Корпоративті бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 09:00, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................9
1 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны
1.1 Корпоративті бағалы қағаздардың экономикадағы институционалды құрылымы...............................................................................................................11
1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы......15
1.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың кейбір
шетелдік тәжірибелері..........................................................................................19
2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығын талдау
2.1 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының инфрақұрылымдары............................................................................................. 23
2.2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының негізгі көрсеткіштері....................................................................................................... .30
2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу............39
3 Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамыту
3.1 Корпоративті бағалы қағаздарды нарықта саудалау жүйесін ұйымдастыру........................................................................................................ 45
3.2 Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын бағалау......................................52
3.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын жетілдіру модельдері................61
Қорытынды.........................................................................................................69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............

Содержимое работы - 1 файл

Корпоративті бағалы қағаздар нарығы.doc

— 1.52 Мб (Скачать файл)

     2010 жылы институционалды инвесторлар активтеріндегі акцияның үлесі Ұлыбританияда – 65%, АҚШ-та – 50%, ал Швейцария мен Австралияда – 46%, Голландия мен Францияда – 33%-ті құрады. Сонымен қатар, институционалды инвесторлардың категориялық құрылымы аталған мемлекеттерде айырықша ерекшеленеді.

      Ұлыбританияда, институционалды инвесторлардың активтері  2010 жылы 3 трлн доллар болды. Франция мен Германияда – инвесторлардың активтері 1,5 трлн долларды, ал Голландия мен Австралияда – активтер 0,6 трлн долларды құрады. Германияда сақтандыру компаниясының, ал Голландия мен Ұлыбританияда – жинақтаушы зейнақы қорлары активтерінің үлесі басым болып келеді.

      Корпоративті  бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлардың активтері өсімінің ең басты себептерінің бірі есепті айдағы теңгенің девальвацияға ұшырау салдарынан шетел валютасында қайта номинирленген қаржы құралдарын қайта бағалау болып табылады. Оның негізгі себебі мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) көпшілігі инфляция деңгейін жауып, аз ғана табыс әкелгендігінде болып отыр. Дегенмен, кейбір консервативті инвестициялық саясатты ұстанатын зейнетақы қорларының кейбірінің портфелінің басым бөлігін МБҚ алады. 2011 жылы ЖЗҚ біріктірілген инвестициялық портфелі көлемді деформацияға ұшыраған жоқ, онда сапалық және сандық өзгерістер орын алды [4].

       Сурет 2. Институционалды инвесторлардың портфелдеріндегі мемлекеттік емес бағалы қағаздардың үлесі, %

      *Ескерту – автор құрастырған 

     Енді  институционалды инвесторлардың портфеліндегі  келесі құрал акция бағалы қағаз  өзгерісіне тоқталатын болсақ, дағдарыс кезінде бағалы қағаздар нарығының  акция секторы басқа секторларға  қарағанда үлкен өзгерістерге ұшырады, осы секторда инвесторлардың қаражаттарының көп бөлігін жоғалтқан.

      Сурет 3. Институционалды инвесторлардың инвестициялық портфеліндегі қазақстандық акциялардың үлесі, %

      Ескерту – автор құрастырған

     Корпоративті  бағалы қағаздар нарығында институционалды  инвесторлардың портфельдерін салыстырайық. Бұл жерде салыстырылатын құрал ретінде мемлекеттік бағалы қағаздарды алдық, себебі қор нарығының дамуының негізі корпоративтік бағалы қағаздар болып табылады.

     2010 жылы қазақстандық акция нарығы 100 млрд-тан 30-млрд долларға дейін төмендеген. Яғни, дағдарыстан отандық нарықтың сомалық жоғалтулары 70 млрд долларға бағаланады. Сонымен қатар, нарықтың капиталдандырылуының зардабын жеке эмитенттер негізінде қарастыруға болады. Кейбір жағдайларда алып эмитенттер бойынша да 10-даған млрд долларға дейін есептелінген. Мысалы, 2010 жылдың бас кезіндегі бағалармен салыстырғанда Kazakhmys PLC компанияларының капиталдандырылуы шамамен 11,5 млрд долларға азайған, Казкоммерцбанк пен Халық Банктің капиталдандырылуы шамамен 3,5 млрд долларға және т.с.с.

     Мұндай  есептеулердің объективтілік маңыздылығы  аз, өйткені нарықтың капиталдандырылуы  көлеміндегі қатерлер эмитенттің шаруашылық қызметіне әсер етпейді деуге  болады. Бұл эмитенттер акцияларды бірінші орналастырудан кейін оларға ешқандай қатыстары болмайды. Барлық қатерлерді бірінші кезекте екінші ретті бағалы қағаздар нарығында акцияларға қаражат салған инвесторларға келеді. Сәйкесінше, егер қор нарығындағы негізгі қатерлерді қарастырсақ, бірінші кезекте дағдарыстан кейін күрделене түскен институционалды инвесторлардың жағдайына көңіл бөлу қажет [5].

     Дүниежүзілік  қор нарықтарының құлауының алдында, 2010 жылдың жарты жылдығында, өздерінің инвестициялық портфеліндегі акциялардың үлесін өсірген жалғыз инвесторлардың тобы – ЖЗҚ. Қалған инвесторлар осы кезеңде үлестік бағалы қағаздарға деген салымдарын азайтқан, көбінесе акцияға инвестициялауды күрт төмендеткен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олар 2010 жылдың жарты жылдығының өзінде 10% азайтқан. 
 

     1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы 

     Қазақстан Республикасы эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздарының көлемі 2011 жылғы 1-тоқсанда 44 759 млн теңгеге немесе 43,06%-ке өсті. 2011 жылғы 1 сəуірдегі жағдай бойынша ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфеліндегі шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі 37 045 млн теңге (2,96%), қаңтар-наурыз аралығындағы өсу – 2 446 млн теңге (7,07%) болды. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі 11,87 болып келеді, бұл осының алдындағы есепті кезеңнің осыған ұқсас көрсеткішінен 3,17%-тік тармаққа жоғары.

     Есепті  күнге сақтандыру ұйымдарының жиынтық  инвестициялық портфелінің көлемі 166 715 млн теңге болды. Бұл ретте  Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бағалы қағаздарының үлесіне 8,11%, ҚР эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздарына – 36,63%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 40,71%-тен келеді (1-кесте). 

     Кесте-1. Қазақстандық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының акцияға салған салымдарының көлемі

 
 
1.01.2010 ж. 1.04.2011 ж.
млн тенге портфельдегі

үлесі,%

млн тенге портфельдегі

үлесі,%

ЖЗҚ (зейнетақы  активтері) 210 521 17,62 250 757 18,67
шетелдік  акциялар 20 759 1,74 73 613 5,48
қазақстандық  акциялар 189 762 15,88 177 144 13,19
ЖЗҚ (меншік активтері) 3 289 15,04 3 218 10,67
шетелдік  акциялар 0 0,00 0 0,00
қазақстандық  акциялар 3 289 15,04 3 218 10,67
Пай инвестициялық  қорлары 16 463 8,24 13 387 7,58
шетелдік  акциялар 3 043 1,52 3 392 1,92
қазақстандық  акциялар 13 420 6,72 9 995 5,66
Екінші  деңгейдегі банктер 40 392 5,25 41 508 4,7
шетелдік  акциялар 1 043 0,14 621 0,1
қазақстандық  акциялар 39 349 5,11 40 887 4,6
Сақтандыру  ұйымдары 2 951 1,84 5 742 2,96
шетелдік  акциялар 0 0,00 0 0,00
қазақстандық  акциялар 2 951 1,84 5 742 2,96
БҚН кәсіби қатысушылары 23 786 28,96 31 122 19,92
шетелдік  акциялар 2 084 2,54 3 247 2,08
қазақстандық  акциялар 21 702 26,42 27 875 17,84
Нарық қатысушыларының

портфеліндегі акциялардың барлығы

297 402 76,95 345 734 64,5
соның ішінде:        
шетелдік  акциялар 26 929 9,95 80 873 30,53
қазақстандық  акциялар 270 473 90,05 264 861 69,47
*Ескерту – ҚҚК-нің мәліметтері негізінде құрастырған

 

     Қазақстанның  ішкі экономикалық нарығын инвестициялауда  институционалды инвесторлардың ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының үлесі  жоғары болып табылады. Дағдарыс кезеңінде де ЖЗҚ өз белсенділігін жоғалтпаған. Мысалы, акция нарығында өзге инвесторлардың (бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының акцияға салымдары 10%-ке азайған) белсенділіктері төмендесе, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі керісінше арта түскен. Бұл олардың инвестициялық саясаттарының ерекшелігімен көзге түседі [6].

     ЖЗҚ инвестициялық нарықтағы үлесінің көп болуының бір себебі, мұнда  зейнетақы жарналарының негізінде  жинақталынған қаражаттарының көлеміне байланысты.

     2011 жылғы 1 сəуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі 320 319 млн теңге, немесе зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 25,57%-і болды. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осыған ұқсас көрсеткішке қатысты мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі 32 098 млн теңгеге немесе 9,11%-е азайды.

     Инвестициялық пай қорларының жиынтық инвестициялық  портфеліндегі негізгі үлесті үлесі  акционерлік қоғам болып табылмайтын  заңды тұлғалар капиталындағы инвестициялар  иеленеді, олардың үлесіне 135 499 млн  теңге немесе 58,72% тиеді, ал акционерлік инвестициялық қорлардың портфелінде өзге активтер мен дебиторлық берешек басым – 59 700 млн теңге немесе 51,25%.

     Мысалы, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар сəйкесінше 1,7% жəне 1,13% болып отыр. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары инвестициялық пай қорларының инвестициялық портфелінде 9,4%, акционерлік инвестициялық қорлар портфелінде – 12,49%-ті иеленіп отыр. Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының ИПҚ-ның жиынтық портфеліндегі үлесі қомақты емес – 1,3% болса, АИҚ-ның жиынтық портфелінде 10% болды [ 7].

     Президенттің  үкіміне сәйкес Қазақстан еліне «Қазақстан 2015 жылға дейін дамыған 50 елдер қатарына кіру Стратегиясы» жолдауын іске асыру бойынша Үкімет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын (ӘКК) құру тұжырымдамасын бекітті [19].

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясы (ӘКК) Қазақстанның жеті аймақтарында құрылады. Корпорациялар  өз жұмыстарын Атырау, Алматы, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Павлодар қалаларында бастайды.

     ӘКК капитализациялау көздері ретінде қазіргі кезде республикалық және жергілікті бюджетке аударылатын төлемдердің кейбір түрлерін (мысалы, экологиялық) қолдану мүмкіншіліктерін қарастыру қажет. Мысалы, аумақтарда жұмыс істейтін ірі компанияларды бюджетке төленетін төлемдерден босату, берілген құралдарын ӘКК-ға салу негізінде. Өз кезегінде ӘКК оларды жаңа жобаларға активтер ретінде қолданады.

     ӘКК капитализациялау моделін тиімді іске асыру үшін бірнеше дайындық кезеңдерін жүргізу қажет. Бірінші бұл табысталған  активтердің нарықтық құнын бағалауды жүргізу. Ол үшін тәуелсіз консалтингтік компания тартылады. Берілген активтердің нарықтық құны бағалағаннан кейін олар ӘКК жарғылық капиталына өткізіледі. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Акционерлік қоғам формасында жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл активтерді ӘКК-ға табыстау жоғары мамандырылған менеджерлер, беделді консалтингтік компаниялардың икемді шарттарына байланысты оларды басқарудың сапасын жақсартуға алып келеді.

     Қазіргі кезде аумақтық даму институты ретінде  жеті әлеуметтік кәсіпорын корпорациясы өз қызметтерін жүргізуде – «Сары-арқа», «Ертіс», «Жетісу», «Оңтүстік», «Тобол», «Батыс», «Каспий».

     ӘКК-ны құру бұл қазіргі аумақтық дамудағы маңызды құралдардың бірі, және бүкіл  ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде жергілікті үкімет органдарынан максималды жәрдемдесуді қажет етеді.

     ӘКК-ны құрудың негізгі мақсаты –  елдің аймақтарында мемлекеттік  даму институттарымен бірге қаржы  ресурстарына және жоғарғы технологияларға  қол жеткізу мүмкіншілігін жасау  жолымен шағын және орта бизнестің  дамуын қолдау (аймақтық бизнес-құрылымдар).

      Институционалды инвесторлардың инвестициялық портфеліне жаңа инвестициялау объектісін енгізу қажет. Жаңа инвестициялау объектісі  – ӘКК. ӘӘК-ға қаржы жұмсау келесідей  деңгейде қарастырылады:  

      Кесте-2. Корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлардың ӘӘК-ға қаржы жұмсау құрылымы

Институционалды инвесторлар Нарықта алатын орны ӘӘК-ға инвестициялау  нормасы
ЖЗҚ І 30%-тен жоғары болмауы керек
СК ІІ 20%-тен жоғары болмауы керек
ИҚ ІІІ 15%-тен жоғары болмауы керек
*Ескерту – автор құрастырған

 

      Қазақстандағы нарықтық жүйенің қарқынды дамуы  еліміздегі институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіруге әкелді. Дегенмен, әр саланың өзіне тән болып келетін шешуші проблемалары бар. Сол сияқты институционалды инвесторлардың алдында бірқатар мәселелер туындап отыр.

      Ең  негізгі мәселелердің бірі өтімді, әрі сапалы қаржылық құралдардың жетіспеушілігі болып табылады. Соңғы жылдардағы жалпы экономикалық өсудің негізінде жұмысбастылық жағдайларының жақсаруына орай, зейнетақы, сақтандыру жинақтарының еселеп өсуіне мүмкіндік туындады. Соған байланысты зейнетақы, сақтандыру жинақтарын орналастыру жағдайын оңтайландыру қажет [8].

      Соңғы кездері бірқатар мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздарын қор нарығына шығарғанымен, бұл қаржылық құралдардың жетіспеушілік жағдайын жоя алмайды. Сонымен бірге отандық қор нарығындағы институционалды инвесторлардың активтері инвестицияланатын бағалы қағаздардың табыстылығының сенімді, әрі өтімді бағалы қағаздар жетіспеушілігі жағдайында төмендеу үрдісі байқалады. Соған байланысты ұлттық валютада еркін қаражаттардың көп бөлігін Қазақстан институционалды инвесторлардың әртараптанбаған портфелін құру арқылы инвестициялап жатыр. Оның негізгі бөлігін табыстылығы төмен мемлекеттік бағалы қағаздар алады, бірақ мемлекеттік бағалы қағаздарды тәуекелдік сипатынан қарастырсақ, олар ең тартымды қаржылық құрал болып саналады.

      Қаржылық  құралдардың жетіспеушілігіне үлестік (акция) бағалы қағаздар нарығының белсенділігінің төмендігі мен Қазақстан компанияларының капитализациялануының төмен қарқынмен өсуі әсерін тигізіп отыр [9].

      Ел  экономикасында акция нарығының рөлі төмен. Сонымен қатар, кәсіпорындардың көпшілігі өндірісті модернизациялау үдерісін жүргізуде қаржы тартудың көзі ретінде бағалы қағаздар нарығының артықшылығы өз деңгейінде бағаланбай отыр.

      Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін инвесторлар  талғамына сәйкес корпоративті бағалы қағаздар портфель құрылымын оңтайландыруға және инвестициялаудың экономикалық математикалық әдістерін қолдану қажет. 
 

      1.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың кейбір шетелдік тәжірибелері

 

        Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялық әдістемелердің қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында жүргізілетін болғандықтан, олардың түрлі қаржылық мекемелермен банктер, болмаса кейбір заңды тұлғалармен жеке тұлғалардың арасындағы келісімдер, алып сатарлық шарттар т.с.с заңды құжаттар арқылы экономикалық байланыстары ардайым жүзеге асырылып отырады. Бірақта мұндай операциялық әдістемелердің әр бағытта жүргізілетін болғандықтан, олардың әдістемелік механизмдері де біріне-бірі ұқсас болмайды.

        Мысалы, инвестициялық банктердердегі бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялық әдістемелердің ерекшелік жағдайларын қарастыралық. Ең бірінші инвестициялық банктердегі операциялық әдістемелер.

Информация о работе Корпоративті бағалы қағаздар нарығы