Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 19:33, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның каржы маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады.

Содержание работы

Кіріспе
1 Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы
1.1 Маркетингтің түсінігі, мақсаты және даму кезеңдері, отандық компанияларда алғаш рет қолданылуы
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы ұйымдарында маркетингтік әдіс-тәсілдерді іс жүзінде қолдануы
1.3 Қаржы ұйымдарындағы маркетингті қолданудың шет елдік тәжіребесі, оны отандық компанияларда қолдану мүмкіндігі
2.Жергілікті қаржы компаниялардың маркетингтік әдіс тәсілдерді іс жүзінде қолдануына талдау («Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығы» АҚ мысалында)
2.1«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ қысқаша сипаттамасы, құрылымы, жұмыс атқару бағыттары
2.2«Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ маркетингтік және коммерциялық қызметін талдау және компания қызметінің даму серпілісіне талдау жасау
2.3 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ ислам қаржыландыруын дамытудағы рөлі,оның Қазақстан үшін мүмкіндіктері,талдау нәтижесінде компаниядағы маркетинг қолдану арқылы жеткен жетістіктері
3 Шет елдік компанияларды Қазақстан экономикасына тартудағы маркетинг рөлі,оны жетілдіру жолдары
3.1 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ баска Азия каржы орталыктарынан ерекшелігі
3.2 «Алматы Өңірлік Қаржы Орталығы» АҚ жүргізіп жатқан маркетинг
іс шараларын жетілдіру және кездескен мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

новая дипломка 2011.docx

— 1.43 Мб (Скачать файл)

    Алматы  қаласының өңірлік қаржы орталығын  құру туралы жоба Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді. Аталған жоба жайында  Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.

    Жобаны  жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан  Республикасы Үкіметі тарапынан  Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат салысқан «Boston Consulting Group» компаниясы тартылды.

    Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы  нарығын дамытудағы артықшылықтар  мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары бойынша ұсыныстар әзірлеу.

    Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты жолдауында анықталды.

    Сонымен қатар, Орта Азия аймағындағы басты  қаржы орталық ретінде Алматы қаласының дамуына ерекше көңіл  бөлінді. Осыған сәйкес, ірі аймақтық бизнес-жобалар үшін қаржы және сақтандыру қызметі мен қарыздар беруде ірі қаржы ұйымдарына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалынып, қаржы орталықтары қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілді.

    2006 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» № 145-ІІІ Заңына қол қойды.

    Сол жылы қаржы орталығының өкілетті органы — Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі өз жұмысын бастады.

    «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы»  акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысымен құрылды. /2/

    Қазақстан Республикасының қаржы секторының ТМД елдерімен салыстырғанда  дамуының озықтығы, жалпы ішкі өнім құрамында қаржы қызметтерінің  үлесінің жəне ішкі жинақтардың тұрақты  өсімі, ТМД елдеріне қаржылық капиталдардың  экспансиясының басталуы мен қаржы  сферасында мамандар құрамының қалыптасуы жоғарыда аталған шешімді қабылдаудың себептеріне айналды. Қазақстан Республикасы экономикасының диверсификациясы, əлемдік экономикаға кірігуі мен бəсекелестікке қабілеттілігін арттыру процесінде қаржы орталығын құру шешуші мəселелердің бірі болып табылады.

    Алматы  қаласының өңірлік қаржы орталығының  құрылуы мен тиімді функциялауы  қаржы секторын əрі қарай дамытумен  жəне ең алдымен отандық бағалы қағаздар нарығының дамуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты қаржы орталығын  дамыту бағдарламасын брокерлік  жəне дилерлік ұйымдардан құралатын  халықаралық қатысушылардың жəне институционалды  инвесторларды тарту мен отандық  бағалы қағаздар нарығын əрі қарай  дамытуға бағдарланған өңірлік ауқымдағы  бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрудың орташа мерзімдік стратегиясы  ретінде анықтауға болады. Бұл  нақты экономика қажеттіліктерін  қаржыландырып отандық қаржы  капиталының шетелге экспансиясына  жағдай жасау үшін капитал нарығында  ауқымды қаражат түзуге мүмкіндік  береді. /7/

    Агенттіктің функциялары, қаржы орталығының  статусы, қатысушылары мен инфрақұрылымы  элементтері «Өңірлік қаржы орталығы туралы» жəне «Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығын құру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңдарында анықталған.

    Салық жеңілдіктерін ұтымды пайдалану  мен мүмкін қиянатшылықтардың алдын  алу мақсатында АӨҚО статусы ерекше құқықтық режим ретінде анықталған. Мұндай статус қаржы орталығының  қатысушылары болып табылатын брокерлер  мен дилерлерге кеңселерін тек қана Алматы қаласының территориясында  ғана ашуға міндеттейді.

    АӨҚО  территориясында Қазақстанның сот  жүйесіне кіретін арнайы қаржы соты құрылды. Бұл соттың статусы облыстық сотқа теңестірілгендіктен сот  үкіміне шағымдану процедурасы  тек қана Қазақстан Республикасының  Жоғары Сотында қаралатын болады.

    Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды  іске асыратын өкілетті органның (бұдан  əрі - ҚҚА) брокерлік жəне дилерлік іс-əрекетпен  айналысуға рұқсат ететін лицензиясын  иеленген жəне заңды тұлға ретінде  мемекеттік тіркеуден өткен ұйымдар  АӨҚО-ның бағалы қағаздар нарығының  кəсіби қатысушылары болып табылады. Осылайша, салық жеңілдіктері іс-əрекеті  тікелей қаржы орталығындағы  жұмыспен байланысты ұйымдарға ғана берілетін болады.

    Агенттік  қарамағындағы Халықаралық Кеңес  кеңес беру органы болып табылады жəне оның құрамына қаржы секторында беделі жоғары, қаржы жəне инвестициялау  сфераларының халықаралық деңгейдегі сарапшылары енеді. Халықаралық  кеңес келесі бағыттар бойынша қызмет етеді:

  • АӨҚО көрсететін қызметтерді, операцияларды, құқықтық режимді жəне қатысушыларды тарту бойынша ынталандыруды жетілдіру мақсатында АӨҚО қызметіне қатысты мəселерде жетік халықаралық тəжірибені пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау;
  • АӨҚО-ның қазіргі немесе келешек инвесторларына жəне басқа қатысушыларына ұсынылатын жағдайларға немесе АӨҚО беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайлардың теріс əсерлерін ретке келтіру бойынша ұсыныстар дайындау;

    Жоғарыда  көрсетілген қаржы орталығының  институттары қазіргі уақытта қалыптастырылуда.

    «Алматы қаласының өңірілік қаржы орталығының» АҚ миссиясы-Халықаралық стандарттарға сай, Алматы қаласында бәсекеге қабылетті қаржы орталығын дамыту үшін жағдайлар жасау.

    Болжам  бойынша Алматы қаласы өңірлік қаржы  орталығы – 2015 жылға дейін Азиядағы алдыңғы қатарлы он қаржы орталықтарының бірі бола алады.

    Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы АӨҚО рөлі:

  • Шетелдік инвестицияларды тарту және диверсификациялау ;
  • Жаңа жұмыс орындарын құру ;
  • Ел экономикасын дамыту және диверсификациялау;
  • Капитал азаю тәуекелін төмендету;
  • Алматы қаласының туристік тартымдылығы мен инфрақұрылымын дамыту;
  • Қазақстанның әлемдегі имиджін қалыптастыру;
  • Халықтың инвестициялық сауаттылығын арттыру;
  • Бюджетке салық түріндегі қосымша түсімді қамтамасыз ету;
  • Инвестицияның баламалы көзіне қазақстандық компаниялардың қатысу мүмкіндігі;
  • Республика халқының әл-ауқатының дамуы. /4/

    Қоғамның  мұраты - еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі үшін қажетті жағдайлар мен пәрменді механизм жасасу болып табылады.

    «АӨҚО»  АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай келетін бағалы қағаздар нарығын дамыту;
  • Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, оның капиталдандырылуы мен өтелімдігін жоғарылату;
  • Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін инвесторлар ретінде жеке тұлғаларды тарту.

        «АӨҚО» АҚ-ның негізгі міндеттері:

  • халықаралық стандарттарға сай келетін және шетелдік қатысушыларды тартуға ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық жағынан дамыту;
  • брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және институционалдық инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар ретінде тарту;
  • халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы арқылы бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық құралдарға тарту;
  • жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын дамыту мен ендіру;
  • Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату және шетелдерде Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық бет-бейнесін қалыптастыру;
  • қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
  • халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын іске асыруға ат салысу.

        «АӨҚО»  АҚ жұмысының қағидалары:

  • кәсіпқойлық - қызметтің барлық салаларында тәжірибені пайдалану;
  • транспаренттік - компаниялардың қызметінің жариялылығы;
  • тұрақтылық - үздіксіз жоғары сапалы қызметтер көрсету жолымен АӨҚО-ның өзара әрекеттесуі мен жұмыс істеуі үшін оңды ортаны қамтамасыз ету және сақтау;
  • қол жету мүмкіндігі - географиялық орналасуынан, мәртебесінен және т.с.с. тәуелсіз, серіктестердың (customer) өзара жалпы әрекеттестігі үшін және қатысуына кедергі болмауы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • теңдік - барлық институттардың тең құқылы қатысуы арқылы жұмыс істеу;
  • жаңашылдық - жұмыстың жаңартпалық және үнемі жетілдіру әдістерін қолдану, оңды өзгерістерді көтермелеу және осы өзгерістер жасайтын мүмкіндіктерді анықтау;
  • табысқа ұмтылу - АӨҚО қызметтерін үнемі жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күші-қуатын салу.

    АӨҚО  бәсекелестікке қабылеттілігі:

    АӨҚО  бәсекеге қабылеттілігі Әлемдегі аймақтық және басқа да дүниежүзілік қаржы орталықтарымен салыстырғанда, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының бәсекеге қабылеттілігі Қазақстан қор нарығының артықшылықтарымен ерекшеленеді.

    АӨҚО-ң  бәсекеге қабылеттілігі - Қазақстан  Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы қаулысында жарияланған дүниежүзінің бәсекеге қабылетті 50 елінің қатарына ену жөніндегі Қазақстан Республикасының жалпыұлттық Стратегиясын орындау кезіндегі маңызды құраушы бөлік болып табылады.

    АӨҚО  бәсекелестік артықшылықтары:

    Бүгінгі таңда қазақстандық заңнама арқылы АӨҚО қатысушылары үшін келесі бәсекелестік артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған:

  • АӨҚО-да қызмет атқаруға ниет білдіруші шетелдік азаматтар үшін Қазақстанға келу визасын алудың жеңілдетілген процедуралары;
  • АӨҚО қатысушылары — заңдық тұлғаларды тіркеудің жеңілдетілген процедуралары;
  • Инвесторлар үшін салық жеңілдіктері (заңды және жеке тұлғалар);
  • АӨҚО қатысушылары — брокерлер және (немесе) дилерлер үшін салық жеңілдіктері;
  • АӨҚО АСА-на жіберілген қаржы инструменттері эмитенттері үшін аудит шығындарының орнын бір рет толтыру./2/

    Жаңа  қаржы құралдары:

    АӨҚО-да капитал нарығына арнап бағалы қағаздардың  жаңа түрлерін шығару жөнінде шарттар  жасалды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерін айналымға енгізу ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдікті диверсификациялануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар нарық өтімділігін арттырып, жеке инвесторларды белсенді тартуға жол ашады./8/

    2009—2011 жылдарға арналған Стратегиялық  жоспарды жүзеге асыру шеңберінде  Агенттік қаржы құралдарын ендіруге  қатысты нақты жұмыстар жүргізуде.  Осы бағытта Агенттік аталған жылдың маусым айында күшіне енген жаңа листинг ережелерін жасап шығарды. Жаңа листинг талаптарына сәйкес, айналымға жіберілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар спектрі акциялар және борыштық бағалы қағаздар секілді екі негізгі топтарға бөлінді. Сонымен қатар ұсынылатын қаржы құралдарының қатары артты пайлық инвестициялық қорлар, индекстік қорлар, туынды бағалы қағаздар, борыштық бағалы қағаздар), отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялаудың аса кең мүмкіндіктері пайда болды. Бағалы қағаздардың жаңа түрлерінің айналымға жіберілмесі сонымен қатар инвесторларға бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысты тәуекелдерді хеджирлеуге, мүмкіндік береді.

    Мәселен, Орталық-азия аймақтарында шетелдік инвесторларды  тарту мен индекстік қорларды, деривативтер нарығын құру мақсатында құрамында орталық-азия аймақтарындағы компаниялардың акциялары бар  Renaissance Capital Central Asia Equity Index (RENCASIA, www.centralasia.rencap.com) жаңа индексі енгізілді. Осыған байланысты, Ресейдің туынды бағалы қағаздар нарығы дүниежүзіндегі ең жылдам дамуышы нарық болып танылды.

    Сонымен қатар, отандық қор нарығына жаңа қаржы құралдарын енгізу жөніндегі Агенттіктің өткізген шаралары нәтижесінде Қазақстанда алғаш рет жылжымалы мүліктің инвестициялық трасты енгізілді: ағымдағы жылдың маусым айында «АИФН «Великая стена» АҚ 12 266 қарапайым акцияларын 1,472 млрд. теңге сомасына орналастырды.

    Сондай-ақ, ислам қаржыландыруын ендіру бойынша  қажетті шарттар құру үшін Агенттік Қазақстан Республикасының әрекет етуші банктік заңнамасына, салық  заңнамасына, және Азаматтық кодекстің  жалпы нормаларына өзгерістр  енгізу жөнінде ұсыныстар берді. Мұнымен қоса, биржалық сауданың тауарлар арқылы (астық, мақта, ет және т. б.) белсенділігін арттыру мақсатында, АӨҚО базасында тауар биржасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде: Агенттік астықтарға фьючерстер бойынша мәмілелер жүргізу, және бағалы металлдар нарығын жандандыру үшін биржалық алаңдарды құруға қатысты қызмет атқаруда.

Информация о работе Қаржы ұйымдарындағы маркетинг мәні, мазмұны оның қазіргі таңдағы жағдайы