Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа

Краткое описание

Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42

II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70

Содержимое работы - 1 файл

дипломдық жұмыстың жаңа түрі.doc

— 339.50 Кб (Скачать файл)


I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері.

1.1. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық  негіздері.

           Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін  қалай қамтамасыз етуге байланысты.

          Еліміздің қазіргі даму кезеңінде кез келген өндіріс саласы адамдардың шығармашылықпен еңбек етуі тек экономикалық ғана емес сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.

           Қазіргі уақытта адамдардың шығармашылығы іс-әрекеттің базасы  еңбек іс-әрекетіне байланыссыз ортақ жалпы құраушылардан тұратыны ғалымдар зерттеуінен белгілі болып отыр.

            Жалпы XX ғасырдың 20-жылдарына дейін шығармашылық іс-әрекет шығармашыл тұлғаның құдай берген өзіндік ерекшелігі деп есептеліп келді. Осыған байланысты кейбір ізденуші-ғалымдар шығармашылық процесті зерделеуге болмайды, себебі данышпандық идея өнертапқышқа, ғалымға, суретшіге құдайдың табыстауы түрінде жүреді деген пікірлер болды. Осындай пікірге келіспейтіндігі жөнінде П.Энгельмейер «Жоқ. ... Данышпандық жалпы Алланың берген сирек сыйы емес,  ... ол, керісінше тіптен сиректік емес және кімде-кім ақымақ болып туылған болмаса, солардың үлесі», - деп жазады.

          Жалпы шығармашылық жөніндегі түсініктер және олардың іс-әрекет тұрғысынан ерекшеліктерін түсіну көпшілікке қиындық тудырады. Дегенмен шығармашылық процесс күрделі, әр адамның өзіне ғана тән құпиялығы, тіпті кейде шығармашыл адамның өзі де айтып түсіндіре алмайтындай сана елегінен өткізу мүмкіндігінің болмауынан, оның не екенін дөп басып айтудың қиындығы, критерийлердің жеткіліксіздігі байқалды. Бұның тағы бір дәйекті себебі шығармашылықтың түйсіну (интуиция), қиялдану сияқты өте күрделі психикалық үрдістермен тығыз байланыста болуы.

         Ғалымдардың ой-пікіріне, тұжырымдарына орай ойлап табушылық іс-әрекетке қатысты бірқатар ұғымдар айқындалды. Олар «еңбек», «шығармашылық емес еңбек», «шығармашылық еңбек», «шығармашылық мақсат ету», «септүрткі», «ынталандыру».

         Көптеген ғалымдардың еңбектерінде жазылғандай шығармашылық адамның алдағы міндеттерді, тапсырмаларды шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да  бір жаңа обьекті, құбылыс, т.б. пайда болады делінген.

       Шығармашылық мақсат ету жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі іс-әрекет түрін орындауға саналы емес даярлықтағы жеке тұлғаның психологиялық және интеллектуалдық жағдайы. Мақсат ету адамның алдағы еңбек іс-әрекеті және өмірлік тәжірибесі негізінде туындайды.

            Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер. Ол 50 жылға жуық шығармашылық тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты. Ол ойлап табушылық міндеттерді  шешудің теориясы деп аталатын өнертабыстық әдістемені әзірледі.

             Педагогикалық әдебиеттерде мектептегі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде кеңінен жазылған және жазылуда. Олар: шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдап; зерделенеген ережелерді қосу (кіріктіру); ойлауды белсендіру әдістері; алгоритімдік әдістердін бірін жазған  В.А.Бухалов.

              Ғалымдар Г.С. Альтшуллер мен И.М. Верткин мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың ақындар, суретшілер, компазиторлар, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т.б. өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекеттерінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларды меңгеретіндігін анықтаған: шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру; өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау; жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі; мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі; өзінің сенімін қорғай білуі.

           Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы, оның белсенділігі арқылы көрініс табады. Белсенділік, қабілет тұрғысынан шығармашылық  іс-әрекет-оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған, оқыту мазмұнын, көлемін қамтитын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған әрекеттер, білімді меңгерудегі өзіндік іс-әрекеті бар, дағдылар мен іскерліктердің бірлігі. 

            Педагогика ғылымында танымдық қабілеттерді дамыту мәселесі  бүгінгі күннің жаңалығы деуге болмайды. Бірқатар қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде оқу үрдісінде оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша, мәселен, бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қабілеттерін қалыптастыру А.Ж.Едігенова, тілдерді оқыту үрдісінде З.Б.Ешімбетова, химия пәнін оқытуда ойын арқылы С.Б.Қоянбаева, математиалық ұғымдар арқылы Ш.С.Нұржанова, өлкетану материалдары негізінде М.С.Маженақова, халық педагогикасы құралдары арқылы О.В.Прозорова, пәнаралық дидактикалық ойындар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыру Б.М.Тажигулова туралы ғылыми зерттеулер баршылық.

           Мысалы, Б.Т.Нәбиева «Формиравание у учащихся позновательного интереса к предмету посредствам взаимосвязи учебных и внеурочных занятий» атты тақырыпағы ғылыми зерттеу  еңбегінде ғылыми талдау жасай келе, оқушының танымдық қабілеттерін қалыптастырудың әдістемелік негіздерінің мәнін айқындап және сыныптан тыс оқу мен сабақ арасын теориялық негізде байланыстыруға тырысқан. А.Ж.Едігенованың «Бастауыш сынып оқушыларының қазақ халық ертегілеріне танымдық қызығушылығын қалыптастыру» атты зерттеу еңбегінде күнделікті сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларды ертегіге қызықтыру арқылы танымды дамытуға болатындығы талданып, әдістемелік жолдары ұсынылған.

         Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогиалық шарттарды айқындау тұлғаның белсенділігін көтеруде ерекше мәнге ие болатындығына А.С. Мустояпованың «Қазіргі кезде жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары» атты еңбегінде біршама сипатталған.

             Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық қабілеттер туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға созылды.
Қайта өрлеу дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық қабілеттер туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде айтылды.

            Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей «танымдық қабілеттер» терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен ретiнде көрiнедi:
-биологиялық П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.;
- психологиялық Б.Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Ломов т.б.;
- педагогикалық Ш.А. Амоношвили, Я.А. Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.

              Ғылыми әдебиеттерде оқу әрекеті барысында танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамыту проблемаларының түрліше жақтары қарастырылған. Оқу әрекетінің құрылымы, оны қалыптастырудың жолдары туралы А.Н.Леоньтев, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Б.Т.Ананьев, Л.И.Божович, Г.И.Щукина, Н.Ф.Талызина, П.И.Гальперин, оқу әрекетіндегі танымдық белсенділікті әрекет түрінде қарастырған М.А.Данилов, И.Ф.Харламов, Т.И.Шамов, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, М.Н.Скаткин, Т.И.Щукина, т.б. оқу әрекетінің оқушының шығармашылығын дамыту, ойларын жүйелеу проблемалары Л.С.Выготский, Б.Т.Есипов, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, М.Н.Скаткин, оқу әрекеті барысында өзіндік бақылаудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері Ш.А.Амонашвили, Г.И.Вергелес, В.В.Давыдов, Г.В.Репкина, Е.В.Зайкин және т.б. ғалымдардың ұдайы назарында болды.

             Қазақстандық белгілі педагог-ғалымдар Р.Г.Лемберг, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, А.Ғ.Қазмағанбетов, Қ.Б.Сейталиев, Ш.К.Құрманалина, А.Х.Аренова, С.Е.Қаңтарбайдың еңбектерінде де осы мәселелер қарастырылған.

            Мәселен, ғалымдар А.Ғ.Қазмағанбетов оқушылардың өзін-өзі бағалауы және өзара бағалауын оқу әрекетін белсендіру құралы ретінде қарастырса, Ш.К.Құрманалина оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен орындау жолдарын, А.Х.Аренова мектеп оқушыларының танымдық дербес іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың орны мен маңызын, С.Е. Қаңтарбай оқу әрекетін еңбек құралы ретінде қалыптастыру туралы зерттеулерінде оқу әрекетінің жеке тұлғаның дамуына ықпалын теориялық және практикалық жағынан қарастырылған.

           Оқу әрекеті барысында бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін қалыптасытыру қажеттілігі мен оған жағымды қанынастың ескеріле бермейтіндігі айқын көрінеді.

            Танымдық қабілет оқушының белсенділігімен сабақтаса, тұлғаның іс-әрекет жолындағы көзқарасына нық бекіп, қойылған мақсатына жетуіне сөз жоқ әсер етеді деп білсек, мұның өзі білім берудің жаңа әмбебап тәсілдерімен ұштастыру қажеттігін туғызып отыр.

             Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мазмұнында оқушыны өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, талдауға үйрету талап етіліп отыр. Ол құзіреттілікпен тікелей байланысты. Құзіреттілік – оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижиесі десек, талдау мен оқу тапсырмаларының мақсатын анықтау іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерінің тізбегіне енеді. Осы талаптар негізінде оқу тапсырмаларын талдау мен оның мақсатын анықтаудың әдіс-тәсілдерін танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағыттау оның тиімділігін арттырады.

            Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

                 Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).

             Кеңестік психологтар мен педагог ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Ананьев, А.Н. Леоньтев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий, Б.М. Тепловтың, өз республиамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, Т.С. Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының алатын қоры деп білеміз.

             Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы – соиалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық қабілеттер (В.А. Кузьмина) сияқты зерттеулер.

             Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады.

                   Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді дамыту, М. Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. 

                 Қабілеттер жайлы жазған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адамның басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген қортындыға келеміз.

                Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

                «Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық. «Қабілеттер» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.

        «Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижиелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті» т.б. Қабілеттер мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге болады. 

          Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Енді сол еңбетердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

                Ең алғащ қабілеттер мәселесін көтерген С.Л. Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамуындағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетке дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастыққа қарастырылатын болды . 

                 Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М. Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қортындылайды.

Информация о работе Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері