Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2012 в 09:00, дипломная работа
Краткое описание
Тақырыптың өзектілігі. Корпоративті бағалы қағаздар нарығының институционалды инвесторлар жүйесінің өзектілігі бір жағынан халық өзі тапқан табыстарын сенімді және табысты жерлерге орналастыруға қызығушылық танытуымен, екінші жағынан кәсіпорындардың сырттай мемлекеттік емес қаржыға қажеттілігінің өсуімен анықталады. Институционалды инвесторлар негізгі делдалдардың рөлін атқарады, яғни ұсақ инвесторлардың қаражаттарын жинақтау, инвестицияны кәсіби басқарумен қамтамасыз ету, тәуекелді әртараптандыру, кәсіпорындарды қаржымен қамтамасыз ету, кең массалық инвесторларға бағалы қағаздармен тікелей емес, жанама түрде иемденуге мүмкіндік беру қызметтерімен айналысады
Содержание работы
Кіріспе.....................................................................................................................9 1 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының экономикалық мазмұны 1.1 Корпоративті бағалы қағаздардың экономикадағы институционалды құрылымы...............................................................................................................11 1.2 Қазақстанда корпораптивті бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы......15 1.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың кейбір шетелдік тәжірибелері..........................................................................................19 2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығын талдау 2.1 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының инфрақұрылымдары............................................................................................. 23 2.2 Қазақстанда корпоративті бағалы қағазадар нарығының негізгі көрсеткіштері....................................................................................................... .30 2.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығының негіздерін реттеу............39 3 Қазақстанда корпоративті бағалы қағаздар нарығын дамыту 3.1 Корпоративті бағалы қағаздарды нарықта саудалау жүйесін ұйымдастыру........................................................................................................ 45 3.2 Корпоративтік бағалы қағаздар нарығын бағалау......................................52 3.3 Корпоративті бағалы қағаздар нарығын жетілдіру модельдері................61 Қорытынды.........................................................................................................69 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............
АҚш-та,
Англияда, Голландияда, Швейцарияда және
Швецияда институционалды инвесторлар
активтерінің ЖІӨ-ге қатынасы 110-220% арасында
өзгеріп тұруда. АҚШ-тың жеңілдіктері
бар: Институционалды инвесторларының
капиталы негізінен қызметкерлер мен
жұмысшылардың және кәсіпкерлердің жарнасынан
қалыптасады. Бұл жарналар едәуір ұзақ
мерзімге 10 және одан да көп жылдарға орналастырылады.
Сондықтан институционалды инвесторлар
мемлекеттік және жеке бағалы қағаздарды
сатып алатын ұзақ мерзімді ақша құралдарын
иемденеді. Институционалды инвесторлардың
80% бөлігін жеке корпорациялардың бағалы
қағаздары құрайды. Сонымен қатар, активтердің
30%-нен жоғарғысы жай акцияларға тиесілі,
осы арқылы институционалды инвесторлар
әр түрлі корпорациялардың саясатына
белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді,
сондықтан осы саясатты қолдануға болады.
Нарығы дамыған
мемлекеттердегі институционалды инвесторлардың
активтерінің 90%-інен астамы бағалы қағаздар.
Дүниежүзілік акция мен борыштық бағалы
қағаздар нарығының көлемі мен институционалды
инвесторлардың активтерін салыстыру
арқылы, оларға дүниежүзілік бағалы қағаздар
нарығының 40-50%-і тиесілі екенін көруге
болады. Соңғы уақытта институционалды
инвесторлардың маңыздылығының артуымен
байланысты «Экономикалық қатынас пен
даму ұйымы» атты арнайы статистикалық
анықтама басылымын шығара бастады. Бұл
мәлімет экономикасы дамыған мемлекеттерде
институционалды инвесторлардың рөлін
жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының
да институционалды инвесторларының маңыздылығы
күнделікті өсуде. Институционалды инвесторлардың
ішінен бірінші орынды ЖЗҚ алады. Одан
кейін СК және ИҚ. ЖЗҚ-ның инвестициялық
портфелі 70% бағалы қағаздарға инвестицияланады.
Зерттеу
нәтижесі көрсеткендей, әрбір қаржылық
институт тәуекелді бағалау әдістемесін
өздері құрастырады. Соған байланысты
институцоналды инвесторлардың инвестициялық
портфельдерін талдауға пайдаланылатын
САРМ моделі бойынша, оңтайлы инвестициялық
портфель тәуекел және тәуекелсіз бөлімдерінің
әдістері қарастырылып, САРМ моделі актив
бойынша талап етілетін табыс нормасы
мен тәуекелі арасындағы қатынас практикалық
тұрғыдан сыналды, сондай-ақ жинақтаушы
зейнетақы қорларына қойылатын талаптар
механизмі құрастырылды, Г.Марковицтің
тиімді портфель моделіндегі жағдайға
ұқсас, құнды өлшем ретіндегі нақты күтілетін
құнның сандық баға беру әдістемесі әзірленді.
Талдау негізінде
институционалды инвесторларда келесідей
күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін
факторларын атап өтуге болады: жинақтаушы
зейнетақы қорларында қор нарығындағы
барлық бағалы қағаздардың категориялары
бойынша табыстылықтың төмендігі; ұлттық
компаниялардың акцияларына негізделген
туынды бағалы қағаздарды эмиссиялау
мәселесі; зейнетақы қорларының тәуекел
деңгейіне байланысты сапасы төмендігінен
тәуекел менеджментінің жоқтығы; инвестициялық
құралдардың шектеулігі; әлуетті сақтандырушылардың
болашаққа сенімсіздігі; халықтың сақтандыру
мәдениетінің төмендігі; іс жүзінде кейбір
заң нормалары инвестициялық қорлардың
қызметін тежеуі немесе мүлдем орындауға
орынсыздығы; белгілі бір рейтингісі жоқ,
бірақ шығынсыз кәсіпорындардың акцияларын
сатып алуға рұқсат етілмеуі.
Институционалды
инвесторлардың қызметіндегі мәселелерді
шешу жолы негізінде біз бірқатар шаралар
жүйесін ұсындық. Бұл шаралар жүйесі арқылы
институционалды инвесторлардың алдында
тұрған кедергілерді жоюға, мемлекеттің
әлеуметтік және экономикалық мәселелерді
шешуіне әкеп соқтырады. Ең негізгілеріне
келесілерді атап өтуге болады: институционалды
инвесторлар портфеліндегі қаржылық құралдардың
тәуекелін хеджирлеу, ұзақ мерзімді айналыста
болатын қаржылық құралдардың үлесін
арттыру, зейнетақы активтерін басқарудың
тиімділігін арттыру; халықтың әлеуметтік
қорғалмаған өмiрiн лайықты қамтамасыз
ету; өзара сақтандыру және жеке сақтандыруды,
оның iшiнде оның ұзақ мерзiмдi және жинақтаушы
түрлерiн дамыту; халықтың сақтандыру
мәдениетiн арттыру; заң және нормативті-құқықтық
актілерді қазіргі заманның талабын және
қазіргі нарықтағы (оның ішінде қаржылық
нарықтағы) жағдайларды ескере отырып
ескертулер мен толықтырулар енгізу қажет.
Сонымен қатар, халықтың және кәсіпкерлердің
бос ақша қаражаттарын қаржы нарығына
тарту үшін оларды ынталандыру; зейнетақы,
сақтандыру, инвестиция және венчурлық
қорлардың ақша ағынын экономиканың нақты
секторына инвестжобаларды жүзеге асыру
үшін жаңа қаржылық құралдарды ұсыну;
республикада акция нарығын инвестициялаудың
және белсендендірудің ұжымдық формасын
дамыту мақсатында инвестициялық және
венчурлық қорларды құруды ынталандыру;
инвестициялық қорлары үшін қаржылық
құралдарды кеңейту үшін ұйымдастырылған
нарықта ЖШС-нің бағалы қағаздарын сауда
саттық бойынша алаңды құру мүмкіндігін
қарастыру; туынды қаржылық құралдар нарығының
дамуын ынталандыру.
Институционалды
инвесторлардың қызметінің инвестициялық
тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарының
бірі – бұл институционалды инвесторлардың
инвестициялық мүмкіндіктерін едәуір
ұлғайту, сонымен қатар, жоғарыда баяндалған
ұсыныстарды іске асыру үшін институционалды
инвесторлардың инвестициялық қызметін,
қаржылық тұрақтылығын нығайту, салымшылардың
мүддесін қорғау деңгейін көтеру жөнінде
кешенді іс-шаралар қажет. Инвестициялауға
қатысты біздің тарапымыздан экономиканың
басым секторындағы нақты инвестициялық
қызметке байланысты қаржылық құралдарды
сатып алу сияқты институционалды инвесторлардың
активтерін инвестициялау механизмі және
жаңа құралдар ұсынылды. Бұл институционалды
инвесторлардың активтерін орналастыру
міндетіне сай келеді, себебі табыстылық
пен тәуекелдің оңтайлы ара қатынасы қаржылық
құралдарына өзінің қаражаттарын салу
салымшының мүддесіне сай болып келеді.
Сонымен қатар, бұрын анықталып көрсетілгендей,
салымшылардың қорлары ұзақ мерзімді
ішкі инвестицияның көзі болып табылады,
бұл тек салымшыларға ғана табыс әкеліп
қоймай, еліміздің экономикасының өрлеуіне
мүмкіндік туғызады, сондай-ақ, Қазақстанның
дамуына жағдай жасайды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
Тулепбаев
К. Мотивация выпуска специальных
гособлигаций для пенсионных фондов.
// Рынок ценных бумаг Казахстана,
2008, № 1
Семыкина
О. Пенсионный актив.//Континент, 12-15.08.2010г.
с. 20
Алехин Б.
И. Рынок ценных бумаг. // 2-ое изд., перераб.
и доп. – М.: ЮНИТИ – ДАНА, 2007, с. 461.
Годовые отчеты
ЗАО «Казахстанская фондовая биржа» за
2009-20011гг.
Яковлев С.
Объем всех операций на KASЕ в 2007 году. //
ИАФР «ИРБИС», 06.01.09.
Рубцов Б.Б.
Зарубежные фондовые рынки: инструменты,
структура, механизм функционирования.
// М.: ИНФРА-М, 1996, с. 295.
Годовые отчеты
Национальной комиссии РК по ценным бумагам
за 1999 - 2000 гг.
Яковлев С.,
Цалюк А. По данным АФН сумма чистых пенсионных
активов в Казахстане на 01 января 2008 года
достигла $3 723,0 млн. //ИАФР «ИРБИС», 24.01.05
г.
Годовые отчеты
Национального Банка РК за 2006 - 2011.
ИАФР «ИРБИС»,
09.01.10.
ИАФР «ИРБИС»,
05.01.11
Алматинское
бюро REUTERS, 11.09.11.
Ахметова
Ж. «Объемы выросли, доходность снизилась».
// «Деловая неделя», № 1, 09.01.04 г.
Годовой
отчет Ассоциации финансистов Казахстана
за 2010 год.
Цалюк А.
Сумма госдолга в виде ГЦБ в 2007 году. //
ИАФР «ИРБИС», 10.01.09 г.
ИАФР «ИРБИС»,
10.01.10.
Кичигина
М. Пенсионные фонды должны жить по – новому.
// Финансы и кредит, 2008, № 2, с. 36-37.
40 Резолюция
IV Конгресса финансистов Казахстана. //
Специальный выпуск журнала «Рынок ценных
бумаг Казахстана», 2007, ноябрь, с. 58.
Программа
развития рынка ценных бумаг РК на 2008–2010
годы. // Утверждена постановлением Правительства
РК от 24.12.2007 г., № 1385.
Правила
выпуска, размещения, обращения, обслуживания
и погашения государственных казначейских
обязательств РК. // Утверждены Постановлением
Правительства РК от 08.09. 2007 г., № 941.
Цалюк А.
Открытое размещение МЕУЖКАМ-120 показало
высокую заинтересованность пенсионных
фондов в подобного рода облигациях. //
ИАФР «ИРБИС», 27.01.09 г.
Үркүмбаева
Ә.Р. Бағалы қағаздар нарығы. Алматы 2009.
Тінәсілов
М.Д. Банк менеджментін ұйымдастыру. Алматы
2010.