Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Ұлтық Банк жүргізетін операциялар шеңберіне үкіметке (Қаржы министрлігіне) мерзімділік, ақылық, қайтарымдылық принциптері негізінде кредит береді, үнқатысу (соглашение) негізінде банктерді несиелейді, бағалы қағаздарды, шетелдік валютаны сатады, сатып алады, отандық және шетелдік кәсіпорындарды инвестициялайды, шетелдік ақша бірліктеріне қатысты теңгенің ресми бағамын тағайындайды, мемлекетке коммерциялық банктерге есептеу және кассалық қызметтерін көрсетеді.

Осы операциялардың барлығы Ұлттық Банктің мемлекеттік эмиссиялық, кредиттік және есептеу қызметін куәландырады.

Коммерциялық банктердің міндетіне кассалық, төлем инвестициялық және сақтандыру қызметтерін көрсету жатады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы – мемлекеттің қаржылық саясатының маңызды құралы болып табылады.

Оның атқаратын негізгі функциялары:

1.                          Әртүрлі деңгейдегі билік органдары бюджеттерінің тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және оны ашық рынокта сату нәтижесінде үкімет ақша қаражаттарын алып, оларды мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға жұмсайды.

2.                          Нақты жобаларды қаржылдандыру. Әдетте, нақты жобалар үшін бағалы қағаздарды шығару әдісін муниципалдық (қалалық, жергілікті) билік органдары қолданады. Мақсатты бағалы қағаздарды рынокқа шығару арқылы олар тұрғындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражатарын қажетті жобаларға тартады.

3.                          Айналымдағы ақша массасы көлемін реттеу. Бұл функцияны, әдетте Ұлттық Банк жүзеге асырады. Банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы айналымдағы ақша массасын көбейтеді, ал оларды сату, керісінше ақша массасын кемітеді.

4.                          Қаржы-несие жүйесінің өтімділігін (ликвидность) қолдау. Ұлттық Банктің бұл маңызды функциясы мемлекеттік облигациялар рыногы арқылы жүзеге асады. Өтімділікті ұстап тұру үшін сыйымды, айналым қорларын «жұтып» қоятын банктердің және активтерді тиімді айналдыратын өтімді рыноктың болуы қажет.

Жазылғанды жинақтап қорытындыласақ, рыноктық қатынастар жағдайларында қаржыны мемлекеттік реттеу көпқырлы және көпфункциялы қызмет болып табылады.

Қаржыны мемлекеттік реттеу функцияларын тиімді қолдану жүйені тікелей басқару мен жанама реттеуге мүмкіндіктер береді.

Ізденіс сұрақтары

1.      Қаржының мәні, түсінігі

2.      Қаржының реттеу құралдары

3.      Қаржы ағындарын мемлекеттік реттеу

4.      Қаржы-несиелік қызметті мемлекеттік реттеу

5.      Банктік қызметті мемлекеттік реттеу

6.      Ұлттық банктің реттеуші іс-қимылдары

7.      Мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы – мемлекеттік қаржылық саясаттың құралы ретінде

 

XIV-тарау. Меншік объектілері мен қатынастарын мемлекеттік реттеу

§1 Меншікті мемлекеттік реттеу түрлері және әдістері

Мемлекеттік реттеу құзырына жататын меншік объектілерінің үш түрін бөліп көрсетуге болады:

1)                             иемдену және пайдалану құқығындағы меншік иесі ретінде мемлекетке тиесілі меншік объектілері;

2)                             мемлекетке жарым-жартылай тиесілі аралас меншік объектілері;

3)                             мемлекетке тиесілі емес (жеке меншік, кооперативтік, өзіндік) меншік объектілер.

Бірінші топ объектілеріне қатысты мемлекет басқарудың толықтай өкілеттігін атқарады, пайдалану бойынша билікті толыққанды жүзеге асырады.

Екінші топқа қатысты мемлекет шектеулі мүмкіндіктермен пайдаланады, жарым-жартылай иелік етеді және мүліктік объектілерді пайдалануды басқа меншік иелерімен қатар жүргізеді.

Мемлекеттік емес объектілерге мемлекеттік ықпал жанама сипатта болады, сондықтан мұны тікелей басқарудан гөрі пайдалану бойынша реттеу қызметіне жатқызады.

Мемлекет заң шығарушы ретінде кез келген меншік формасындағы мүліктік объектіні сату, сатып алу, беру (өткізу), пайдалану ережелері мен нормаларын орнықтырады. Қазақстанда бұл ережелер ҚР Азаматтық Кодексінде көрсетілген. Мемлекет, сондай-ақ меншікті басқару үрдістерін реттеуге, бақылап, қадағалауға меншікке салық салуға құқылы.

Мемлекеттік меншік объектілерін реттеуді екі тармаққа бөліп қарастыруға болады:

1)     меншік формасы мен қатынастарын өзгерту арқылы реттеу;

2)     қолда бар меншіктің меншік формасын өзгертпестен оның қызметін, пайдалану үдерісін реттеу.

Көрсетілген реттеудің бірінші түріне мемлекеттік меншікті муниципалдық, жергілікті меншікке беру, мемлекеттік меншік объектілерін аукциондар, конкурстар арқылы рынокта сату, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру және ұлттандыру, объектілерді мемлекетаралық немесе мемлекетішілік айырбастау, объектіні басқа меншік иесіне сот шешімің негізінде беру, жаңа меншікті мемлекеттің қатысуымен бөлу т.с.с жатады.

Бұл өзгертулердің басты белгісі мемлекеттік құқық пен мемлекеттік мүдделерді сақтап қалу болып табылады.

Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін және тиімді пайдалануын реттеу іс-қимылдарына мыналар жатады:

-                          объектілерді мақсатты пайдалану;

-                          объектілердің үзіліссіз қызметін қамтамасыздандыру;

-                          объектілерді жалға, концессияға, лизингке беру;

-                          мемлекеттік мүлікті кепілдікке қою;

-                          мүлікті сенімді басқаруға беру;

-                          мемлекеттік объектілерді тегін пайдалануға беру.

Мемлекеттік меншікті реттеудің ең маңызды, көлемді, құнды объектілерінің бірі ретінде жылжымайтын мүлікті атауға болады. Жылжымайтын мүлік – бұл жермен берік байланыстағы экономикалық объектілердің, кәсіпорындардың, тұрғын үйлердің құрамдас бөліктері.

Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік реттеу тиісті деңгейдегі өкілетті органдармен жүзеге асырылады және келесі қызметтерден құралады:

-                             жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, айырбастау, объектілерді сенімді басқаруға беру;

-                             мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету;

-                             жылжымайтын мүліктің мақсатты пайдаланылуын қадағалау;

-                             жылжымайтын мүлікті тиісті, жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, объектіні жаңғырту, ұтымды қолдану.

Меншік формалары мен қатынастарындағы жаңартулар және шаруашылық жүргізудің рыноктық әдістеріне көшу, Қазақстанда көптеген акционерлік қоғамдардың пайда болуы мемлекетттік акциялар пакеттерін, шаруашылықтардың жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті, сондай-ақ меншік объектілеріндегі мемлекеттік пайларды реттеу қажеттілігін туындатты. Акционерлік қоғамдардың толыққанды қатысушысы болу үшін мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы мемлекеттік мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде немесе қосымша орналастырылған акциялардың төлемі ретінде пайдаланады.

Мемлекет, бағалы қағаздар рыногының қатысушысы ретінде акцияларды, үлестерді сатады және сатып алады. Акциялар мен үлестерді иемденуші ретінде мемлекет өзінің атқарушы органдарын тағайындайды, алмастырады, мемлекеттік мүддені қорғайтын өкілдерінің міндеттерін орнықтырады.

Мемлекет, сондай-ақ тиесілі акциялары мен үлестерін сенімді басқаруға, алынған кредиттер мен займдар үшін кепілдікке қоюға құқылы.

Меншікті реттеу меншік статистикасын қалыптастырумен тығыз байланысты. Меншіктің материалдық, заттай есебін алу олардың қолда барын және жағдайын баланста көрсету арқылы есептеу қолданылып жүрген дәстүрлі форма болып табылады. Дегенмен, меншік плюрализмі (көптүрлілігі) жағдайларында статистиканың жаңа тармағы пайда болды. Мұнда объектінің белгілі бір меншік формасына тиесілі ғана емес, сонымен бірге меншік объектісінің қызмет етуін, пайдаланылуын сипаттайтын бірқатар сапалық параметрлер мен көрсеткіштер қолданылады. Сондықтан меншіктің статистикалық көрсеткіштер жүйесі құрылады да меншік объектілерін жіктеу негізінде оларды иемденушілердің, қолданушылдар мен пайдаланушылардың есептерін ұйымдастыру қызметі орын алады.

Меншік объектілерін инвентаризациялау, жылжымайтын мүліктің реестрлерін (тізбесін) жасау және оларды біртұтас кадастрға (тізімдеуге) біріктіру ақпаратты өңдеудің жаңа, тиімділігі жоғары технологияларын қолдануды талап етеді.

Меншікті мемлекеттік реттеудің маңызды шарты – объектілер туралы мәліметтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау болып табылады. Мұның өзі меншікті мемлекеттік реттеуді жңаң сапалық деңгейге жоғарылатады.

Елдің меншікті мемлекеттік реттеудің арнайы функцияларының қазақстандық трансформациялық экономикада қалайша жүзеге асырылып жатқандығы туралы жалпылама айтып өтейік.

Бүкіл әлемге кең тараған кәсіпорындарды мемлекеттің иелігінен алудың ең қарапайым формасы оларды коммерциализациялау (саудалау) болып табылады.

Коммерциализациялау бұқаралық құқық негізінде қызмет атқаратын мемлекеттік кәсіпорын мәртебесін (статусын) жеке құқық мәртебесіне айналдыруды білдіреді.

Қазақстанда мемлекеттік кәсіпорындарды коммерциализациялау ҚР Азаматтық Кодексінде бекітілген коммерциялық ұйымдар формасындағы мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық формасы түрінде көрінеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарды коммерциализациялау олардың алатын табысының сату көлемі мен ақшалай түсімге тәуелділігін күшейтеді. Ал, жоғары пайда табу, ең алдымен капиталды орналастыру мен пайдалануға, рынокқа икемді қосылуға байланысты болса керек.

 

§2 Мемлекеттік кәсіпорындарды жалға, концессияға беру және жекешелендіру мен жекешеден алу

   Өзінің жалпы мағынасында жалға беру дегеніміз мүлік иесінің (жалға беруші) басқа тұлғаларға (жалға алушыға) келісім негізінде жерді, өндіріс құрал-жабдықтарын, мүлікті уақытша пайдалануға беруі.

Мемлекеттік органдар мен жеке фирмалар арасында арендалық қатынастардың орнығуы ғылыми әдебиетте басқаруды жекешелендіру деп аталады. Мұндай жағдайлар мемлекет жекеше фирмаларға өзіне тиесілі кәсіпорындарды басқару құқығын берген кезде орын алады. Арендаторлар ауқымы еңбек ұжымы шеңберінен кеңірек болады. Мысалы, жалға беруші кәсіпорынды арендаға беру туралы шешім қабылдағанда оған еңбек ұжымынан басқа үміткерлер қатыса алады.

Қазақстандық тәжірибеде жалға беру туралы келісім жалға алынған мүлікті ақылы пайдалануды білдіреді, бірақ жалға беруші болашақтағы табыстары жөнінде сенімді бола алмайды. Аренда субъектілерінің қатынастары, яғни мемлекет пен арендаға алушы кәсіпорын еңбек ұжымы арасындағы қатынастар міндеттемелері бойынша өз мүлкімен жауап беретін меншік иелері арасындағы қатынастар сияқты емес, еңбек келісім-шартының бір түрі ретінде құрылады.

Еңбек ұжымының кәсіпорындарды жалға алуын жеке меншік және мемлекеттік капиталдың кәсіпкерлікке қатысу формаларының бірі ретінде қарастыруға болады. Негізгі көлемінде мемлекеттік меншік пен арендатор меншігінің элементтерін біріктіру өзінің мәні бойынша аралас меншікке негізделген кәсіпорынды құру болып табылады. Бірте-бірте сатып алу құқығы бар аренда да жалға алушы мемлекеттік меншікті ұжымдық меншікке айналдырады.

Мемлекеттік мүлікті басқару функциясын жеке тұлғаға берудің мысалы ретінде бірте-бірте сатып алуға құқығы жоқ аренданы және кәсіпорынды трастық (сенімді) басқаруға беруді келтіруге болады. Мұның өзі кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда едәуір экономикалық еркіндік пен менеджмент тәуелсіздігіне қол жеткізеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарда оның еңбек ұжымының жалға алу тәжірибесінен бөлек, Қазақстанда мемлекеттік (муниципалдық) мүлікті, жер телімдерін, жылжымайтын мүлікті, қора-қойманы коммерциялық, кәсіпкерлік құрылымдардың жалға алу көріністері меншікті жатсындыру іс-қимылын қарастырмайды, бұл бір жағынан кәсіпкерлікке жәрдемдесу болса, екінші жағынан – аймақтық және жергілікті бюджеттерге түсетін табыс табуға бағытталған шаралар болып табылады.

Мемлекеттік және муниципалдық меншікті жалға беру ауыр экономикалық жағдайға тап болған көптеген қазақстандық мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау мемлекеттік мекемелері үшін құтқарушы рөлін атқарғаны ақиқат. Аталмыш мекемелер ашық немесе жартылай жасырын түрде өздерінің бөлмелері мен қора-қопсыларын табыс алу мақсатында коммерциялық ұйымдарға жалға бере бастады. Ал, мұның өзі бюджеттік қаржыландыру жетімсіздігінің орнын толтыру әрекеті демеске шара жоқ.

Қазақстанда, бүкіл әлемдегі сияқты мемлекеттік концессиялар үдерісі қолға алыну үстінде. Концессия арендаға ұқсас, бірақ жалға беру объектісі мен арендалық келісімнің айғақты ерекшеліктері бар. Жалпы алғанда мемлекеттік концессия – бұл мемлекеттің өзінің мүліктік құқықтары мен шаруашылық қызметінің жекелеген түрлерін концессиялық келісімде анықталып, белгілі бір мерзімге белгіленген шарттар бойынша мемлекеттік емес компанияларға беруі. Мемлекет, оның атынан немесе тапсырмасы бойынша әрекет ететін мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік компания концедент рөлін атқарады да, мемлекеттік активтер мен құқықтарды уақытша пайдалануға алған заңды тұлға жалдаушы-концессионер рөлін атқарады. Мемлекеттік концессия объектісі ретінде, әдетте табиғи байлық көздері, шаруашылық объектілері, шаруашылық жүргізудің белгілі бір түрлері, мысалы қоғамдық көлік, коммуналдық қызмет көрсетулер қарастырылады.

Қазақстанда қалыптасқан меншік формалары мен қатынастарын өзгертудің негізгі формасы мемлекеттік және муниципалдық меншікті жекешелендіру болғаны даусыз. Жекелендірудің негізгі белгілері келесідей:

Информация о работе Экономика