Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа
Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.
Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42
II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70
бəсекелеске қабілетті мамандарды дайындау мақсатында оқу үрдісіне жаңа
педагогикалық технологияларды енгізуі жəне оқушылардың танымдық жəне
шығармашылық қабілеттерін, меңгерген білім мен дағдыларын практикада қолдану біліктілігін дамытуы жəне қолдауы қажет. Қазақстан халқының дамуын қамтамасыз ететін – білім саласы. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мəселесі мемлекетіміздің басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының Елбасы білім жəне ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тəрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Модульдік технология оқушыларды дамытуға, қарым –қатынас жасауға, ойын, танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Əрбір сабақта оқытудың тиімді əдістерін пайдалану білім сапасына елеулі əсер етуде. Модульдік технологияның бір ерекшелігі – білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін жəне танымдық процестерін, яғни жадының алуан түрін (есту, көру, қимыл- қозғалыс жəне т.б.), ойлау, ынта, қабылдау қабілеттерін арнайы жасалған оқу жəне танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас жасау, ойын, танымдық жəне шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған. Сабақта өткізілетін ойындар оқушылардың коммуникативті іс-əрекетін дамытады, өткен тақырыптар бойынша жалпы білімдерін тиянақтайды, өз ойларын өз бетінше жеткізуге дағдыландырады.
Заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі-оқу үрдісіндегі электрондық оқулықтарды енгізу, интерактивті тақтаны пайдалану.
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықтар – оқыту, бақылау, тестілеу жəне т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электронды оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабілетін дамытуға бағытталуы жəне оның мына қасиеттерді қанағаттандыруы өте қажет: қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы, жинақтылығы, жүйелілігі, эстетикалық көркемділігі, жылдамдылығы. Бұл электронды оқулықтың тиімділігі ара қашықтықтан оқытуға, оқушының өздігінен оқып үйренуіне жəне өзіндік жұмыс қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Электронды оқулықтар «шығармашыл ұстаз – уақыт талабы, нəтижесі – уақыт жеңісі» демекші, мұғалімнің оқытуды ұйымдастырудағы шеберлігі артса, оқу процесін ұйымдастыруда оқушының танымын, қызығуын, арттыра отырып, оқу материалын есте жақсы сақталуына өте тиімді əсер етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақтың мазмұны
2. Өткізу əдістері мен тəсілдерін таңдау
3. Сабақтың нəтижелілігі
4. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
5. Сабақты түрлендіріп өткізу;
6. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
7. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
8. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Əрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, əлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізгеой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сəттеестен шығармағанымыз жөн.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-мектептің басты міндеті. Сол себепті білім мазмұнын жетілдіріп, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз жөн. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.
Шығармашылық оқушының алдына қойған міндеттерін шешу барысында мақсатты түрде жүзеге асыратын әрекеті болып табылатынын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін мұғалімдереге қойылатын педагогикалық талаптар:
- мұғалім сабақты шығармашылықпен ұйымдастыру үшін мүмкін деңгейдегі тапсырмаларды шығармашылық деңгейге дейін жеткізіп құра білу;
- шығармашылық тапсырмаларды орындату үшін оларды талдатып, өзінің көзқарасын білдіруге жағдай туғызу;
- жаңа білімді меңгеруде ойлауды белсенді ету әдістері, бақылау сұрақтарын шығармашылықпен құра білу; ережелерді практикалық жолмен меңгертудің жолдарын іздестіру;
- эмпирикалық әдістерді (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын талдау, тест, тәжірибелік-эксперементтік жұмыс жүргізуді) жете меңгеру;
- оқушының шығармашылық іс-әрекетінде әділ баға беріп, оны өз ісінде жаңа нәтижи алуда жауапкершілікке жетелеу;
- педагогикалық үдерісті сабақтастықта ұйымдастырудың, формаларын кеңінен пайдалана білуі;
- әрбір сабақтың тақырыбына, мақсатына сәйкес шығармашылық тапсырмаларды түрлері мен деңгейлеріне сәйкес құра білуі.
Шығармашылық ең басты сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп түсінсек, оқушының шығармашылығын проблеманы көре біліп, өзіндік іс-әрекет бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыру қабілеті деуге болады. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды, не көшіруді шығармашылық деп атауға болмайды, алайда, бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшілік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деп айтуға болады.
II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.
Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені баршаға белгілі.
К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілетері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғазу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымдағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты, жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.
Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тындайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шығармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті.
Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:
1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты - жөні, сыныбы, мектебі, жылы.
2. Тақырыптың өзектілігі.
3. Негізгі идеясы, мақсаты.
4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі.
6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. 4-сыныпта Асқар Алпысбайдың «Желтоқсанда үзілген жауқазын» әңгімесін оқытқанда «Екі түрлі сипаттама» әдісін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, тілдік қоры дамыды. Өмірге деген көзқарасы, өзіндік ой-пікірі қалыптасты.
Екінші сыныпта Б.Соқпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесін өткенде жылқының жасына қарай аталуын және ат әбзелдерінің атауларын мынадай кестеге толтыруға болады.
Жылқы жасына, түріне қарай: | Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, қулық, бие,ат, сәурік | Құнан - екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы мал Дөнен – үш жасқа толып, төрт жасқа аяқ басқан жылқы |
Ат әбзелдері: | Жүген, қамшы, тізгін, тартпа, үзеңгі, ер, тоқым, құйысқан, өмілдірік | Үзеңгі – атқа міну үшін ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі Тартпа – ер-тоқымды ұстап тұратын бел тартпа Өмілдірік – аттың омырауында бел тартпаны ұстап тұратын әбзел |