Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа
Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.
Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42
II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70
А.Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды.
Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым. Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау мүмкіндігінен айырады. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осы тұста орыстың ұлы жазушысы Л.Н. Толстойдың педагогикалық ізденістерінің, өсіп келе жатқан жеткіншектерді шығармашылыққа үйретудегі тәжірибесінің құндылығына, көкейтестілігіне тоқтала кету жөн сияқты.
Ақынның Ясная Полянадағы мектебінде бала тек іс-әрекет, ойлау еріндігі бар жағдайда шығармашылқ қабілеттерін дамыта алады деген қағида басшылыққа алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына қызмет ету керек деген бағыт ұстануы бүгінгі күнгі ғылыми психологияға жақын екендігін көрсетеді.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері шет елдік психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады. Және осындай өте қысқа мерзім ішінде қабілеттер туралы діни көзқарастардан оны ғылыми психологиялық ұғым деп тануға дейінгі дәрежеге жетті. Шығармашылық туралы пікірлер А. Осборор (1953), А. Бионди (1967), Д. Треффингер (1976) еңбектерінде айтыла бастады.
Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олар өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Қорыта келе бастауыш мектепте оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері жайында сонау ортағасырлық кеңестік және жаңашыл педагог-психологтар зерттеу мәселелерін жүргізіп әр-қайсысы өз заманында анықтама беріп отырған. Яғни шығармашылық және танымдық қабілеттерді дамыту үшін бастауыш мектеп оқушыларының қабілетін, танымын, дарындылығын (таланттылығын), нышанын дамыту бірге жүреді екен. Яғни бұл қасиеттерді біртұтас деуімізге болады. Баланың шығармашылығын және танымын дамыту осы аталған қасиеттермен дамиды, егер, бұлардың біреуі болмаса баланың шығармашылығын және танымын дамыта алмаймыз деген қортынды жасауға болады.
1.2 Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы.
«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижиесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізігі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңғы шешімдер іздестіру болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай оқыту, жас ұрпақты біліммен сусындату мұғалімнің міндеті. Мемлекетіміздің рухани жəне əлеуметтік дəрежесі қазіргі таңда білім деңгейімен бағаланады. Жас ұрпақты осы талапқа сай тəрбиелеу үшін мұғалім өзінің оқыту əдістерін күннен-күнге жетілдіріп отыруы тиіс.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-мектептің басты міндеті. Сол себепті білім мазмұнын жетілдіріп, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз жөн. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор. Бастауыш мектеп оқушыларын жан-жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепе оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады.Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой елегіне төселеді, ойлау сезімі артады. Осыған орай бастауыш сатыда білім берудің түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны бар. Соның ішінде ана тілі пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сыныптарда ана тілі оқытудағы негізгі мақсаты-оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, қалыптастыру арқылы сөздік қорын, ауызша жіне жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және олардың рухани дүниесін байыту. Ана тілі өмірді танудың, адамның ойлауына, елесіне, сезіміне белсенді әсер етудің ерекше құралы болып табылады. «Ана тілі» пәнінің бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеудегі орны ерекше. Өйткені «Ана тілі» пәні–кіші жастағы оқушыларды әдебиет әлеміне апаратын, сөз өнеріне баулитын, баспалдақ. Ал адамгершілікті арқау ету әдебиеттің төл ісі екендігі белгілі. Сондықтан «Ана тілі» сабағының барлық буындарын (мақсатын, мотивін, мазмұнын, құралдарын, нәтижиесін, бақылауды) дамыту керек.
Біз ана тілін адамгершіліктің маңызды өлшемдерінің бірі деп санаймыз. Қазақ зиялылары А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин және т.б. қазақ тілінің отансүйгіштікке, тектілікке, мейрімділікке, достыққа, ізгілікке және т.б.
адамгершілік сапаларға тәрбиелеудегі рөліне ерекше мән берген.
Аса көрнекті педагог К. Д. Ушинский ана тілінің білім берудегі рөлі туралы: «Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды»,-деген. Осыдан шығатын түйін ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждылығын қалыптастыру-басты мәселе. Бастауыш сыныпта ана тілі оқулығына енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі. Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта бала жазушылардың мәтіндер, өлеңдер, қысқа әңгімелер арқылы қоршаған әлемді таниды және жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбегі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі. Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарда оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін сабақ барысында мәтін мазмұнына сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді.
Бастауыш мектепте білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол бастауыш мектеп кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, мектепте еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Оқушыны тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен мектеп ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.
Оқушылар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Оқушылар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.
К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру дегеніміз- өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетіндекөрінеді, даму өнімі- оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық , әдіснамалық».
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Оқушы мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.
Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту идеялары айтылған.
Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе, оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.
«Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.
Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.
Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.