Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа
Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.
Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42
II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70
Бастауыш сынып оқушыларының ой-санасын, қабілеттерін, танымын, шығармашылығын дамытуда шығарманы, оқулықта берілген көркем әдебиет үлгілерін талдаудың әсері мол. Талдау – бірлескен ізденіс. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. Демек, әсері де болмайды деген сөз.
Шығарманы жан-жақты талдау арқылы мазмұнға терең бойлау, айтпақ ойды, идеяны ұғыну қамтамасыз етіледі. Ал тілдік қарым-қатынасқа түсу арқылы баланың ой-өрісі дамып, болмысы өзгереді.
Бастауыш сыныптардағы оқу сабақтары жоғары сыныптардағы оқу сабақтары жоғары сыныптардағы әдебиет пәнін оқуға дайындайды, сауатты, өз бетінше кітаппен жұмыс жасай білетін оқырман тәрбиелейді. Әдеби үлгілер арқылы тұлғаның адамгершілік құндылықтары қалыптасып, қоршаған дүние, табиғат туралы тәжірибесі молаяды.
Алайда, баланың ойы тілдік әрекет арқылы дамитындығын біле тұра, біз үлкендер олардың үндемей, тыныш отыруларын қалаймыз. Сабақтарда көп, басы артық сұрақтардың, өзге пікірлердің болмауын тілейміз. Осыдан барып баланың дамуы тежеледі. Баланың ойының дамуы монологтан емес, диалогтан басталатындығы назардан тыс қалды. Сол үшін «Ана тілі» оқулығындағы әрбір тақырып үлкен ыждағатпен талдануы керек деп есептейміз.
Шығарма талдауды сыныптарда мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты дұрыс ұйымдастыру үшін қойылатын сұрақтарды алдын-ала әзірлеп алудан бастау қажет. Ол сұрақтар тақырыптың мәнін, негізгі идеясын ашатын болып таңдалады. Енді оқылатын шығарманы талдауда біз ұсынып отырған әдіс бойынша өткізілген сабақ жоспарының үлгісін мысал ретінде бере кетейік:
3-сыныптың «Ана тілі» оқулығындағы «Балапан торғай» әңгімесі. Тақырыпты мұғалім алдымен мәнерлеп оқып шығуы қажет. Сәл тыныштық. Бұл сәт балаларға әңгімені тұтас күйінде қабылдау, алған әсерлерді жойып алмау үшін беріледі. Бұдан кейін мұғалім:
- Әңгіме не жайында деп ойлайсыңдар? – деп сұрауы қажет.
Жауап: - Қайырымдылық, мейірімді бала жайлы.
Сұрақ: - Осы әңгіменің қай жерін қздерің қайталап оқып шыққыларың келеді ма?
Оқушылар өз қалаған абзацтарын оқып шығады. Мұғалім балалардан сол тұсын неліктен таңдап оқығандығы жайлы сұрап біледі. Әр оқушы өзі оқыған үзінділерінің тартымдылығы жайлы ойларын ортаға салады.
Сұрақ: - Ал, балалар, Қожа қандай адам?
Жауаптар: - Ол өте қайырымды бала, оның балапандарға жаны ашыды.
- Қожа – қамқоршы.
Бұл жауаптар да дәлелденді. Мұғалім балалардың бұрыс кеткен жерлерін дұрыс бағытқа салып, қателерін еппен ғана түзеп отырады.
Сұрақ: - Осы әңгімедегі балапан торғайдың халін бір ғана сөзбен қалай суреттеуге болады?
Жауаптар: - аянышты;
- әлсіреген;
- жарақаттанған;
- жалынышты т.б.с.с.
Сұрақ: - Ал әңгімеде балапанның осындай халі қандай сөздермен, сөз тіркестерімен берілген? Тауып көріңдерші.
Жауаптар: - шошып қалды, жан далбаса ұша жөнелді, әлсіреді, жүні үрпиді, дуалға жабысты, шыр-шыр етті.
Бұл сөздерді қалай түсінетіндіктері, басқаша қалай айтуға болатындығын сұрау арқылы сөздік жұмыс жүргізуге болады. Мысалы: «шошып қалды» дегенді «қорқып қалды, селк етті, сескенді» т.б. айтуға болатындығы талданады, түсіндіріледі. Басқа сөздердің, сөз тіркестерінің осы тәсілмен синонимдері, мағыналас сөздері келтірілді. Бұдан кейін әңгіме бөліктерге бөлініп, оларға тақырыптар қойылады. Ұсынылатын тақырыптар бірнешеу бірілетіндіктен оларға ішіндегі ең қолайлысын таңдауға ерік беріледі.
Сұрақ: - Балалар, осы әңгімені оқи отырып, сендер қандай көңіл-күйді бастан кештіңдер?
Жауаптар: - Жантасқа ызаландық, ренжідік;
- балапанды аядық, оған көмектескіміз келді;
- Қожастың ісіне қуандық;
- менің де тура сондай, құстарға қамқорлық жасағым келеді.
Осы типтегі балалар жауаптарын таңдап, үйге тапсырма ретінде осы әңгіме мазмұнына ұқсас газет, журналдардан әңгімелер,өлең, ертегілер қарастырып алып келуге тапсырма беруге болады.
Сабақта қатысып отырып, балалардың кейіпкелерге сипаттама беру арқылы сезімдеріне әсер қалдырғанын байқау қиынға түспейді.
Оқу сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сабақтан тыс уақыттарда жалғасуын мақсат етіп қою қажет. Сыныпта оқушылардың өздерінің шығармашылығын сынып журналын, кітапшалар, газеттер, сурет альбомдар шығарып тұру жақсы нәтижие береді.
Журналды жазатын, безендіретін редакциялайтын, басқа да жұмыстарын атқаратын – оқушылардың өздері. Бұл оларды ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеп, шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылығын туғызады.
Қортындылай келгенде бастауыш сыныптардағы оқу сабақтарын жоғарыда баяндалған әдістер арқылы жүргізу оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл жұмыстар жоғары көңіл-күйге бөлейтініне көзіміз жетеді. Бұл әдістердің барлығы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Көңіл-күй – субьектінің хал-жағдайы, оның обьектіге көзқарасы. Оқушыңың жоғары эмоцияналдық жағдайда болуы берілген тапсырманы орындау үшін ақыл-ойын сарқа жұмсауға, шығармашылық жетістіктерге жетуге әсерін тигізеді.
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беру үшін олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту басты мақсат болып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге деген қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу әр мұғалімнің міндеті.
Соңғы жылдары оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп жүр. Көптеген әдістемелік еңбектер жарыққа шығып жатыр. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар.Мысалы, ғылым-педагог Л. Занков: «Оқыту – оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет», - десе, көрнекті психолог Л. Выготский: «Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады» деп тұжырымдайды және оқу-баланың өзінің танымдық белсенділігі екенін анықтайды.
Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі Астана қаласының № 48 орта мектеп лицейінде 3 «Б» (27оқушы) және 3 «Г» (25 оқушы) сыныптарында жүргізілді. Эксперименттік сынып (27оқушы) және бақылау сынып (25 оқушы) топтарына жүргізілді, барлығы 52 оқушы қатысты.
Эксперименттік жұмыс бастауыш мектеп оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі ана тілі сабағында қалыптасу мүмкіндігін, оларды пәнаралық және сабақтан тыс уақыттарда да пайдалануға болатындығын анықтау мақсатында жүргізілді. Эксперименттік тәжірибеде материалдарды дайындауда шығармашылықты және танымдықтың құрамдас бөліктері деп атауға болады олар: қабілет, нышан, таланат, дарындылық қасиеттерін дамытуға және осы қасиеттерді үнемі дамытып отыру тәжірибеде күнделікті пайдалану яғни оқу-барысында және сабақтан тыс уақыттарда біртұтастық негізде қабылдауға осы қасиеттерді бағдарлау ескерілді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту ана тілі сабағында, әр сабақта ынталануы, сабаққа белсенді қатысуы арқылы ғана қабілеттері дамиды. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту өлшемдері мен деңгейлері мынадай болып бөлінеді: төмен, орта, жоғары.
Эксперимент барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететі танымы мен шығармашылығын анықтау мақсатында мынадай тестік тапсырмалар жүргіздік:
1. Спандия Көбеевтің Ыбырай Алтынсаринмен бала кезінде кездескені жайында жазылған шығарма?
А. Алғашқы ұстаз.
Ә. Таза бұлақ.
Б. Анна апайдың бақшасы.
2. «Зәмзәм суы» деген сөздің мағынасы қандай?
А. Таза су.
Ә. Қасиетті, қастерлі, шипалы су.
Б. Минералды су.
3. Анна апайдың бақшасы деген шығармадағы кейіпкерлерді ата.
А. Анна апай, Жеңіс, Мұрат.
Ә. Анна апай, Ахмет, Мұрат.
Б. Анна апай, Жеңіс, Жомарт.
4. Дақылдарға не жатады?
А. Бидай, арпа, тары, сұлы, күріш.
Ә. Бидай, күріш, пісте, тары.
Б. Бидай, арпа, талқан, күріш.
5. Мақал-мәтелдің жалғасын тап «Еңбектің көзін тапқан»
А. Байлықтың өзін табады.
Ә. Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Б. Білімнің өзін табады.
6. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
А. Аңыз әңгімелері болған оқиғаны түрліше айту.
Ә. Ауызша тараған әдеби туындылар.
Б. Жазбаша жазылған туындылар.
7. Өз бетімен өсетін дәнді қ қайсысы?
А. Бидай, арпа, жүгері.
Ә. Сұлы, тары, күріш.
Б. Жусан, ошаған.
8. Ауыз әдебиетінің бір түрін тап.
А. Батырлар жыры.
Ә. Ақындар жыры.
Б. Эпостық жырлар.
Тапсырманы орындау барысында жұмақты шеше алғанымен оны дәлелдей алмайтын, өз ойларын еркін жеткізе алмайтын оқушылар кездесті. Эксперименттік анықтау барысында осы қойылған тапсырмалар бойынша олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру керектігі дәлелдене түсті.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында төмен дәрежедегі оқушылар болды: эксперимент сыныпта 12 оқушы (44%); бақылау сыныбында 12 оқушы (48%); Ал, орта дәреже көрсеткен эксперимент сыныпта 10 оқушы (37%); бақылау сыныбында 7 оқушы (28%) болды. Жоғары деңгей көрсеткен оқушылар эксперимент сыныпта 5 (19%) болса, ал, бақылау тобында 6 оқушы (24%) болды.
№ | Деңгейлері | Эксперимент сыныбы | Бақылау сыныбы |
1 | Төмен | 12 (44%) | 12(48%) |
2 | Орта | 10(37%) | 7(28%) |
3 | Жоғары | 5(19%) | 6(24%) |