Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 19:33, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның каржы маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы
1.1 Маркетингтің түсінігі, мақсаты және даму кезеңдері, отандық компанияларда алғаш рет қолданылуы
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы ұйымдарында маркетингтік әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдануы
1.3 Қаржы ұйымдарындағы маркетингті қолданудың шет елдік тәжіребесі, оны отандық компанияларда қолдану мүмкіндігі
2.Жергілікті қаржы компаниялардың маркетингтік әдіс тәсілдерді іс жүзінде қолдануына талдау («Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығы» АҚ мысалында)
2.1«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ қысқаша сипаттамасы, құрылымы, жұмыс атқару бағыттары
2.2«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ маркетингтік және коммерциялық қызметін талдау және компания қызметінің даму серпілісіне талдау жасау
2.3 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ ислам қаржыландыруын дамытудағы рөлі,оның Қазақстан үшін мүмкіндіктері,талдау нәтижесінде компаниядағы маркетинг қолдану арқылы жеткен жетістіктері
3 Шет елдік компанияларды Қазақстан экономикасына тартудағы маркетинг рөлі,оны жетілдіру жолдары
3.1 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ баска Азия каржы орталыктарынан ерекшелігі
3.2 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ жүргізіп жатқан маркетинг
іс шараларын жетілдіру және кездескен мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

новая дипломка 2011.docx

— 1.43 Мб (Скачать файл)

Компаниялардың жарнамасы түрлі анықтама кітаптарында орналастырылады. Кішігірім фирмалар үшін жарнаманы арнайы сипаттағы баспаларға емес кез-келген баспаларда орналастыруга болады. Оған қоса компания өзінің престижі мен өзі тұралы ақпаратты кең түрде тарату үшін бизнеске бағытталған баспамен немесе өзі компания кызметіне байланысты газет шығара алады:  

       

Сурет 6 «АӨҚО» АҚ да шығарылатын газет./10/ 

RFCA NEWS –  АӨҚО жобалары, қор нарығының,  жаһан мен Қазақстандағы қаржы  секторының басты оқиғалары туралы мәлімет беретін мамандырылған іскерлік басылым. Ай сайын шығып тұрады. «Тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру  2007-2011 жылға  арналған бағдарлама» шеңберінде  «Fingramota.kz», «Қаржылық сауаттылық», «RFCA NEWS»  газеттері басылымға шықты. Айына 2-3 рет, қазақ және орыс тілдерінде басылып шығады.(7)                                                    Бір кемшілігі,шығарылым саны аздау,таратылу территориясы шектеулі.

Сонымен қатар, маркетингтік шаралар қатарына өзімізге күнделікті үйреншікті газет, брошюра, логотип және т.б кұралдарды жатқызсақ болады. 

       

Сурет 7 Брошюралар /10/

Қаржы нарығында  практикалык түрде кеңес беретін брошюралар қолданысқа ене бастады,олардың катарында: «Сақтандыру өнімдері», «Банктік өнім», «Қаржы нарығы қатысушыларының құқығын қорғау», «Зейнетақы жүйесі»т.б  Бұл брошюралар тегін «Ақпараттықұ Білім беру» орталықтарында таратылатын болады.

Қазіргі кезде көптеген фирмалар өздерінің веб сайттарын жасайды және де оны тек суреттері бар  жарнамалық  проспект ретінде ғана қолданбайды,сонымен катар клиенттермен байланысты жеңілдету кұралы ретінде қолданады.Келесідей web-сайттар бар: www.fingramota.kz  және www.rfca.kz .Бұл сайтта «Сұрақ-Жауап» бөлімі бар(актуалды сұрақтарға, қаржы нарығының эксперттері жауап береді) «Анықтамалық система»(қажетті анықтамалық ақпаратпен бөліседі)және «заңнамалық консультант» базасы енгізілген,бұл базаға кіру арқылы кез-келген азамат юристтерден консультациялық ақпарат ала алады.  Сонымен қоса, осы сайты жетілдіру барысында      «Ақылды ойын» яғни, «Умная игра» компьютерлік ойыны шығарылды. Бұл ойынды өзіңіздің компьютерінізге немесе  уялы телефонға жазып алу арқылы ойнаса болады. Бұл ойын арқылы сіз өзіңіздің қаржылық сауаттылығынызды арттыра аласыз,екіншіден виртуалды түрде  биржаға ойында ұтып алған ұпайларыңызды  акцияға сала аласыз және бұл сайттарда қызықты мақалалар,кітаптар қоры бар,осы сайтқа кіру арқылы өз сауаттылығыңызды жоғарлату  мүмкіндігіне ие боласыз.Сонымен қатар, қосымша клиент тарту мақсатында қазакстандық клиенттер үшін шетелдіктермен салыстырмалы түрде жеңілдіктерді көбірек жасауды жоспарлауда.

Фирманың тағы бір жарнама құралы клиенттерге кұттықтау  хаттарды жіберу және таңбалары   бар сувенирлерді тарату болып табылады.

Осы жылдың мамыр айында  «Хабар» телеарнасында «Ваш Выход» атты бағдарламаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл бағдарлама қаржы нарығының барлық  салаларын қамтиды:сақтандыру,банктік,валюталық,несие және бағалы қағаздар нарығы.Бұл бағдарлама қатысушылары осы саладағы аналитик ,эксперттер, психолог және қаржы саласындағы мамандар./7/

Ең басты жетістігіміз ретінде ТОО«eTrade. kz» компаниясы,  интернет трейдинг қызметіне қосылу тарифін төмендетті.Осыдан екі үш жыл бұрын бұл қызметке қосылу кұны 5500 тенге болса,қазіргі таңда ол тегін жүзеге асырылады. Ең күрделі проект ретінде «Клуб частных инвесторов» өз қызметін бастады. Бұл Қазақстандағы ең танымал және күрделі проект, оның басты бағыты инвестициялық  қызметін танымалдылығын арттыру болып табылады. Бұл клуб озінің қызметін формальді емес жиындар арқылы,дискуссиялар арқылы,тренинг,семинарлар арқылы жүзеге асырады. Ал тәжіребесі мол инвесторларға,мастер класстар ұйымдастырылады.Мұнда анализ жүргізудің жаңа әдіс тәсілдерін ойлап табу,инвестициялық портфель құру жайлы ұсыныстар,тәуекелді алдын алу сияқты күрделі мәселелер қарастырылады.Клубтағы жиынның басты ерекшелігі,мұнда келген кез-келген қатысушы брокер,трейдерлермен формальді емес жағдайда қарым қатынасқа тусу.

Халыққа білім беру:

Мақалалар

  • Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде 200-жуық мақала қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді

Суденттерге арналған лекциялар 

  • Қор нарығы туралы лекциялар ағымдағы жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін өтті. Елдің ірі ЖОО 2000 жуық студент қатысты (а.ж. ақпанында КИМЭП-пен меморандум жасалынды)

Мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинарлар

  • Қор нарығы жайлы семинарлар 5 орталық 9 жергілікті атқарушы органдарда өткізілді

Алматы  Өнырлык Қаржы Орталыгын жетылдыру  бойынша:

  • Ұйымдастырылды және өткізілді:
    • Екінші Орталық-Азия конференциясы
    • «Қазақстан қор нарығын дамыту перспективалары» бизнес-форумы
  • Елде және шетелдерде өткен 20 қаржы семинарларына Агенттік өкілдері қатысты
  • Республиканың 9 аймағында аймақтық компаниялар үшін білім семинарлары өткізілді
  • АӨҚО қызметі туралы 60-тан астам мақала жарық көрді

      («Казахстанская правда», «Егемен Казахстан», «Капитал», «Бизнес и власть», «Новое поколение», «Большая газета», «Караван», «Панорама», «Аргументы и факты», «Литер», «Курсив», «Айқын», «Қазақстан iскерi»)

  • АӨҚО туралы мына шетелдік басылымдарда мақалалар жарық көрді: Institutional Investor, Euromoney, Bloomberg Markets Magazine, АӨҚО имидждік модулі Bloomberg
  • БАҚ-та АӨҚО мен оған қарасты ұйымдардар жобалары белсенді түрде жарияланды
  • Агенттік веб-сайтының жаңа бет бейнесі мен картасы іске қосылды.

Кесте 13. Қор нарығы көрсеткіші./6/

Қор нарығы көрсеткіштері 2008 2009 2010 2011
  Капитализация (млрд. АҚШ долл.) 100 135 160 200
  сауданың жылдың мөлшері (млрд. АҚШ долл.) 23 37,5 60 87,5
  Өтімділік коэффициенті 0,23 0,3 0,4 0,5
  Эмитенттер саны 140 160 180 200
  Бір күндік мәміле саны 120 150 500 1000
  шетелдік инвесторлар үлесі 14 18 21 25

 

Маркетингтік шаралар барысында Агенттік көптеген жаңа эмитенттерді тартуда. Әсіресе республика аймақтары мен шетел мемлекеттеріне аса ерекше назар аударылған.

Аймақтарда  эмитенттерге арналған қор нарығы артықшылықтары, жаңа листингтік талаптар туралы семинарлар жиі өткізіледі.

Тиімді  жұмыс нәтижесінде эмитенттердің  сандық және сапалық құрамы артты. 2008 жылы эмитенттер саны 140 құраса, 2009 жылы- 160-ға жетті. Эмитенттердің жалпы  құрылымында «А классты» компаниялар  үлесі артты. 2008 жылдың бірінші жарты жылдығы нәтижесінде KASE-де листингтен өткен эмитенттер саны 135-ті құрады.

2007 жылы  қор нарығына мынадай ірі отандық компаниялар шықты: «Казахстанская дистрибуционная компания» АҚ, «Абди» АҚ, «САС» АҚ, «Эль-Дос» АҚ, «Логиком» АҚ, «Илийский картонно-бумажный комбинат» АҚ, «Аэропорт „Сары-Арка“ АҚ.

2007 жылы  мемлекеттік компаниялар тарапынан  жаңа эмитенттер пайда болды: «Қазақтелеком» АҚ мен «Фонд развития малого предпринимательства» АҚ. Бүгінгі таңда мемлекеттің қатысуы бар 17 компания қор нарығында жұмыс жасауда. Сонымен қатар ҚР Үкіметі тарапынан 2008 жылы мемлекеттік қатысуы бар 24 ұйымның листинг процедурасынан өтуі бекітілді.

ІРО Халыкаралык  уйымдарды тарту:

Қаржы ұйымдары

    • Ғаламдық инвестбанктер (JPMorgan, Credit Swiss)
    • Ғаламдық коммерциялық банктер (Unicredit group, Kookmin bank)
    • Аймақтық инвестициялық банктер (Daewoo Securities, Hanwha Securities, Сбербанк России, Кит Финанс, Тройка диалог)

Тікелей инвестициялау  қорлары 

    • Tau Capital (Лорд Ротшильд)
    • East Capital
    • Aueros Central Asia

Ақпараттық-сараптамалық агенттіктер

    • РБК Daily
    • Bloomberg
    • PBN Company
    • Reuters

Сонымен қоса,2010 жылы, 24 караша, Алматы каласы, Rixos Almaty” отелінде “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы” АҚ және “Қазақстан қор биржасы” АҚ ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің, “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” ЗТБ мен “Активтерді басқарушылардың қауымдастығы” ЗТБ-ның қолдауымен ұйымдастырған “Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO” Форумының ашылуы болып өтті. Форумға қатысушылардың назарында – Қазақстанның дағдарыстан соң дамуындағы ұлттық компаниялардың KASE-те IPO рөлін, KASE-те IPO жүргізу шарттарын, сондай-ақ Қазақстандық қор нарығының инвестициялық әлуетін талқылау. Сонымен бірге,  бұл Акционерлік қоғамның қызметі,атқарып жатқан жұмысы жайлы ақпарат таратылды.Бұл өз кезегінде компания жайлы ақпарат таратудың бір тәсілі./6/

Компания 7 р талдау:

1Р Орналасу  жері ыңғайлы,заманауи ғимаратта  орналасқан.Бизнес орталықта орналасқан,өтімділігі  жоғары, сәйкесінше машиналар өтімділігі  де жоғары.

Кездесетін  мәселе: автотұрақтардың жетіспеушілігі. Көп жағдайда бизнес орталықтың өзінде  машиналар көптігі соншалық,қалаға шықпай- ақ осында кептелісте тұрып  қалады.

Шешу  жолдары: «Нұрлы тау» ға қарама- қарсы  жабық территория бар, онда уйлер  салу көзделген,оның орнына көлік автотұрағын  салған әлдекайда тиімді. Онсыз да салынып жатқан үйлер көп.

2р товар  қор нарығы. «АӨҚО» ның негізгі  міндеті компанияларды қор нарығына  тарту, қор нарығының артықшылықтарын  компания басшыларына жеткізе  білу. Қарастырылатын мәселе жоқ,  бәрі ойдағыдай.

3Р көрсетілген  қызметі үшін қаржыны талап  етпейді.

4Р Өнімді  жылжыту  барлық бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі.Бірақ  қажетті деңгейде емес. Көптеген  тұрғындар қор нарығы жайлы  ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

Негізгі мәселе ақпаратты таратуды «агрессивті» түрде жүргізу. Жарнамаларының аздығы, көптеген тұрғындар қор нарығы жайлы  бейхабар

Шешу  жолдары: «АӨҚО» ның Білім беру орталықтарына  келіп, семинарларға қатысу, дәріс тыңдау ерікті түрде жүргізіледі. Осыған байланысты әр компания қызметкерлеріне міндетті турде барып дәріс тыңдауды жүктесе, бұл өз жемісін берер еді. Ақпараттандырылған тұрғындар санын көбейтер еді.

5Р   Қызметкерлері жоғары білікті,  өз ісін білетін мамандар. Білімі  жоғары,көбісі шет елде оқып  келген, шет тілін жетік меңгерген.  Шешетін мәселе жоқ.

6Р Компания  қызметін мемлекет тарапынан  қолдайтындықтан,  басында атап  өткендей,заманауи ғимаратта орналасқан, сәйкесінше дизайн, интерьер талғамы  өте жоғары. Әр бөлімде кондиционер  орнатылған.

7Р   Процеске келетін болсақ, қызметкерлердің  клиентпен қарым- қатынасы сыпайы, төзімділікпен қызмет көрсетеді.Себебі, әр бөлімде камера орналасқан, клиентке дөрекі қызмет көрсету   катаң жазаланады. 

    Коммерциялық  қызметіне талдау, қазіргі жаһандану жағдайларында Қазақстан экономикасы əлемдік қаржы жүйесінің ауытқулары мен циклдік үрдістеріне тəуелді болып келеді. Сол себепті, халықаралық капитал нарығында орын алған өтімділік дағдарысы дамушы ғана емес дамыған нарықтарға да теріс əсерін тигізді. Əлемдік инвесторлардың қаржы ресурстары ең қатерсіз деген активтерге орналастырылды, бұл өз кезегінде сыртқы қарыз құнының өсуі мен коммерциялық банктер үшін кредиттің қымбаттауына алып келді.

    Əлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстанның макроэкономикалық жағдайы тұрақты  болып қалуда. Осылайша, 2007 жылы экономика  өсімі (ЖІӨ өсімі – 8,5%) елдің инвестициялық  ахуалының жақсаруына септігін тигізді.

Информация о работе Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы