкін.

(Мысалы: Арал  теңізі аудандарында).

Жұмыс барысы:  Жаңбыр жауып тұрған кезде әр жерден арнайы ыдысқа су

жинауға болады.Жаңа жауған қарды да қолдануға болады.600 мл жауын-

шашынды (3-еселеп қайталай отыра) су моншасына салынған буландырғыш

табақшада, үздіксіз сұйықтықты құя отыра, буландырады. Жауын суын

буландырған соң  табақшаға  дистильденген суды тамшылатып, шыны

таяқшамен тұнбаны  араластыра отырып, барлығын сынауыққа  құяды. Судың 

жаңа тамшысымен (3 рет)  табақшаны толық тазартады. Сынауықтағы

сұйықтықтың көлемі 6 мл болуы тиіс. (концентрациясы 100 есе  көбейеді.)

            А. Жауын-шашынның рН ортасын  анықтау.

Ол үшін сынауықтағы  сұйықтықтың 1 мл-ін пайдаланады. рН ортасын 

индикатор қағазын  сұйықтыққа батыра отырып және өзгерген түсті индикатор

қағазының сыртындағы шкаламен салыстыра отырып анықтайды.

Информация о работе Зертханалық жұмыс