Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 08:24, дипломная работа

Краткое описание

Білім ғылымның, техниканың дамуы, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, материалдық, рухани байлықтардың қоры жастардың шығармашылық мүмкіндігін ашады. Ғылыми-техникалық прогрестің даму перспективасы қоғамдағы «адам ресурсы» шығармашылығын және танымдық қабілеттерін қалай қамтамасыз етуге байланысты.

Содержание работы

Кіріспе.................................................................................................................3-8
I тарау. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1.1. Оқушылардын танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері.............................................................9-25
1.2. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңыздылығы...................................................................................................26-35
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қойылатын талаптар..............................................36-42

II тарау. Танымдық және шығармашылық қабілеттерді дамытудың әдістемесі.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың әдістемесі.........................................................42-50
2.2. Ана тілі сабағында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша тәжірибелік жұмыстардың нәтижиесі......51-61
Қорытынды.......................................................................................................62-65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................66-70

Содержимое работы - 1 файл

дипломдық жұмыстың жаңа түрі.doc

— 339.50 Кб (Скачать файл)

              «Коренное различие между природными данными и развитыми способностиями психики, - деп жазды. Б.М. Теплов, - состоит качественной определенности, не заключают в себе содержательного момента».

               Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г. Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтты. Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе көтеріп, талантылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б.Г. Ананьев пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.

           Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.С. Лейтес қабілетке «іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет», - деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілеттің алғышарты белсенділік және өзін-өзі реттеу (саморегуляция) деген қортынды жасайды.

            Сонымен, қабілеттер жайлы барлық аталғандарды қорыта келе, біз төмендегідей тұжырым жасаймыз.

              Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамға әр түрлі деңгейде болады. Бала бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып отырады. 

             Көптеген зерттеуші педагогтар мен психологтар «таланттылық» деп белгілі бір салада (өнер, музыка т.б.) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті айтады. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді (З. Гильбух, В.С. Юркевич). 

          Францияның  ағарту ісінің өкілі К.А. Гельвеций адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы пікірді қуаттайтын XIX ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі дайындаған жүйесі бойынша тәрбиелейді. Нәтижиеде әкесінің атымен аталған кішкентай Карл 9 жасында Лейпциг университетіне түсіп, бір жылда оның толық курсын бітіреді. 13 жасында философия докторы деген атақ алады. 18 жасында Гейдельберг университетінің профессоры, 23 жасында Берслау университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады. 

         «Шығармашылық» ұғымының мәнін анықтауға назар аударатын болсақ, «Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу»дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары  

сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я.А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.

        Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен, «жаңалықпен» қатар «бастамалық, белсенділік» ұғымдары астарлаласа қолданылып жүр.

            Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ған тән.

             Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Сондай зерттеулердің бізді қызықтырған кейбіреулеріне тоқтала кетейік.

          Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н. Лук әрекет нәтижиесінің шығармашылық деңгейге өтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.

   Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:

. мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;

. ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;

. тасымалдай білуді;

. ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;

. әрекетті бағалай білуді қарастырады.

        Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілерімен күресу қажеттігіне тоқталады.

            В.И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте,орта және жоғары оқу орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық педагогикасының заңдылықтары мен принціптеріне тоқталады.

           Оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттерінің ерекшеліктері, оларды дамытудың жолдары мен әдістері А.А. Мелик-Пашаевтың, В.С. Шубинскийдің, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.

            Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі – дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э. Чудновский, В.С. Юркевич, И.П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелермен бөлісіп, ұсыныстар береді.

              Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.А. Кан-Калик, Н.Д. Ниандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру жолдарына талдау жасалады.

               Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтап, шарттарын айқындау, жолдарын, құралдарын белгілеу сияқты ортақ идеялардың бар екендігің байқадық. 

                         Шығармашылық қабілетінің ұғымының соңғы уақыттарда көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдамаларды талдай отырып, ол төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталатын адам әрекеті деген қортынды жасаймыз:

               . шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

               . әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәннің болуы;

               . шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

               . шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

               . нәтижиенің жаңалығы.

         Бұдан: «шығармашылық – қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижиеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соны жаңалыққа әелетін адам әрекеті», - деген тұжырым жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы – тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.

          Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесі шығармашылық процестің қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатындығын білуді талап етеді. Көрнекті француз математигі А.Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөлед:

         1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.

         2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.

         3. Проблемадан уақытша кету.

         4. Интуицаның оянуы. Инсайт.

         5. Нәтижиенің дұрыстығын тексеру.

      Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармышылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше:
          1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.

          2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.

          3. Шешімнің жарық көруі.

          4. Шығармашылық акт.

          5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Шығармашылық процестің әр езеңінде бала бойында әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашықы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орнын алады. Белгісіздік кезеңіндегі «бас қатырулар» табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны қалыптастырса, еңбектің нәтижиесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиісті қасиеттер болып табылады.

            Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше, уақытша көмескеленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанымен, тұтас алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктерімен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.

               Шығармашылық процесс баланың ақыл-ойын, қабілеттерін дамытатын болса, келесі кезекте «даму» категориясының мазмұны мен мәніне тоқталған дұрыс.

            « Даму» ұғымы философиялық сөздікте» ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», - деп түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу – белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

           «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

        

1.      Биологиялық фактор.

 

        Бұл – ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысының ерекшелігін білдіретін, бала организімінің ортамен қарым-қатынасатындығын ортамен қарым-қатынасының нәтижиесі.

 

2.      Әлеуметтік фактор. 

Бұл – бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл, сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істер мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3.      Баланың өз белсенділігі.

Бұл даму процесіне әсер ететін үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы күткен нәтижие бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

           Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың бірде-бір, қандай да бір кемеліне болса да, басқа екуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.

           Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтап өрнекті психолог Л.С. Выготский.

             Ол дамуды оқытумен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады. Ең алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.

              1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

              2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

             Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістеуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы азамат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдары ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәніндегі педагогикалық міндеті ертеңгі күнді меңзеу болып табылады.

              Ғалым психологтар Л.В. Занков, А.А. Люблинская, В.В. Давыдов, Б.Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. С.Л. Рубинштейн, Е.Н. Кабанова-Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғышарты екенін дәлелдейді.

              И.Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі  қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, ауқымды, демек, даму деңгейі де жоғары болады. 

             Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді. Мысалы: И.Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жаңдайға тасымалдай білуді, обьектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.

Информация о работе Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері