Экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 17:15, курс лекций

Краткое описание

Транзиттік экономика жағдайындағы реформаларды ойдағыдай жүргізу үшін өндірістік салалардағы, әлеуметтік сферадағы, сондай-ақ аймақтардағы барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет. Рыноктық шаруашылық жағдайында экономиканы реттеу мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік реттеу бүкіл қоғамның мүддесіне арналған экономикадағы іс-әрекеттердің қолданыстағы формаларының ұтымдылығын арттыру және жағымсыз үдерістерді шектеу үшін пайдаланылады. Ол шаруашылық және әлеуметтік сфералардың, аймақтардың түгелдей дерлік мүдделерін қамтиды да олардың дамуына аса зор әсер етеді.
Мемлекеттік реттеу негізін экономикалық үдерістерді реттеуші тікелей және жанама тетіктер мен әдістер құрайды. Мемлекет экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлі аспектілерін бюджеттік, банктік жүйелер, мемлекеттік тапсырыстар және кедендік қызмет арқылы реттеп отырады. Реттеу ісінде жоспарлау, экономикалық болжау, бақылау және басқа да басқару функциялары кеңінен қолданылады.

Содержимое работы - 1 файл

LEKSIA Экономиканы мемлекетт3к Реттеу.doc

— 1.12 Мб (Скачать файл)

-                             сыртқыэкономикалық келісімдер жасау.

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу міндеттерінің молдығына қарамастан сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеу аталмыш міндеттер шеңберінің шектерінен де ұзап кетеді. Ондағы басым рөлді экономикалық интеграция, сыртқыэкономикалық ынтымақтастық, біріккен бағдарламаларды іске асыру, халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру үдерістері атқарады.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеуге экономикалық үдерістердің жаһандануы терең әсер етеді. Оның салдарынан елдің сыртқыэкономикалық факторлары ішкіэкономикалық факторларға айнала бастайды.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің қыруар міндеттері мемлекеттік басқару органдарынан өздеріне тиісті функцияларын өз дәрежесінде атқаруды талап етеді.

Сыртқыэкономикалық қызметті реттеу сыртқыэкономикалық саясатты басқаратын, сыртқыэкономикалық қызмет туралы стратегиялық шешімдер қабылдайтын, басқа елдердің жоғары мемлекеттік билік органдарымен экономикалық қатынастар мәселесі бойынша ынтымақтастық орнататын заң шығарушы және атқарушы билік органдарының құзырындағы қызмет болып табылады. Елдің заң шығарушы органдары сыртқыэкономикалық қызметті реттейтін заңдарды қабылдайды, толықтырады, өзгертеді, құқықтық нормаларды бекітеді.

Қазақстанның сыртқыэкономикалық қызметін реттеумен Индустрия және сауда министрлігі, республикалық кеден комитеті, Қаржы министрлігі, Ұлттық Банк, Сыртқы істер министрлігі шұғылданады.

Жергілікті өзін-өзі басқару қатынастарының дами түсуі, аймақтардың құқықтары мен өкілеттігінің кеңеюі негізінде сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің көптеген мәселелері республикалық деңгейден аймақтық деңгейге өтіп, құрамында сыртқыэкономикалық департаменттері (басқармалары) бар аймақтық әкімшілік құзырына беріледі.

 

§2 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері

Сыртқыэкономикалық қызмет мақсаттарына жету және реттеу мәселелерін шешу үшін қазіргі мемлекеттердің қолында әртүрлі әдістер мен едәуір мүмкіндіктер бар. Өзінің мазмұны бойынша сыртқыэкономикалық қатынастады мемлекеттік реттеу әдістері мемлекеттік органдар мен институттар ұлттық мүдделерге сай қолданатын құралдар мен тәсілдер жиынтығынан тұрады. Мемлекеттің реттегіш және нұсқаулық әсері заңдарды және басқа да мемлекеттік актілерді қабылдау, үкіметтің қаулылары мен шешімдері арқылы жүзеге асады.

Үкімет реттейтін басты объект ретіндегі халықаралық саудаға қатысты кедендік тариф, салықтар, шектеу шарттары, мемлекетаралық келісімдер мен үнқатысулар, экспорт пен импортты ынталандыру бойынша шаралар сияқты құралдар мен амалдар қолданылады.

Тарихтан үкіметтің сыртқыэкономикалық саясатының негізгі екі бағыты белгілі. Олар: протекционизм (қамқорлық) және фритрейдерлік (еркін сауда)

Протекционизм саясаты отандық өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын ішкі рыноктағы шетелдік бәсекеден қорғауға бағытталған. Протекционизм үшін жоғары кедендік тарифтер, импортты шектеу, отандық рынокқа шетелдік компаниялардың кірігуін бәсеңсіту, өзіміздің тауар өндірушілер үшін шетелдік бәсекені жұмсарту әрекеттері тән.

Фритрейдерлік – бұл еркін сауда саясаты. Бұл жағдайда кедендік органдар тек қана тіркеу функцияларын атқарады да, экспорттық немесе импорттық баждар алынбайды, сыртқы сауда айналымына қандай да болмасын шектеулер қойылмайды. Еркін сауда принципі ХІХ ғасырдағы Англияның ресми экономикалық саясаты болды және оның негізін Д. Рикардоның салыстырмалы шығындар теориясы құрады. Мұндай саясатты тиімділігі жоғары ұлттық экономикасы бар елдерғана жүргізе алады. Тиімді отандық экономика ғана шетелдік бәсекеге төтеп бере алады және әлемдік рынокқа белсенді түрде кірігеді.

Нақты тәжірибеде сыртқыэкономикалық қызметті реттеуде мемлекет екі бағытты үйлестіре қолданып, қай-қайсысына басымдықты ел экономикасы жағдайына сәйкес, оның бәсекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, ішкі және сыртқы рыноктардағы бағалар арақатынасын сараптау негізінде береді.

Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу үдерісінде мемлекеттер реттеудің формальды, кейбір жағдайларда формальды емес институттарына сүйенеді.

Сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің құқықтық институттары ретінде мемлекет халықаралық және ел ішілік ережелерді, үнқатысуларды, нормаларды, кодекстерді, заңдарды және басқа да құқықтық актілерді пайдаланады.

Меншік институттар қызметін мемлекет мүлікті сату, сатып алу үдерісінің басқа мемлекеттермен байланыс кезінде ұлттық байлық элементтерін шетелдіктерге жалға, концессияға бергенде немесе шетелдік мүлікті жалға, лизингке (құрал-жабдықтардың төлемін төлеу мерзімін ұзартып сатып алу) алғанда пайдаланады.

Мемлекет басқа елдермен экономикалық қатынастарда халықаралық және ұлттық банктер, ақша және бағалы қағаздар рыногы, әлемдік бағалар сияқты қаржылық және қаржы-кредиттік институттарды пайдаланады.

Сыртқыэкономикалық қатынастарды мемлекеттік реттеуде келісімдер, сауда келісім-шарттары түріндегі үнқатысулардың мол жиынтығы едәуір рөл атқарады.

Сыртқыэкономикалық қызметін реттеу құралдары кешені де бірқатар. Олардың ішінде бірінші кезекте мемлекет енгізетін тарифтік және бейтарифтік шектеулерді атау қажет.

Кедендік тариф – бұл елге әкелінетін және елден әкетілетін кейбір тауарларға үкімет салатын баждар тізімі. Кедендік тарифтер арқылы мемлекет тауарлардың әкелінуі мен әкетілуін оңайлатып немесе қиындатып экспорт пен импортқа әсер етеді.

Кедендік баждар – бұл мемлекет шекарасы арқылы тауарларды, мүліктерді, құндылықтарды өткізгені үшін алынатын салықтар. Алыну объектісі бойынша экспорттық, импорттық және транзиттік (ел аумағы арқылы тасымал) баждарды ажыратады. Алу әдісі бойынша олар адвалорлық (тауар бағасынан), арнайы (салмағынан, көлемінен, тауар санынан) және аралас болып бөлінеді.

Баждар тауар бағасын арттырады, сөйтіп тауар жеткізілетін рыноктағы оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Егер мемлекет басқа елдің тауары бәсекелік күресте отандық ұқсас тауарды тықсырмасын десе ондай тауарды елге әкелу баждарын жоғарылатады. Бұл жағдайда баждар ішкі рынокты импорттық тауарлардан қорғаушы сипатында болады.

Баждар табыс алу мақсатымен де енгізілуі мүмкін. Фискалдық баждар табыс алу арқылы бюджетті толықтыру үшін әрекет етеді.

Сандық немесе бейтарифтік деп аталатын шектеулер мемлекет тағайындайтын әкелуге немесе әкетуге рұқсат берілген тауарлардың саны мен номенклатурасын (атаулар тізімін) анықтайтын тікелей әкімшілік нормалар болып табылады. Тауарлардың түрлері мен санынан басқа кейбір жағдайларда бұл тауарлар әкелінетін елдердің де шеңберін тарылтады. Сандық шектеулер сауда дисбалансын болдырмау немесе басқа елдердің дискриминациялық (алалау) әрекетіне жауап шаралар ретінде де қолданылады.

Сандық шектеулер түрлеріне контингенттеу және квоталау жатады. Контингенттеу – экспорт пен импортты белгілі бір көлемде немесе сомада (контингентте) қабылданған уақыт мерзіміне шектеуді білдіреді. Квоталау – бұл тауарлардың белгілі бір атауларының экспорты немесе импортының санын (квотасын) шектеу.

Лицензиялау жолымен мемлекеттік билік лицензиясыз еркін әкелу мен әкетуге тыйым салады. Лицензия тауардың белгілі бір санына беріледі және ол лицензияда көрсетілген кезең ішінде ғана жарамды. Әдетте, экспорт пен импортқа лицензиялар кәсіпорындарға, фирмаларға арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен беріледі.

Тауарларды басқа елдердің рыноктарында ішкі рынокпен салыстырғанда төмендеу бағаға сату демпинг деп аталады. Мұндай жағдайда тауарлар көбінесе өндіріс шығындарынан төмен бағаға өткізіледі. Демпингті пайдалану арқылы экспорттаушылар рынокқа еніп, сатылым көлемін көбейтіп, бәсекелестерді рыноктан ығыстыруға тырысады.  Бұл құбылыспен күресу үшін көптеген елдерде антидемпингтік заңнамалар талдап жасалған. Демпингтік бағалар жағдайында импорттаушы ел нақты тауарға әдеттегі баждан бөлек антидемпингтік салық салу арқылы бағалар айырмашылығын азайтады немесе жояды.

 

§3 Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік қолдау және ынталандыру

Мемлекет сыртқыэкономикалық қызметті реттеу үдерісінде елде өндірілетін тауарлардың экспортын қолдауға ерекше мән береді, өйткені валюталық түсімдер, тапшылықсыз сауда балансы, отандық тауар өндірушілердің өнімін рыноктық өткізу мүмкіндіктерін кеңейту экспорт арқылы жүзеге асады. Мемлекеттің экспортты қолдау және ынталандыру шаралары келесідей:

-                             кредиттеу және субсидиялау;

-                             экспортты сақтандыру;

-                             салықтық жеңілдіктер, соның ішінде өндірілген өнімді экспорттаушы өндірушілерден алынған кейбір салықтарды қайтару;

-                             экспортты жеңілдететін инфрақұрылымды жасау;

-                             экспорттық мүмкіндіктерді іздестіруде ақпараттық көмек көрсету.

Мемлекет экспортты дамыту мен кеңейтуге өте мүдделі болған кезде оны тікелей субсидиялайды. Бұл әсіресе өндіруші-экспорттаушылар өнімінің өзіндік құны әлемдік рынок бағасынан артып кеткен жағдайда іске қосылады. Сөйтіп, мемлекет экспорттаушыларды шығынданудан құтқарады.

Экспортты осылайша тікелей субсидиялау негізінен халықаралық сауданың белгілі бір секторларында жүзеге асады. Ол, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік тауарларды өткізуді ынталандыру үшін қолданылады. Себебі, олардың өндірісі ірі қаржы ресурстарын шығындауды талап етеді.

Айта кететіні, халықаралық сауда ұйымдары, мысалы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы (БСҰ) тауардың ұқсас түрін шығаратын басқа елдердің өндірушілерін дискриминацияламау мақсатында мемлекеттердің өз экспорттаушыларын субсидиялауына қарсылық білдіреді.

Тауарларды әлемдік рынокта өткізуге мемлекеттік қолдаудың заманауи кешенді жүйесіне экспортты экономикалық ынталандыру, өнімді сыртқа шығаруға әкімшілік шаралар арқылы әсер ету, сондай-ақ экспорттаушыларды моральдық қолдау тәсілдерін пайдалану жатады. Бұл жүйедегі негізгі рөлді кредиттік және қаржылық құралдар атқарады.

Экспортты жеделдету мақсатында қолданылатын кредиттік қаражаттар негізінен екі формада жүзеге асады: экспорттық кредиттерді қолайлы шарттармен беру және экспорттық операцияларды сақтандыру.

Мемлекеттің ұзақ және қысқа мерзімді кредиттер берудегі белсенділігі қаражатты ұзақ уақыт бойына салымдау және едәуір тәуекелдікпен байланысты болғандықтан осылайша қаржыландыруға коммерциялық банктер аса мүдделі емес.

Экспортты сақтандырудың мемлекеттік жүйесін кеңейту негізінде саяси және экономикалық тұрақсыздық жатыр. Бұл жүйе белгілі бір шамада компанияларды сатып алушылардың төлем қабілетсіздігіне, бағалардың инфляциялық өсуіне байланысты тәуекелдерден сақтандырады. Экспортты мемлекеттік сақтандырудың міндеті тауарларды сыртқа шығаруды мейлінше қауіпсіздендіру және арзандату болса, онда компаниялардың сыртқыэкономикалық қызметін барынша мүдделендіру сақтандырудың басты мақсаты болып табылады.

Экспортты жеделдетудің маңызды қаржылық құралдарына салықтық жеңілдіктер жатады. Экспорттаушы кәсіпорындар үшін салықтық жеңілдіктердің негізгі формаларына әртүрлі сипаттағы орнын толырулар (компенсация), салық салудың жеңілдікті тәртібі тарайтын тауарлар шеңберін кеңейту, салық төлеуді кейінге шегеру сияқты шаралар жатады. Өнім экспорттаушы компанияларға мемлекет салық салынбайтын ақша қорларын жасауға рұқсат береді.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекет өндіріс технологиясын жетілдіру, өндірістік қуаттардың ұтымды құрылымын құру шараларына қолдау көрсету арқылы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға едәуір үлес қосады. Өндірістік шығындардың баға деңгейіне қолайсыз әсерін төмендету үшін үкімет субсидияларды пайдаланады.

Өндірісті жетілдіру шараларына қарағанда субсидияның тиімділігі оны қолдану кезеңдерімен шектеледі. Түпкі есепте мемлекеттік қолдаудың бұл формасы кейбір жағдайларда оны пайдаланушы компанияларға кері (теріс) әсерін тигізеді. Экспорттаушы фирмалар өздерінің шығындарын алдын-ала, үкімет беретін жеңілдіктерді ескере отырып есептейді. Ал, субсидия сомасы азайса компанияның бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Сөйтіп, компания үкіметтік қолдауға тәуелді болып, оның сүйемелдеуінсіз бәсекелік күреке шыдас бермейтін халге ұшырайды.

Отандық экспорттаушыларды моральдық ынталандыру, психологиялық қолдау мақсатында мемлекет экспорттық тауарлардың халықаралық және ұлттық көрмелерін ұйымдастырады, оған қатысады, конкурстар өткізіп, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Ізденіс сұрақтары.

1.                                                      Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері.

2.                                                      Экономикалық үдерістерді интеграциялау, сондай-ақ олардың жаһандануының мемлекеттік реттеуге әсері.

3.                                                      Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әдістері.

4.                                                      Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің құқықтық, меншік, қаржылық институттары.

5.                                                      Сыртқыэкономикалық қызметті мемлекеттік реттеу құралдары.

6.                                                      Экспорт пен импортқа бейтарифтік шектеулер.

7.                                                      Экспортты қолдау шаралары.

Информация о работе Экономика