Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 09:00, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады
Кіріспе.....................................................................................................................9
1 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны
1.1 Корпоративті бағалы қағаздардың экономикадағы институционалды құрылымы...............................................................................................................11
1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы......15
1.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың кейбір
шетелдік тәжірибелері..........................................................................................19
2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығын талдау
2.1 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының инфрақұрылымдары............................................................................................. 23
2.2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының негізгі көрсеткіштері....................................................................................................... .30
2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу............39
3 Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамыту
3.1 Корпоративті бағалы қағаздарды нарықта саудалау жүйесін ұйымдастыру........................................................................................................ 45
3.2 Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын бағалау......................................52
3.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын жетілдіру модельдері................61
Қорытынды.........................................................................................................69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Корпоративті
бағалы қағаздар нарығының
1.1 Корпоративті
бағалы қағаздардың
1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы......15
1.3 Корпоративті
бағалы қағаздар нарығын
шетелдік
тәжірибелері..................
2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығын талдау
2.1 Қазақстанда
корпоративті бағалы қағазадар
нарығының инфрақұрылымдары....
2.2 Қазақстанда
корпоративті бағалы қағазадар
нарығының негізгі
2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу............39
3 Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамыту
3.1 Корпоративті
бағалы қағаздарды нарықта
3.2 Корпоративтік
бағалы қағаздар нарығын
3.3 Корпоративті
бағалы қағаздар нарығын
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады.
Сыртқы шетелдік қарыз алудың шектеулілігі салдарынан ҚР-ның корпоративті бағалы қағаздар нарығы жүйесінің даму қарқыны төмендеуде. Сондықтан кәсіпкерлердің неғұрлым көп мөлшерде институционалды инвесторларды тарту үшін өзінің өнімдерін кеңейтуге және жақсартуға үлкен көңіл бөлуде. Осыған орай, ағымдағы нарықтық үрдістерді қолдау мақсатында институционалды инвесторлардың қызметін кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Жеке капиталды инвестициялаудың жаңа мүмкіншіліктерінің пайда болуына байланысты елдің қор нарығының даму қарқыны, сонымен қатар қаржы құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуымен байланысты Үкіметтің 2010-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениетін және қаржылық сауаттылығын дамыту бағдарламасы қабылданғанын айта кеткен жөн. Бұл бағдарламаның басты мақсаты елдің экономикалық өсуі үшін халық жинағын тартуды қамтамасыз ету және инвестициялық белсенділігін жоғарылату болып табылады.
Инвестиция
тартушы құралдардың
Корпоративті бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлардың қызметін жетілдіру жолдарын іздеу, зерттеу маңызды рөл атқарады, себебі келешекте осы бағыт экономикаға инвестициялық ресурстарды тартудың ең шешуші көзіне айналмақ. Жоғарыда айтылған мәселелердің өзектілігі осы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды
Институционалды инвесторлардың қызметін дамытуды жандандырудың аса маңыздылығы мен объективті қажеттілігі, олардың үлгілері нарықтық шаруашылыққа және халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілуі – зерттеу жұмысының тақырыбын, оның мақсатын, мәселелерін және зерттеу бағытын айқындауға септігін тигізді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты инвесторлардың корпоративті бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерінің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және олардың даму болашағын анықтау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасындағы корпоративті бағалы қағаздар нарығы болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде институционалды инвесторлардың портфельдік инвестициялауды жүзеге асыру үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы алынды.
Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды. Жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының институционалды инвесторлар қызметін реттейтін Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, оқу әдебиеттері, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны
1.1
Корпоративті бағалы
қағаздардың экономикадағы
институционалды құрылымы
Корпоративті бағалы қағаздар нарығында институционалды құрылым экономикада екі рөл атқарады. Бір жағынан, оңтайлы шешімдер қабылдау үшін шаруашылық қызметтерді тоқтатады. Ал, екінші жағынан экономикалық қызметтерді шоғырландыру құралы ретінде қызмет атқарады. Институционалды құрылым – бұл экономикалық келісімдердің қатысушыларын біріктіруді қамтамасыз ететін буын болып табылады.
Кейінгі 30 жыл ішінде институционалды инвесторлар ретінде танымал болған ұйымдардың қарамағында қаржылық биліктің едәуір мөлшері шоғырлануда. «Институционалды инвестор» түсінігін көбінесе практиктер қолданады. Кең мағынада, институционалды инвесторлар – кез-келген типтегі қаржылық делдалдар. Мұндай анықтама оларды жеке инвесторлардан ерекшелендіреді, себебі жеке инвесторлардың портфельдерінен түскен табыс толығымен олардың өздеріне тиесілі [1].
Корпоративті бағалы қағаздар нарығында инвесторлар жұмсаған қорларына байланысы жеке және институционалды инвесторлар болып бөлінеді. Біріншісі, меншікті қорларын инвестициялайтын жеке және заңды тұлғалар болса, екіншісі, тек қана тартылған қорларды инвестициялайтын қаржылық институттар.
Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, бағалы
қағаздар нарығында инвестициялық
қорлар, сақтандыру компаниялары және
жинақтаушы зейнетақы қорлары
Корпоративті бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлардың қаржылық құралдарын инвестициялау көздеріне келесілер жатады: зейнетақы қорларының жарналары, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының төлемдері, сақтандыру компанияларының жарналары. Корпоративті бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлар осы көздер есебінен Қазақстан Республикасы және шетелдік нарықтың қаржылық құралдарын инвестициялауға жұмсайды.
Корпоративті бағалы қағаздар нарығында институционалды инвесторлар туралы теориялық және құқықтық түрлі көзқарастарды қарастыра келе институционалды инвесторларға келесідей анықтама беруге болады:
Институционалды
инвесторлар – заңды және жеке тұлғалардың
қаражаттарын жинақтайтын және инвестициялық
кіріс алу мақсатында оларды қаржылық
құралдарға, соның ішінде бағалы қағаздарға
салуды жүзеге асыратын қаржылық-әлеуметтік
институттар.
Сурет 1. ҚР бағалы қағаздар нарығындағы
институционалды инвесторлардың жіктелінуі
[2].
ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторларды заңнамалық құқықтық қалыптасу негіздерін екі кезеңге топтастыруға болады:
Бірінші кезеңнің заңдары Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына негіз болды. Қазіргі уақыттағы күші бар заңдардың жетілдірілуіне себеп болды.
Екінші кезеңнің заңдары институционалды инвесторлардың дамуына келесідей заңдардың қабылдануына негіз болды: «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР-сында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», Сақтандыру қызметі туралы», «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР Заңдары.
Қазіргі кезде заңнамалық актілердің, соның ішінде «бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының және басқа құжаттардың қабылдануы бағалы қағаздар нарығы мен оның инфрақұрылымының дамуы белгілі бір бағытта сипат алып келе жатқанына болжам жасауға негіз болады. Сол себепті Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын игерудің жинақталған тәжірибесінің, оның нақты жағдайының, сапалық және сандық сипатының жүйелік талдауын жасау қажеттілігі артып отыр.
Бұл заңдарда институционалды инвесторлардың қызмет етуі, басқа нарық субъектілерімен өзара байланысы, инвестициялау ерекшеліктері қамтылды. Менің ойымша, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың қалыптасуын, аталуын және дамуының құқықтық негіздерін былай бөлу керек:
Әлемдік тәжірибеде институционалды инвесторлардың ірі топтарына сақтандыру компаниялары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары жатады. 2009 жылы оларға институционалды инвесторлардың барлық активтерінің 30-31%-і келген, үшінші орында 28%-ті инвестициялық қорлар тұр. Бұл топтың жылына орта есеппен 16% өсуі байқалуда және бұл ең тез өсу болып саналуда. 2009-2010 жж. АҚШ-та институционалды инвесторлардың активтері 2,7 есе өсті, нәтижесінде 2010 жылы 18,4 трлн долларды құрады. Сонымен қатар, жинақтаушы зейнетақы қорларының үлесі – 37%, сақтандыру компаниясының үлесі – 23%, ал инвестициялық қорлардың үлесі – 26% болды. Институционалды инвесторлардың активтерінің көлемі жағынан АҚШ, одан кейін екінші орында Жапония (3 трлн доллар) тұр.
Бұл елде, инвестицияның басыңқы үлесі сақтандыру компаниясында және екінші деңгейдегі банктердің сенім бөлімшелерінде орналасқан. АҚш-та, Англияда, Голландияда, Швейцарияда және Швецияда институционалды инвесторлар активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында өзгеріп тұруда. Сонымен қатар, ЭҚДҰ мүшелері арасында дамушы мемлекеттердегі институционалды инвесторлар активтерінің көрсеткіштері төмен [3].
Инвесторлар активтерінің ЖІӨ көлеміне қатынасы дамушы елдерде: Түркияда – 0,8%, Польшада – 3%, Мексикада – 6%, Венгрияда – 9%, Чехияда – 16% және Ресейде – 1,3% құраған.
Көптеген мемлекеттердің институционалды инвесторлары активтерінің басым бөлігін тұрақты проценттік бағалы қағаздарға салады. Сонымен қатар, 2008 жылдары акцияға инвестициялық салымдардың орташа жылдық қарқыны 18%-тен артып, өте жоғары болғаны байқалған.