Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа

Краткое описание

Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42

II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70

Содержимое работы - 1 файл

дипломдық жұмыстың жаңа түрі.doc

— 339.50 Кб (Скачать файл)

Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.

Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдас-тырудың мынандай шарттары бар:

Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындау-дың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.

Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызық-тыратындай болуы және өмірмен, олардың іс-тәжірибе-лерімен байланысты болғаны жөн.

Үй тапсырмасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада (вариант) болғаны пайдалы.

Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.

Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.

Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.

 

Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушы-ның ынтасын артырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.

Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министрлігінің нұс-қауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:

I - II сыныптарда - 1 сағат;

III - IV сыныптарда - 1,5;

У - VIII сыныптарда - 2 сағат;

IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.

Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиіс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол. Оқушылардың өзіндік жұмыстары

Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушы-лардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсен-ділігін арттыруға болады.

Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, прак-тикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мими-касы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңыз-ды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады.

Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   және   психика-лық   даму   дәрежесіне   қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.

өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиет-терді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модель-дер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушы-лар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыс-тарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор. Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттері-нің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:

оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;

жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;

өз әрекетінің барысын бақылап отыру. Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:

оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

-          оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Н . К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді:

өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библио-графиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

        Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапхана-шылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор.

        Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ.

В. А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыла-сымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді. Егер адам өз өмірінде екі мыңдай кітап оқитын болса, соның жарты-сын балалық және жасөспірім шақта оқуға тиісті дейді.

өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу - газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.

Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив - білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арт-тыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет.

Кез-келген пəн оқушылардың қызығушылығы мен тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Олардың өз бетімен ізденуі барысында білімнің шығармашылық деңгейіне көтеріледі. Əрбір оқушыға жас ерекшелігі, ойлау қабілеті, айналасы үлкен əсерін тигізеді. Əрбір ұстаз-ойлау қабілеті жоғары оқушысы болғанын қалайды, сондықтан балалардың ерекшеліктерін танып, білу арқылы олардың қабілеттерін дамыта білуі де мұғалімнің міндеттерінің бірі болып табылады. Оқушының жас ерекшелігіне байланысты бойындағы қабілетін анықтау, қасиеттерін ажырата біліп, жеке тұлға ретінде қарап, тек ғылыми білім негіздерінде ғана оқытпай, əр баланың ой-өрісін дамыту, келешекте нағыз маман иесі болуға тəрбиелеу ұстаздардың талмай еңбек етуінің жемісі. Логикалық ойлау – білімді тиімді меңгертудің бірден-бір жолы. Кез келген логикалық есепті шешу барысында оқушыларды талдауға, есепті шешудің бірнеше жолдарын қарастыруға, ойландыруға үйрету керек. Бір стандартты есепті талдау арқылы, тіпті сондай есептерді көптеп шығарсақ та, ойлау қабілетін жақсы дамыта алмаймыз. Кейде ойлануды талап ететін стандартты емес есептерді шешу тəсілдерін меңгерсе де, нəтижеге жете алмай жатамыз. Оның себебі, негізгі білімді жете меңгермегендіктен. Сондықтан, «озық ойлы оқушы» болатындай жас ұрпаққа бағыт-бағдар беруіміз керек. Пəнге қызығушылығын үнемі арттырып, зеректілігін, ойлау  қабілетін сабақ барысында дамытамыз. Бүгінгі күнде əлеуметтік-экономикалық жағдайда арнайы пəндер оқытушылары қазіргі заманғы еңбек нарқына төтеп беретін

Информация о работе Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері