Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

-                             мемлекеттік меншік құқығының жеке тұлғаларға (жеке секторға) өтуі немесе мемлекеттік меншіктің жеке меншікке ауысуы;

-                             мемлекеттік кәсіпорынға мүлікті пайдалану құқығын беру;

-                             мемлекеттік кәсіпорынды жеке тұлғаларға толықтай сату;

-                             мемлекеттік кәсіпорын активтерінің бір бөлшегін сату.

Тәжірибе көрсеткеніндей мемлекеттік меншік иесін ауыстырудың зор маңыздылығын ескергеннің өзінде меншіктің мемлекеттің қарамағынан ұжымның және жекешенің қарамағына өтуі өздігінен тиімді рыноктық экономика құру мәселесін шеше алмайды екен. Жаңа меншік иелерінің өндірісті ұйымдастырып, басқара білуі, біліктілігі мен мүдделілігі болуы қажет екен. Басқа жағдайда меншік формасын өзгерту өз жемісін бере алмайтындығы белгілі болды.

Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, әдетте өндіріс тиімділігін арттыруды қамтамасыздандырады, жекешенің экономикалық белсенділігін жандандырады. Кәсіпорындарды жекешелендірудің басқа себебіне мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруден түскен түсімдердің бюджетті қаржыландыруында болса керек. Сонымен бірге мемлекеттік бюджет табыссыз кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша шығындардан құтылады. Жекелендіру түсімдері мемлекеттік капиталды пайдалырақ салаларға диверсификациялау (капиталды жаңа, тиімді бағыттарда өрістету) мүмкіндігін береді де бюджет түсімдерінің болашақ тұрақты көздерін ашады. Бұдан басқа кәсіпорындарды жекешелендіру және олардың тиімділігін арттыру нәтижесінде салықтық базаны кеңейту мүмкіндігі туындап, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер көлемі арта түседі.

Сонымен кәсіпорындарды жекешелендіру өндіріс тиімділігін арттыру, қаржылық жағдайды сауықтыру, айталық бюджет тапшылығын қысқарту, қоғамдық секторды қаржыландырудағы мемлекеттік шығындарды төмендету, сондай-ақ антимонополиялық реттеу үшін пайдаланылады.

Қазақстандағы экономикалық реформалардың бастапқы кезеңінде меншік формасын өзгерту бірбағытты сипатта жүргізіліп, мемлекеттік және муниципалдық объектілерді жекешелендіруге ғана негізделді. Мұндай бірбағыттылық тәсіл бірқатар жағдайларда мемлекетке, аймақтарға зиянды болып, тек қана жекелеген компаниялар мен тұлғалардың мүдделерін қанағаттандырады. Жекешелендіру қорытындылары объектіні пайдалану тиімділігінің төмендеп, әлеуметтік мәнінің жоғалуына әкеліп соқты. Бұдан жекешелендіруді мемлекеттендірумен, ұлттандырумен (национализация) ұтымды астастыру қажеттілігі туындады.

Жалпы айтқанда, ұлттандыру меншікті түбегейлі трансформациялау әдісі ретінде жеке және заңды тұлғалардың меншігінде болған мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру болып табылады.

Меншік объектілерін ұлттандырудың қозғаушы себептері келесідей:

-                             мемлекет пен халық мүддесі үшін мемлекеттік емес жеке меншік объектісін мемлекеттік органдар арқылы басқару, пайдалану қажеттілігі;

-                             беймемлекеттік формадағы меншік иелерінің объектілерді тиімсіз, икемсіз қолдануы себебінен ұлттық байлықтың шығындануы, объектілердің тозуы, жойылуы;

-                             меншік объектілерін мақсатқа сай пайдаланбау, мемлекет қоғам мүдделеріне зиян келтіру, сондай-ақ объектіні пайдаланудың заңға қайшылығы;

Мәжбүрлеу арқылы ұлттандыру заң бұзушылық орын алғанда қолданылады. Ұлттандырудың басқа мүмкіндіктері келесідей:

-                             мүлікті меншік иелерінің келісімімен сатып алу;

-                             сот тәртібімен (сотқа берумен) жекешелендіру туралы келісімді бұзу;

-                             мемлекет бюджет алдындағы қарызды өтеу үшін жеке меншік объектісін мемлекеттік объектіге қайта рәсімдеу;

-                             банкроттық процедурасы арқылы жекешелендірілген кәсіпорын мүліктерін мемлекеттік меншікке қайтарып алып, оған қаржылық қолдау көрсету.

 

§3 Мемлекеттік меншік объектілерінің қызметін реттеу

Меншікті мемлекеттік реттеудің анық әлеуметтік бағдары болуы тиіс. Бұл принципті ұстаным, меншікті басқарудың негізгі мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік сұранысын мүмкіндігінше қанағаттандыру және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу болып табылады. Қолға алынған қандай да болмасын меншік формалары мен қатынастарын өзгерту шаралары келесі ережені ұстануы тиіс: «Меншік формалары мен қатынастарын өзгертумен байланысты бірде-бір ірі шешім оның әлеуметтік салдарын сараптау және есептеусіз қабылданбауы қажет».

Біз бұған дейін меншік формалары мен қатынастарын реттеу туралы әңгімеледік. Мұндай өзгертулер негізінен экономикалық үдерістердің белгілі бір кезеңдеріне, стадияларына тән, бірақ меншік қатынастарын мемлекеттік реттеу онымен аяқталмайды. Бұл ретте меншік объектілерінің қызметін реттеу мәселесі маңызды рөл атқарады.

Меншік объектілері үздіксіз өміршеңдігі, қойылған мақсатты орындауы, белгілі бір функцияларды атқаруы арқылы ресурстарды сіңіреді, нәтижелер береді, физикалық және моральдық тозады, ескіреді. Реттеуші субъектілердің күнделікті, жан-жақты әсерінен меншік объектілері бет алысындағы өзгерістерді объектілердің қызметі деп атайды. Түпкі есепте меншікті реформалаудың өзі меншік объектілерінің тиімді қызметін қамтамасыздандыру болса керек, яғни ұзақ уақыт бойынша реттеуші субъекті қажетсінетін экономикалық және әлеуметтік тиімділік, нәтижелілік болуы тиіс. Мемлекеттік меншік объектілері мемлекеттің өз функцияларын атқаруын қамтамасыздандыруы қажет.

Меншік объектілерінің қызметін, ағымдағы жағдайын, іс-әрекетін, нәтижелілігін реттеу өзінің белгілері мен қасиеттері тұрғысынан көпқырлы, көпсипатты болып келеді.

Егер, мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік билік органдарының тікелей және жанама әсер етуі әдістерін қарастыратын болсақ, онда келесі қызметтерді ашып көрсету керек.

Мемлекет унитарлық (бірыңғай) кәсіпорындар қызметін реттеуде билік орындары (меншік иесі) мен кәсіпорын басшылары арасындағы қатынастар келісм-шарт принциптері негізінде құрылады. Мемлекеттік билік органдары унитарлы кәсіпорындар мен келісімдік қатынастар орнату барысында оларға өзін-өзі басқару құқықтарын бере отырып, мемлекеттік мүлікті тиімді қолдануды, өзін-өзі өтеу мен өзін-өзі қаржыландыруды, бюджеттік тиімділікті, объектілерді ұтымды пайдалануды талап етеді.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік кәсіпорындарды 100%-дық мемлекеттік капиталмен немесе акциялардың бақылаушы пакетімен қайта құру орын алған. Сондықтан мемлекеттік органдар унитарлы кәсіпорындарды мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етіп, олар алатын кредиттерге кепілдік беруге мүдделі болады.

Рыноктық өзгертулердің алғашқы кезеңінде жүргізілген реформалар мемлекеттің қарамағында қалған мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің меншігін реттеу бойынша проблемалар туындатты. Бұл, бірінші кезекте орта білім беру, жоғары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, жобалау-конструкторлық мекемелері сияқты мемлекеттік меншік объектілеріне қатысты болды.

Бұл мүліктерді реттеу ережелері мен нормалары ҚР Азаматтық Кодексінде қарастырылған.

Мемлекетке тиесілі, жалға, концессияға берілетін жылжымайтын мүлік объектілерін реттеудегі туындайтын негізгі мәселелер бұл объектілерді ұстап тұруға жұмсалған мемлекеттік шығындардың орнын толтыру, сондай-ақ оларды амортизациялау және қосымша табыс табу, мемлекеттік емес меншік иесінен объектілерді пайдаланғаны үшін рента алу болып табылады. Аталмыш жағдайлар арендалық төлем мен мемлекеттік концессия бағасын тағайындауда ескерілуі тиіс.

Мемлекет өзіне тиесілі акционерлік капиталдың акциялар пакеті түрінде, ортақ меншіктегі мемлекеттік мүліктен үлес түріндегі табыс алуды қадағалайды.

Мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуы деңгейі, оны кәсіпкерлікті белсендіру құралы ретінде қолдану, кез келген меншік формасындағы кәсіпорындар өндірісінің жоғарылауы көрсеткіштерінен байқалуы тиіс. Мұның өзі экономиканың орнықтылығын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге қазынаға салықтық түсімдердің неғұрлым көбірек түсуіне көмектеседі.

Мемлекеттік меншік объектілері қызметін пайдаланылуын реттеудің міндетіне, сондай-ақ объектілердің сақталуы, жұмыс бабында ұсталуы, функционалдық қолданылуы жатады.

Меншікті мемлекеттік реттеу үдерістері әлеуметтік міндеттер мен проблемаларға тығыз байланысты. Бұл, бірінші кезекте табиғи байлықтарды пайдалану, жер қатынастары мен тұрғын үй кешендерін басқару мәселелеріне тән. Меншікті реттеудің аймақтық әлеуметтік аспектілері меншіктің әскери объектілері мен ерекше қолданыстағы объектілердің бар болуы және олардың да түбегейлі өзгерістер орбитасы шеңберінде айналуында болса керек. Бұл объектілерді конверсиялау (азаматтық өнімдер шығаруға икемдеу) немесе жою, қызметін тоқтату жұмыспен қамту, көші-қон, тұрмыстық және коммуналдық қызмет көрсету, қоршаған ортаның ластануы, техногендік мәселелердің туындауы сияқты әлеуметтік проблемаларды асқынтады. Сондықтан мемлекеттік меншік қызметін реттеу функциялары аталмыш мәселелерді де қамтиды.

 

Ізденіс сұрақтары

1.      Мемлекеттік меншікті реттеу түрлері мен тәсілдері.

2.      Мемлекеттік меншік қызметін және оларды пайдалануды реттеу.

3.      Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік реттеу

4.      Мемлекеттік акция пакеттерін, мемлекеттік үлестерді реттеу.

5.      Мемлекеттікк кәсіпорындарды коммерциализациялау.

6.      Мемлекеттік меншікті жалға, концессияға беру.

7.      Мемлекеттік меншікті жекешелендіру.

8.      Меншікті ұлттандыру, жекешеден алу.

 

 

XV-тарау. Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу

§1 Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің мақсаттары мен міндеттері

 

Кез келген елдің сыртқыэкономкалық байланыстарына мемлекеттік әсердің болуы табиғи құбылыс. Орталықтандырылған экономикада сыртқыэкономикалық қызмет ерекше басқаруда, мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болады. Сыртқы сауда мемлекеттің монополиясында болып, оны бұзушылық қылмыс ретінде қарастырылады. Ал, рыноктық экономикасы бар елдерде сыртқыэкономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Мемлекеттің сыртқыэкономикалық функциясы оның ішкіэкономикалық функциясының жалғасы болып табылады, бірақ басқа әдістер арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттің сыртқыэкономикалық қызметке әсерінің негізгі мақсаты  елдің экономикалық және саяси мүдделерін қамтамасыздандару болып табылады. Сонмен бірге мемлекеттің өзі де табыс әкелетін және мемлекеттің қатысуын талап ететін бірқатар сыртқыэкономикалық қызметтерге қатысады.

Мемлекет әрқилы әдістер арқылы халықаралық экономикалық байланыстардың барлық сферасын іс жүзінде реттейді, ынталандырады немесе шектейді. Мемлекеттік реттеу сыртқы сауданы, капиталдың халықаралық қозғалысын, валюталық және кредиттік қатынастарды, ғылыми-техникалық алмасуды, жұмысшы күшінің халықаралық ауысуын қамтиды.

Сыртқыэкономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеудің қазіргі тәжірибесіне тән құбылыс құқықтық құжаттармен рәсімделген мемлекеттік ұстанымдар мен осы қызметке қатысушы шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі дәрежеде дербестігін, бастамашылдығын, еркіндігін үйлестіру болып табылады.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекет тарапынан тікелей және жанама реттеудің басты мақсатты ұстанымы басқа елдермен іскерлік ынтымақтастық пен тиімді айырбас негізінде ел үшін пайдалы экономикалық жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

Сыртқыэкономикалық қызметті реттеу келесі міндеттерді шешуге көмектеседі:

1)                       импорт арқылы елде жетіспейтін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу;

2)                       сыртқы рыноктарды экспортталатын тауарлар мен қызмет түрлерін сату үшін пайдалану;

3)                       әлемдік интеграциялық экономикалық үдерістерге қатысу;

4)                       ғылыми-техникалық және ынтымақтастықты дамыту;

5)                       әлемдік озық тәжірибені үйрену;

6)                       шетелдік кредиттер, инвестицияларды пайдалану;

7)                       елдің төлем балансын ұстап тұру.

Қазақстан Республикасында 1995 жылы қабылданған «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Заң мемлекеттің бұл саладағы реттеуші міндеттерін анықтап берді:

-                             сыртқы сауда байланыстарының концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын қалыптастыруда елдің сыртқы сауда саясаты принциптеріне сәйкес құру;

-                             мемлекеттің, оның субъектілерінің экономикалық егемендігі мен мүдделерін қорғау, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-                             сыртқы сауда қызметін құрайтын үдерістер жиынтығын мемлекеттік реттеу;

-                             экспортталатын және импортталатын тауарларды сертификациялау, қауіпсіздік және зиянсыздық критерийлерін орнықтыру;

-                             қару-жарақты, қауіпті материалдар мен заттарды, қымбат бағалы металдар мен тастарды әкелу мен әкетудің тәртібін анықтау;

-                             елдің төлем балансын талдап жасау;

-                             шетелдік мемлекеттерге мемлекеттік кредиттер беру және экономикалық көмек көрсету;

-                             шетелдік кредиттерді тарту;

-                             мемлекеттің сыртқы қарызын басқару;

Информация о работе Экономика