Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 19:33, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның каржы маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы
1.1 Маркетингтің түсінігі, мақсаты және даму кезеңдері, отандық компанияларда алғаш рет қолданылуы
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы ұйымдарында маркетингтік әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдануы
1.3 Қаржы ұйымдарындағы маркетингті қолданудың шет елдік тәжіребесі, оны отандық компанияларда қолдану мүмкіндігі
2.Жергілікті қаржы компаниялардың маркетингтік әдіс тәсілдерді іс жүзінде қолдануына талдау («Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығы» АҚ мысалында)
2.1«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ қысқаша сипаттамасы, құрылымы, жұмыс атқару бағыттары
2.2«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ маркетингтік және коммерциялық қызметін талдау және компания қызметінің даму серпілісіне талдау жасау
2.3 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ ислам қаржыландыруын дамытудағы рөлі,оның Қазақстан үшін мүмкіндіктері,талдау нәтижесінде компаниядағы маркетинг қолдану арқылы жеткен жетістіктері
3 Шет елдік компанияларды Қазақстан экономикасына тартудағы маркетинг рөлі,оны жетілдіру жолдары
3.1 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ баска Азия каржы орталыктарынан ерекшелігі
3.2 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ жүргізіп жатқан маркетинг
іс шараларын жетілдіру және кездескен мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

новая дипломка 2011.docx

— 1.43 Мб (Скачать файл)

    Қазіргі уақытта секьюритизацияланған активтер, фьючерстер, инвесторлардың ауқымды  көлемі үшін тиімді опциондар секілді  жаңа қаржы құралдарын ендіру мен жасау жоспарлануда.

    АӨҚО-да жақын және алыс шетелдерден инвесторлар  мен эмитенттердің барлық категорияларын тарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, АӨҚО Орталық Азиядағы ең басты қаржы орталығы атануы тиіс.

    АӨҚО-да ТДМ, Еуропа және Азия елдерінен келген жеке және институционалдық инвесторлар бар. Сонымен қатар, нарықта Қазақстан өңірлері мен шетел мемлекеттерінің эмитенттері жұмыс жасайды

    1. Инвесторлар:

    Соңғы жылдардағы жағымды инвестициялық  климат Қазақстанда ауқымды инвесторлық  базаның құрылуына негіз салды. Олардың қатарына коммерциялық банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, пайлық инвестициялық қорлар жатады.

    2008 жылдың 1 қаңтарында коммерциялық банктердің жинақ активтері 11,6 трлн. теңгені, зейнетақы қорларының активтері — 1,2 трлн. теңгені, сақтандыру компаниялары — 0,2 трлн. теңгені, пайлық инвестициялық қорлар активтері — 0,19 трлн. теңгені құрады. 2007 жылы акциялар бойынша сату-сатып алу операцияларына қатысты жеке инвесторлар үлесі 31,7 пайызды, ал ұжымдық облигациялар бойынша 13,5 пайызды құрады. Мұнымен қоса, Қазақстан қор биржасында шетелдік инвесторлар өте көп: 2007 жылы шетелдік инвесторлардың ұжымдық бағалы қағаздармен сауда жиынтығы 11,9 пайызды құрады. Агенттік қор нарығында Қазақстан Ресбуликасы тұрғындарының қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында нарықты едәуір түсінікті әрі тиімді жасауға тырысуда./3/

    Осыған  байланысты Агенттік тарапынан студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы органдар, аймақтық және республикалық БАҚ өкілдеріне семинарлар өткізілуде.

    Бұл «АӨҚО» АҚ тарапынан «Қазпошта» АҚ трансфер-агенттік желісі негізінде Ақпараттық-білім орталықтарын құру арқылы жүзеге асырылады. Халықты қор нарығы тақырыбына қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін жедел байланыс жүйесі қызмет атқарады.

    2. Эмитенттер:

    АӨҚО-да түрлі компаниялардың қор нарығына шығуына жағдай жасалған. Маркетингтік шаралар барысында Агенттік көптеген жаңа эмитенттерді тартуда. Әсіресе республика аймақтары мен шетел мемлекеттеріне аса ерекше назар аударылған.

    Аймақтарда  эмитенттерге арналған қор нарығы артықшылықтары, жаңа листингтік талаптар туралы семинарлар жиі өткізіледі.

    Тиімді  жұмыс нәтижесінде эмитенттердің  сандық және сапалық құрамы артты. 2005 жылы эмитенттер саны 94-і құраса, 2007 жылы- 126-ға жетті. Эмитенттердің жалпы  құрылымында «А классты» компаниялар  үлесі артты. 2008 жылдың бірінші жарты  жылдығы нәтижесінде KASE-де листингтен өткен эмитенттер саны 135-ті құрады.

    2007 жылы қор нарығына мынадай ірі отандық компаниялар шықты: «Казахстанская дистрибуционная компания» АҚ, «Абди» АҚ, «САС» АҚ, «Эль-Дос» АҚ, «Логиком» АҚ, «Илийский картонно-бумажный комбинат» АҚ, «Аэропорт «Сары-Арка» АҚ.

    2007 жылы мемлекеттік компаниялар  тарапынан жаңа эмитенттер пайда болды: «Қазақтелеком» АҚ мен «Фонд развития малого предпринимательства» АҚ. Бүгінгі таңда мемлекеттің қатысуы бар 17 компания қор нарығында жұмыс жасауда. Сонымен қатар ҚР Үкіметі тарапынан 2008 жылы мемлекеттік қатысуы бар 24 ұйымның листинг процедурасынан өтуі бекітілді.

    Қатысушылар:

    Қаржы орталығының қатысушылары қатарына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының  қыметін реттеу жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган берген мемлекеттік  тіркеу жөніндегі куәлік немесе қаржы  орталығының қатысушысы ретінде  аккредиттелу туралы куәлікке ие, сонымен  қатар Қазақстан Республикасы қаржы  ұйымдары мен қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттігі берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары жатады. Қаржы орталығының қатысушылары қатарына банктер, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, жинақтаушы зейнетақы қорлары енбейді. Қаржы орталығының қатысушысы статусын алу үшін заңдық тұлғаның Алматы қаласы территориясында үнемі қызмет етуші органының болуы қажет.

    Кәсіби қатысушылар жүзеге асыратын қызмет түрлері:

  • брокерлік қызмет;
  • дилерлік қызмет;
  • бағалы қағаздарды басқару қызметі;
  • өзара міндеттерді анықтау қызметі (клиринг);
  • депозитарлық қызмет;
  • бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүргізу қызметі;
  • бағалы қағаздар нарығында саудаластық жүргізу қызметі.

    АӨҚО  АСА-на жіберілген қаржы құралдары  эмитенттерінің аудит шығындарын толтыру:

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 30 мамырында бекіткен № 523 қаулысына сәйкес, тек қаржылық есептілік стандарттары бойынша қаржы есептілігі аудитін бұған дейін өткізбеген, АӨҚО АСА-на қаржы құралдарын орналастырған эмитенттердің ғана аудит шығындарының орны толықтырылады.

    Өтініш  жыл сайын бірінші мамырда қабылданады. Ал аудит шығынының орнын толтыру өтініш берілген жылдан кейінгі жылы бірінші ақпнда жүзеге асырылады.

    Бір эмитенттің аудит шығынының орнын  толтыру бір рет 12 000 айлық төлем көрсеткіштерібаламасының сомасынан артпауы қажет. Жаңа брокерлік компанияларды тіркеу мерзімінің азайтылуы Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру тәртібі «бір терезеден» принципі бойынша Агенттік тарапынан әзірленген Ережеге сәйкес анықталады. Аталған принцип АӨҚО қатысушыларына заңдық тұлға статуын беруді жеңілдетеді, және өтініш тапсырылған сәттен бастап 3 жұмыс күнінен кейін заңдық тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы қалыпты үлгіні, салық төлеу куәлігін, статистикалық картаны алуға мүмкіндік береді. Қысқартылған мерзім АӨҚО жұмысының тиімділігін арттырады, сол арқылы АӨҚО қатысуышларының тіркелу процедурасын жеңілдетеді.

      «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының құрылымы төмендегі сызбадан байқауға болады: /2/

 

 

 
 
 
 

Сызба 1. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамының құрылымы.

Қазақстан қор биржасы:

    Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.

    Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.

    АӨҚО  академиясы:

    Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік  қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсанда № 68 бұйрықпен бекіткен «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын 2010 ж. дейін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру шеңберінде «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының Академиясы» білім орталығын құру жөнінде шешім қабылданды.

    Академияның негізгі мақсаты — қаржы нарығы мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді тренингтер мен курстар өткізу арқылы қаржы секторында кәсіби мамандар даярлау/қайта даярлау. Жоба сонымен қатар Қазақстан Республикасы тұрғындарының қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған. АӨҚО Академиясы бағалы қағаздар нарығында қызмет етуші білікті мамандарды оқыту мен үйретуге арналған.

    АӨҚО  қызметі мен Қазақстан қор биржасының даму мәселесі бойынша аймақтық әлеуетті эмитенттер мен халықты оқыту мақсатында «Қазпошта» АҚ трансфер-агенттік секторлары негізінде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының ақпарат-білім орталықтарын құру келесі мемлекеттік Бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде пайда болды:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 27 маусымдағы қаулысымен бекітілген № 536 «2007—2007 жж. арналған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржы сауаттылығын арттыру бағдарламасы».

    2. Қазақстан Республикасы Алматы  қаласының өңірлік қаржы орталығының  қызметін реттеу агенттігі төрағасының  2006 жылы 8 желтоқсандағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығын 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы».

    АӨҚО  АБО-ның басты мақсаты - жеке инвесторлар  ретінде бағалы қағаздар нарығына жеке тұлғаларды тарту үшін халықтың қаржы  білімін арттыру және оқыту жүйесін  құру, аймақтық компаниялардың қор нарығына, атап айтсақ АӨҚО арнайы сауда алаңына шығуы бойынша мәселелерді түсіндіру.

    АӨҚО  АБО қызметі:

  • аймақтық тұрғындарға бағалы қағаздар нарығының негіздерін оқыту бойынша қызмет көрсету;
  • аймақтық компаниялардың қор нарығына шығуы жөніндегі мәселелерді талқылау;
  • қор нарығы арқылы отандық компаниялардың капиталды инвестициялауы мен тарту тәсілі туралы ақпараттандыру;
  • өңірлік қаржы орталығы қызметі мен арнайы сауда алаңы туралы мәселелерді талқылау.

    АӨҚО  Академиясының алдына қойған негізгі  міндеті алдыңғы қатарлы халықаралық  орталықтармен ынтымақтастық орната отырып, қаржы секторында кәсіби мамандарды дайындау/қайта дайындау жүйесін  құру.

    АӨҚО Рейтинг Агенттігі:

    «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының  Рейтингтік агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2007 жылғы 9 ақпандағы № 003—608 бекітілген Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингтік агенттіктерді дамыту мен тәуелсіз кредиттік рейтингті арттыру мақсатында халықаралық рейтингтік агенттіктермен сапалы қарым-қатынасты қамтамасыз ету жөніндегі шара жоспары мен Қазақстан Республикасы Алматы қаласыныңы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 68 бұйрығымен бекітілген Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды.

    Отандық бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, қазақстанды қкомпаниялардың бәсекелге қабылеттілігін бағалау мен олардың қазақстандық қор нарығына шығуы мақсатында 2008 жылдың басында «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» құрылды.

    Рейтингтік  агенттіктің дербестігі акционерлердің диверсификацияланған құрамымен қамтамасыз етілген. Онда халықаралық рейтинг агенттіктері мен шетелдік қаржы институттары ұсынылған.

    Осылайша, АӨҚО РА-ң қызметі елдегі орта және кіші бизнестің дамуына ықпал  етеді, инвестициялық портфельдің  диверсификациялану мүмкіндігін ұсына  отырып, қор нарығына үлкен көлемде эмитенттердің шығуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде нарықтың өтімділік деңгейі мен айқындылығы артып, оның одан әрі бәсекеге қабылеттілігін көтереді.

    «АӨҚО Рейтингтік Агенттігі» АҚ — Қазақстан аумағындағы Қазақстан Республикасы қор нарығын дамытуға бағытталған тұңғыш рейтинг агенттігі. Несиелік рейтинг тағайындау арқылы шеттен алушы субъектілердің несиеге қабылеттілігінің дербес бағаламасы саласында, корпоративтік басқару рейтингін, облигациялардың несиелік рейтингін, сондай-ақ қаржылық институттардың несиеге жарамдылық рейтингін берумен бірге, Қазақстандық компанияларды тәуелсіз бағалау саласындағы қызметтер көрсетуге мамандандырылған рейтингтік агенттік.

    АӨҚО  РА негізгі мақсаты - көлегейсіздікті қамтамасыз ету және эмитенттер туралы сенімді объективті ақпарат беру арқылы жалпы алғанда Қазақстан Республикасының экономикасын және соның ішінде қор нарығын дамытуға ықпалдасу болып табылады.

    АӨҚО  РА әдістеметану бойынша стратегиялық серіктесі Малайзияның «RAM Holdings Berhad» рейтинг агенттігі  – Малайзияның несиеге жарамдылықты бағалайтын басты агенттігі болып табылады. 1997 жылдың көкек айында «RAM Holdings» Азиялық Даму банкімен APEC саласындағы басты ішкі агенттік болып сайланды. «RAM Holdings» бірегей жетістіктерінің бірі – инфрақұрылымдық жобаларды дамытудағы, сондай-ақ активтермен сүйемелденген бағалы қағаздарды бағалаудағы тәжірибе. Исламдық борыштық құралдары да сондай-ақ «RAM Holdings» мықты жақтарының бірі болып қалады.

Міндеттері:

  • ОА нарықтарының шарттары бойынша кредиттік тәуекел деңгейін бағалау үшін арнайы жасалынған жүйе бойынша кәсіпорындарға, банктерге, сақтандыру компанияларына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, орта және кіші бизнес субъектілеріне кредиттік рейтингтер тағайындау;
  • Ұлттық шкала бойынша қарыз алушының жеке борыштық міндеттемелеріне кредиттік рейтинг тағайындау;
  • Ағайындалған кредиттік рейтингтердің индикациясы;

Информация о работе Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы