Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

Әлемде тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың шведтік моделі кеңінен танымал. Оның негізгі белгісі - әмбебаптығы, яғни әлеуметтік сақтандыру орбитасына кәсібінен, жалақы алуы – алмауынан тәуелсіз елдің әрбір тұрғыны тартылады. Бұл, Швецияда әмбебап (универсалды) әлеуметтік саясат деп аталады.

Швеция экономикасын басқару механизміндегі маңызды өзгерістер өткен ғасырдың 80-шы жылдары басталды. Сарапшылардың анықтауы бойынша сол кездегі экономикалық өсудің бәсеңдеуі прогрессивті салық деп аталатын салық салу әдісінің кемшіліктеріне байланысты болған, себебі жұмыскерлердің жоғары жалақыға ұмтылысы пайдасыз болып қалған, өйткені төмен табыстардан салық 20% көлемінде, ал жоғары табыстардан -86% көлемінде алынған.

Қазіргі кезде жеке тұлғалар табыс салығын 25% көлемінде төлейтін болса, заңды тұлғалардың салық төлеу деңгейі 28%-дан аспайды. Үкімет пен парламент салықтық ауыртпалықты жеңілдетуге арналған жаңа заңнаманы талдап жасау үстінде. Басты мәселенің бірі елден жеңіл кетіп қалуға мүмкіндіктері бар капиталға салық қойылымдарын түзету болып отыр.

 

§3 Қытай экономикасын реформалау мен дамытудағы мемлекеттік реттеудің рөлі

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңынан бастап Қытай өзінің шаруашылық жүйесін рыноктық бағытта реформалауға кірісті. Соңғы онжылдықта жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсімі 10%-ға жетіп, мемлекеттің қуаты, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі едәуір күшейіп, өсті. Бұл жетістіктердің негізінде экономиканы мемлекеттік реттеудің зор үлесі жатыр.

Қытайдағы шаруашылық жүргізудің социалистік рыноктық жүйесінде мемлекеттік функциялар макроэкономикалық реттеу саясатынан көрінеді. Бұның бірқатар себептері де бар.

Біріншіден, рыноктың әлсіздіктері мен кемшіліктерінің орнын толтыру қажеттілігі. Капитализм жағдайында сияқты социализм жағдайында да көптеген өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде рынок ешқашан бесаспап бола алмайды. Атап айтсақ, экологияға, әлеуметтік әділеттілікке, білім беруге жеке тұлғаның жан-жақты дамуына келгенде рынок әлсіздік танытады. Себебі, аталмыш сфералардағы жетістіктер жалпықоғамдық мүдделерге қызмет етеді, сондықтан жеке тұлға немесе кәсіпорын бұл мүдделерді қамтамасыздандыруда шарасыздық көрсетеді. Бұдан басқа, экономиканың қарқынды дамуы мен құрылымын бағалар арқылы рыноктық реттеу әдетте баяу және стихиялы түрде жүзеге асады. Оның үстіне кәсіпорын мен жеке тұлға көбінесе толық ақпаратқа ие болмауы нәтижесінде микроэкономикалық саясат белгілі бір деңгейде жоспарсыздығымен ерекшеленеді. Бұл, әсіресе өндірістік циклы ұзақ салаларда ерекше көрінеді (ауылшарушылығы, тау-кен және т.б. салалар). Сондықтан байлықты тиімді бөлумен қатар сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін ұстап тұру және орнықты өсуді қамтамасыз етуде қиыншылықтар туындайды. Тек қана рыноктық механизмдерге сүйену арқылы табысты әділетті бөлуге қол жеткізу мүмкін емес. Рыноктық айырбас эквиваленттік (сәйкестік) принципі бойынша жүргенімен адамдардың мүмкіндіктері әр түрлі, сондықтан олардың табысы да едәуір ерекшеленеді. Рыноктық механизмдердің шексіз әрекеті әлеуметтік алшақтауға, жұмыссыздыққа және әлеуметтік шиеленістерге бастайды.

Екішіден, макро және микроэкономика, бүтін мен бөлшек, орталық пен жергілікті мүдделер арасындағы қатынастарды реттеу қажеттілігі. Жекелеген кәсіпорынның, саланың немесе аймақтың экономикалық қызметі жауапкершілікті бөліп беру, шаруашылық жүргізудегі дербестік және өзін өзі өтеу қағидасы бойынша жүргізіледі. Әрбір кәсіпорын, сала және аймақтың өзіндік, нақты мүдделері бар, сондықтан олардың іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде стихиялық, эгоистік сипатта болады және қысқа мерзімді нәтижеге қол жеткізуді мақсат тұтады. Сонымен бірге кәсіпорындар бәсекелік қатынастарда болады, ал кәсіпорын мен мемлекет арасында бүтін мен бөлшек мүдделерінің қарама-қайшылығы орын алады.

Ұлттық экономика көпдеңгейлі,көпмақсатты және көпқызметті организм болып табылады, ондағы әр түрлы салалар, аймақтар және кәсіпорындардың өзіндік ерекшеліктері бар. Тек қана рыноктық механизмдер арқылы олардың дамуын ортақ мақсатқа бағыттау мүмкін емес.

Үшіншіден, өтпелі типтегі экономикаға макроэкономикалық бақылауды күшейту қажеттілігі. Жоспарлы шаруашылықтан рыноктық экономикаға өту кезінде Қытай экономикасында келесі белгілер білінді:

      Жаңа және ескі экономикалық жүйелердің қатар өмірі;

      Экономиканың жедел өсуімен инфляцияның бірге өршуі;

      Циклдық тербелістердің жалғасуы;

      Даму қарқыны жедел, бірақ экономикалық тиімділіктің салыстырмалы төмендеуі;

      Макроэкономикалық дамуға басқарушы қызметкерлердің біліктілігі деңгейінің ілеспей қалуы.

Мемлекеттік реттеудің құрамына макроэкономикалық реттеу жүйесін жасап нығайту, оның мақсаттарын, әдістері мен саясатын анықтау іс-қимылдары кіреді. Мұның өзі мемлекеттің экономикалық функцияларының шоғырланған көрінісі және рынокқа өту кезеңінің объективті қажеттілігі болып табылады. Макрореттеудің рыноктық ресурстарды бөлудегі рөлін анықтаумен қатар жүзеге асуы социалистік рыноктық экономиканың қызметін ұғынықты, келісімді және үйлесімді етіп халық шаруашылығын дамытуды ұзақ, жедел және қалыпты жағдайға келтіреді.

Макрореттеу мақсаттарын экономикалық өсу, экономикалық тұрақтылық және экономикалық әділеттілік анықтайды. Сонымен, макрореттеудің қытайлық үлгісінің мазмұны:

1.      Ұтымды өсу қарқыны. Шамадан тыс жоғары өсу қарқыны тепе-теңдікті бұзып, тиімділіктің құлдырауына және бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін.

2.      Қорланудың (күрделі қаржының) және құрылыс көлемінің ақылға қонымды коэффициенті.

3.      Ақылға қонымды валюта ұсынысы және қалыпты баға деңгейін қамтамасыз ету. Бағаны бақылауда ұстау реттеу саясатының ең маңызды мақсаттарының бірі.

4.      Қаржылық түсімдер мен шығындар. Шығындардың өсу қарқыны түсімдерден артылуы тиіс.

5.      Экспорт және импорт көлемі мен құрылымы. Соңғы онжылдықтарда Қытайдың экспорты экономикалық өсу қарқынынан шамамен 4-5% артық болды.

Қытай экономикасын мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде жанама реттеу әдістері қабылданды. Бұл халық шалуашылығы көрсеткіштері мен олардың динамикасын экономикалық әдістер және тетіктер арқылы реттеу мен бақылау дегенді білдіреді.

Реттеу қалыпты бәсекені құқықтық және әкімшілік әдістер, монополизмге қарсы әрекет, экономикалық дамуды үкімет белгілеген көрсеткіштер шеңберінде ұстап тұру арқылы жүргізілді.

Реттеудің жанама әдістерін қолдану келесі өзгерістерге алып келеді:

      кәсіпорындар мен салаларды тікелей (директивті) басқарудан жанама әдістерге көшу;

      микро деңгейдегі басқарудан макро басқаруға өту;

      құрылыс объектілерін, даму бағыттары мен жоспарларды талдап жасау және оладың атқарылуын қадағалау.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қытайлық құралдары мен әдістері тұрақты түрде жетілдіріліп келеді. Бұл салада белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Біріншіден, реттеудің әрекеттілігі мен шарттарына кепілдік беру, яғни «мұқият реттеуге» ерекше назар аударылуы тиіс;  Екіншіден, басымдық реттеудің экономикалық әдістеріне берілуі қажет; Үшіншіден, мемлекеттік реттеу саясаты мен реформа барысы үйлесімді болуы керек.

Төртіншіден, реттелу саясаты экономикалық дамуды ынталандыруы тиіс.

2010 жылға дейінгі  реформаның барысында қытайлық  мемлекеттік реттеу саясатының негізгі сипаттары келесідей болмақ:

1.Ұзақ мерзімді тұрақтылықты қолдап , циклдық  тербелістердің негативті салдарын жұмсарту

2.Мемлекеттік реттеу саясатының мазмұны мен негізгі бағыттарын елдің экономикалық жағдайына сәйкестігін қамтамасыз ету

3.Мемлекеттік реттеудегі экономикалық әдістердің басымдығы

Толықтай алғанда экономикалық құрылымды қайта құруда Қытай қазірдің өзінде мемлекеттік реттеу саясатының негізгі құралдарын меңгерді, және,тіпті оларды жүргізуде белгілі бір жетістіктерге де жетті. Бірақ қытайлық маман экономистердің айтуынша бұл салада әлі де  көптеген проблемалар бар және олар дамудың келесі кезеңдерінде шешілуі тиіс.

 

§4  Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Корея Республикасының тәжірибесі

                Мемлекеттік реттеуді жетілдіру - Корея Республикасының экономикалық тарихының өзекті мәселесі.Мемлекеттің ел экономикасы құрылымына кірігуі соншалықты, мемлекеттік механизм функцияларындағы  өзгертулер бүкіл шаруашылық жүйесінің өміршеңдігіне  тікелей әсер еткен болар еді. Сонымен бірге мемлекет пен жеке бастаманың байланыстары тарихи қалыптасқан, және оларды  бұзу өте қиын  және ауыр сипат алып, едәуір мәселелер туғызуы әбден мүмкін.

  Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Оңтүстік Кореяда қанат жайған капиталистік модернизация өзінің басталуында-ақ мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастырып ,жетілдірумен байланысты болды.

  Корея Республикасы ұлттық шаруашылықты демократияландыру жолымен қаншалықты алға жылжыды? Бұл сұраққа жауап беру үшін мемлекеттің экономикаға араласуының негізгі әдістері  мен формаларын қарастырайық. Оңтүстіккореялық мемлекеттік сектордың  тағдыры толықтай алғанда Батыс Еуропа елдеріндегі  ұқсас үдерістерімен  сипаттас келеді. Бұрынғы жапондық және компрадорлық мүлікті тәркілеу нәтижесінде  пайда болып, инфрақұрылым және ауыр индустрия кәсіпорындары объектілерінің құрылысы негізінде  кеңейтіле түскен мемлекеттік сектор шетелдік көмек есебінен өзінің көлемін өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін өсіріп,қалыптастырған еді. Аталмыш кезеңде оңтүстіккореялық ең ірі қаржы-өнеркәсіп конгломераттары – Чеболи жетіліп, экономикалық жағынан күшейе түсті.

Соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттік кәсіпкерлік  қызметтің басымдықтары едәуір өзгерістерге ұшырады. Өндірістік инфрақұрылымға күрделі  салымдардан бастаған мемлекет одан кейінгі уақыттарда жаңа өнеркәсіп салаларының базалық кешенін құра отырып, тікелей өндірістік  сфераға әсер ету мүмкіндіктеріне ие болды. Ал қазіргі кезеңде мемлекет өзінің бастапқы, табиғи функцияларына өнеркәсіптік өндірісті арттырып, жетілдіру үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге көшті.

  Мемлекеттің тікелей кәсіпкерлік қызметтен біртіндеп  бас тартуымен қатар оның қаржылық бақылауы функциясының  күшейе түсуі үрдісі анық байқалды. Дамудың постиндустриялды кезеңіне аяқ басқан мемлекеттің экономикалық саясаты дәл осы бағытта айқын көрініс берді.

Мемлекет қаржылық институттарға бақылауды күшейту арқылы мемлекеттің экономикалық стратегиясын жүзеге асырды. Экономикалық және қаржылық либерализациялауға  қатысты барлық өзгерістерді мемлекет талдап жасады және қабылдады. Эволюциялық сипаттағы бұл өзгерістермен қатар көптеген ескертулер мен түзетулер бірге жүрді. Сондықтан да шығар Корея Республикасына  қайсыбір жағдайларда шаруашылық қызметтерін асыра мемлекеттендіру жалпы экономикалық  болмысты бюрократизациялау сияқты кінәлар  тағумен қатар жүреді.

Сонымен  бірге, Батыс елдері  мамандарының пікірі бойынша   оңтүстіккореялық экономикалық саясат  жеткілікті дәрежеде  ашық емес,  оны жасау мен қабылдау үдерісі бұрынғыша  анық болмай отыр. Мұның өзін бұл елдегі мемлекеттік сектордың  экономикадағы рөлінің  басымдығымен және іскерлік белсенділіктің көптеген салаларының мемлекеттік қатаң бақылауда қала беруімен түсіндіруге болады. 

Халықаралық менеджмент және даму институты  дайындаған баяндама бойынша өндірістік өнімдердің  әлемдік рыноктағы бәсекеге  қабілеттігі  көрсеткіші бойынша  Корея Республикасы 31 - орында тұр. Баяндама авторларының қорытындысы - мемлекеттік сектор  елдің бәсекеге қабілеттілігінің  жалпы деңгейін төмендетіп отырған жайы бар.

  Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында оңтүстіккореяың экономика  құлдырау кезеңін бастан кешірді. Мұның басты себебі  ірі конгломераттардың қызметтері сферасының шектен тыс өсіп кетуі  және олардың қаржылық осалдығы негізінде  экономикалық тиімділігінің  төмендеуінде еді. Жалпы, Корея  Республикасының ірі капиталды мемлекеттік реттеуге көзқарасы екі сипатта болып отыр: бір жағынан ол өзінің іс-әрекетіне  мемлекеттін араласуына қарсылық білдіреді, (атап айтқанда өзара қатынастарға ашықтық беру талаптарын пайдаланып), екінші жағынан бұрынғысынша дербес жобалар бойынша  мемлекеттік қолдауға мүдделі.

Көптеген оңтүстіккореялық экономистердің пікірі бойынша мемлекеттің шаруашылық өмірге тікелей араласуы бұрынғысынша сақталып отыр, бірақ  тиімділігінің төмендеуі  себебінен экономиканы сауықтыруға  күш қуаты жетпейді. Бұл жағдайларда оңтүстіктің экономикалық топтары  мемлекеттің монополиялармен ынтымақтастығы  проблемасын келесі  мәселелер бойынша шешуді ұсынады:

1. Экономика үшін  не тиімдірек: бизнесті диверсификациялау немесе  мамандандыру: мемлекет тәуекелдікті  кепілдендіретін  бизнес пе, жоқ, әлде дербес бизнес пе? Компания иемденушінің өзі басқаратын жүйе ме, жоқ әлде кәсіпқой менеджерлер басқаратын жүйе ме?

2. Монополиялардың іс-әркеттің  жаңа сфераларына кірігуіне шектеулер қажет пе, әлде жоқ па?

Оңтүстіккореялық қоғам мемлекет өзінің функцияларын қайта қарауы тиіс дейтін көзқарасқа қолдау көрсетіп  келеді. Мемлекеттің рөлі бюрократтық (кеңселік)  және бақылаушы басқарушы  бағыттан экономикалық өсуге, жауапкершілікті орталық және жергілікті билік органдары  арасында тиімді және  әділетті  бөлуге бағдарланған  көмекші  бағытқа қарай ойысуы қажет.Жаңа міндеттерге сәйкес  мемлекет жекешелендірудің барысы  мен көлемін, сондай-ақ мемлекеттік сектор  аясындағы  кәсіпорындарды ұйымдастыру  және менеджмент жүйесін  реформалайтын болады. Мемлекеттік реттеуді осылайша реформалау  қоғамдағы жемқорлықты кемітеді дегенде үміт  бар.

  Бірінші кезектегі міндеттер ішінде экономиканы басқарудағы үкіметтік әдістерді  өзгерту, ұлттық шаруашылықтың  барлық салаларында еркін сауда  тәжірибесін  қалыптастыру, банк жүйесін реформалау,атап айтқанда ірі корпорациялардың банктермен «ынтымақтасуы»  практикасын жою; шағын және орта бизнесті кредиттеуді кеңейту; қоғамдық, мемлекеттік инфрақұрылым  жүйесін жақсарту; жұмысшы күшін бөлудің қалыптасқан жүйесін қайта қарау; техникалық және гуманитарлық кадрлар даярлаудың теңдестігіне жету мақсатында білім  беру жүйесін реформалау және т.б

Информация о работе Экономика