Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Өткен ғасырдың соңғы жылдарында экономиканы басқарудың рыноктық жүйесінің кеңейе түсуі жағдайында мемлекеттік реттеудің оңтүстіккореялық концепциясы  тек қана тиімділігі  бойынша емес, сонымен қатар өміршеңдігі  бойынша да қатал сыннан өтті. Бір топ Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кенеттен болған қаржылық дағдарыс  Корея Республикасының экстравертті (сыртқа бағдарланған)  экономикасына тікелей әсер етті.

Экспорт( ұлттық экономика өсуінің негізгі қозғаушы күші) тиімділігінің төмендеуі проблемасына өз өнімдеріне сыртқы және ішкі рыноктарда төлем қабілеттері бар сұраныстың құлдырауы  жағдайына төтеп бере алмаған бірқатар ірі монополиялардың күйреуі қосылды.

Өнімді артық өндіру мәселесі  бірқатар заманауи  өндірістерде ( автомобиль жасау, кеме жасау, электрондық өнеркәсіп және т.б) тауарлардың жатып қалуына, өте қажетті айналмалы құралдарға сұраныс төмендеп, оларды пайдалану қысқырды. Қаржылық жүйе едәуір дәрежеде мемлекеттің бақылауында болғандықтан рыноктық қатынастар ашық сұраныс және ұсыныс үдерісіне еркін кіріге алған жоқ. Өндіріс үшін қажетті қаражатты алудың қиындығы мен қымбаттылығы бүкіл экономиканы тығырыққа тірегендей болды.

Сондықтан жеке капиталдың үкімет алдына қойған рыноктық күштерді тиімдірек ынталандыру, елдің қаржы жүйесін тұрақтандыру,  ірі қаржылық – өнеркәсіптік құрылымдарды күйреуден сақтандыру бойынша талаптары кездейсоқтық емес еді.

Корея Республикасының үкіметі бұл талаптарға түсіністік танытып, экономиканы мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында  бірқатар шаралар жиынтығын қабылдады.

Олар:

      шетелдік компаниялар акцияларын иемдену деңгейін жоғарылату;

      құнды қағаздармен операцияларға салық салуды алып тастау немесе    қойылымын төмендету;

      пайдадан түсетін табысқа  салықты жою немесе төмендету;

      жаңа көмекші қорларды ашып, олардың қызметін жандандыру;

      бағалы қағаздардың ішкі рыногы қызметінің тиімділігін арттыру және т.б.

Белгілі болғанындай Корея ұлттық экономикасын мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикага баса көктеп кіруі емес, керісінше, белгілі бір мақсаттарды көздейтін макроэкономиканың ең маңызды салаларына бағыттала  отырып, тәртіптілік пен  бақылауды тиімді жүзеге асыру болып табылады.

 

                     Ізденіс сұрақтары:

      Экономиканы реттеудегі рынок пен мемлекеттің ара салмағы

      Экономиканы мемлекеттік реттеудің американдық  тәжірибесі

      Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы теориялар

      Швециялық әлеуметтік модель

      Қытай экономикасын дамытудағы мемлекеттің орны мен рөлі

      Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының іс- тәжірибесі      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Глоссарий

1.      Аралас экономика - негізін рыноктық қатынастар, жеке кәсіпкерлік, сондай- ақ басқа да институттар (қаржы-өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың маңызды үдерістері мен сфераларын мемлекет реттейді.

2.      Экономиканы мемлекеттік реттеу - рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік- экономикалық үдерістерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы.

3.      Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері - ұлттық экономиканың тиімді қызметі үшін мемлекеттің бүкіл реттеуші іс- әрекеті бағытталған сфералар, салалар, өңірлер, әлеуметтік-экономикалық үдерістер

4.      Экономиканы мемлекеттік реттеу субъектілері - мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы және сот органдары

5.      Экономиканы мемлекеттік реттеу формалары - индикативтік жоспарлау, стратегиялық жоспарлау, бағдарламалар мен болжамдар жасау

6.      Индикативтік жоспарлау - ұлттық шаруашылықтың дамуына бағыт, бағдар беру және соған жұмылдыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделер мен іс әрекетін үйлестіру

7.      Стратегиялық жоспарлау - кешенді сараптау негізінде ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын таңдау

8.      Мемлекеттік тапсырыс - рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құраладарының бірі. Мұңда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді

9.      Бағдарлама - экономиканы мемлекеттік реттеу формасы ретінде елдің әлеуметтік экономикалық мақсаттарына сәйкес даму бағыттарының перспективасы

10. Болжау- елдің әлеуметтік экономикалық дамуының қайсыбір бағыттары туралы ғылыми негізделген түсініктер жүйесі

11. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы әдісі - бұл реттеу методологиясы, яғни таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс әдістері және т.б.

12. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекеленген әдістері - статистикалық, экономикалық- математикалық т.б. әдістер

13. Экономиканы мемлекеттік реттеудің арнайы әдістері - баланстық, мақсатты-бағдарламалық, және нормативтік әдістер

14. Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері - мақсаттарды анықтау, тапсырыстар беру, келісім-шарттар жасау, құқықтық-әкімшілік шектеулер қою, тыйым салу, қадағалау әдістері

15. Мемлекеттік реттеудің жанама әдістері - тауар-ақша тетіктері арқылы рыноктық шаруашылықтың «ойын ережелерін» жүзеге асыру (салық салу, бағаларды реттеу, жеңілдіктер, пайыздық қойылымдар және т.б.)

16. Экономиканы басқару және реттеу - басқару субъектісінің объекті іс- әрекетін субъектіге қажетті арнаға бағыттау болса, реттеу- басқару бағыт беретін экономикалық объектінің, қызметін түзету, дәлдеу, икемдеу және т.б.

17. Экономикалық өсу- жалпы ұлттық өнім (жұө), жалпы ішкі өнім (жіө), ұлттық табыс т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы сипаттайтын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты көрсететін  сандық  сипаттағы категория

18. Экономикалық даму - ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап, оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды

19. Экономикалық саясат - бұл мемлекет, ел үкіметі жүргізетін экономикалық іс- әрекеттердің басты желісі

20. Мемлекеттік экономикалық саясаттың әмбебап мақсаты - бүкіл ұлттық шаруашылық көлемінде әлеуметтік- экономикалық тиімділіктің жоғары деңгейіне жетуді қамтамысыздандыру

21. Фискалдық экономикалық саясат - мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу және көзделген шараларға жұмсау іс- әрекеттері

22. Монетарлық экономикалық саясат - мемлекеттің тікелей немесе ұлттық банк арқылы ел аумағындағы ақша массасы мен ақша айналымын реттеу

23. Экономиканың функционалдық құралымы - ағымдағы қажеттіліктерді, қажетті дамуды ұстап тұру және жоғарылатуды, тауарлар мен қызмет көрсетулердің таза  экспортын көрсетеді

24. Экономиканың салалық құралымы - саланың жалпы ішкі өнімдегі, негізгі өндірістік  қорларда, жұмыспен қамтылғандар санындағы  үлесін анықтайды

25. Экономиканың технологиялық құрылымы - өндірістің технологиялық базасын анықтайтын біртекті технологиялық жиынтықтар заттардың, энергияның, ақпараттың, өңделу деңгейін анықтайды

26. Өңірлік құрылым - өндіргіш күштерді орналастыру дәреже,деңгейін анықтайтын құрылым

27. Әлуеметтік-экономикалық құрылым - меншік формасына тәуелді құрылым. Рыноктық экономика шарттары бойынша меншік формаларының көптүрлілігі мемлекеттік және жеке меншік арасалмағын түбегейлі өзгертті

28. Капиталды шоғырландыру, кооперациялау және орталықтындыру үрдісін көрсететін құрылым, немесе көлемдік құрылым - өндірістің жалпы көлеміндегі шағын, орта, ірі кәсіпорындарың, қаржылық-өнеркәсіптік топтардың үлесін сипаттайды

29. Материалдық өндіріс сферасын реттеу - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын,сыртқыэкономикалық байланыстар мен әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерді кезең-кезеңімен дәлдеу және нақтылау

30. Өндірісті диверсификациялау - түпкі өнімге деген сұранысқа байланысты өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру

31. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты - тұрлаулы экономикалық өсудің инновациялық-инвестициялық мәселелерін шешу

32. Агроөнеркәсіпті мемлекеттік реттеу – ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізатты және азық-түлікті өндіру,өндеу және өткізу бойынша, сондай-ақ аграрлық секторды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің экономикалық әдістері

33. Антимонополиялық саясат - монополистер қызметіне тыйым салу, оларды рыноктан ығыстыру, ірі компанияларды мәжбүрлеу негізінде ұсақтау арқылы монополиялық үрдістерді жан-жақты шектеуге бағытталған саясат

34. Табиғи монополиялар - объективті себептер бойынша рыноктық бәсеке әрекеті аумағынан тыс экономикалық қызмет сферасы

35. Елдің бәсекеге қабілеттілігі - осы елдің тауарлары өткізілетін ішкі және сыртқы рыноктардағы үлесін ұстап тұруы мен кеңейтуі мақсатында басқа елдермен тайталасып, күресу қабілеттілігінің мүмкіндіктері

36. Инвестициялар - бұл болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған кез келген қаражат.

37. Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеу - орта және ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету.

38. Өндіргіш күштерді орналастыру - елдің өндіргіш күштерін, яғни адамдар мен материалдық игіліктер өндірісін аумақтар мен аймақтар арасында ұтымды еңбек бөлінісі талаптарына сәйкес орналастыру.

39. Аймақтардың өндіргіш күштерін мемлекеттік реттеу -Республиканың әрбір нақты субъектісінің аумақтық даму ерекшеліктерін ескеріп, олардың даму деңгейін теңестіру үшін  қолданылатын шаралар жиынтығы.

40. Әлеуметтік реттеу – уақыт пен кеңістік, атқарушылар мен ресурстар бойынша үйлестірілген жалпымемлекеттік, салалық және аймақтық дәрежеде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған шаралар жиынтығы.

41. Жұмыспен қамту концепциясы - өндіргіш, шығармашылық еңбекке азаматтардың қабілеті мен құқығын ерікті түрде пайдалануын мемлекеттік қолдау.

42. Бюджеттік реттеу - заңнамалық түрде бекітілген мемлекеттік кірістер мен шығыстардың көлемі мен құрылымын анықтау, жұмсалу бағыттарын көрсету, олардың белгілі бір деңгейдегі теңдестірілуіне қол жеткізу.

43. Салықтық реттеу - салық төлеушілер үшін салықтық жүктеменің оңтайлы мөлшерін іздестіріп, енгізу.

44. Қаржылық реттеу - басқару органдарының елдің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, сондай-ақ қаржылық үдерістерге, қаржылық қызметтерге, қаржы ресурстарына саналы әсері болып табылады.

45. Мемлекетттік меншікті реттеу - мемлекеттік меншікті муниципалдық, жергілікті меншікке беру, меншік объектілерін аукциондар, конкурстар арқылы рынокта сату, жекешелендіру және ұлттандыру, айырбастау мен бөлу іс-шаралары.

46. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу - басқа елдермен іскерлік ынтымақтастық және тиімді айырбас негізінде ел үшін пайдалы экономикалық жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер:

1.      Авеков В.В. и др. Аренда объектов государственной и муниципальной собственности. М., Мамармен, 2001.

2.      Антикризисное управление: учебник/ под ред. Э.М. Короткова - М., Инфра-М, 2000.

3.      Бибатырова І.А., Кекілов Б.Ж. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Оқу құралы. А., "Қазақ университеті" – 2007.

4.      Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики. Учебное пособие. А., 2008.

5.      Государственное регулирование рыночной экономики. Учебник/ под ред. В.И. Кушлина, Н.А.Волгина. – М., "Экономика", 2001.

6.      Лексин В.Н., Швецов А.Н. Государство и регионы. М., УРРС, 1997.

7.      Норт Д. Институты, постинституциональные изменения и функционирование экономики. – М., фонд экологической книги "Начала", 1997.

8.      Мамыров Н., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. А., "Экономика", 1998.

9.      Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики. Учебное пособие. М., ЮристЪ, 1999.

10. Орешин В.П., Потапов Л.В. Управление региональной экономикой: учебное пособие.- М., ТЭИС, 2003.

11. Стратегия индустриально-инновационного развития РК на 2003-2015 гг. – Астана, 2003.

12. Фатхутдинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия, управление: учебное пособие. – М., Инфра-А, 2000.

13. Шамхалов Ф. Государство и экономика: основы взаимодействия. Учебник. М., "Экономика", 2000.

14. Шарп У., Александер Г., Бейли Дж. Инвестиции. – М., Инфра-А, 1997.

15. Эрхард Л. Благосостояние для всех. – М., Начала-Пресс, 1991.

 

 

 

 

Информация о работе Экономика