Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа

Краткое описание

Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42

II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70

Содержимое работы - 1 файл

дипломдық жұмыстың жаңа түрі.doc

— 339.50 Кб (Скачать файл)

 

         Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі ана тілі сабағында қалыптастыру эксперименті былайша жүргізілді. Қалыптастыру эксперименті барысында қатты жоғары деңгей болмаса да оқушылардың қабілеттерін дамытуда біршама жетістіктерге жеттік. Қалыптастыру эксперименті тапсырмалар мен тест, сауалдар арқылы жүргізілді.Оқушыларды танымдық және шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдістерді өз сабағымызда қолдандық.

1.      Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетіңше аяқта.

2.      Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқта.

3.      Белгілі мақал негізінде әңгіме жаз.

4.      Мәтін бойынша мақал құрастыр.

5.      Мәтіндегі суреттерге қарап жұмбақ құрастыр.

6.      Мәтіндегі оқиғаларға ұқсас қандай шығармалар, әңгімелер білесің?

7.      Кейәпкерге мінездеме бер.

8.      Мәтіндегі адамның образына кір.

         Енді сол жүргізген тапсырмаларға тоқталып өтейік.

 

 

            I тапсырма «Образға кіру»

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетінің, қандай қызмет атқаратынын сезіндірту. Мысалы, «Мен гүлмін», «Қасықпын», «Мысықпын» деген өзіңе ұнайтын тақырыпты таңдап әңгіме жаз.

           II тапсырма «Талдау және қиялдау»

Оқушылардың ой санасын, қабілетін танымы мен шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол болғандықтан осы тапсырмаларды орындауғ бердік. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп тебірентпейді. 3-сыныптың оқулығындағы «Қамқорлық» әңгімесін талдап оқушылармен сұрақ-жауап алынды.

- Әңгіме кім жайында? (қайырымды, мейірімді бала жайында)

- Екі бала жайында не айтасыңдар?

Эйлер Веен диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айт.

       Жантас.           

Мейірімсіз, қатыгез, жаман, әдепсіз, ешкімді аямайды, балапанды азаптады.

 

        Қожа.

Қайырымды, мейірімді, қамқорлы, жақсы, әдепті, жаны ашитын.

- Осы мәтінді оқи отырып қандай көңіл-күйді бастан кешірдің?

- Мәтінді басқаша қалай аяқтар едіңдер?

- Осы мәтінге байланысты қандай мақал-мәтелдер айтар едіңдер?

- Қалай мүсіндер едіңдер? Мүсіндеп саламыз.

III тапсырма «Суырыпсалма ақын»

Бұл тапсырма бойынша балаларға өлең шығару ретінде тапсырма берілді. Мұғалім тақырыпты тақтаға жазып қойды. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы қалыптасып дамиды. Мысалы тақырып «Қар»

Қар жауды тауға,

Қар жауды ауылға,

Қар жауды далаға,

Қар жауды бауға да.

Оқушыларға өздерінің ұнайтын мезгілдеріне байланысты өлең шығаруға тапсырма берілді.

IY тапсырма «Диалог-ертегі»

Шарты былай жүргізілді: Мұғалім оқушыларға ойдан шығарып ертегі ге ат қойды «Алтын құс» деген. Оқушылар қатармен бастап бірін-бірі жалғастырып ертегіні құрады. Ең соңғы қатардағы оқушы ертегіні ұшқыр шешіммен аяқтады. Олар ертегіге екінші тақырып қойды «Бақыт құсы» деп.

Y тапсырма «Жұмбақ және мақал-мәтелдер құрастыру».

    Суреті бар, хабарлайды,

     Жәшікте тұрып жыбырлайды.

     Ән салады, би билейді,

     Көңіліңді көтереді. (теледидар)

       

        Еріншек болсаң, наның жоқ.

        Еңбеккор болсаң қарның тоқ.

 

            Берілген тапсырмаларды орындау барысында төмен дәрежедегі оқушылар болды: эксперимент сыныпта оқушы 4 (15%); бақылау сыныбында оқушы 11 (44%); Ал, орта дәреже көрсеткен эксперимент сыныпта оқушы 6 (22%); бақылау сыныбында оқушы 8 (32%) болды. Жоғары деңгей көрсеткен оқушылар эксперимент сыныпта 17 (63%) болса, ал, бақылау тобында 6 оқушы (24%) болды.

 

Деңгейлері

Эксперимент сыныбы

Бақылау сыныбы

1

Төмен

4 (15%)

11(44%)

2

Орта

6(22%)

8(32%)

3

Жоғары

17(63%)

6(24%)

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

 

 

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

         Қазіргі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелрі тіпті министірліктер тарапынан да көзделіп отыр. Оқушыларды кіші жасынан іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, танымға және шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа жеңіл түсетін және әлеуметтік қоршаған ортасында өзінің шығармашылығын іске асыратын тұлғаны оқыту және тірбиелеу біздің басты мақсатымыз.

 

 

 

           

                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

          

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері