Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)
stify">8.                                                      Мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдары.    

 

    

XVI-тарау Экономиканы  мемлекеттін реттеудің шетелдік тәжірибесі

             §1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі: американдық тежірибе

Қазіргі кезеңнің тұрақты түрде қызу пікірталас туындататын қағидатты мәселелерінің бірі – рыноктық күштер мен мемлекеттік реттеудің арақатынасы туралы болып отыр. XXI ғасырдың бастапқы кезеңінде ол, тіпті орнықты рыноктық құрылымы, жеке меншіктің мызғымас институттары, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің дамыған жүйесі бар елдер үшін де өзекті мәселеге айналды.

Капитализмнің  дамуы рыноктық бәсекелі механизмнің  күшейген кезеңдерінің экономиканы мемлекеттік реттеу басымдығы кезеңдерімен алмасуы тәжірибесін көрсетті. Соған сәйкес алдыңғы шепке (сахнаның қас бетіне) бірде экономикалық үдерістердегі мемлекет рөлінің күшеюін қолдайтын концепциялар шықса (бірінші кезекте XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңына дейін экономикалық теорияда да, шаруашылықты реттеу тәжірибесінде де үстемдік еткен кейнсиандық), бірде экономикадағы рыноктық күштерге, кәсіпкерлікке және осы күштерді мемлекеттің қолдауына сүйенген концепциялар (монетаризм, ұсыныс экономикасы, неолиберализм және басқа да 80-90-шы жылдары ерекше екпін алған экономикалық теориялар) шықты.

Өткен ғасырдың 80-шы жылдарынан бастап рыноктық экономикадағы мемлекеттік рөлі мен орны айқындала түсіп, оның рыноктық механизм негіздерін,  бәсекелікті, тауар өндірушілердің дербестігін, қорлану мен тұтыну арасалмағын бұзбастан «кетігін тауып қалану» арқылы максималды тиімділігін қамтамасыз ететін функциялары анықталған болатын. Мәселе мынада, экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының оптималды арақатысы қандай болуы тиіс? Қазіргі экономика мен қоғам алдындағы мемлекеттің рөлі, негізгісі жауапкершілігі қандай? Бұлар теориялық мәселелер болуымен қатар XXI  ғасырдың басында АҚШ-та және басқа да дамыған елдердегі өткір пікір таластырдың көзіне айналып отыр.

Жекешелендірудің қажеттілігін және мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық функцияларын шектеудің теориялық негізін 1962 жылы жарияланған М.Фридмэннің «Капитализм, бостандық және демократия» классикалық еңбегі қалаған еді. Онда М.Фридмэн қоғамдық игіліктердің ерекше табиғатын және оларды қамтамасыздандырудағы мемлекеттің жауапкершілігін мойындай отырып, мемлекет өзінің міндеттемелерін жеке меншік институтардың көмегімен рыноктық механизмдер арқылы атқару тиіс дейді. М. Фридмэннің мемлекеттің рөлі туралы теориялық түсініктері жұртшылықтық ілтипатына бөленіп, практикалық жүзеге асуы 70-ші жылдарың соңы мен 80-ші жылдарға тап келеді.

АҚШ-қа қатысты, 30-шы жылдардан бастап мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық сфераға кірігіуін ұлы депрессияға және рыноктың көзге көрінген кемшіліктеріне мәжбүрлі прагматикалық реакциясы деп түсінеміз бе, жоқ, әлде қоғамдық институттар мен өндіргіш күштер дамуының  объективті үдерісінің  қажетті құрамдасы ретінде танимыз ба?

Осыған байланысты теорияларды бірнеше негізі бағыттар бойынша топтастырып қарастырып көрейік.

Теориялардың бірінші тобы мемлекет рөлінің артуын қоғамда  пайда болған қыр көрсетулермен (вызовы) байланыстырады (Мысалы, техникалық прогреспен, демографиялық жылжулармен, экономикалық жүйедегі өзгерістермен). Осы мектептің жетекші өкілдерінің бірі американдық экономист М.Олсон жалпыға бірдей берекелі мемлекет идеясының дамуы және оны практикалық жүзеге асыру әрекеттері уакыт  талаптарына қажетті жауап болған еді дейді. Мысалы, демографиялық жылжулар (халық санының өсуі, урбанизация) әлеуметтік саясатты күшейтуді, денсаулық сақтауға мемлекеттік қызмет көрсетуді, қалалық өмірді реттеуді, қоршаған ортаны қорғауды және т.с.с талап етті. Барлық типтегі технологиялық жетістіктер мемлекеттен ғылым мен білім сферасына инвестицияларды көбейтуді, патенттік қызметті ұйымдастыруды тағы с.с талап етеді.

Басқа ғылыми бағыт қоғамдық орта маңыздылығын терістемей, мемлекет рөлінің күшеюін ішкі саяси үдерістердің әсерімен түсіндіреді. Бұл мектептің ғалымдары саяси мәдениеттің маңыздылығы мен заңдарға көзқарастардың өзгерістерін және мемлекеттік функциялар мен әрекеттердің негізділігін атап көрсетеді. Олардың пікірінше заңнаманың басым болуы әртүрлі  қоғамдық топтардың мүдделерін білдіруші және үйлестіруші  ретіндегі мемлекеттің рөлін сөзсіз күшейтеді. Бұған әртүрлі әлеуметтік-экономикалық көзқарастағы саяси партиялардың, кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың саяси ықпалын қосуға болады.

Тағы бір ғылыми бағыт мемлекет рөлінің күшеюін оның экономикалық дамуды қамтамасыздандыру функциясымен байланыстырады. Айталық, экономика тарихын зертеуші американдық ғалым Ф.Гершенкорннің пікірінше индустрияландыру немесе басқа да масштабты технологиялық және экономикалық жаңғыртулар жолына өзгелерден кейінірек түскен елдерде, әдетте мемлекеттік сектордың үлесі жоғары және даму үстіндегі экономиканы мемлекеттік реттеу басымдық алады. 

    Бұл жағдайларда мемлекет жаңғыртулардың локомотиві ретінде көрініп, салаларды техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми  бағдарламаларға, инвестицияның өсуіне, құрылымдық саясатқа күш-қуатын бағыттайды. Мұндай жолды соғыстан кейінгі Франция және Германия, Жапония және КСРО жүріп өткен болатын. Бұл мысалдар рыноктың кемшіліктері туралы тезисті дәлелдей түседі. Жедел технологиялық жаңғыртуға мемлекеттің көмегімен қол жеткізу «көрінбейтін қолға» қарағанда анағұрлым ұтымды болуы әбден мүмкін.

   Кейбір батыстық теоретиктер мемлекет әсерінің функциялық кеңеюін оның ішкі жаратылыс табиғатымен және дамудың ішкі динамикасымен түсіндіреді. Кез келген үйым сияқты мемлекет те өзінің институттары арқылы өзін-өзі ұдайы өндіреді, қадағалайды және өз-өзіне шектеулер қоймайды.

Қоғамдық таңдау деп аталатын теорияның жақтастары мемлекеттің іс - әрекетін рыноктағы кез келген басқа да монополия сияқты монополистік сипаттан ада емес деп сынайды.

Өздерінің айырмашылықтарына қарамастан аталған теориялар мемлекеттің рөлі мен функцияларының универсалды  (әмбебап) сипатта кеңейе түскенін қағидатты түрде мойындайды және қолдайды. Қалай болғанда да мемлекеттің экономикаға әсер етуінің шектері елде орын алған нақты әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға, дәстүрлерге, түсініктерге, сондай- ақ жұртшылықтық талап-тілектеріне сай болса керек.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында АҚШ-тағы мемлекеттік функциялардың бағажы тым жеңіл еді. Сондықтан да неолибералды тұрпаттағы (американдық терминология бойынша консервативті) революция орын алып өзінің негізгі көріністері бойынша республикалықтардың ғана емес, сонымен бірге демократтардың да қолдауына ие болды.

АҚШ-та XX ғ 90-шы жылдарында экономикалық өсуге жұмысалған мемлекеттік шығындардың үлесі азая түсті. Мұның өзі бір жағынан экономикадағы рыноктық күштердің күшеюмен байланысты болса, екінші жағынан «қырғи қабақ соғыстың» аяқталғанымен байланысты болған еді. Бұл жағдайда АҚШ-тың мемлекеттік секторы өзінің салалық құрылымының сипаты бойынша әскери-күштік бағытпен бірге инфрақұрылымдық салаларға (Транспорт торабы – көпірлер, жолдар, құбырлар; энергетиканың жекелеген түрлері – атом электростанциялары; ғылым.  Сондай-ақ жұмысшы күшін ұдайы өндіретін салаларға – білім беру және денсаулық сақтау) жұмылдырылды.

Толықтай алғанда АҚШ-та мемлекеттің экономикаға араласуының бірнеше бағыттарын атап өтуге болады. Солардың ішінде мемлекеттің шүбәсыз прерогативасы ретіндегі ақша эмиссиясы және ақшалық реттеу; жеке меншік және тұтынушылар  құқығын заңнамалық қорғауды қосқандағы рыноктық қатынастардың құқықтық базасын жасап, оны қолдау; бәсекелік ортаны қолдау және экономиканы монополизациялауға жол бермейтін шараларды талдап жасау; қоғамдық игіліктер өндірісі, білім беру қызметтері, іргелі ғылымдар, қорғаныс, құқық қорғау мәселелері, рыноктық қызметтің келеңсіз әсерлерін кеміту, атап айтқанда қоршаған ортаны қорғау, қоғамдағы әлеуметтік дифференциацияны (жіктелуді) еңсеру, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз топтарын қолдау. Қазіргі кезде АҚШ-та ұлттық басымдылықтарды жүзеге асыруды қамтамасыздандыру үшін мемлекеттің қатысуы өзекті болып отыр.

XXI ғ басындығы АҚШ үшін басымдықтардың негізгілерін атайық:

Біріншіден, бұл экономикалық өсуді тұрақтандыру, экологиялық және әлеуметтік талаптарды есептей отырып, орнықты дамуға қол жеткізу мақсатында теңдестірілген макроэкономикалық саясатты талдап жасау.

Екіншіден, иновациялық саясатты жүзеге асыру арқылы еңбек өнімділігін арттыра түсу;

Үшіншіден, білім беруді және жұмыс күшінің біліктілігін жоғарлату арқылы олардың экономикалық өсу мен американдықтардың өмір сүру деңгейіне әсерін күшейту.

Төртіншіден, зейнетақы және медициналық сақтандыруды дамыта отырып отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Бесіншіден, американдық экономикада  жаһанданудың оңды әсерлерін оңтайлы жүзеге асыру.

Алтыншыдан, табиғи ортаны жақсарту, экологиялық реттеушілерді жетілдіру, әлемдік климаттың өзгеруіне сәйкес тиісті саясатты талдап жасау.

Қазіргі кезде мемлекетік бюджеттегі адам капиталына инвестициялық салымдардың басымдылығына едәуір көңіл бөлінеді, яғни білім беруге, кәсіби оқыту мен қайта оқытуға, сондай ақ денсаулық сақтауға салымдар арта түсуде.

  Жинақтай қорытындыласақ, АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мемлекет ролінің эволюциясы американдық каптализмнің ХХIғ басына дейінгі жүріп өткен жолынан бірқатар тағылым алуға болатынын көрсетеді. АҚШ-тың тәжирибесі американдық экономиканың заманауи моделінің перспективасы бар ерешеліктеріне назар аударуды талап етеді.

   Олар: дамудың әлеуметтік экономикалық басымдылықтарын анықтау механизмін жасау, экономикалық және әлеуметтік реттегіштерді таңдап, тиімділігін арттыру, қоғамдық болмыстағы экономиканы мемлекеттік реттеудің ролі мен орнын дәлдеп, тиімді пайдалану.

 

                       §2 Швециялық әлеуметтік модель: басқару және дамыту

Қазіргі кезде қоғамды ұйымдастырудың шведтік моделі ең алдымен  рыноктық экономикасы бар мемлекеттер үшін қолайлы деген пікірлер көптеп кездеседі. Аталмыш моделдің мән, мағынасы неде?

   Қазақстан, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде мемлекеттік сектор  үлкен рөл атқарады. Дәл осыны экономиканы басқару мен халықты әлуеметтік қорғаудағы мемлекеттің ролі туралы да айтуға болады.

  Есте ұстайтын бір жайт, шведтік модель рыноктық экономика негізінде жұмыс істейді. Бұл елдегі кәсіпорындардың 95% жеке меншікте және аталған сектор Швецияның экономикалық дамуының кепілі болып табылады. Дегенмен, Швецияның өзіндік монополистері де баршылық. Оларға электр желілерінің біртұтас мемлекеттік жүйелері, темір жолдар, ядролық энергетика, телекоммуникация және т.б.жатады.

              Мемлекеттің билігіндегі ірі сектор - әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және білім беру. Мұның барлығы ірі бюджеттік шығындарды талап етеді, сондықтан салықтар мен әлеуметтік төлемдер едәуір жоғары шамамен жалпы ішкі өнімнің 60% құрайды. Жақын уақыттарға дейін денсаулық сақтау мен білім беру абсолютті тегін болып келді. Қазіргі кезде білім беру, жоғары білімді қосқанда сол қалпында қалды да медицина жарым – жартылай ақылы қызмет корсетуге көшті.

Шведтік модельдің бастауларын  1929-1933 ж.ж. әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін билікке келген социал – демократтық үкіметтің іс-қимылдарынан іздеу керек. Сол кездердің өзінде үкімет қоғамдық өндірістің үздіксіз үдерісін қалыптастыру үшін шаруа (крестьянский) партиясымен экономиканы мемлекеттік реттеу туралы келісімге келген болатын. Бұл шешімнің негізгі мақсаты – тиімді сұранысты қолдау және халықты жұмыспен қамту еді.

Шведтік модельдің маңызды элементі – еңбек рыногындағы саясат. Оны жүргізудің жалпы жауапкершілігі парламент пен үкіметке артылған, атап айтқанда еңбек министрлігі бұл іске тікелей жауапты. Бұл жүйеде 400-ге жуық жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызмет көрсетулер жүзеге асырылады. Дегенмен, соңғы кездерде жұмысқа орналастырудың жеке меншік агенттіктеріне де рұқсат берілген. Бірақ, заң бойынша жұмыс берушілер пайда болған вакансияларды жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелерінде тіркеуге міндеттелген.

Шведтік қоғамда экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері – құқықтық және экономикалық. Мемлекет қандай болмасын саланың дамуына көмектесетін қажетті заңнамалық нормаларды талдап жасайды, перспективалық бағыттарға жеңілдіктер береді. Ал мұндай саясатты жүргізудің басты құралы болып мемлекеттік бюджет саналады.

Құрамында ұлттық үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары бар мемлекеттік сектордың өкілеттік шеңбері айтарлықтай кеңейтілген. Оған білім беру, жұмысқа орналастыру және өнеркәсіп саясаты, әлеуметтік қамсыздандыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б. қамтылған. Аталмыш өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар жалпы ұлттық ресурстардың бір бөлігін қажетсінеді. Олар салық түрінде жинақталады. Алайда жиналған қаражаттың негізгі бөлігі салық төлеушілерге әр түрлі төлемдер және қызмет көрсетулер түрінде қайтарылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты бағыттарының бірі – еңбек рыногы үшін әр түрлі бағдарламаларды талдап жасап, жүзеге асыру болып табылады. Айталық, жұмыспен қамтуды және жұмысшы күшіне сұранысты ынталандыру үшін жасалған бағдарламалардың өзі оннан асады. Мақсат еңбекке сұранысты оның құлдырау шағында ынталандыру болып табылады. Бұдан басқа, бағдарлама жұмыссыздарға өндірістік өтіл (стаж) жинақтауға мүмкіндік береді. Мұның өзі ашық еңбек рыногынан өз орнын табуды жеңілдетеді, сондай-ақ жаңа кәсіпті таңдау негізін қалайды.

Информация о работе Экономика