Корпоративті бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 09:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................9
1 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны
1.1 Корпоративті бағалы қағаздардың экономикадағы институционалды құрылымы...............................................................................................................11
1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы......15
1.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың кейбір
шетелдік тәжірибелері..........................................................................................19
2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығын талдау
2.1 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының инфрақұрылымдары............................................................................................. 23
2.2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының негізгі көрсеткіштері....................................................................................................... .30
2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу............39
3 Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамыту
3.1 Корпоративті бағалы қағаздарды нарықта саудалау жүйесін ұйымдастыру........................................................................................................ 45
3.2 Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын бағалау......................................52
3.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын жетілдіру модельдері................61
Қорытынды.........................................................................................................69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............

Содержимое работы - 1 файл

Корпоративті бағалы қағаздар нарығы.doc

— 1.52 Мб (Скачать файл)

6-Кесте.

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған  

     Агенттік 2010 жыл ішінде жалпы көлемі 1 164 865 млн. теңгемен мемлекеттік емес облигациялардың 26 шығарылымын тіркеді. 
 

7-Кесте

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

      2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  жиынтық номиналды құны 6 196 336 млн.  теңгені құрайтын қолданыстағы  облигациялар шығарылымының саны 388 болды, олардың ішінде рейтингтік  бағасы бар 95 шығарылымы, 100 шығарылымы – бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ, 32 шығарылымы – екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ жəне 23 шығарылымы – буферлік санатты KASE ресми тізіміне енгізілген.

    *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

    4-Сурет.  Облигациялардың шығарылымдық динамикасы. 

      2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  корпоративті облигациялардың қолданыстағы  шығарылымдарының жиынтық көлемі  былайша көрініс алады: 

      − зейнетақы активтері есебінен сатып  алынған облигациялар – 9,46%;

      − екінші деңгейдегі банктер сатып алған облигациялар – 13,97%;

      − инвестициялық портфельді басқарушы  клиенттердің активтері есебінен сатып  алынған облигациялар – 0,58%; − сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып  алған облигациялар – 89,26%;

      − өзге қаржы ұйымдары сатып алған облигациялар – 0,25%; өзге инвесторлар – 66,48%.  

      1.01.2011 ҚР корпоративті облигацияларының  қолданыстағы шығарылымдарының  жиынтық көлеміндегі инвесторлармен  сатып алынған облигациялар үлесі

5-Сурет.  Облигацияны инвесторлардың сатып  алу динамикасы.

        ҚР корпоративтік облигацияларының қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлеміндегі 66,5%-ы кəсіби емес инвесторлардың үлесіне тиеді. Институционалды инвесторлар–облигацияларды ұстаушылардың (ИПБ клиенттерінің активтері жəне ЗА) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 10,04% болды. ҚР корпоративтік облигацияларының қолданыстағы шығарылымдарының жиынтық көлеміндегі 66,5%-ы кəсіби емес инвесторлардың үлесіне тиеді.  Институционалды инвесторлар–облигацияларды ұстаушылардың (ИПБ клиенттерінің активтері жəне ЗА) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 10,04% болды. 

8-Кесте.

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     2011 жылғы 1 қаңтарда қолданыстағы пайлар шығарылымының саны 162 болды. Бұл ретте 2010 жылы шығарылым мен орналастыру қорытындылары туралы 127 есеп бекітілді жəне 30 шығарылым өтелді. 

9-Кесте

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     2.2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының негізгі көрсеткіштері 

     Қазақстан Республикасында корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы тәжірибелік  зерттеулерге сүйене отырып, мысалы корпоративті бағалы қағаздардың биржалық нарығының негізгі көрсеткіштеріне мынадай мәселелерді қарастыруға болады.

  Корпоративті бағалы қағаздар нарығында, Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізгі индикаторы болып, бұрынғыша – KASE қор биржасы ұсынған ұйымдасқан нарығы болып табылады.

  Ағымдағы жылғы 1 қаңтарда бағалы қағаздары KASE сауда-саттығына жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат мынадай түрде көрінеді. 

9-Кесте

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері 

     KASE айналымын жіберілген бағалы  қағаздардың негізгі үлес салмағы  борыштық бағалы қағаздарға –  49,2% (250 шығарылым) келеді. Акциялар жəне мемлекеттік бағалы қағаздары секторы бойынша 17,9% (91 шығарылым) жəне тиісінше 32,3% (164 шығарылым) болып келеді. Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,4%-ды (2 шығарылым) құрайды. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесіне 0,2% (1 шығарылым) келеді.

     KASE жалпы капиталдандыру 12 048 402 млн.  теңгені немесе ЖІӨ-ден 62,4% құрады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  осындай көрсеткіш 11 650 878 млн.  теңгені немесе ЖІӨ-ден 68,5% құрады. Осылайша, қор нарығын капиталдандырудың абсолюттік көріністегі көбеюі жəне ЖІӨ-ге қатысты қор нарығын капиталдандыру көрсеткішінің азаюы байқалады. 

6-Сурет.  Қор нарығының ЖІӨ-ге қатысты орташа көрсеткішінің динамикасы. 

10-Кесте

10 кестенің жалғасы

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     Кестеде келтірілген деректерден көрініп  отырғандай, 2010 жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік емес бағалы қағаздармен  жасалған мəмілелер көлемі 98,2%-ға ұлғайды.  

11-Кесте.

KASE-дегі  мемлекеттік бағалы қағаздармен  жасалған мəмілелер көлемі

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     Ағымдағы жылдың 4-тоқсанында ұйымдасқан нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалған биржалық мəмілелер көлемі 5,1%-ға ұлғайды. Бастапқы орналастырулар көлемі 49,2%-ға кеміді. Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған мəмілелердің жалпы көлеміндегі "репо" мəмілесінің үлесі 7,0%-ға ұлғайды. 

12-Кесте

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     Кестеде келтірілген деректерден көрініп  отырғандай, KASE ресми тізіміне кіргізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықты жалпы капиталдандыру 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткішпен салыстарғанда 9,1%-ға ұлғайды.

       2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  ЗАИБЖАҰ-ның инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 2010 жылы 399,3 млрд. теңгеге немесе 21,5%-ға өсіп, 2 260,1 млрд. теңге болды.  

     13-Кесте. Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар Инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтері

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     Кесте-14.  Барлық ЖЗҚ бойынша жиынтығы

 

14-кестенің жалғасы 

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар көлемі 2010 жылы 91,3%-ға ұлғайып, 176,2 млрд. теңге болды.

ҚР эмитенттері  техникалық дефолтқа жол ерген, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың үлесі 2011 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 1,54%-ын құрады, бұл абсолютті мəн бойынша 35,02 млрд. теңге болды.

Кесте-15

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     2011 жылғы 1 қаңтарда жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық меншікті портфеліндегі ең көп көлемді ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары алады – 43 823 млн. теңге (63,15%). Бұл ретте меншікті активтер портфелінің 19,31%-ы екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі 14,26% құрады. 

     Кесте-16

 

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     Кесте-17

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     2010 жылғы 1 қаңтардағы инвестициялық қорлар активтері

2010 жылғы  1 қаңтардағы жағдай бойынша инвестициялық  пай қорының жəне акционерлік  инвестициялық қорлардың жиынтық  активтері 264 556 млн. теңге жəне сəйкесінше 27 990 млн. теңге болды. 2010 жылы инвестициялық пай қорларының активтері 11,4%-ға азайды, акционерлік инвестициялық қорлардың активтері 55,1%-ға азайды. 
 

     Кесте-18.

     2010 жылғы 1 қаңтардағы инвестициялық қорлар активтері

 

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

     7-Сурет.  Инвестициялық қорлар активтерінің динамикасы. 

     Инвестициялық пай қорларының жəне акционерлік  инвестициялық қорлардың жиынтық  инвестициялық портфеліндегі негізгі  үлес өзге мүліктің (акционерлік қоғам болып табылмайтын заңды тұлғалардың капиталындағы инвестициялық қордың инвестициялары, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, жылжымайтын мүліктің салынып жатқан жəне қайта құрастырылып жатқан объектілері) үлесіне тиеді, сəйкесінше 64,6% (170,8 млрд.теңге) жəне 69,7% (19,5 млрд. теңге).  
 
 
 

Кесте-18

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     ҚР  эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары инвестициялық пай  қорларының инвестициялық портфелінде 4,5%, акционерлік инвестициялық қорлар портфелінде – 12,4%-ды иеленіп отыр. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы

қағаздарының  ИПҚ-ның жиынтық портфеліндегі  үлесі қомақты емес – 0,8% болса, АИҚ-ның  портфелінде - 1,2% болды.  

     19-Кесте.

     1 қаңтар 2011 жылғы екінші ҚР-да инвестициялық портфелінің құрылымы

     *Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған 

     ЕДБ портфелінің қомақты үлесін ҚР мемлекеттік  бағалы қағаздары құрайды – 71,8% немесе 1 117 017 млн. теңге. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік  емес бағалы қағаздарының үлесіне 19,1%-ы  келеді. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары жиынтық портфельдің 4,6%-ын, шет мемлекеттердің бағалы қағаздары – 1,6%-ын құрайды.

  2011 жылғы 1 қаңтардағы корпоративті бағалы қағаздар нарығы кəсіби қатысушыларының инвестициялық портфелінің құрылымын қарастыратын болсақ, онда төмендегі көрсеткіштер пайдаланылады.

       2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың жиынтық инвестициялық портфелі 39 750 млн. теңге болды. Портфель құрылымындағы ең көп үлесті ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары иеленеді – 53,4%. ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары – 18,0% құрады, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары 15,4%-ды құрайды. 
 

     2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу 

     Бағалы қағаздар нарығын реттеу – барлық нарыққа қатысушылардың қызметтеріне кіріскен кездегі уәделестікттердің қатынастарын тәртштеу арқылы реттеу деп түсіну керек.

     Бағалы  қағаздар нарығы - барлық нарыққа қатысушылардың қызметтік түрлерін, барлық операциялау түрлерін қамтып отырады.

       Бағалы қағаздар нарығы, екі түрге  бөлінеді: ішкі Бағалы қағаздар  нарығы және сыртқы Бағалы  қағаздар нарығы.

     Бағалы  қағаздар нарығын ішкі реттеуде, оның ішкі құжаттық нормативтеріне (ішкі ереже, жарғылыққа және де басқа нормативтік құжаттарға) мекемелердің қызметтік бағынуы.

     Қазіргі нарықтық экономиканың калыптасуы жағайында үдайы өндіріс қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын керінісі қарыз міндеттемелерінің кең тұрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің көптеген анықтамалары бар. Олардың ерқайсысы қарыз міндеттемесінің өржақтарын сипаттайды/ Солардың екі-үшеуін қарап өтейік: ;

     1. Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың шаруашылығыла несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын дәлелдейтін қарыз алужының берген заңды құжаты.

     2, Қарыз міндеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие берушіге (кредиторға) беретін қүждты.

     Сонымен, қарыз міндеттемесі дегеніміз жеке немесе занды тұлғалардың, яғни нарыққа қатысушыпардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын құжат. Қарыз міндеттемесін Біығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды, Көп жағдайда эмитентпен қарыз міндетгемесін

     ұстаушының  арасында ұстаушының құқын және эмитенттің міндетін анықтайтын шарт жасалады.

Информация о работе Корпоративті бағалы қағаздар нарығы