Зертханалық жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:08, лабораторная работа

Краткое описание

Жұмыстың тақырыбы: Қоршаған орта мониторингі пәні
Жұмыстың мақсаты: Қоршаған орта мониторингімен, қоршаған ортаны
қорғау әдістерімен, табиғи ортаның жағдайын байқау, бақылау, болжау
әдістерімен таныстыру, мониторинг ұғымын жетілдіру және мониторингті
жүргізу талаптарымен таныстыру.

Содержимое работы - 1 файл

Зертханалык жумыстар.doc

— 407.50 Кб (Скачать файл)
 

№ 1 Зертханалық  жұмыс

Жұмыстың тақырыбы: Қоршаған орта мониторингі пәні 

Жұмыстың мақсаты:  Қоршаған орта мониторингімен, қоршаған ортаны

қорғау әдістерімен, табиғи ортаның жағдайын байқау, бақылау, болжау

әдістерімен таныстыру, мониторинг ұғымын жетілдіру және мониторингті

жүргізу талаптарымен таныстыру.   

Құрал-жабдықтар: «Мониторинг жүйесі» сызбанұсқасы

Сабақтың жоспары:           

                                              І. Зертханадағы қауіпсіздік ережелерімен  танысу

               ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

                                             ІІІ. Блиц тест

                                             ІV. Сабақты қорытындылау

Зертханадағы  қауіпсіздік ережелері

Химиялық зертхана бөлмесі  – химиялық анализ және тәжірибелер

жүргізуге арналған арнайы жабдықталған орын.

Зертхана бөлмесіне  қойылатын талаптар:

1. Таза болуы  шарт.

2. Арнайы зертханалық  столдар, беті белсенді заттардың  әсерінен төзімді 

керамикадан жасалған плитамен немесе поливинилхлоридті  пленкамен 

жабылған болуы тиіс.

Әртүрлі металл штативтер, пробиркаұстауғыштар, сорелерде  шыны

ыдыстарға сақталған  реактивтер (сыртында аттары жазылған), жабық бетті 

электрлі плиткалар  мен қыздырып қайнатуға арналған құм салынған ыдыстар 

(песчаные банки). Зертханалық столдар тартпаларында және шкафтарда әр

түрлі стандартты шөлмек қолбалар  – түбі тегіс, домалақтүкті, оратылған 

мұздатқыштар, өлшеуіш  цилиндрлер, стакандар, тамызғыш сынауықтар т.б.

ашық оттың  жанына төзімді арнайы шөлмектер  сақталады. Зертханаларда 

сондай-ақ отқа төзімді фарфор ыдыстар, былғауыштар, резеңке, шөлмек

түтіктер, ағаш, резеңке тығындар да болуы тиіс.

Зертханалық үстелге  суық және ыстық су келуі керек, газ  және электр

тогы келіп  тұруы қажет.

Жанғыш сұйық  заттар және күйдіргіш реактивтер арнайы шөлмек

ыдыстарда сақталады  және арнайы жәшіктерге салып қояды. Ұшқыш заттарды

тоңазытқышта  сақтайды.

Зертханалық таразылар, құрғатқыш жәшік, вакуумды жәшік (қатты 

заттарды тез  кептіруге арналған) әрбір зертханада болуы тиіс.

Химиялық үстелде  жазу, сызу ынғайсыз, сондықтан да арнайы жазу

столы болуы  тиіс.

Зертханада: алғашқы  көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек салынған

жәшік, противогаз, өртсөндіргіш құм міндетті түрде  болуы тиіс.5

Зертханаға техникалық қауіпсіздік ережесімен танысқан адамдар  ғана

жіберілуі керек  және де міндетті түрде халат, кей  жағдайда резеңке қалпақ пен 

қорғаныш масқа  болуы керек.

1. Улы және  жағымсыз иісті заттар мен  жүргізілетін барлық тәжірибелер 

желтартқыш жәшіктерде жүргізілуі тиіс.

2. Бөлінген газдарды  ыдысқа жақындап иіскеуге болмайды. Иісті анықтау

үшін ауаны  ыдыстан қолмен өзіңе қарай желпіп иіскеу қажет.

3. Концентрациялы  қышқылдарды  сұйықтатқанда,  әсіресе  Н2SО4,

қышқылды суға құю керек, суды қышқылға емес.

4. Реактивті  құйғанда ыдыстың үстіне еңкеюге  болмайды.

5. Қайнап жатқан  сұйықтығы бар ыдыстың бетіне  еңкеюге болмайды.

6. Сынауықты  қайнатқанда оның аузын өзіңе  немесе өзгелерге қаратып 

ұстама.

7. Егер бетіңе  немесе қолыңа сұйықтық шашыраса, сол бойда сумен жүу 

керек. Қышқылдардың шашырандысын сумен қайта-қайта жуып, сонан

соң жарақаттанған  жерді соданың сұйытылған ерітіндісімен  жуу қажет.

Сілтіні сумен, ол тиген жер жылтырамайынша жуа  беру керек.

8. Тез тұтанатын  ұшқыш заттармен жұмыс жасағанда  оттан аулақ болуы 

қажет. Мүмкіндігінше  желтартқыш жәшікте жүргізген дұрыс.

9. Жанып жатырған  бензин, спирт, эфирлерді сөндіргенде,  олардың 

жалынына құм  себу керек.

10.Жанғыш құралдардың  жалынына немесе қыздырылған  нәрселерге күйіп 

қалған жағдайда күйген жерді калий перманганатының  концентрациялы

ерітіндісімен сулау керек, немесе күйікке қарсы ерітіндіге батырылған

мақта басу керек.

11.Уланғанда  және қатты күйіп қалған жағдайда  тез арада дәрігер шақырту 

қажет.

12.Зертханадан  кетерде газ жанарғының түтіктерінің  жабық екендігін 

тексеріп, бөлмені  тазалап кету керек.

13.Таныс емес  заттармен жұмыс жасағанда өте  абай болу керек. Ештеңенің 

дәмін татуға болмайды.

14.Зертханалық  ыдыстармен су ішуге, зертханаға  тамақ әкелуге болмайды.

Ең бастысы: химиялық зертханада жұмыс жүргізгенде асықпай, әр

уақытта қауіпсіздік  ережесін еске ала отырып жұмыс жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоршаған орта  мониторингі ұғымы мен негіздері 

2. Экологиялық  мониторингтің жіктелуі

3.  Биосферадаға  антропогенді өзгерістер мониторингінің  міндеттері

4. Мониторинг  жүйесінің тәсілдері

5.  Ақпараттарды біріктіру сипаты бойынша ажыратылатын мониторинг түрлері

6.  Жергілікті  мониторингтің зерттеу бағыты6

Блиц тест

1. Зиянды заттардың  көлем, масса немесе аудан бірлігінде  бекітілетін, 

белгілі бір  уақыт аралығында адам денсаулығына әсер етпейтін және оның

ұрпақтарында  қолайсыз салдарларға әкелмейтін нормативтер  қалай 

аталады?

А.  Шекті мөлшердегі шығарындылар мен лақтырындылар (ШМШ, ШМЛ)

В. Шекті мөлшердегі концентрация (ШМК)                       

С. Белгілі бір  заттың сапасы

D. Экспозициялық  мөлшер                                                    

Е. Дұрыс жауап  жоқ

2. Биоиндикаторлардың  көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни 

ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс тұрысына қарап пішіп-

кеседі) түрі:

А. Экобиохимиялық мониторинг                         В. Химиялық мониторинг

С. Физикалық  мониторинг                                    D. Биологиялық мониторинг

Е. Құрама экологиялық  мониторинг

3. Органикалық  қалдықтардың немесе басқа да  тұрмыстық органикалық 

қалдықтардың  ыдырау процестерінде пайда болатын газдардың

қосындылары қалай  аталады?

А. Ангидрид                                  В. Иісті газ                     

С. Көміртек монооксиді               D. Күкірт диоксиді                        Е. Биогаз

4. Белгілі бер  жерде ауамен 20  минут  тыныс алған жағдайда тірі

организмде  рефлекторлық әсер бермеуі  тиіс концентрация қалай 

аталады?

А. ШМКжз                     В. ШМКм.Б.р           С. ШМК о.т

                

D. ШМКс               Е. ШМКбш

5.  Құрамында  көміртегі бар заттарды СО2-ге, Н2О-ға, NН3-ке дейін

тотықтыруға, күкірті  бар заттарды – сульфаттарға, фосфоры  бар заттарды

– фосфатқа дейін  тотықтыруға қажетті оттегінің 1 л судағы мг-мен немесе

гр-мен алынған  шамасы?

А. ОХҚ –.оттегінің  химиялық қажеттілігі                      

В. ОБҚ – оттегінің  биологиялық қажеттілігі

С. ШМК – шекті  мөлшердегі концентрация                   

D. Оттегі концентрациясы

Е. Оттегінің  тотығуы

6.  Әсер ету  масштабына байланысты мониторинг  қандай түрлерге 

бөлінеді?

А. Кеңістіктік, уақытша                                   В. Ғаламдық, фондық

С. Физикалық, биологиялық                           D. Химиялық, экобиологиялық

Е.  Жергілікті, кеңістік

7. Түсті реакцияларды  жүргізу негізіндегі параметрлерді  өлшеу үшін 

қолданылатын  құрал?

А. Гидрометр                                    В. Газанализаторы                      

С. Фотоэлектроколориметр 

D. Газды хроматограф                    Е. Термометр7

8. «Қадағалаушы, сақтандырушы» сөздерін латын  тіліне аударғанда 

қандай ұғымды білдіреді?

А. Норма                           В. эколог                    С. экология              

D. Синэкология               Е. монитор 

9. Топырақтың  санитарлық жағдайы қандай процеске  байланысты 

болады?

А. Ластану                                        В. Өздігінен тазару                      С. Эрозия

D. Биологиялық  айналым               Е. Барлық жауап дұрыс

10. Заттың улылық  дәрежесі дегеніміз?

А. ең аз концентрация                                     

В. белгілі бір  улы әсерге әкелетін заттардың мөлшері 

С. ластану индикациясының дәрежесі          

D. физиологиялық  қызметтің бұзылуы

Е. барлығы да дұрыс

Глоссарий:

Шекті мөлшердегі концентрация немесе шектеулі рұқсат етілген 

концентрация (ШМК, ШРК) – зиянды заттың организмге не олардың 

қауымдастықтарына өткенде оларға мазасыздық пен денсаулығына қатер

туғызбайтын және жойғыш ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.

Шекті мөлшердегі шығарындылар мен лақтырындылар (ШМШ, ШМЛ) –

жермен астасқан ауа қабатындағы негізден не негіздер тобына түскен ластағыш

заттектің шамасы тұрғындарға, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне

арналған сапасының  нормативінен аспайтындай етіп белгіленген  ғылыми-

техникалық норматив.

Әдебиеттер тізімі:

1.  Беспамятов  Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые  концентрации 

химических веществ  в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

2. Безуглая Э.Ю.  «Метеорологический потенциал и  климатические особенности 

загрязнения воздуха  городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Рыспеков Т.Р.  «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті,

2003, 156 с.

Информация о работе Зертханалық жұмыс