Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа

Краткое описание

Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42

II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70

Содержимое работы - 1 файл

дипломдық жұмыстың жаңа түрі.doc

— 339.50 Кб (Скачать файл)

 

Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі.

Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

     4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым:

              Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау. Тест № 1

5- иә

4 - көбінесе

3- кейде, сирек

2 - білмеймін

1 - жоқ, сәйкес келмейді.

1.    Мен білуге тырысамын.

2.    Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.

3.    Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.

4.    Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын,.

5.    Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.

6.    Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.

7.    Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.

8.    Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.

9.    Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.

10.             Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.

11.             Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.

12.             Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.

13.             Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.

14.             Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге
жетемін.

15.             Жауапкершіліктен қорықпаймын.

Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.

Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз; 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыру жолға қойылмаған; 14-35 ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың
дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий
бойынша әрекет етуге тырысыңыз.

Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48 %-і 36-44
ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жиналды.

Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
Тест №2

Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыздар:

5-иә

4-көбінесе
3-кейде
2-білмеймін
1-жоқ, қосылмайтын.

Ынталандыратын факторлар:

1.     Болашақты жоспарлау

2.     Алдына мақсаттар қою

3.     Өзіңнің жеке дамуына талаптанушылық

4.     Өз бетінше білім көтеру

5.     Дербестігі мен саналылығының артуы

6.     Пікірталастарға қатысу, өзінің пікірін айтуы

7.     Мұғалімді үлгі ету

8.     Оқу тапсырмасын орындауға әрдайым дайын болу

9.     Сыныптастарының өзі жайында пікірлері әсер етеді

              «Ана тілі» пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөзідік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын амытуда мынадай мәселелерге көзім жетті.

● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;

● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;

● Оқуға ынта-ықыласы артты;

● Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;

● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;

● өз ойын қағазға түсіруді үйренді;

● оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.

              Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйретеді.

              Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.

            Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі мынадай жолармен жүзеге асады.

         Мысалы: тапсырмалар оқулықта берілгендей әңгіме, ертегі, өлең, сурет мазмұнына сәйкес құрыла салмай, оқушының ізденушілігін, зерттеушілігін қалыптастыратындай, ойлауға, пайымдауға, үйрететіндей әдістерді қолданған жағдайда олардың танымы мен шығармашылығы дамиды. Олар мынадай тапсырмалар арқылы жүзеге асады: шығарманың кеіпкерін сипаттап бер, олардың іс-әрекетіне сенің көзқарасың қандай, қандай баға бересің, заттар мен обьектілерді салыстыр, ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықта, өлеңді өз сезімдерің мен көңіл күйіңді білдіре шық, неге солай оқығаныңды түсіндір, әңгімені ертегіне өз қалауыңша аяқта, жұмбақты дұрыс шешкеніңді дәлелде, оқиға болған уақытты көз алдыңа елестет және қиялдай отырып суретте, мақал-мәтелдің мазмұнына сәйкес өмірден мысалдар келтір, әңгіме құра деген тапсырмалар беріледі. Осы орындалған тапсырмалар бойынша оқушылардың қабілеттері анықталады. Бұл оқушылардың танымы мен шығармашылығын дамытатын әдістердің ең тиімдісі болып табылады.

             Сондай-ақ оқыту әдістерінің бірі шығармалар мазмұнына сәйкес диафильм жасау, берілген тақырып бойынша өлең құрастыру, шығарманың белгілі бір үзіндісінің мазмұнына сәйкес ермексазбен мүсіндеу, драмалық көріністер қою, өз жандарынан сценарийлер жазып ойнап шығу, суретке қарап мақал-мәтелдер құрастыру, әңгіме ертегілер жазу сияқты жұмыстар тұрақты жүргізу.

             Енді осы жұмыстарды өткізу әдістемесіне тоқталып кетейік.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету әдісінің бірі - өлең жазғызуға баулу. Бұл жұмысты жүргізу үшін бірінші сыныптан, яғни баланың сауаты ашылып болған соң жүргізе бастауға болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма берілуі тиіс. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:

              А)    у -у - у

                    Жақсы оқу.

                

              Б)   -ға, -ға, -ға,

                     Бардым ауылға.

               

              Ә)  Ауылға барамын,

                    Төлдерді бағамын.

Осы тәртіппен үйретілі бастаған бұл жұмыс кейінен күрделене түседі. Мұғалім өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қоюы қажет. Мысалы: жаз келді алақай, қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құрылады. Мысалы:

                Жаз келді алақай,

                Қуанды балақай.

               Орманда, тоғайда,

               Өсіпті қалақай.

Түрдегі өлең шумағы дүниеге келеді (басқа да варианттары болуы да мүмкін).

           Әрине, жұмыс нәтижиелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданылып отырады. Соның арқасында 3, 4-сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп-ақ қалады.

             Оқушыларды танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың үйретудің тағы бір жолы - әңгіме, ертегілер жазғызу. Бұл жұмысты төмендегіше бастауға болады. Сынып оқушыларына қағаз таратылып беріледі. Оларға тақтада жазылып тұрған сұрақтардың астына жауап жазатын орын қалдырып, баған түрінде көшіріп алу тапсырылады. Бірінші сұраққа әркім жауапты өз іжазады, сосын жауабын қағаздың жоғары сұрақ жазылған бөлігін бүктеу арқылы көршісі көрмейтіндей етіп жауып, парталас отырған балаға береді. Екінші сұраққа жауапты сол бала жазып, жоғарыдағы ретпен жұмыс жалғаса береді. Ең соңғы сұраққа жауап жазылып біткенде, жұмыс жиналып алынады да, жалпы сынып алдында оқылады. Нәтижиеде қызықты, күлкілі оқиғалар, қысқа мазмұнды әңгімелер туып жатады. Сұрақтар мына төмендегідей болуы мүмкін:

- Ол кім?/не?/

- Ол қандай?

- Қайда барды?

- Кімді (нені) кездестіреді?

- Оқиға немен аяқталды?

- Не туралы сөйлесті?

- Әрі қарай не болды?

Сынып жоғарылаған сайын әртүрлі тақырыптарға, олардың ішінде фантастикалықтары да бар, әңгімелер жазуды тапсыруға болады.

        Мысалы мынадай тақырыптар:

«Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Сұлулық деген не?», «Мен қалай құмырсқа болдым», сондай-ақ, өзіңді бір сәт үй мүлкінің бірімін деп есептеп, соның атынан «Менің бір күнім және бір түнім» деген тақырыпта ертегі жаз т.б.с.с.

       Мысалы: «Менің атым – Қасық. Мен Алматының заводынан шықтым. Біз он екі ағайынды болатынбыз. Біздерді Сәуле апай дүкеннен сатып алды. Ол кісі бізді өте жақсы көретін. Әдемі сөреге жинайтын, жақсы кісілер келгенде сол қонақтардың алдына қоятын. Бірде апайдың баласы менің бір інімнің басын майыстырып сындырып қойды. Бәріміз қатты ренжідік. Ал апай баласымен ұзақ сөйлесті. Ертеңінде ол біздерді қолына алып, жұмсақ шүберекпен сүртті. Біз оны баланың кешірім сұрағаны деп түсіндік.

                                                          Абдоллаева Жазира 3-сынып.

       Осы тәріздес жұмыстар балалардың қиялын шарықтатып, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіндігіне көзіміз жетеді.

       Оқу сабақтарын түрлендіріп, оларға дамытушылық сипат беретін жұмыстардың бірі – диафильм жасату. Диафильм – суретті шығарма. Онда сурет тірек ретінде пайдаланылады. Диафильм жасауға лайықты деп табылған тақырып мазмұны бөліктерге бөлінеді. Сосын бір бет қағаз алып, оны төртке бүктеу тапсырылады. Ол бөліктерге шығарманың бөліктерінің мазмұнына сәйкес суреттер салады. Әр бөлікке ат қойып, оны «титрлар» түрінде жазу тапсырылады. Сынып жоғарылаған сайын оқушылар алдына қойылатын мақсаттар да күрделене береді.

Мысалы:

- тақырыпты қызықты эпизодтарға бөл, белгіле;

- диафильм кадрларының ретін көз алдыңа елестет;

- оларды альбом бетіне сал;

- әр кадрға қысқа (мәтін-титр) құрастыр;

- кадрлардағы сюжеттер бойынша әңгімелеп бер.

       Диафильм құрастыру баланың зеінін, байқампаздығын тәрбиелеп, ойын тілін, шығармашылығын дамытады. Негізгіні анықтап, логиканы қатаң сақтай білуге, өз ойын жүйелеп беруге үйретеді.

        Бастауыш мектеп оқушыларының арасынада үлкен бір қызығушылық туғызатын шығармашылық жұмыстың түрі – мүсіндеу. Оқып отырған шығармадағы өзіне ұнаған, өзіне әсер еткен кейіпкерлердің мүсінін жатқызу арқылы оқушылардың шығармашылық әрекеттің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ ету, интуиция, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. Бұл жұмысты топтарда ұйымдастыру қолайлы. Шығарма ең алдымен оқылады, бөліктерге бөлінеді. Сосын бір үзіндіні компазиция түрінде ермексаздан бейнелеу тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, әр топ өз компазициясы арқылы не айтқылары келгендерін түсіндіріп береді.

          Келесі бір ерекше тоқталуды қажет ететін жұмыс түрі – драмалау. Бұл жұмыс бастауыш сынып мұғалімдері арасында көп қолданыла бермейді. Драмалау қоршаған ортадан, оқиғадан өз көрген-білгендерін, көңіл-күйлерін, алған әсерлерін білдіруге асық тұратын кіші жастағы оқушыларға өте жақын деп ойлаймыз. Бұл туралы Л.С. Выготский «..драма басқа шығармашылық жұмыстарға қарағанда балаға жақындау, өйткені ол ойынмен тікелей байланысты, оның тұла бойында шығармашылықтың әртүрлі элементтері бар», - деген

          Шығарманың кейіпкерін сахналау үшін оны түсіну, оның образына ене білу қажет. Ол баладан үлкен саналылықты талап етеді.

        Сахналау – тек кейіпкердің сөзін жаттап айтып беру емес, кейіпкердің бейнесін, айтар ойын жеткізе алу. Өзіңді сол адамдай сезіну болып табылады. Бұл жұмыс арқылы бала өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Драмалауға дайындау үшін сабақта аздаған уақыт бөлінеді. Ол кезде оқушылар сыныптағы заттардан қажетті реквизиттер әзірлейді, рөлдерін бөледі, дайындық жасайды. Көріністің өзі 10-15 минуттай уақыт алады. Соңынан ұйымдастырылған пікір-таласта кімнің қалай ойнағандары, қандай кемшілік жібергендері талқыланады. Басқаша жақсы «ойнай» алатын «актерлер» де шығып жатады. Демек, шығармашылық жұмыс жалғасын таып жатады деген сөз.

         Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақал-мәтелдермен жұмысты жаңаша миниатюра. Оларда салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды. Жұмбақтармен жұмыс оның шешуін тауып қоюмен шектелмей, салыстырылып отырылған обьектілердің заттар мен құбылыстардың ұқсас белгілерін, айырмашылықтарын ажыратуға ұласуы, одан әрі қарай шешімнің дұрыстығын дәлелдеумен аяқталуы қажет.

        Бастауыш сыныптарда оқушылардың тілін дамытуға, шығармашылығын арттыруға ықпал ететін жұмыстың бірі – шығарма жазғызу.

           Өкінішке орай, мектептердегі шығармаға, оны жазғызуға деген көзқарас пен әңгіме көңілге қона бермейді. Біріншіден, шығарма тек үйрету шығармалары ретінде 3, 4-сыныптарда ғана жазыла бастайды. Жазу жұмысы схема бойынша жүргізіледі. Мысалы: шығарма мәтінін не шығарма жазғызуға арналған суреттің мазмұнын мұғалімнің оқып немесе айтып беруі. Жоспар құрып, тақтаға жазып қою. Көп жағдайда мұғалім өзі жазып, алдын-ала дайындалып әкелген жоспар ұсынылады. Пайдалануға берілетін тірек сөздерді тақтаға жазып қояды. Содан кейін жоспар, тірек сөздерді пайдалана отырып бір-екі оқушы, мұғалімнің өзі әңгімелеп береді. Тек осындай дайындық жұмыстарынан соң ғана, шығарма жазу басталады. Нәтижиесінде шығармашылықтан туған дүние емес, бір-бірінен аумаған егіз қозыдай жаттығулар өмірге келіп жүр. Мұндай шығармада оқушылар өздері білетін, күнделікті пайдаланып жүрген сөздерден құрастырылған қысқа сөйлемдерді жаза салады. Ойын, сезімдерін, көзқарастарын білдіре жазу, біріншіден, талап етілмесе, екіншіден, «жаман» баға алудан жүрексінеді.

Информация о работе Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері